Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ метод семинар 2014-2015 (1).docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
182.9 Кб
Скачать

Тақырып 3. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Экономикалық жүйе.

2. Мақсаты

  • Экономикалық теория негіздері бойынша білім қалыптастыру

  • Экономикалық теория негіздерін оқу барысында ынталандыруды дамыту.

3. Оқыту мақсаты

  • Сабақ тақырыбына сәйкес жаңа түсініктерді меңгеру.

  • Қазақстан экономикасының институтционалды қайта құрылу процесінде меншік қатынастарының қайта құру қажеттігін негіздеу.

  • Меншіктің ұйымдық-құқықтық формаларына салыстырмалы талдау жасау.

  • Тестік тапсырмалар мен пікір сайыс сұрақтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Меншіктің экономикалық және құқықтың мазмұны .Меншік объектілері мен субъектілері

  2. Ауыспалы экономика кезіндегі меншіктің негізгі формалары

  3. Жекешелендірудің экономикалық мағынадағы түсінігі мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру. ҚР- да меншіктік қатынастарының құрылуы.

  4. Экономикалық жүйе типтеріне түсінік беру.

5. Оқытудың әдістері: «Сұрақ - жауап» үлгісіндегі сұхбат, тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары).

6. Әдебиеттер:

1. Шеденов Ө,Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе, 2009.

2. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300 бет.

3. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы - Алматы, 2005.

4. Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқуқұралы - Алматы, Санат, 2004.

5. Есқалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзұарас. Алматы, 2004.

6. Экономикалық теория (оқу құралы) С. Әкімбаев, А.С. Баймұхамбетов Астана, 2002ж.

7. Бақылау (тесттік тапсырмалар)

1.ҚР Конституциясы бойынша меншіктің қандай нысандары бар?

а) жеке және мемлекеттік

б) мемлекеттік және ұжымдық

в) дербес және аралас

г) кооперативтік және біріккен

д) жеке және аралас

2. Жеке меншіктің теріс салдары қандай?

а) жеке меншік иесінің әл ауқаты өндіріс нәтижесіне тәуелді

б) меншік иелерінің мүліктік жіктелуі

в) кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді

г) бәсекенің күшеюіне әсер етеді

д) ресурстарды тиімді бөледі

3. Жалпы иемдену қандай нақты нысандарда кездеседі?

а) отбасылық, ұжымдық, біріккен

б) аралас, муниципалды, отбасылық

в) қоғамдық, отбасылық, мемлекеттік

г) мемлекеттік, кооперативтік

д) мемлекеттік, муниципалдық, акционерлік

4. Мемлекет иелігінен алу дегеніміз не?

а) меншік нысанын ауыстыру

б) ұлттандыру

в) экономикалық процестерді толық басқарудан мемлекеттің бас тартуы

г) меншіктің көптүрлілігіне өту

д) жеке меншікке өту

5. Командалық әкімшілік экономиканың ерекшелігі қандай?

а) қоғамдық мүдделерге негізделген мемлекеттік реттеудің болуы

б) жеке меншікке негізделген шағын өндірістің болуы

в) ресурстарға деген жеке меншіктің болуы

г) сұраныс пен ұсыныс заңдарына негізделген экономикалық реттеу механизмінің болуы

д) ел кәсіпорындарын орталықтан жоспарлау және басқау

6. Нарықтық экономиканыңи ерекшеліктері қандай?

а) шаруашылық жүргізудің натуралдық қоғамдық нысанының болуы

б) жеке меншікке негізделген шағын өндірістің болуы

в) экономикалық ресурстардың елеулі бөлігіне қоғамдық меншіктің болуы

г) сұраныс пен ұсыныс заңдарына негізделген экономикалық реттеу механизмінің болуы

д) ел кәсіпорындарын орталықтан жоспарлау және басқау

7. Экономикалық жүйенің басты міндетіне не жатады?

а) өндірістің ұлғаюын қамтамасыз ету

б) өндірістің техникалық жағдайын анықтау

в) инфляция мен жұмыссыздықты жою

г) әділетті қоғамдық құрылым құру

д) жекелеген экономикалық субъектілердің әрекеттерін бағыттап отыру

8.«Өндірісфакторлары» - бұл: а)өндірістің потенциалды ресурстары

б) өндірістің қолданылған ресурстары

в) өндірістің қолданыстағы ресурстары

г) өндірістің болашақ ресурстары

д) қолдағы барлық ресурстар

9. Қандай қатынастар жүйені құрушы болып табылады?

а) табиғи ресурстарды пайдалану

б) өндіріс құралдарына меншік

в) табысты бөлу

г) өндірілген өнімді бөлу

д) еңбекті пайдалану

10. Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процестерінің экономикалық мазмұны қандай?

а) меншікті жалға беру нысандарының көп түрлерін құру

б) мемлекеттік меншікті қысқарту

в) нарыққа ену жағдайларымен қамтамасыз ету

г) мемлекеттік меншіктің үлесін қысқарту, меншіктің көптүрлілігі арқылы бәсекелік қатынастар құру

д) ұлттандыруды жүзеге асыру

11. Көптүрлі меншік нысандарын қалыптастырудың қажеттігі немен байланысты?

а) нарықты тауарлармен толтырумен

б) саяси жағдайлармен

в) жаңа постиндустриалды қоғамның талаптарымен

г) өндіргіш күштердің даму деңгейімен

д) бәсеке талаптарымен

12. Меншіктің қандай нысандары бар?

а) көптүрлі шарттық келісімдер

б) жеке, мемлекеттік, шетелдік

в) жеке тұлғалық, дербес, жеке

г) ұжымдық, ассоциацияланған, жеке тұлғалық

д) сенімді басқару, жеке, ұжым

13. Меншіктің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

а) Құқық жиынтығы, объект

б) Объектілер және субъектілер

в) Иелік ету, пайдалану, яғни қажеттіні жарату

г) Меншікті қорғау құқығы және объективті қатынастар

д) Тұлғаның иелік ету жөніндегі келісімі, мемлекеттің иелікке алу акті

14.Нарықтық және өтпелі эканомикалы елдердегі жекешелендірудің практикалық аспектілері:

а) Заңгерлік құжаттың жаңа түрлерін шығару

б) Жекешелендірудің модельдері мен әдістерін жасау

в) Меншіктің активті тегін алуы

г) Нарықтағы ең негізгі бақталастықтың артықшылықтарын жасау

д) Нарықтан төмен бағамен меншікті алу

15. « Жекешелендіру » деген ұғымды қалай түсінесіз?

а) Меншікті аукцион және тендерге салу

б) Өндіріс орындарын ұтымды бағаға сату

в) Мемлекеттік меншікті жою саясаты

г) Үкімет меншігін жеке меншікке аудару саясаты немесе бұрын мемлекеттік органдардың

басқаруында болған кәсіпкерлікті жекешелендіру

д) Банкротқа ұшыраған өндіріс орындарын нарықта төмен бағамен сату саясаты