Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / Адебиет окыт адистеме .docx
Скачиваний:
263
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
163.48 Кб
Скачать

5 Сынып. Тақырыбы: Абайдың «Күз» өлеңі.

а) Алдын-ала оқушыларға үлестірме-нұсқау ұсынуға болады.

- Өлеңді асықпай 2-3 рет оқып шық, түсінбеген сөздерің болса, оқулықтағы түсініктемеге қара, не белгілеп қой.

- Күз суреті қалай бейнеленген, мәтіннен тап.

- Мәнерлеп оқуға дайындал. Қандай мәнермен оқыр едің?

- Өлең қандай көңіл-күймен жазылған? Ең соңғы өлең жолына қарасаң, бәлкім, жауабын табарсың?

- Күз суретімен қоса, кімдер бейнеленген? Олардың іс-әрекетін айтып беруге талаптан.

ә) Мұғалім өлеңнің поэтикалық көркем тіліне, құрылымына міндетті түрде назар аударуы, өзі талдамас бұрын, оқушылармен жұмыс жүргізуі керек. Яғни олардан өздеріне ұнаған шумақтар, әдемі, сұлу деген бейнелі сөздер, ұтымды, шебер шыққан сөз тіркестерін сұрап білудің маңызы зор. Себебі, лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушыларды поэзияны сүюге баулу, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды өз беттерімен әдеби мәтінді талдауға да дағдыландырады.

б) Өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл бөлу.

в) Өлеңдегі ақынның көңіл-күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару.

г) Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті, үйлесімді, тиімді пайдалану;

д) Тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу. Жағымды ахуал жасау (балаларға ұрыспау, т.б.)

ж) Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану;

з) Әр түрлі сабақ үлгілерін іздену (Мысалы, концерт-сабақ пәнаралық байланыста өтетін сабақтар, т.б.); музыка пәні, бейнелеу өнері, т.б. пәндер мұғалімдерімен сабақты бірге өткізу.

Абайдың «Күз» өлеңін талдаудың кіріспесінде оқушыларға алдын-ала берілген үлестірме-нұсқауды пайдаланып, әңгіме жүргізіледі (жоғарыда айтып өтілді). Ол үшін мұғалім үлестірме-нұсқауларын іштей бір қайталап, негізгі тапсырмаларды еске түсіртіп алғаннан кейін, өлеңді өзі мәнерлеп оқиды. Оқушыларға да іштей тағы бір оқуды тапсырады. Өлеңді бірден өзі талдаудан бұрын, балаларды алдын-ала ойландырып, толғандырып талдауды олардың қатысуымен жүргізу, әдеби талдауға баулу, поэзиялық шығармаларды өз беттерімен оқытып, өз пікірлеріне жол салуда мұндай тәсілдің маңызы зор. Балалар оқып болғаннан кейін, мәтін бойынша жұмыс жүргізіледі.

Талдау сұрақтары:

- Күз көрінісі қай шумақтарда суреттелген? (Өлеңнен тауып оқиды).

- Ақын күз көрінісін қандай сөздермен бейнелеген? (Мәтіннен оқып, өз жауаптарын дәлелді түрде береді)

- Оқулықтарда берілген «малма», «шомшы», «күзеу», «оты жоқ» деген сөздердің мағынасына тағы бір назар аударыңдар.

- Ақын өлеңде тек күз суретін ғана берген бе?

- Адам тірлігі қалай берілген (Өлеңнен үзінді оқиды)

- Жан-жануарлар тірлігі ше?

- Күз суреті неге сонша жабыраңқы берілген?

- Өлең арқылы ақын қандай мәселе көтерген, не айтпақ болған, қандай көңіл-күймен жазылған?

Осы «Күз» өлеңін өту барысында Левитанның немесе басқа суретшілердің осы тақырыптағы суреттерін іліп қоюға болады. Сурет бояуларына қарата отырып, өлеңдегі күздің сөзбен салған бояуын салыстырып, сол арқылы ақын мен суретші үндестігі, оның негізгі себебін анықтау жұмыстарын жүргізу өте тиімді келеді. Үндестік ретінде оқушылармен біріге отырып, «сұр бұлтты», «суық аспанды», «сары түсті» табуға болады. Суреттегі, өлеңдегі бұл үндестіктің сыры – күз табиғатына байланысты шындықтың беріліп отырғанын оқушыларға аңғарту керек. Суретші шындық көріністі бояумен берсе, ақынның сөзбен беріп отырғанын дәлелдей түсу керек. Осы сабақта балаларға өз ауылының, қаласының күзін еске түсіріп, оны Абай «Күзімен» салыстыру да тиімді болмақ. Салыстыру үшін мынадай сұрақ беріледі:

1.«Күз» өлеңінде адамдар тірлігі қалай берілген дедік? Енді өз аулындағы күз кезіндегі адамдар тірлігін айта ғой.

2.Ақын өлеңде «Қай ауылды көрсең де, жабыраңқы» дейді. Оның себебі не? Ал осы кездегі ауыл тап осындай жабырқаңқы ма? Себебі неде деп ойлайсың?

3.Өз аулыңның (қаланың) күзіне ауызша суреттеме бер.

Сондай-ақ осы сабақты интеграциялыяқ оқуға негізделген трио сабақ (үштік сабақ) ретінде өтудің тиімділігі зор. Орыс әдебиеті, бейнелеу өнері мұғалімдерімен қосыла отырып, тақырыпты білімділік жағынан терең, жан-жақты, әрі қызғылықты өтуге болады. Орыс әдебиеті мұғалімі орыс ақындарының, соның ішінде Пушкиннің «Алтын күзіне» тоқталып, орыс күзінің «Алтын күз» аталу себебі, оның негізінде жатқан әлеуметтік жағдайларды қысқаша әңгімелесе, әдебиет мұғалімі Абай «Күзінің» сүреңсіз суреті негізінде сол кездегі көшпелі кедей тірлігінің шынайы көрінісі берілгеніне тоқталады. Екі ақнын да күз табиғатын жеке-дара, өлі суреттермен бермей, халық тіршілігі, ел жайымен астастыра бергенін түсіндіру қажет. Ал бейнелеу өнері мұғалімі күз табиғаты бойынша ауызша суреттеме береді. Суреттерде бояу сөйлейтініне тоқталады. Бір мезетте үш пәнді осылай біріктіре отырып, оқушыларға жан-жақты, әрі терең білім беруді жүзеге асыруға болады.

Оқушылардың білім дағдыларын тереңдету мақсатында мынандай жұмыс беріледі:

Өлең негізінде жатқан идея, авторлық ой

Өлеңдегі негізгі ойды ашатын шумақтар, өлең жолдары

Айшықты, әдемі, образды көркем сөздер

Өзіңе ұнаған жолдар, шумақтар

Ақын стилі, әдісі