- •«___» ________________ 2012 Ж.
- •5В030100 - Заңтану
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасының отырысында талқыланды
- •1.Типтік бағдарлама
- •2. Жұмыс оқу бағдарламасы
- •«___» ________________ 2012 Ж. Пәннің оқу бағдарламасы
- •Дәрістердің және семинар сабақтарының тақырыптық жоспары Модульдің атауы:Саясаттану
- •Соөж және сөЖтапсырмаларын орындаудың және тапсырудың тақырыптық жоспары
- •Қолданатың әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет тізімі
- •Глоссарий
- •6 Дәрістер тезисі.
- •Саясаттану - ғылым ретінде. Саясаттану пәні, объектісі, әдіс-тәсілдері. Саясаттану ғылымының мәні және гуманитарлы ғылымдар жұйесінде алатын орны.
- •1 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның саяси ойларының тарихы.
- •2 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •4. Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері.
- •3 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері
- •5 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •6 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •4. Қазақстандағы демократияның заманға сай моделі
- •7 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •9 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •4. Демократиялық режимне сай ерекшелік -
- •2. Демократияның дамуындағы азаматтық қоғамның қалыптасуының қажеттілігі.
- •10 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
- •4. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар (1985–1992 жж.)
- •11 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •1. Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
- •2. Саяси мәдениет түрлері, әлеуметтену кезеңдері және агенттері
- •12 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
- •13 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
- •1. Әлемдік саясат.
- •4. Қазіргі заманның демографиялық мәселелері.
- •Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:
- •14 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
- •4. Әлемнің жаңа конфигурациясындағы Қазақстанның сыртқы саясатын іске асыруындағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік қызығушылары.
- •15 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
- •16 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •7.1. Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •7.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •7.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •7.4. Семинар, соөж сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •8.Белсенді үлестірмелі материал.
- •Саяси мәдениет. Саяси идеология. Қр ұлттық идеясы
- •9. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
2. Демократияның дамуындағы азаматтық қоғамның қалыптасуының қажеттілігі.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.
Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда тұрған жаңа белес.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.
Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.
Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.
Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.
Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.
Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен келмейді.
Ол көп шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің өзгеруімен бірге ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл олардың ойына келгенін қағазға түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі байланыстарды бейнелейді.
Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа ұмтылған. Осы жолда небір тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген.