Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ КУРСТЫ ЖМЫС.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
948.22 Кб
Скачать

Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістер

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады.

Нормативтік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мент оның ауытқуы шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер өндірісті ұйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жөндеуге, ресурстардың тиімсіз пайдалануына жол бермеуге септігін тигізеді.

Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардың үнемделуі немесе артық жұмсалуы нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпорынның ұйымдық техникалық жұмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін баяндайды.

Нормадан ауытқуларға құжатталған және құжатталмаған болып бөлінеді.

Құжатталған ауытқулар алғашқы құжаттардың мәліметтері бойынша ашылған дабылдары жатады (талап накладнойы, қосымша жұмыстарға жазылған нарядтары, қосымша төлемдер және т.б.), сондай ақ есептеу жолымен анықталған ауытқулар (түгелдеу тәсілімен, нақты рецептурасы бойынша алдын ала жасалған есептеулер және т.б.)

Құжатталмаған ауытқуларға ауытқудың жалпы сомасы мен оның құжатталған бөлігінің арасындағы айырмасынан шығады. Әдетте, олар құжатталған ауытқулардың дұрыс есептелмеуінің нәтижесінен, ақау өнімдерін шығарғаннан, нарядтарды артық жазғаннан, кем шығудан, шалафабрикаттардың жоғалтуралы мен бұзылуынан, аяқталмаған өндірісті дұрыс бағаламауынан шығады.

Егер де өндірісте құжатталмаған ауытқулар бар болса, онда ол нормативтік есептің дұрыс ұйымдастырылмағанын куәландырады.

Ауытқу теріс те және оңда болуы мүмкін.

Теріс ауытқулар (материалдар, отындар, энергиялар, технологиялық процестерде қарастырылмаған, қосымша жұмысқа жасалған және т.б.) өндіріс процесінің дұрыс ұйымдаспағанынан туындайды.

Оң ауытқулар жекелеген учаскелердің жетістіктерін баяндайды (материалдардың тиімді пайдалануын ашу, материалдарды барынша қалдықсыз пайдалану, өнімнің сапасын арттыру, құрал жабдықты тиімді қолдану және т.б.) және норма шығындарын үнемдеуді жүзеге асырады.

Нормалардан ауытқуларды есепке алу шикізат пен материалдарға, олардың жұмсалуын нормалауға және өндірістік технологиялық процесіне байланысты ұйымдастырылады. Нормалардан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану және т.б. осы секілді факторлар әсер етеді. Материалдар шығыны бойынша нормалардан ауытқуларды анықтау үшін материалдарды құжаттау, түгелдеу және т.б. шаралар жүргізіледі.

Құжаттау әдісі материалдарды ауыстыру салдарынан туындайтын ауытқуларды, сондай-ақ жеке-дара материалдардың нормадан артық жұмсалғанын анықтау үшін пайдаланылады. Жеке-дара материалдардың шығынын, сондай-ақ материалдардың ауытырылуымен байланысты ауытқуларды арнайы құжаттармен рәсімдейді.

Әрбір келіп түскен материалдардың партиясын салыстырып көру әдісі өндіріске босатылған, қымбат тұратын материалдардың әрбір партиясы юойынша олардың нормадан ауытқуын анықтау үшін қолданылады.

Инвентарлық әдісте материалдардың нақты шығысын белгіленген норма шығысымен салыстыру арқылы айлық, он күндік, бес күндік, бір аусымдық ауытқуларын анықтайды. Материалдардың іс жүзіндегі шығынын анықтау үшін: ауысымның, бе күндіктің, он күндіктің басына немесе әр айдың жұмыс күніне жұмалмаған материалдарды түгелдеу жүргізеді. Ауытқуларды анықтау, есепке алу үшін кәсіпорынның жоспарлау диспетчерлік бюросы материалдарды жұмсау картасын жүргізеді. Онда материалдар жұмсаудың ағымдық нормасы, сол материалдан жасалған бұйымдардың саны көрсетіледі. Бұйымдардың саны жұмысшылардың жасап шығарған есеп мәліметтерінің негізінде анықталады.

