Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bas_1179_arue.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
241.15 Кб
Скачать

БАСҚАРУДЫҢ СТИЛЬДЕРІ

Кіріспе

  1. Басқару стильдердің сипаттамасы

    1. Стильдердің түсінігі мен мәні

    2. Басқару процесінде стильдердің рөлі

ІІ. «Қазақтелеком» басқару процестегі пайдаланатын стильдері

2.1 «Қазақтелеком» компаниясының сипаттамасы

2.2 «Қазақтелеком» компанияның басқару стильдерін талдау

4. ҚОРЫТЫНДЫ

5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

6. ҚОСЫМША ЖҰМЫСТАР

КІРІСПЕ

I. Басқару стильдердің сипаттамасы

    1. СТИЛЬЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ

¥жымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бip жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрсетіледі) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бipiн-6ipi мойындау, ықпал ету стиль мүдделі т. б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең актуалдысы. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық әрі түбегейлі баға басшы жұмысыныщ стилі бойынша жүзеге асады.

Басқару қызметіндегі әpбip басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару функциясын жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль - ой дүниесі десе, Бью-фурон «стиль адамның өзі», деп тұжырымдайды.

Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түciнiгi де дәлелдей түседі. Қaзipгi кезде стильді басшының басқару функциясын тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал етyi бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығында, қармағындағылардың ic-әрекеті нәтижесінің қалай бақылайтындығында. Қабылдаған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым-қатынас туғызады.

Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалдарды қайталауымен ерекшеленеді. Бірақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың бағалауынша стиль­ге әдетте ырғақтылығы тән, олардың тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық — бұл ырғақтылык» және де «басшылық ете білу — бұл басшылық стилін өзгерте білу».

Басшы жұмысының стилі — оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың және ic-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі — бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

Басқару қызметкерлерінің мәдениеті әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да, олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жұмыс істеу стиліне қарап беруге болады. Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз - билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс –тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс - тұрыс үлгici. Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік-биліктік ерекшеліктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және icкe асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсендігімен айқындалады.

Мемлекеттік басқару стилі келесі элементтерден тұрады:

Мемлекеттік билік органдарының мақсаттық, функционалдық және ұйымдық сипаттамалары;

Басқару органдары кызметтерінің заңды түрде бекітілген және жүзеге асырылатын әдістері, процедуралары, нысандары;

Қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет денгейі.

Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде бірнеше басқару стилдері қарастырылған, атап айтқанда, директивті (эюмпилж, автократиялық, авторитарлық), демократиялық (ұжымдық, кооперативтік) жэне либералдық.

Басшылық стилі басқару тәсілмен белгілі 6ip ара-қатынаста және өзара әрекетте болады. Алайда олар бірдей ұғым емес.

Басқару тәсілі — басқару iciн жүзеге асырудың жиынтық әдістері (амалдары), жұмыскерлер мен еңбек ұжымына мақсатты ықпал ету, басқару функциясын орындау процесінде олардың ic-әрекеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әp6ip басшы­ның дербес стилi бар, мұның өзi оның ic-әрекетінде Kөpiнiп, басқару аппаратының және бушл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс — оны түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрлі объективті факторлардың ықпалымен қалыптасады:

Іс-әрекет сипаты;

Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланысы;

Психологиялық касиеті;

Орындау тәжірибе жағдайы;

Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы;

ұжымның ықпал ету нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырады.

Стильдің қалыптасуы — бұл ұзаққа созылатын, күрделі мақсатты процесс. Әp6ip басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларда алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдар қолдана 6ілyi тиіс.

Стиль түрлері және олардың сипаттамалары

Басшының дербестігі көптеген iciнe қарай емес, қалай icтeйтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы 6ip мәселенің өзін әр түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.

Стиль дегеніміз әлеуметтгк құбылыс, өйткені, 6ipiншіден, онда басшының көзқарасы мен ceнiмi бейнеленеді, екіншіден ол түптеп келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеушінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стиль оның қарамағындарылардың, ұдайы назарында болып, олар мұны өзіне бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені жұртшылық, оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады.

Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін қалыптастыру oңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер 6ip басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің», «міндеттісің» секілді кағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды eсiнeн «аулақ ұстайды» да, ұсак-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бiр басшылардың eciгi әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы шрлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бip директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екіншісі 6ipeyi мұны қажет санамайды.

Басқару стилінің тищ түбегейлі қалыптаспаған, сондықтанда отандық және шет елдің әдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі.

Мәселен, X. Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:

1. Бip жақты автократтық стиль;

2.Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;

3. Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне бipкелкі қатыса отырып басқару;

4.Парламентт1к сипаттары басқару стилі;

5. Бағыныштылар негізінен дербес, жоғары басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі.

Автократтық және парламентарлық стильдер колайсыз деп саналады, өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестігі болмайды, ал екіншінде жұмыс жоспарсыз жүргізіп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет етеді.

Ең қолайлысы кооперативтік стиль— «жақсы ынтымақтастық», «ұйымдасып әрекет ету», қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш 6ipiктipy. Басшы жұмыскерлерді мұқият тыңдайды, олардың ұсыныс ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлайды және қабыл­дайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені дәл осындай жағдайда қызметкерлер езге icкe қатыстымын деп есептейді.

АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады):

Функцияны беру стилі;

Міндетті басқару;

Ерекшелеу тәсілмен басқару;