Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AZAMAT_1_1.docx
Скачиваний:
193
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
282.69 Кб
Скачать

«Азамат» интеллектуалды пікірсайыс ұйымы

Пікірсайыс

(Әдістемелік құрал)

Алматы, 2014 жыл

Мазмұны

І. Кіріспе бөлім.

  • Пікірсайыс тарихы

ІІ. Негізгі бөлім.

1-тарау. Пікірсайысқа қажетті қасиеттер

  • Тіл тазалығы

  • Мақал-мәтелдердің пікірсайыстағы маңызы

  • Ой ұшқырлығы

  • Көпшілік алдында сөйлеу

  • Ым - ишарат қимылдары

  • Өзін-өзі ұстау (эмоция, тәртіп)

  • Уақыт тиімділігі және Кілттік сөз

  • Ақпарат көздері

  • Дәйектеме ұсыну

2-тарау. Пікірсайыс форматы мен төрешілік.

  • АПФ (Американдық парламенттік формат.

  • ЛД (Линкольн-Дуглас)

  • Әділдіктің шыңына ақ туыңды тік

ІІІ. Қорытынды бөлім.

  • «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық жас пікірсайысшылардың I-жиыны жайлы қысқаша мәлімет

  • Жиында қабылданған шешімдер тізімі

Құрметті оқырман қауым, «Сәлем – сөздің анасы» демекші сөздің басын «Ассалаумағалейкум» деп бастаудан жөн санадым.

Сіздердің қолдарыңыздағы әдістемелік құрал «Азамат» интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйытқысымен 2013 жыл желтоқсанның 5 жұлдызы Сулейман Демирель атындағы университет қабырғасында өткен «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты І-республикалық пікірсайысшылар жиынының қорытындысы ретінде шыққан, пікірсайыс жайлы толық ақпарат қамтылған алғашқы еңбек екенін хабарлаймыз. Жинақ көптеген мақсаттарды қамтыған. Пікірсайыс - логикалық ойдың, тың идея бастамаларының тіл арқылы көрінісін табуынының бірден бір көзі. Сол себепті де, бірінші мақсат – пікірсайыс арқылы қазақ тілінің мәртебесін бір сатыға көтеру. Пікірсайыс тілді меңгерген белсенді, білімді жастардың ойыны болғандықтан, екінші мақсат - жастарды мәдениетке, өркениетке, жан-жақтылыққа, өз ойын еркін жеткізе алатын дәрежеге аяқ бастыру. Үшінші мақсат – еліміздегі оқиғаларға бей-жай қарамайтын, тың идеялар ортаға түсетін пікірсайыс қозғалысын Қазақ елінде дамыту.

Бұл әдістемелік құралдың өн бойында пікірсайысшыға қажетті қасиеттер мен төрешіге қажетті мағлұматтар қамтылған. Әдістемелік құрал барша пікірсайысшылар мен пікірсайысқа қадам басып келе жатқан азамат пен азаматшаларға арналады.

«Азамат » интеллектуалды

пікірсайыс ұйымының үйлестірушісі Мирас Еркебұланұлы Жалмурзин

Пікірсайыс - парасатқа.

«Ішсем, жесем, ұйықтасам- тән құмары,

Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен- жан құмары.»

Абай Құнанбайұлы

«Дүние – сарай, адам – керуен»,- дейді Жүсіп Баласағұн. Керуеншінің әр күні қымбат болса, қалай өткізбегі одан да қымбат. Мәліметтерге сүйенсек, адам өмірінің 20-25 жылын ұйқыға, 2 жылын телефонмен сөйлесуге, 6-7 жылын тамақ жасауға, ал 8 жылын байқамай-ақ, бос өткізеді екен.Сол олқылықты толтыру үшін қоғамға, өзіңізге пайдалы іспен шұғылданған жөн. Мысалы, пікірсайыспен айналысу. Қазақта шешендік өнердің бүгінгі заманауи кейпі десек қате емес. Сөздің майын тамыза сыр шерткен ұлы дала философтары сөз өнерін жете меңгерген. В.В.Радловтың жазбасында «Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады» деп тілдің тазалығы мен маңғаз мәнерін аңғарған. Шешендік сөздер үлгісінің бірегейі - айтыста ақындар мәселені терең талқылай отырып, халықтың мұңын мұңдап, сөз қағыстырады. Осыдан-ақ пікірсайыстың бабамыздан қалған сара жол екені байқалады. Негізгі деректерде, дебаттың қайнар көзі көне Грек жерінде заңдарды талқыға салудан басталады. Алғашқы мектеп саналатын Платонның, лицей деп атаған Аристотельдің білім ордасында риториканың негіздері оқытылған. Кейін Еуропаға таралып, жеке дара дамыған. 1960 жылы АҚШ- та Джон Кеннеди мен Ричард Никсонның президенттік сайлауы телевизиялық дебат түрінде өтті. Дәстүрге айналған бұл үрдіс жалғасын тапқаны айдан анық. Халық арасында абыройға ие болғандықтан, парламент отырыстарында, оқушы, студенттік сайыстарда пікірсайыс көрініс тапты. Бүгінде дүбірлі дебат Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, АҚШ, Жапония секілді әлемнің алып елдерінде кең тараған. «Халықаралық дебат ассоциациясы» да бар. Статусы жоғары саналатын әйгілі Кембридж, Оксфорд, Гарвард, Сорбонна, Йель университеттерінде жеке клуб ретінде танымал. Қазақ мемлекетінде 1996 жылдан бастап «Дебат» жолға қойылған. Қазіргі таңда жастар арасында қарқынды дамуда. Жоғарғы оқу орындары мен мектептерде зияткер жастарды дайындайтын дебат үйірмелері бар. Олардың үздіктерін іріктеп, бас қосатын «Азамат интеллектуалды пікірсайыс клубының» да үлесі зор. Республикалық, аймақтық, қалалық турнирлер, ауқымды жиындар ұйымдастырылып, сөз көкпары болашақтың баяндылығы үшін қоғамды сауаттылыққа, достыққа шақырады. Қайырымдылық мақсатында өткізілген пікірсайыс турнирлері де жалғасын таппақ.

