Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_MPP-kaz_KYu.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
498.69 Кб
Скачать

11. Глоссарий

Атауы

Анықтама

Ескертпе

1

Агреман

Елші лауазымы кандидатурасына тағайындалған мемлекеттің келісімі

2

Патент

Консулдың тағайындалуын және оның өкілеттіктерін куәландырушы құжат

3

Экзекватура

Болушы мемлекет тарапынан консулдың функцияларын атқаруға берілетін ерекше рұқсат

4

ХҚ субъектісі

Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырушы халықаралық құқықтың ресми қатысушысы

5

Императивтік нормалар

ХҚ билік етуші нормалары

6

Диспозитивтік нормалар

ХҚ субъектілеріне осы норма шеңберінде өз қалауы бойынша әрекет етуге мүмкіндік беретін нормалар

7

Суверенитет

Бұл мемлекеттің ел ішіндегі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі

8

Құқықмирасқорлық

Халықаралық құқықтың бір субъектісінен екінші субъектісіне құқықтар мен міндеттерді беру

9

Аутентика

Әртүрлі тілдерді әзірленген халықаралық шарттың бірдей мағыналық түсінігі

10

Депозитарий

Халықаралық келісім мәтінінің түпнұсқасын сақтаушы мемлекет

11

Преамбула

Халықаралық келісім мәтініндегі кіріспе (кіріспе бөлім)

12

Инкорпорация

Халықаралық құқық нормаларын ұлттық құқық құрамына енгізу

13

Апартеид

Нәсілдердің жеке өмір сүру саясаты

14

Экстрадиция

Қылмыс жасаған тұлғаны бір мемлекеттен екінші мемлекетке ұстап беру

15

Комбатант

Әскери қақтығыстардың соғысушы заңды қатысушылары

16

jus gentium

халықтар құқығы

17

Имплементация

өз міндеттемелерін ұлттық құқықта жүзеге асыру, заңнамаларға халықаралық құқық нормаларын енгізу

18

Трансформация

Халықаралық құқық нормаларын ұлттық құқыққа айналдырудың бір түрі. Әдетте ол арнайы заң шығарумен халықаралық шарт нормаларының барлығына міндеттілігін көрсетеді

19

Инкорпорация

заңнама мәтінін халықаралық шарт нормаларымен сәйкестендіру

20

Рецепция

ұлттық заңнаманың мазмұнын халықаралық-шарттық нормалардың мазмұнынымен сәйкестендіру

21

Адаптация

ұлттық заңнамағы өзгеріс енгізбей-ақ жаңа халықаралық-құқықтық міндеттемелерге сәйкестендіру

22

Құқыққабілеттілік

халықаралық құқық субъектісінің құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіншілігі.

23

Әрекетқабілеттілік

өз құқықтары мен міндеттерін жеке жүзеге асыру

24

Деликтқабілеттілік

жасаған құқықбұзушылығы үшін жауапкершілік арқалану

25

Егмендік

өзінің территориясында билік құру және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік

26

Еркін қалалар

ішкі өзін-өзі басқару құқығы бар қала-мемлкет

27

Халықаралық шарт

мемлекеттер арасында жазбаша түрде жасалған және халықаралық құқықпен реттелетін, бір немесе одан да көп құжаттардан тұратынына және атауына байланыссыз халықаралық келісім

28

pacta sunt servanda

шарттар орындалуы тиіс

29

САНКЦИЯ

құқық бұзушы мемлекетке қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шалалары

30

РЕТОРСИЯ

мүддені бұзған екінші мемлкеттің әрекетіне қарсы мәжбүрлеуге бағытталған әрекет

31

РЕПРЕССАЛИ

бір мемлекеттің екінші мемлекетке заңды түрдегі мәжбүрлеу шарасы. Қарсы әрекет келтірілген залалға сай келуі тиіс.

32

САТИСФАКЦИЯ

ар-намысы мен ожданына нұқсан келтірілген мемлекеттің талаптарын қанағаттандыру

33

РЕСТОРАЦИЯ

Құқық бұзушы мемлекеттің бұрынғы жағдайды, материалдық объектіні қалпына келтіруі

34

РЕПАРАЦИЯ

материалдық залады ақшалай, тауарлай, қызметпен қайтару

35

РЕСТИТУЦИЯ

құқық бұзушылық әрекет болған кезге дейінгі жағдайды қалпына келтіру. Мысалы, территориядан алып кеткен мүлікті заттай қайтару

36

КОМПЕНСАЦИЯ

жіберілген пайданы есептегенде, келтірілген залалды қаржылай қайтару. Қазіргі таңда кең таралған санкциялардың бірі болып табылады

37

СУБСТИТУЦИЯ

жойып жіберілген материалдық меншікті басқа меншікпен алмастыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]