Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 1 к пр.218 с прил.1-7 гос.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
279.04 Кб
Скачать

5. Туберкулезді емдеу

  1. Туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу үзіліссіз екі кезеңде жүргізіледі:

  1. бірінші кезең – емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда жүргізіледі, науқасты амбулаториялық емдеу мүмкіндігін орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия шешеді (бұдан әрі – ОДКК);

  2. екінші кезең – емнің жалғастыру кезеңі негізінен амбулаториялық немесе шипажайда жүргізіледі. Емнің жалғастыру кезеңін стационарда өткізу мүмкіндігін ОДКК шешеді (негізінен бұл – әлеуметтік жағдайы қолайсыз, тұрмыстық жағдайы нашар науқастар).

  1. Туберкулезді шалдыққан науқастарды емдеу медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі (тағайындалған дәрілердің барлығын бақылау түрде қабылдау). Емді бастамас бұрын науқаспен тағайындалған ТҚД міндетті түрде қабылдау қажеттілігі туралы сұхбат жүргізіліп, науқастың ақпарат алғаннан кейінгі ем қабылдауға берген келісіміне қол қойылады (ТБ 14).

  2. Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу осы Нұсқаулықтың 36-38-тармақтарына көрсетілген санаттарға сәйкес жүргізіледі.

  3. I (бiрiншi) санатқа мынадай науқастар жатқызылуы тиіс: өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан бактерия бөлуші науқастар және өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар; сонымен қатар өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан 1 сегменттен аса зақымдануы бар бактерия бөлмейтін науқастар; туберкулезге алғаш рет шалдыққан өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің асқынған және қосарланған түрлерi бар бактерия бөлмейтін науқастар.

  4. II (екiншi) санатқа туберкулез ауруы қайталанған, емi сәтсiз аяқталған, үзiлiстен кейiн емін жалғастырушы науқастар және басқалар жатады.

  5. III (үшiншi) санатқа алғаш рет ауырған бактерия шығармайтын шектелген (1 сегменттің көлемінде) асқынбаған өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар жатады.

  6. Негізгі (бірінші) қатардағы ТҚД-дің түрлерi мен мөлшерлерi осы Нұсқаудың 3-қосымшасында келтірілген.

  7. I санаттағы науқастарды емдеу:

1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына сәйкес екi айдан төрт айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын туберкулез микобактерияларының ТҚД сезімталдығын (ДСТ) анықтау үшін қақырықты егу әдісімен тексеру қажет;

2) ем науқастың салмағына сәйкес мөлшерде тағайындалған төрт дәрімен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е) немесе стрептомицин (S). Стрептомицин екi айдан артық қолданылмайды;

3) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;

4) егер емнің екiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ-і қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады;

5) егер емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;

6) егер емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болып сақталса, емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;

7) емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;

8) егер емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса немесе емнің жалғастыру кезеңінде бактерия бөлу пайда болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген нәтиже анықталады. ТМБ ТҚД сезiмталдығы сақталған жағдайда, науқас қайта тiркелiп, оған II санат бойынша ем тағайындалады. Полирезистенттiлік анықталған жағдайда науқас IV санатқа ауыстырылып, оған екінші қатардағы ТҚД ем тағайындалады.

9) егер науқаста КДК ТБ анықталса, онда науқас I санат бойынша ем тиімділігіне қарамастан, IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;

10) емнің жалғастыру кезеңі 4 ай бойы екi дәрі - изониазид (Н) және рифампицинді (R) күнара (аптасына 3 рет) немесе күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі;

  1. ТБ/АИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы дәрілерді күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі;

12) аурудың ауыр жағдайларында емнің жалғастыру кезеңі дәрілерді күнде немесе күнара қабылдау тәртібінде 7 айға дейін созылуы мүмкін.

  1. II санаттағы науқастарды емдеу:

  1. емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына сәйкес үш айдан бес айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын қақырықты егу әдісімен ДСТ жүргізу қажет;

  2. алғашқы екi ай ішiнде ем науқастың салмақ мөлшерiне сәйкес тағайындалған бес дәрімен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е), стрептомицин (S). Кейiннен ем стрептомицинсiз, төрт дәрімен жалғастырылады: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z) және этамбутол (Е);

  3. үш ай емделгеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;

  4. егер үшінші айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ қайталанып, емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;

  5. егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болса, науқас емнің жалғастыру кезеңiне ауыстырылады;

  6. егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, емнің қарқынды кезеңi тағы бiр айға созылады;

  7. бесiншi айдың соңында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болған жағдайда, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;

  8. егер бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген ем нәтижесі анықталып, ол IV санат бойынша тіркеледі;

  9. қарқынды кезеңнің аяғына дейiн ДСТ нәтижесі бойынша КДК ТБ анықталса, науқас II санат бойынша қабылдап жатқан емнiң тиiмдiлiгiне қарамастан IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;

  10. емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы күнара (аптасына 3 рет) немесе күнде-күнде изониазид (Н), рифампицин (R) және этамбутолды (Е) қабылдау арқылы жүргізіледі;

  11. ТБ/АИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы дәрілерді күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі.

  1. III санаттағы науқастарды емдеу:

1) емнің қарқынды кезеңі екi ай бойы төрт дәрі: изионазид, рифампицин, пиразинамид және этамбутолмен негізінен амбулаториялық, сирек жағдайда стационарда жүргізіледі (балалар мен жасөспірімдерден басқа);

2) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;

  1. емнің қарқынды кезеңінің соңында немесе жалғастыру кезеңінде науқаста бактерия бөлу анықталса, «Сәтсiз ем» деген ем нәтижесі анықталып, науқас II санат бойынша ем алу үшін қайта тіркеледі;

4) егер науқаста көптеген дәрілерге төзімділік дәлелденсе, III санат бойынша ем тиімділігіне қарамастан, науқас IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;

5) III санат бойынша емнің жалғастыру кезеңі төрт ай бойы екi дәрі – изониазид және рифампицинді күнара қабылдау арқылы жүргiзiледi;

6) ТБ/АИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы дәрілерді күнде-күнде қабылдау тәртібінде жүргізіледі.

  1. Туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастарда ем бастамас бұрын жүргізілген ДСТ бойынша изониазид немесе рифампицинге монорезистенттілік анықталған жағдайда емнің жалғастыру кезеңінде косымша этамбутол тағайындалады.

  2. I санат бойынша ем тағайындаған жағдайда 4-дәрі ретінде этамбутолды қолданған жөн.

  3. Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге арналған тәуліктік мөлшері осы Нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес анықталуы тиіс.

  4. ДСТ бойынша КДТ ТБ анықталған жағдайда науқасты IV санатқа тіркеп, оған екінші қатардағы ТҚД тағайындау мәселесін шешу үшін оның құжаттары 10 күн үшінде ОДКК ұсынылуы тиіс.

  5. Туберкулезге шалдыққан АИВ жұққан не жұқпаған науқастарды қарап-тексеру (анықтау, емдеу және бақылау) мен туберкулезге қарсы емдеу тәртiбi бiрдей болуы керек.

  6. Балалар мен жасөспiрiмдерде туберкулезді емдеу кестелері ересектерді емдеу кестелерімен бірдей болады.

  7. Балалардағы өкпе және кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезінің жайылған және асқынған түрлерін емдеудегі (I және II санат) емнің қарқынды кезеңі ауруханада өткiзілуі қажет және де емнің ұзақтылығын ОДКК стандартты кестелерге сәйкес шешедi. Емнің жалғастыру кезеңі стационарда, шипажайда немесе амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.

  8. Балалардағы туберкулезді емдеу үшін қолданылатын ТҚД тәулiктiк мөлшерi осы Нұсқаудың 5-қосымшасына сәйкес анықталады.

  9. Туберкулездiң бактерия бөлусіз түрiне шалдыққан балаларды емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыру үрдістің рентгендiк-томографиялық өзгеруіне негiзделеді.

  10. Туберкулезге қарсы ем үзiлген жағдайда осы Нұсқаудың 6-қосымшасында келтірілген шараларды қолдану керек.

  11. Патогенетикалық ем химиотерапияның негізгі курсының фонында туберкулез үрдісінің фазасын, жеке көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді қатаң ескере отырып жүргiзiлуi тиіс.

  12. Туберкулезбен ауыратын науқастарға хирургиялық ем фтизиохирургтың кеңесiнен кейiн қажеттілікке сәйкес жүргiзiледi.

  13. Туберкулездіа шалдыққан науқастардың ем нәтижесі:

  1. жазылды - емнiң соңындағы және кем дегенде оның алдындағы бір зерттеу кезiнде қақырық микроскопиясы терiс нәтижелі болса;

  2. ем аяқталды - науқас туберкулезге қарсы тағайындалған дәрілердің бәрiн белгіленген мерзім ішінде қабылдады, бірақ «жазылды » немесе «сәтсiз ем» нәтижелерінің өлшемдеріне сәйкес келмейді;

  3. сәтсiз ем - егер науқаста:

емнің 5-ші айында және одан кейiн қақырық микроскопиясы оң нәтижелi болып сақталса;

ем алдындағы теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы, емнің қарқынды кезеңінің соңында оң нәтижелі болса;

  1. қайтыс болды – науқас ем алу барысында кез-келген себептен қайтыс болса ;

  2. ем тәртiбiн бұзды – науқас емін 2 ай және одан да ұзақ мерзімге үзсе;

  3. ауыстырылды – науқас ТҚҰ бақылауынан басқа ТҚҰ бақылауына ауысып, емiнiң нәтижесі белгiсiз болса;

  4. IV санатқа ауыстырылды – КДК ТБ бар науқас, ем нәтижесі «сәтсiз ем» болған полирезистентiлiгі бар науқас, клиникалық резистенттілігі бар науқас.

  1. Өкпеден тыс туберкулезі бар науқастар мен бактерия бөлусіз өкпе туберкулезi бар балаларда «сәтсiз ем» нәтижесі клиникалық-рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысына негізделеді.

  2. Емнiң тиімділігі тіркелген «жазылды» және «ем аяқталды» деген нәтижелері бар науқастар санының жиынтығымен анықталады.

  3. ТБ 03 тiркеу журналына тiркелген әрбір науқастың ем нәтижесi мерзіміне сәйкес анықталуы керек.

  4. Туберкулез бойынша тiркеу-есеп беру құжаттары осы Нұсқаудың 7- қосымшасына сәйкес толтырылуы керек.