Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ КУРСТЫ ЖМЫС.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
948.22 Кб
Скачать

Өнімнің өзіндік құнына кіретін және кірмейтін шығындар

Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс бегілеу үлкен роль атқарады.

Шығындардың есеп объектісі болып сол шығындардың өндірістегі аналитикалық есебі саналады. Өнеркәсіпте есеп объектісі өте жиі калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді.

Мысалға, тігін фабрикасының шығына мен өнімнің өзіндік құны сол фабрикада тігілген ерлер костюмы бойынша есептелінеді. Ауыл шаруашылығында есеп объектісі, әдетте, өзінің калькуляциялау объетісімен сәйкес келе бермейді. Мысалға, өсімдік шаруышылығанда есептеу объектісі күздік бидай болып табылса, ал калькуляциялау объектісі болып – дән, сбан сналады. Мал шаруашылығында есептеу объектісі сүтті табын болып табылады, ал калькуляциялауобъектісіне сол табынның сүті, төлі, қиы жатады.

Есеп объектісі мен калькуляциялаудан басқа калькуляциялық бірлік тізімін белгілеу қажет. Калькуляциялық бірлік, әдетте, тиісті өнім (бұйым) түрінің техникалық жағдайына немесе қабылданған стандарттық өлшем бірлігіне және өндірілген өнімнің натуралды көрігісіне сәйкес келуі тиіс. Егер де жоспарлау өлшем бірлігі ретінде екі көрсеткішті пайдаланса (т және м2), онда калькуляциялық бірлік осы екі бірліктің бірін ғана пайдаланады.

Сонымен, іс жүзінде пайдаланатын калькуляциялық өлшем бірлігін келесі топқа біріктіруге болады:

  • натуралды бірліктері – дана, метр, килограмм, тонна, литр және т.б.;

  • ірілендірілген (иесіздендірілген) бірлігі – тігін бұйымының прейскуранттық нөмірі, белгілі бір артикулдағы жүз жұп аяқкиімі эәне т.б.

  • өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін пайдаланылатын шартты-натуралды бірлік, ондағы пайдалы заттың құрамы әртүрлі тербелісте болуы мүмкін (мысалға, спирт – 100%, күйдіргіш содасы – 92 % натрий);

  • құндық бірлігі;

  • еңбек бірлігі (норма-сағаты);

  • орындалған жұмыс бірлігі (ткм, машина-күні, ай-күні);

  • пайдалы нәтиженің бірлігі – қуаты, өнімділігі және т.б.

Кешендік өндірісте бір шикізаттан бір технологиялық процессте екі немесе бірнеше түрлі өнімді алса, онда оларды шығару үшін жұмсалған жалпы шығынды өнімдердің арасында таратуға болмайды, сондықтан ондай өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеуге төменде келтірілген әдістің бірін пайдаланады. Егер де технологиялық процессте шикізатты өңдеу кешені бірнеше рет қайта жасаудан тұратын болса және өндірістің бұл кезеңдері бойынша шығын деңгейін анықтау мүмкіндігі болса, онда соңғы өнімге немесе шалафабрикатқа бөлістік калькуляциясын пайдалану мүмкін. Егер де жалпы шығыннан белгілі бір өнім түріне қатыстысын бөлу мүмкіндігі бар болса, онда оны тікелей сол өнімнің өзіндік құнына бөлуге болады.

Кешендік өндіріс шығындарын тарату кезінде келесі әдістерді қолданады:

  • шығындарды шегеру. Бұл әдіс кезінде өндірісте алынатын өнімдердің бір негізгі өнім болып саналады, ал қалғандары іліспе болып өнім жоспарлы өзіндік құны бойынша шегеріледі және осыдан кейін алынған деңгейін негізгі өнімнің өзіндік құны деп санауға болады. Бұл әдісті негізгі өнімнің деңгейін айқын белгілі болған кезде ғана және ілеспе өнімнің үлес салмағы аса көп болмаса ғана пайдаланады. Мысалға, молибден рудасын шығарған кезде одан ілеспе болып саналатын мыс концентратын шегеріп тастайды және т.б.

Өнімнің өзіндік құны есептеген кезде ондағы шығындарды тарату коэффициенттік долмен жүзеге асады.

Енді біз коэффициенттік әдіске бір мысал келтіріп көрейік:

  • аралас (қиыстыру) әдісі. Бұл әдістік кешендік өндірісте бірнеше негізгі және ілеспе өнімдерді өндірген кезде пайдаланады. Бұл әдісте шегеріп тастау да, шығындарды тарату да қатар әрі үйлесімді тұрғыда пайдаланады. Бұл кезде шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құны шегеріліп, қалған бөлігі негізгі өнімдердің арасына белгіленген коэффициенттер бойынша таратылады.

Олар келесі жұмыс кезеңінен тұрады: жалпы кешендік шығыннан ілеспе өнімнің өзіндік құны шегеріледі; шығынның қалған қалдығы негізгі өнімдердің арасына белгіленген коэффициенттерге сәйкес таратылады; ең соңында, тікелей өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын және таратылатын соманың мөлшері анықталады. Мысалы, ақ тиын құмдарын өңдеген кезде одан ілеспе өнімдерін шығарып тастайды (ставролит, кесек құмдарын және т.б.), ал шығыстың қалған бөлігін ақ металлдар, рутолдық және ильмениттік қоспалардың (концентраттарының) арасына белгіленген коэффициенттер бойынша және негізгі металлдың қоспасын ескере отырып таратады.

Өндірістің технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есептеудің бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, кісңпорынның шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын атайды.

Өнімнің өзіндік құнының әдісіне ісер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды айтуға болады:

  • өндіріс типі;

  • өндірістің күрделілігі;

  • шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;

  • өндіріс циклының ұзақтылығы;

  • аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі.

өнеркәсіп салаларына өнімнің өзіндік құнына бұл факторлардың тигізетін әсері бірдей емес, сондықтан өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әртүрлі әдісін тура қолдануға келеді. өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты басты роль атқарады. Әдетте, өнімдер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай өнім – бұл жеке бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұрмайды. Жай өнім болып: көмір, рудалар, мқнай, газ, цемент, тері, ет және т.б. саналады.

Бұл аталған өнімдердің өзіндік құны есептеу аса күрделі әдістемелерді пайдалануды талап етпейді. Бұндай жай өндірістерде бір ғана өнім түрі калькуляцияланады.

Күрделі өнім деп жекелеген бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұратын өнімдерді айтады. Мысалы, машиналар, станоктар, құрал-жабдықтар, автобустар және т.б. күрделі өндірісте негізгі өнімнен басқа, дайын өнім ретінде оның бөлшектері, түйіндері, детальдары да калькуляцияланады. Бұл соңғылар калькулькуляциялау әдістемесіне қосымша қиындықтар туғызады.

Калькуляциялау әдістемесін анықтауда өндіріс циклының ұзақтығы басты роль атқарады. Кейбір салаларда оның ұзақтылығы бірнеше сағат құраса (көмір, қара металлургия, элетростанция, т.б.), ал басқаларында бірнеше күн, мысалға, тоқыма өнеркәсібінде, химия зауыттарында, тері фабрикасында т.б., ал үшіншілерінде ол – бірнеше айларға созылуы мүмкін (кеме құрылысында, ауыр машина жасау кәсіпорындарында, т.б.), ал төртішісінде – тұтас маусымға созылуы мүмкін (орман шаруашылығын пайдалану).

Өндірістік циклы ұзақ өнеркәсіп салаларында өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесін жасау бірнеше айға немесе маусымға созылуы мүмкін және олар бірнеше сағаттар немесе күндер құрайтын сомалармен салыстырғанда біршама күрделі болып келеді. Оның күрделілігі, ең алдымен, үлкен аяқталмаған өндірістің шығысты тарату мәселесінің және басқа да арнайы жағдайларының әсерінен болуы мүмкін.