Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_MPP-kaz_KYu.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
498.69 Кб
Скачать

8. Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

8.1 Семинар (тәжірибе) сабақтарына дайындалу бойынша әдістемедік ұсыныстар.

Семинар сабақтарына дайындалуда оқытушымен оқу курсының басында берілген силлабустағы тақырыптар бойынша дайындалу қажет.

Дәріс сабақтары 3-4 тақырып алдында жүретіндіктен, дәрістерде оқытушы семинар сабақтарында қарастырылуға жататын тақырыптың өзекті мәселелерін беріп отырады. Студенттер тек тақырыпты ғана емес, оның өзекті месәлелеріне өз бетінше материал тауып, дайындалуы тиіс.

Семинар сабақтарының нысандары әр түрлі болады: сұрақ-жауап, ауызша сұрау, конференция, пресс-конференция, дөңгелек үстел, кіші жарыстар және т.б. Бұл нысандардың түрін оқытушы алдын ала немесе сабақ үстінде ескертпестен қолдануы мүмкін. Сондықтан студенттер әр дайым дәріс материалдарымен ауызша немесе жаттап дайындалу әдісі қолданбауы тиіс және ол төмен бағалауға алып келеді.

Семинар сабақтарында жоғары баллға ие болу үшін сабақтардан қалмау тиіс, үнемі белсенді қатысу қажет.

8.2 СОӨЖ сабақтарына дайындалу бойынша әдістемедік ұсыныстар

Студенттер СОӨЖ сабақтарының тақырыптарын оқу курсының басында алады. СОӨЖ-қа жалпы 8 тақырып беріледі.

Студенттер СОӨЖ-тың алғашқы 4 тақырыбын 1-ші рейтингке дейін уақытылы тапсыру қажет. Қорғай алмаған студенттер 1-ші рейтингке дейін тақырыптарды қорғауына рұқсат етіледі, алайда уақтылы тапсырмағандығы үшін бағасы төмендеуі мүмкін.

Тапсыру нысандары: силлабусқа сәйкес. Оқытушы белгілі бір тақырыпқа қатысты тапсыру нысанын алдын ала белгілеуі мүмкін.

9. Халықаралық жария құқық пәні бойынша курстық жұмыстар тақырыптарының тізімі:

1. Халықаралық құқық – құқықтың ерекше жүйесі 2. Халықаралық құқық және ұлттық құқық – құқықтың екі жүйесі. 3. Халықаралық құқықтық реттеу механизмі 4. Халықаралық жария құқық субъектілерінің түсінігі және түрлері 5. Халықаралық құқықсубъектіліктің ерекшеліктері мен өзекті мәселелері 6. Қазақстан Республикасы халықаралық жария құқықтың субъектісі ретінде. 7. Өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтардың құқықсубъектілігінің ерекшеліктері мен өзекті мәселелері 8. Жеке тұлғаның құқықсубъектілігінің ерекшеліктері мен өзекті мәселелері 9. Халықаралық жария құқықтың объектілері 10. Халықаралық жария құқық қайнар көздері және топтастырлуы. 11. Халықаралық шарт Халықаралық жария құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде 12. Халықаралық салт-дәстүр Халықаралық жария құқықтың қайнар көзі ретінде. 13. Халықаралық жария құқықтың нормалары: түсінігі, құқықтық табиғаты,

топтастырылуы. 14. Халықаралық жария құқықтың қағидалары: анықтау мәселелері, түрлері және ролі. 15. Халықаралық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде Халықаралық жария құқықтың жекелеген қайнар көздерін зерттеу. 16. Мемлекеттердің негізгі құқықтары мен міндеттері. 17. Мемлекеттерді танудың қазіргі таңдағы өзекті мәселелері. 18. Халықтардың өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асыруы және танудың өзекті мәселелері. 19. Халықаралық жария құқықтағы құқықтық мирасқорлық: қазіргі таңдағы өзекті мәселелер.. 20. КСРО ыдырауы және құқықтық мирасқорлықтың өзекті мәселелері. 21. Халықаралық жария құқық нормаларын кодификациялаудың өзекті мәселелері. 22. Халықаралық жария құқық нормаларының түсінігі, оны сақтау, орындау, қолдану. 23. Халықаралық жария құқық нормаларын ұлттық құқықта қолданудың ерекшеліктері. 24. Халықаралық жария құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы. 25. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары және оларды қазақстандық құқықтық жүйеде орындау. 26. Халықаралық құқықтық тәртіпке қол сұғушы құқық бұзушылықтар: түсінігі, объектілері және топтастырылуы. 27. Мемлекет құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде. 28. Халықаралық жария құқықтағы жауапкершілік институты. 29. Мемлекеттердің өз органдарының, заңды тұлғалараның және жеке тұлғалараның әрекеттері үшін жауаптылығы. 30. Халықаралық жария құқықтағы санкциялар. 31. Халықаралық жария құқықтағы реторсиялар мен репрессалиилер. 32. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі. 33. Дипломатиялық өкілдіктер: түсінігі, түрлері, құрамы, функциялары. 34. Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер: құқықтық реттеу және жүзеге асыру. 35. Консулдықтар: құру тәртібі, түрлері, құрамы, функциялары. 36. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер. 37. Халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшеліктері  38. БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелері қызметінің әртүрлі аспектілері. 39. Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының құқықтық негіздері және нысандары. 40. Қазақстан мен НАТО ынтымақтастығының құқықтық негіздері және нысандары. 41. Адам құқықтары және халықаралық құқықтық тәртіп. 42. «Гуманитарлық интервенция» және халықаралықжария құқық. 43. Халықаралық қауіпсіздік: түсінігі, түрлері, құқықтық негіздері. 44. Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ құқықтық механизмі. 45. Әлемге қауіп төнген жағдайдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әрекеттері. 46. БҰҰ бейбітшілік орнату әскери күштері мен азаматтық күштері. 47. Аумақтық қауіпсіздік ұйымдары (ОБСЕ, СНГ, ЛАГ, ОАГ, ОАЕ, АНЗЮС, НАТО). 48. Ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі (басқа да қырып-жою қарулар) және халықаралық жария құқық. 49. Әскери қақтығыстар және халықаралық жария құқық. 50. Әскери қақтығыстар құқығы: құрылуы, жүйесі, қолданылу аясы. «Гаага құқығы» және «Женева құқығы». 51. Қызыл Крест Халықаралық Комитеті және оның гуманитарлық қағидаларды қалыптатырудағы ролі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]