Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AZAMAT_1_1.docx
Скачиваний:
195
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
282.69 Кб
Скачать

Мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай аша білу

Шешендік өнер – қазақ халқының сөз өнері саласының бір бөлігі. Қазақтың би-шешендері өз замандарының түрлі мәселелерін қозғап, күрмеуін шешіп, халықтың көңіліне қонымды ой-пікір айтып, сөз мәдениетінің озық үлгілерін көрсетті. Қазіргі күнде пікірсайыс - шешендік өнерінің бөлшегі. Сөздің етін жеп, майын ішкен шешендердің сөз қолданысындағы мақал-мәтел, афоризмнің орны туралы зерттеп жүрген белгілі зерттеуші Г.Қосымованың пікірі мынадай: «…тыңдаушысын толғандыру, одан соң ойландыру, бұдан кейін еліктіріп әкету, ақырында дәлелді уәжге бас қойғызу – шешендік сөздің ерекше қасиеті болды. Уәж сөзге келерде, үкім-кесім қабылдағанда халықтың мораль кодексі іспетті мақал-мәтелдеріне жүгініп, өсиет, мәтел үлгілес афоризм сөздерді жиі қолданып отырған». Міне, пікірсайыстың логика мен идеяны тоғыстыру ғана емес, сонымен қатар сөз мәдениетінің орталығы, астарлы мағыналар айтылатын көкпар алаңы.

Бұқар жырау: «Шаршы топта сөз бастау қиын, Шешімін таппас дау бар»- демекші, сөз сөйлеу сырттай оңай көрінгенімен, іштей жүгі ауыр міндет. Көпшілік алдында арзан сөз айту оңай, қымбат сөз айту қиынның қиыны. Айта алмаған ойды, жеткізе алмаған ұсынысты көрерменге көрсетудің бір жолы – мақал-мәтел және афоризм. Мақал-мәтел – сөз мәйегі. Бірақ, әдемі сөз қуу кей кездерде сөз сапасын төмендетіп жібереді. Кейбір пікірсайысшылар мақал-мәтелдерді өз идеяларына жақындату үшін бұрмалап, сөзін ауыстырып жіберетін жағдайлар да кездеседі. Мақал-мәтел немесе афоризмді ауыстыру оның түпкі идеясын, әдемілігін сақтап қалса, ауыстырып қолдануға болады-ақ. Бірақ, ол сөздің құтын қашырып, сөз сапасын төмендетіп, айтар ойын шашыраңқы еткен жағдайлар да кездеседі. Мүмкіндігінше, талай ғасырдан бері келе жатқан халық даналығын өз қалпында қолданғанымыз дұрыс.

Мақал-мәтел, афоризмдердің аясы өте кең. Түрлі салаға тамыр жайған халық даналығы пікірсайыста қолданыс табуда. Яғни, сөзінің тоқ етерін айтар кезде мақал-мәтел, афоризмдердің рөлі зор. Өйткені, аз сөзге астарлы ой, мағыналы сөз сыйдырып сөйлеу - пікірсайысшының шеберлігі. Мәселен, «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын», «Айтылған сөз атылған оқ», «Сөз асылы - мақал», т.б. мақал-мәтелдер, әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы», Абай Құнанбаевтың «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», Шәкәрім Құдайбердиевтің «Адамдық борышың, Халқыңа еңбек қыл», Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс», т.б. афоризмдері қазіргі күнде көптеген пікірсайысшылардың сөздік қорындағы тұрақты қолданысқа айналды. «Жүйелі сөз жүйесін табар» дегендей мақал-мәтелдерді орынсыз қолданып, жеке басқа қол сұғып, пікірсайыстың дәрежесін түсіретін мақал-мәтелдер де бар. Мәселен, «Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін», «Көп сөз боқ сөз», «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі», «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады», «Өлетін бала молаға қарай жүгіреді», «Аузы жаман елді былғар». Бұл мақалдарды дұрыс емес деуден аулақпыз. Тек адамның көңілін қалдыратын, жеңіл сөзден аулақ болған жөн.

Бөлтірік шешеннің сөз қадірі туралы нақылы мынадай: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады». Осы өсиет сөзді барлық пікірсайысшы көңіліне түйіп, санасына тоқып алса, пікірсайыстың дәрежесі жоғарылайтыны анық.