Жалақыны ауытқулар есептелген норма мен нормадан ауытқу бойынша ескереді. Бухгалтерия есептелген жалақы сомасының жұмысшылардан алынған өнім саны мен сапасына сәйкестігін байқап отырады. Жқмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқығаны үшін үстеме ақы төлеу өндірістік емес шығындар және жалақы қорын артық жұмсаудың басты себептерінің бірі болып табылады. Жалақы бойынша нормадан ауытқуын талдау үшін және дәл есебін шығару үшін номенклатуралық себептерін және жалақы бойынша нормадан ауытқуды, кінәләлерді табу керек. Сондықтан бухгалтерия отқын ауытқулар туралы, олардың себептері мен кінәлі тұлғаларды көрсетілген рапорт жасап отыру керек.

Үстеме шығындарды есептеу мен тарату нақты шығынның сомасын анықтауды, әрбір баптар бойынша бекітілген сметадан ауытқуын табуды, демек, ондағы артық жұмсалатын шығындардың алдын алатын қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл үшін материалдар шығысына, штаттық кестеге және лауазымды қызметкерлердің окладына жасалған лимиттік картаның, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нормасының негізінде ағымдағы жедел бақылауын ұйымдастырады.

Кәсіпорында құндылықтарды сақтаумен есебінде, өндірісті ұйымдастыруында болған кемшіліктер және басқа да өндірістік емес сипаттағы шығыстар толығымен ашылып көрсетіледі. өндірістік емес сипаттағы шығыстар өнімді шығарумен байланысты болса, онда олар оның өзіндік құнына қосылады, ал егер де олар өніді шығарумен байланысты болмаса, онда олар өнім түрлерінің арасында таратылып, үстеме шығыстардың құрамында өнімнің өзіндік құнына қосылады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметі тарапынан бақылау жасау материалдарды, энергияны, аспаптар мен құрал жабдықтарды тұтынудың бекітілген нормалары мен лимиттерн; түрлі жұмыстар мен қызметтерді тұтыну мен олардың құныныңбелгіленген лимиттерін; басқарудың белгіленген ұйымдық құрылымын, сонымен бірге қызметтердің және қызмет көрсетуші адамдар жалақысының окладтарын қатаң сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.

Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп устауға кеткен шығындарды өнім түрлері бойынша таратады (егер үстеме шығындардың бүл тобы есепте бөліп көрсетілетін болса), бірақ ол кезде өнімді әзірлеу кезінде қолданған құрал-жабдықтың жұмыс істеген сағатының деңгейі, яғни өндіріске қажет болған машина сағатының саны ескеріледі. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды тарату кезінде сметалық ставкасын пайдалану керек, ал олар, әдетте бұйымды әзірлеу үшін қажет технология бойынша, және бәр машина сағатының жоспарлы өзіндік құны бойынша есептелінеді. Бұйымдарға сметалық ставкаларды есептеп шығару неғұрлым оңай: жабдықтардың жұмысымен байланысты шығындар мен механикаландырылған және механикаландырылмаған жұмыстар бойынша бөлек-бөлек алғанда, өндірістік жұмысшыларының негізгі жалақысының қатынастарынаның негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтарды күтіп ұстаумен пайдалану жөніндегі нақты шығындар сметалық ставкалар бойынша белгіленген шығындарғы тепе-тең етіп бөледі.

Үстеме шығыстарды бұйымдардың арасына тарату өндіріс жұмысшыларының негізгі жалақысының сомасына тепе тең бөледі.

Ірі сериялық және жаппай өндіріс жағдайында шығындардың жиынтық есебі шығындардың калькуляциялық баптары бойынша машиналардың типтері немесе бұйымдардың біртекті топтары бойынша жүргізіледі. Басқарудың цехсыз құрылымы кезінде жиынтық есеп тұтастай кәсіпорын бойынша, ал цехтық құрылымы бар болса, онда цехтар бойынша жүзеге асырылады.

Шығындардың есебін алу айдың басындағы қолданылып жүрген нормалар және сол нормаларданауытқаған сома бойынша жеке-дара жүргізіледі. Мұның өзі ауытқудың пайда болу себептерін және кінәлі тұлғаларды ашуға мүмкіндік береді. Нормадан тыс ауытқулардың себептері және кінәлі тұлғалар арнайы кодтар бойынша есепке алынады. Олар өнім түрлері мен шығын баптары бойынша есепке алынады, ал олардың иесізденген жағдайында ауытқудың сомасы жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын пропорционалды жолмен нормативтік шығындар бойынша таратылады.

Нормадан ауытқу әртүрлі себептердің салдарынан болса, онда олардың кінәлі тұлғалары мен себептері көрсетілген дабыл қағатын құжаттармен рәсімделеді.

Сонымен қоса, ауытқулар әртүрлі өзгерістермен байланысты болады, атап айтқанда, материалдық, еңбек, энергетикалық шығыстарының көтерілуінің немесе төмендеуінің, ауыстырылуының салдарынан орын алуы мүмкін. Әдетте нормада болатын барлық өзгерістер есеп беретін айдың бірінші күніне туралап жасалады, сондықтан олар әрекет етіп тұрған норманың енгізілген кезеңінен бастап нормативтік калькуляцияда көрініс табуы керек.

Ай басында қалған аяқталмаған өндіріс ай басындағы шығындары және шығарылған өнімге есептен шығатын шығыстары есептік айдағы әрекет етіп тұрған бірыңғай нормасы бойынша жасалатындықтан, ағымдағы норманың өзгеруіне байланысты есептік айдың басына аяқталмаған өндірістің өзіндік құны қайта есептеу қажеттілігі туындайды. Қайта есептеудің нәтижесі норманың өзгеруімен байланысты ауытқудың сомасын құрайды. Аяқталмаған өндірісті қайта есептеу түгелдеу кезінде тікелей шоттардың мәліметтері бойынша, ал егер де түгелдеуді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда индекстің көмегімен жасалады. Нормалардың өзгеруі осы бап бойынша аяқталмаған қалдық сомасымен нормативтік калькуляцияның жекелеген баптары бойынша есептелінеді.

Мысалы, қолданылып жүрген нормалар бойынша өнімнің бір өлшем бірлігіне шаққандағы материалдардың шығындары 12300 теңге сомада қарастырылған. “Шикізат пен материалдар” бабы бойынша ай басындағы аяқталмаған өндіріс қалдығы 328000 теңгені құраған. өнімнің өлшем бірлігіне жаңадан белгіленген норматив 12160 теңге құраған. Осы баптар бойынша номалардың өзгеру индексі 1,138 % (12300-12160)х100/12300, құраған, ал аяқталмаған өндірістің баға айырмасы сомасы -3732 теңге болған (32800 х1,138)/100.

Жаңа нормаларды негізге алғанда аяқталмаған өндіріс қалдығы 324267теңге (32800 - 3732) болған.

Жанама шығындардың баптарын тікелей шығындардың жаңа нормасына көбейтіп, сосын оны 100 бөліп жанама шығындардың баптары бойынша нормативін есептейді.

Нормалар есептік айдың барысында өзгеруі мүмкін, сондықтан ол нормативтік калькуляцияда көрініс таппауы мүмкін. Бұл кезде нормалардың өзгерген жағдайы хабарланып, сол өзгерістердің көшірмесімен рәсімделеді, мысалға: өндірістік бөлімінде – материалдардың шығыс нормасының өзгерісі, еңбек пен жалақы бөлімінде – жұмыстың кесімді бағасының және өнімділік нормасының һзгерісі, жоспарлау бөлімінде – үстеме шығыстарының баптарының нормасының өзгерісі.

Нормалардың өзгеруі және шығыстардыі жаңа нормативін белгілеу аяқталмаған өндірістің қайта бағалануына әсер етеді. Нормадан ауытқуын анықтау үшін өндіріске кеткен шығынның есеп нормасымен де, нақты жұмсалған шығынмен де есептеп шығарады, яғни бөліп есептеу жолымен анықтайды. Есептелген нормадан ауытқу және норманың өзгерістері өнімнің өзіндік құнына және аяқталмаған өндірістің қалдығына жатқызылады. Өнеркәсіптің жаппай өндірістік сипаттағы және қысқа өндірістік циклдағы кейбір салаларында нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасы тауарлы өнім шығарылымының өзіндік құнына, ал аяқталмаған өндіріс нормативтік өзіндік құны бойынша толығымен жазылады. Нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасы өндіріс есебі ведомостарында көрсетілген индекстердің көмегімен тауарлы өнімді шығару мен аяқталмаған өндіріс арасында бөлінеді. Оларды нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасының калькуляциядағы баптары бойынша бөліп алғандағы нормалар сомасына проценттік қатынасымен анықтайды.

өндірістегі шығындардың жиынтық есебі шығындардың жиынтық есебі шығындардың жиынтық есебі ведомосында жүргізіледі. Біртектес бұйымдардың жекелеген түрлері немесе тобы калькуляциялау объектілері боатындықтан, біртектес өнімнің бірін немесе бірнеше түрлерін жасауға жүмсалған шығындарды есептеу үшін ведомста осыған ұқсас шоттар ашылады.

Шығарылған өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін біртектес қнім өндіруге жұмсалған шығындарды топтап есепке алу кезінде, бұл топқа кіретін өнімнің әрбір түрінің нормативтік құны және сол мәліметтің жиынтығы калькулциялық баптар бойынша өндіріс есебінің ведомосына жазылады.

Бұйымның бір түрі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеген кезде есептік норма бойынша өндірістік есеп ведомосындағы өнім шығындарының нормативтік құны шығыстың әрбір бабының нормативін шығарылған өнімнің нақты санына көбейту арқылы алынады.

Өнімнің нақты өзіндік құнын анықтаған кезде есептік айдағы ауытқуларды нормативтік өзіндік құнға қосады немесе одан ауытқуларды нормативтік өзіндік құнға қосады немесе одан ауытқуларды шегереді.

Мысал. Кәсіпорын ай ішінде 26 станок әзірленген, ал 10 станок тиісті өңдеу сатысынан өтпеген, сондықтан олар аяқталмаған өндіріс ретінде ай соңында қалдырылған.

Бір станоктың нормативтік өзіндік құны 853,56 мың теңге құраған, ал оның ішінде: материалдық құны – 20,0 мың теңге; еңбек ақы – 40,0 мың теңге; еңбек ақыдан аударылған аударымы – 7,56 мың теңге; үстеме шығыстар – 18,0 мың теңге құраған.

Ай ішінде әзірленген станоктың аналитикалық есеп мәліметі бойынша нақты шығыны мынаны құраған:

Бұл шығындар шығарылған өнім арасына және аяқталмаған өндіріске келесі түрде таратылады:

Жоғарыда келтірілген мәліметтердің негізінде келесі нысанда бір станоктың есептік өзіндік құны былайша анықталады:

Келтірілген калькуляциядан бір станоктың нақты өзіндік құны 89,06мың теңге құрағанын көреміз, демек, 3,5 мың теңгеге нормативтіктен жоғары болған (89,06 – 85,56).

Есептік айда барлық шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны 2315,68 теңге (2224,56 + 91,12) құраған және 91,12 мың теңгеге нормативтік деңгейі көтерілгн. 2315,68 мың теңге сомасына шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны 221 – “Дайын өнім” шотының дебетіне есептен шығарылады, бірақ кісңпорын басшысы ауытқудың себебін ашып, оларды келешекте болдырмау мақсатында тиіст шараларды қабылдау керек.