Сонымен пікірсайыс дегеніміз не? Француз тілінен аударғанда «debate» - «талқылау, ой алмасу» деген мағынаны береді. Ғаламдық өзекті құбылыстардың мемлекет үшін, адамзат үшін әкелер пайдасы мен зиянын жан-жақты қарастыру. Көзқарастарды қағыстыру, ара-жігін ажыратуға жол ашу. Айтар ойды көпшілік алдында тайсалмай, тиянақты жеткізуге баулу. Мәдениеттілік пен адамгершілік қасиеттерді дамыту. Міне, осының бәрі дебаттың күрделі де көп қырлы мақсаттарын айқындайды. Пікірсайыс не үшін керек? Толғандырған сұраққа жауап берейік.

«Жалпақ әлемді аузыңа қарату үшін – рухани ерлік керек, Жалпақ әлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін – рухани байлық керек», - деген Қадыр Мырзали ағамыздың сөзі дәл айтылған. Өзіңіздің қоғамдағы маңыздылығыңызды сезіну үшін, руханият пен білімге сусындау үшін бізге келіңіз. Екінші ұстаз Әбу Насір әл-Фараби «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» десе, пікірсайыс сол дамудың даңғыл жолын көрсетеді.

Тіл тазалығы

Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы-ой.

Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.  Ғ.Мұстафин. 

Өзін пікірсайысшы санайтын азамат тіл – аяулы қазақ халқының жаны, өзіндік сәні, тұтастай кескін-келбеті һәм болмысы екенін жадында тұтпақ керек. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Бірақ, қазір көптеген жастар тілімізді шұбарлап, өз ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Мұндайларды көргенде, К.Г. Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам-жәндік» - деген сөзі ойға оралады.

Ахмет Байтұрсынов «Сөз өнерінің ғылымы» атты еңбегінде сөз талғамының бірден бір шарттары ретінде «Сөз дұрыстығы» мен «Тіл тазалығын» алға қояды. Сөздерді орынды қолданып, айтылмақ ойларын жүйелеу нағыз пікірсайысшының жауапкершілігі. Тартысты ойын барысындағы пікірсайысшының мақсаты төрешінің не тыңдаушының көңілінен шығу болса, барынша сөз шеберлігіне ұмтылуы тиіс. Сондай-ақ, басқа тілден енген кірме сөздерді қолдану қажет болса, көпшілікке сіңіп, құлақтарына ұғынықты болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді пайдаланған абзал.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Тіл тазалығы – ойды, сөзді бөтен, бөгде элементтермен шұбарламау. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», – деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз. Ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір пікірсайысшы әр сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, төрешісін, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары пікірсайыс майталманының ғана қолынан келер жайт.

Пікірсайыс мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – сөз тазалығы. Бұл күнде пікірсайысшылардың бас ауруына айналып үлгерген қазақ тілінде сөйлеу әдебіне ешбір қажетсіз қыстырма сөздер көп кездеседі. Олар: жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, не қылып, анау, не, әлгі және т.б. Сонымен қатар, орыс тіліндегі «давай, пока, ладно, или, уже, хорошо, ну, типа, все, вот» деген сөздер тағы бар. Кей жағдайларда пікірсайысшылар ойын барысында өз ойларын жеткізе алмай қысылғанда «аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр» - деп мүсәпірлікке ұрынады. Сөз арасында қыстырылып жүретін жаңағы, нетіп, әлгі, мәселен, ал енді, сонымен тәрізділерге аузы үйір адам тыңдаушысын мезі етеді. Әр ойыншы сөз саптауы мен жеткізе білуін түзетуі, сөзге бай, әрі абай болғаны жөн. Дүниеде үш-ақ нәрсені қайтара алмаспыз: ол атылған оқ, айтылған сөз, өткен уақыт. Пікірсайыс нағыз достардың ортасы, демек сен досыңа тіл мәдениетін, тіл тазалығын, сөз тазалығын, ой тереңдігін, бастысы пікірсайыс мәдениетін сақтап қарым-қатынас жасауға тиіссің.

Пікірсайысшының сөйлеу мәнерінде болатын кемшіліктердің себептері:

1. Ортаның әсері:

а) ойыншының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді;

ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл).

2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);

3. Жекелеген тілдегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.б.).

Сондықтан, бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын сөйлеу сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]