Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зады тланы лицензиялау тртібі.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
90.57 Кб
Скачать

1.2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңы 2007 жылғы 11 қаңтарда қабылданды. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негізделеді және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.6

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілік талаптары - өтініш берушінің жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;

      2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

      3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;

      4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

      6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты;

      7) лицензияланатын қызмет түрі (бұдан әрі - қызмет түрі) - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);

      8) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (бұдан әрі - қызметтің кіші түрі) - тиісті қызмет түрін бір лицензия шеңберінде нақтылау;

      9) лицензиялар тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрған, жаңғыртылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор;

      10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені;

      11) лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;

      12) өтініш беруші - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиісті лицензиарға өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға;

      13) уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган.7

1.3. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары

Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде лицензиаттың санатын, өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде лицензияланатын қызмет түрi жүзеге асырылатын саланы көрсету үшiн енгiзiледi.8

Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi: