Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зады тланы лицензиялау тртібі.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
90.57 Кб
Скачать

1.4 Лицензияны және лицензияға қосымшаны беру шарттары

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша беріледі.

Лицензияны және лицензияға қосымшаны (лицензияланатын қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтініш;

2) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тізбесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган да белгілей алады.

Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтініш;

2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 10

Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшін лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласындағы органдарға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну жөнінде сауал жібереді.

Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласындағы органдар лицензиардың сауалының негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді.

Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңымен айқындалады. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия берудің шарттары мен тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).

Өтініш беруші өтінішке қоса берілетін электрондық түрдегі құжаттардың көшірмелерімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін жолдай отырып, электрондық лицензия беру туралы лицензиарға өтініш жасай алады. Мемлекеттік органдар осы баптың 2 - тармағында көрсетілген өтініш берушінің ұсынған құжаттарының түпнұсқалығын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы тексеруді дербес жүргізеді. Мұндай ресурстар болмаған жағдайда мемлекеттік органдар құжаттардың қағаз жеткізгіште берілуін талап етуге құқылы.11

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап – отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін («Лицензиялау туралы» Заңның 19-бабы екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда) он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Лицензиар осы бапта белгіленген мерзім ішінде лицензияны және лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті.

Егер лицензиар «Лицензиялау туралы» Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, «Лицензиялау туралы» Заңда лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін және кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және лицензияға қосымша беруге міндетті.12

Лицензияның және лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресімдеу және беру. Лицензиясы және лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы. Лицензияның және лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және қызметтің кіші түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік отыз күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Қызметтің лицензияланатын түрінен бір немесе одан көп банк операциялары, бір немесе одан да көп сақтандыру қызметіндегі класс алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді. 13

Лицензияның және лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату. Лицензияның және лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:

1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;

2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;

3) лицензия алып қойылғанда;

4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе

қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;

5) лицензия және лицензияға қосымша лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;

6) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және кіші түрі алып тасталса;

7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. Лицензияның және лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.14

Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарынды көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.15

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту

1. Егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) осы Заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда лицензия беруден бас

тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;

3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;

6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілей алады.

Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.16