Ой ұшқырлығы

Ғалымдардың айтуынша, адамдар миының аз мүмкіндігін ғана қолданады екен. Егер сіз пікірсайыс ойнап тұрып, белгілі бір адамның атын, статистиканы, кеше не таңертен оқыған мәліметтерді ұмытып қалсаңыз, қарсы топтың спикері аяқ-асты сұрақ қойғанда тез, ұшқыр, тапқыр жауап бере алмасаңыз, сіз нашар пікірсайысшысыз. Қатты айтылса да – рас айтылған сөз. Себебі, пікірсайысшының сөзі нақты мәліметтерге толы болу керек. Мысалы, пікірсайысшы үлкен аудиторияның алдында сөйлеп тұр. Ол сөздерінде: «Әлгі американдық белгілі профессор, атын ұмытып тұрмын, жарайды, ол былай деген екен ...» немесе «Ғалымдардың зерттеуінше әлемдегі, ммм (ойланып) қырықтан астам елдерде ме еді? робот қолданады екен» - деген сөздерді қолданса, сіз ол пікірсайысшыдан жалығып, білімсіз деген қорытындыға келесіз.

Сондықтан, білімді пікірсайсышы атанып, ЛД форматында шексіз-шетсіз фантазияңызбен таң қалдырғыңыз келсе, келесі жету жолдары Сізге арналады:

1. Жұмбақтар мен есептер шығарыңыз.

2. Амбидекстрия қасиетін дамытыңыз. Қолданбайтын "жалқау" қолыңызды пайдалануға дағдыланыңыз. Мысалға, оңқай болсаңыз, сол қолыңызды оңнан кем емес қолдануға тырысыңыз. Басында компьютер тышқанын ұстап, не тіс жуып үйренсеңіз болады. Екі қолмен бір уақытта жазу, сол қолмен тамақтану да осыған жатады.

3. Оптикалық иллюзия көрініс тапқан суреттерді бақылап көріңіз.

4. Сезім мүшелеріңізді шектеңіз. Мысалы, көзіңізді байлап тамақтаныңыз, не күнделікті үйдегі шаруаларды істеп жүргенде құлағыңызға мақта салып қойыңыз.

5. Бір қарағанда байланысы жоқ мәселелерді байланыстыра біліңіз.

6. Пернетақтаны бірнеше тілде басып үйреніңіз.

7. Қарапайым нәрсенің жаңа қолданысын іздеп көріңіз. Мысалы, кәдімгі шегенің қанша қолданысын ұсынар едіңіз?

8. Өз көзқарасыңызды өзіңіз теріске шығарып үйреніңіз.

9. Ойларыңыз жаңа, креативті болсын.

10. Бір мәселені шешкенде, ойға бірінші келген қарапайым шешімнің орнына, жаңа, күтпеген шешім табуға тырысыңыз.

11. Бар мүмкіндіктерді қарастыруға тырысыңыз. Есіңізге шахмат ойынын алыңыз. Бірнеше қадам бұрын ойланыңыз. "Ал егер..." деп басталатын сұрақтарды қоюдан шаршамаңыз.

12. Компьютеріңіздің жұмыс үстеліндегі суретті кері аударып қойыңыз.

13. Логикалық есептерді шешіп, логикалық ойлауды дамытыңыз.

14. Бір ғылыми жаңалықты егжей-тегжейіне дейін түсінуге тырысыңыз.

15. Сурет салыңыз. Кез келген нәрсенің суретін сала беріңіз. Суреттеріңіздің керемет шығуы шарт емес.

16. Кітап оқыңыз.

17. Спортпен айналысыңыз.

18. Көп су ішіңіз.

19. Тамақты ағаш таяқшаларымен жеп үйреніңіз.

20. Классикалық музыка туындыларын тыңдаңыз.

21. Жалаң аяқ жүріңіз.

22. Шахмат ойнаңыз.

23. Мысқыл сезіміңізді дамытыңыз. Жаңа, өзіңіздің қалжыңдарыңызды ойлап табуға тырысыңыз.

24. Бақылаушылығыңызды дамытыңыз. Мысалға күні бойы қызыл түске ерекше мән беріп, байқап жүріңіз. Не көшедегі көліктердің арасында бір марка көліктерін табуға тырысыңыз. Әр күні бақылауға жаңа тақырып ойлап табыңыз.

25. Күнделік жүргізіңіз.

26. Шет тілдерін үйреніңіз.

27. Компьютерлік бағдарламалауды үйреніңіз.

28. Ұзын сөздерді кері айтып көріңіз.

29. Үйдегі жиһаздың орнын ауыстырыңыз.

30. Жазып үйреніңіз. Шығарма, өлең, не блог жазуға дағдыланыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]