- •«___» ________________ 2012 Ж.
- •5В030100 - Заңтану
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасының отырысында талқыланды
- •1.Типтік бағдарлама
- •2. Жұмыс оқу бағдарламасы
- •«___» ________________ 2012 Ж. Пәннің оқу бағдарламасы
- •Дәрістердің және семинар сабақтарының тақырыптық жоспары Модульдің атауы:Саясаттану
- •Соөж және сөЖтапсырмаларын орындаудың және тапсырудың тақырыптық жоспары
- •Қолданатың әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет тізімі
- •Глоссарий
- •6 Дәрістер тезисі.
- •Саясаттану - ғылым ретінде. Саясаттану пәні, объектісі, әдіс-тәсілдері. Саясаттану ғылымының мәні және гуманитарлы ғылымдар жұйесінде алатын орны.
- •1 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның саяси ойларының тарихы.
- •2 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •4. Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері.
- •3 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері
- •5 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •6 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •4. Қазақстандағы демократияның заманға сай моделі
- •7 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •9 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •4. Демократиялық режимне сай ерекшелік -
- •2. Демократияның дамуындағы азаматтық қоғамның қалыптасуының қажеттілігі.
- •10 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
- •4. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар (1985–1992 жж.)
- •11 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •1. Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
- •2. Саяси мәдениет түрлері, әлеуметтену кезеңдері және агенттері
- •12 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
- •13 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
- •1. Әлемдік саясат.
- •4. Қазіргі заманның демографиялық мәселелері.
- •Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:
- •14 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
- •4. Әлемнің жаңа конфигурациясындағы Қазақстанның сыртқы саясатын іске асыруындағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік қызығушылары.
- •15 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
- •16 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •7.1. Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •7.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •7.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •7.4. Семинар, соөж сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •8.Белсенді үлестірмелі материал.
- •Саяси мәдениет. Саяси идеология. Қр ұлттық идеясы
- •9. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
6 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
Саяси режим деп:
- басқарушылықтің түрі
- ел психологиясы
- мораль негіздері
- құқық пен заң
«Тоталитаризм» терминін енгізген:
Муссолини
Сократ
Зенон
Калликрат
«Америкадағы демократия» еңбегінің авторы:
А.Токвилль
Сократ
Платон
Геродот
Аристотель
Демократиялық режимне сай ерекшелік -
Жоғарғы орындарға сайлау мүмкіндігі
Шағын қала-мемлекеттердің бар болуы
адамның жан дүниесінің жетілуі
саяси құбылыстардың әлеуметтік механизмдері
саяси процесстердің компьютерлік қамтамасыздануы
Жапония елінің билігінің түрі:
Конституциалды монархия
охлократия
республика
тирания
Ежелгі Рим ойшылы, ораторы, философы:
Цицерон
И.Кант
З. Фрейд
А.Швейцер
Орта заманның әйгілі философы, ойшылы, теологі?
Фома Аквинский
И.Кант
Сократ
Аристотель
Тоталитаризмнің негізгі сипаттамасының бірі -
оппозицияға жол бермеу
теологиялық позицияға сүйену
әлеуметтік қозғалыстарды күшейту
биотехнологиялық салаларға сүйену
Италиядағы тоталитаризм бағытының фашисттік режимін басқарған:
Мусоллини
Фома Аквинский
Н.Макиавелли
Аристотель
Сократ
Демократиның полиархия теориясының авторы:
Р. Даль
Мартин Лютер
Эразм Роттердамский
Жан Боден
Жан Жак Руссо
Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Режим деген не?
2. Тоталитаризм режиміне сипаттама беріңіз.
3. Қазіргі замандағы Батыс Европа мемлекеттерінің саяси жүйелері қандай?
Дәріс 7. Қазіргі заман демократия моделдері мен теориялары.
Жоспар:
Демократия мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар
Демократияның классикалық концепциясы.
3. Демократияның моделдері: полиархия, делегативті, элитарлы теориялары.
4. Қазақстандағы демократияның заманға сай моделі
Әдебиеттер тізімі:
Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.
Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.
Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.
Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.
Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.
Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.
Демократия мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар
Демократия ұғымын бірнеше мағынада қолдануға болады: 1) мемлекеттің типі мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның классикалық теориясы антикалық дәуірден бастау алады. Бірақ өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) австрия әлеуметтанушысы өзі аттас «шумпетерлік» теорияның негізін қалады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы болған емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шектейді. Сондықтан демократиялық тәсіл – Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді.
Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай керек:
Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдер тобы болуға тиіс.
Саяси органдар халық, негізінен, жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы тиіс. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді болмайды.
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Ол құрам орта тап өкілдерінен құралуы тиіс.
Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттің де элементі болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды.Саяси процеске қатысушы әрбір адам өзін-өзі тежеп отырмаса, қандай демократия болуы мүмкін.
Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары
Плюралистік, элитарлық, экономикалық, «ақпараттық демократия» және маркстік теорияларының идеялары негізінде демократияның үш түрін атап көрсетуге болады: тікелей,
плебисцитарлық, өкілдік. Тікелей демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуге тікелей араласады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан
шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билікті теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы элитаның халықтан алшақтауына, шенеуліктердің бюрократталуына жол берілмейді.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Оны біраз жағдайларды екіұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктің шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.