Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / Адебиет окыт адистеме .docx
Скачиваний:
263
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
163.48 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер

  1. Бержанов Қ., Сейталиев Қ. Ауыз әдебиетіндегі адамгершілік тәрбие мәселесі. //Қазақстан мектебі, № 2, 1970

  2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. Алматы, Мектеп, 2003

  3. Бітібаева Қ. Абай шығармаларын оқыту. Алматы, Мектеп, 2003

  4. Голубков В.В. Методика преподавания литературы. Москва, 1955

  5. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. Алматы, Мектеп

  6. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, Мектеп, 1976 (ІІІ-ІҮ тарау)

  7. Қараев М. Көркемдік әдіс туралы ұғым қалыптастыру. //Қазақстан мектебі, № 4, 1976

  8. Қазақ тілі мен әдебиеті. Республикалық журнал. 2000-2003 ж.

  9. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. Алматы, Мектеп, 1979

  10. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. Алматы, Мектеп, 1966

Қосымша әдебиеттер

  1. Құтхожина Р. Әдебиеттік оқу сабағын фонетикамен байланыстыра оқыту. //Қазақстан мектебі, № 5, 1976

  2. Мәшһүр Жүсіп Қуандық. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. Павлодар, ПМУ баспасы, 2003

  3. Тұрғанов Қ. Пәнаралық байланыс. //Қазақстан мектебі, № 2, 1978

  4. Сүлейменова Р. Әдеби викторина. //Қазақстан мектебі, № 12, 1966

  5. Сапир А.М. Индивидуальные задания как путь углубленного анализа литературного произведения в старших классах. //Литература в школе. № 3, 1976

  6. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті. Республикалық журнал. 2002-2003 ж.

  7. Храмский И.Д. О приемах анализа литературного произведения в старших классах. //Литература в школе. 1984.Ұлт тағылымы. Республикалық журнал. 2003

  8. 7-Дәріс

  9. Өзге ұлттардың әдеби шығармаларын оқыту

  10. Әдебиетті оқытудағы алға қояр негізгі мақсат – оқушыларды отандық әрі дүниежүзілік әдебиеттің озық үлгілерімен таныстыру, көркем әдебиеттегі адамның мінез-құлқын, адамгершілік қасиеттерін, қоғамдық қарым- қатынастарды, айналадағы дүниені тануға көз жеткізу, эстетикалық талғамдарын ұштау. Әдебиетті өмірмен байланыстырғанда ғана бұл мақсаттарды жүзеге асырамыз және оқушылардың эстетикалық, рухани, моральдық дамуына көмегімізді тигізе аламыз. Өйткені, Ұлы революционер Чернышевский пікіріне сүйенсек, «әдебиет - өмір оқулығы» болып табылады. Әдебиетті оқу өмірдің мағынасын ұғуға, өмір сүрудің мәнін түсінуге көмектеседі. Әдебиетті оқу санамызды сарабдал ақыл мен ойға кенелтеді, қиялымызға қанат бітіріп, қияға құлаш ұрғызып, асыл да абзал мұраттарға ұмтылады.

  11. Әдебиет пәнін оқу, оқыту әдемілікке, әсемдікке, яғни эстетикалық мәдениетке сапар шегу болып табылады. Сол арқылы қоғамның, табиғаттың, құбылыс пен заттардың сарқылмас көркемдігі мен әсемдік ақыл-ойдың даналығына сүйене отырып, орынды пайдалануға тырысамыз және өскелең ұрпақты пайдалана білуге үйретеміз. Өйткені орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Адамның өзі де, киімі де, жаны да, ойы да – бәрі де сұлу болуға тиіс» -деген пікірі уақыт алға жылжыған сайын, әсіресе қазіргі таңда өзектене түсуде. Сондықтан да әдебиетті оқыту оқулықта жазылған қағидаларды жаттап алумен шектелмей, оқушылар көркем шығарманы оқып, оны өз беттерінше талдауға, ұғынуға, үйренуге тиісті.

  12. Сонда бүгінгі күн әдебиет сабағына оқу-тәрбие жұмысының ауыр салмағына жүктей отырып, зор талаптар қояды. Әрбір сабағымыздың идеялық жағынан әрі ұғымды, әрі терең, әрі бүгінгі ғылым деңгейінде болуын ескере отырып, білімдік мақсаттармен қатар тәрбиелік мақсаттарды да көздеуіміз керек. Сондықтан сабақ өзінің мақсаты, мазмұны, оқыту құралдары мен әдістері жағынан осы мақсатта да жүргізіледі. Тек әдебиет сабағы ғана классикалық және бүгінгі көркем туындылар арқылы оқушының идеялық-көркемдік талғамын өсіреді, оны жазу мен оқуға үйретеді. Мұнсыз ешкім де мәдениетті адам қатарына қосыла алмайды. Мектепте өтілетін әдебиет пәнінің бай идеяларымен сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда оқушылардың мейірімін қандыра сусындатып, оның мол тәрбиелік қуатынан жас жеткіншектерге сарқылмас нәр беретін басты тұлға - әдебиет пәнінің мұғалімдері.

  13. «Оқыту процесінің, - дейді белгілі педагог В.Я. Сухомлинский, - үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол: ғылым, шеберлік, өнер»1. Мұғалім бойында осы үш түрлі қасиет болу керек. Сонда ғана ол оқу-педагогикалық процесті ойдағыдай меңгеріп, сабақ үстінде білімдік те, тәрбиелік те мақсатты ұштастыра жүзеге асырады. Мұғалім әр сабақта дамыта оқыту мақсаттарын көздеуі тиіс те, оқушы өздігінен іздену арқылы оны ілгері дамытады.

  14. Шәкіртті өрге бастыру, сапалы білім иесі болу мақсатын мұрат еткен мұғалім сабақты негізгі проблема төңірегіне құра біліп, соған шәкірт назарын аудару керек, ал шәкірт сұрақ түрінде қойылған проблемаға жауап іздейді, ойланады, толғанады. Мұғалім сол сұрақтарды күрделендіре түсу арқылы шәкірттерді ілгері жетектейді. Демек, сабақ үстінде шәкірттерін ойлау білуге, ойын дәлелдеп айтып беруге, шығармадағы оқиғалар мен образдар жүйесіндегі өзара байланыстың сыр-сипатын, себеп-салдарын айыра білу мен олардың арасындағы диалектикалық байланыстарды тани білуге үйрету - әдебиет мұғалімінің басты парызы. Әрине, өзекті проблеманы ажырату, соған орай сұрақ қоя білу оңай жұмыс емес, ал мұғалімнен көп ізденуді, көп уақыт жұмсауды талап етеді.

  15. Көркемдік дамудың әдеби процестің маңызды бір заңдылығы - әдеби байланыстар - әдебиет әлеміндегі тоғысулар, қарым – қатынастар, рухани байлықтар алмасулары. Қоғамның алға дамуы қажеттілігінен туған мәдени - әдеби байланыстардың өзіндік мол тарихы, бай мазмұны бар. Даму биігіне ұмтылған әрбір әдебиет томаға – тұйықтық пен провенциализмнен бойын аулақ салып, дәстүрлі байланыстар орнауын, дамуын, нығаюын қажетсінген, талай озық ақыл – ой ізденістері осы бағдарға бағытталған. Қай халықтың болсын өнер жағынан дамуында әдеби байланыстар сол ұлт әдебиетінің өркен жая өсуіне, оның әлеуметтік ықпалының күшеюіне септігін тигізіп, сөз өнерінде көрінген халықтың рухани қалпын, арман мүддесін, өмір тарихын басқа халықтардың даму тарихымен ұштастыруға, сөйтіп олардың өзара білісуіне, түсінісуіне, бірін – бірі құрметтеп достасуына дәнекер болады. Қай әдебиет болса да өзара байланыссыз, қарым – қатынассыз толық кемеліне келе алмақ емес.

  16. Көп ұлтты әдебиетіміздің тарихи жақындығы Ресей жерін мекен еткен халықтар әдебиетінің демократтық және реалистік дәстүрлерімен тығыз байланысты. ХІХ ғасырдағы орыстың классикалық әдебиеті (А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.В.Гоголь, Н.А.Некрасов, Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский,т.б.) көп халықтардың көркемдік дамуына зор әсер етіп, ұлт әдебиеттерінің болашағын айқындады. Ұлт әдебиеттерінің бірқатар талантты өкілдері (Әзірбайжанда – М.Ф.Ахундов, Арменияда – Х.Абовян мен М.Налвандян, Грузияда – И.Чавчавадзе мен А.Церетели, Украинада – Т.Шевченко мен И.Франко, Қазақстанда – Абай, Шәкәрім, Мұқтар, Асетиндерде – Коста Хетагуров, Қырғызда – Ш.Айтматов, Дағыстанда – Р.Ғамзатов және т.б.) орыс реализмінің күшін ерекше бағалап, оның демократизмі мен гуманизмінен сусындады. Өз ұлттарының әдебиетін сол арнаға бағыттады.

  17. Міне, бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы бойынша оқушыларға ұлттық әдебиетіміздің рухани баюы мен идеялық көркемдік ізденістері барысында озық тәжірибелі әдебиеттерден үйренудің көп көмегі тиіп жүргенін, қазақ халқының өнер жағынан даму тарихында оның өзге халықтармен әдеби байланысы, қарым – қатынасы қалыптасып, нығайғанын анық байқауға болады.

  18. Жалпы, мектеп бағдарламасы бойынша өзіміз сөз еткелі отырған ғылыми жұмысымызда қазіргі мектеп бағдарламасы бойынша ұлт әдебиеттерінің даму жолдары және бірқатар өзге ұлт өкілдерінің берілген шығармаларын оқыту жолдарына, оларды оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс – тәсілдерге тоқталдық.

  19. Әрбір халықтың рухани даму тарихында белді белестер, өрлі өрістер, дүбірлі кезеңдер, ірі көріністер, асыл туындылар, кесек тұлғалар болатыны., ал олар өз туған топырағында мән – маңыз алумен қатар шет аймақтарға да жетіп, кейде елдің елшілігі іспетті қызмет атқарса, енді бірде келген жерінің әрқилы өзгешеліктеріне сай, жаңа қыры мен сырын ашатыны белгілі. Мұндай әдеби құбылыстар халықтардың өзара білісуі, түсінісуі, ынтымақтасуы, жақындасуы, мақсаттасуы, бірлесуі, достасуы сияқты аса ізгі мұратқа да қызмет етеді. Ақындар мен жазушылар өз ұлтының өмірін, оның дамуы мен тарихын неғұрлым терең, көркем суреттесе, соғұрлым шығармаларының бүкіл адамзаттық маңызы да арта түседі, туған әдебиетін игі идеалдар, жоғары мақсат – мұраттар, ізгі армандар биігіне көтеру мүмкіндігі молаяды. Қазақ сөз өнерінің, қазақ әдебиетінің де туған топырағында терең мән – маңыз ала дамуымен қатар бүкіл одақтық шеңберде ғана емес, одан әрі бірсыпыра шетелдерге жетіп, жоғары бағаға ие болуы.

  20. Қазақ әдебиетінің таңдаулы үлгілерінің шетел тілдерінде жариялануы, әдеби шығармаларының шетелдерде басылуы мен кең таралуы жағынан ТМД республикалары ішінен Қазақстанды айырықша атау керек. Қазақ ақын – жазушыларының туындылары шетел халықтарының тілдеріне 30 жылдардан аударыла бастағаны белгілі. Соның ішінде ең алдымен Кеңес дәуірі қайта сөйлеткен сөз алыбы Жамбылдың шығармалары аударылды. Оның өмірі, өлең өнері шетелдіктерге қатты әсер етті. Ақын өлеңдерінің бірін ағылшын тіліне атақты жазушы Джек Линдсей 1938 жылы аударған. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров өлеңдері де ағылшын тілінде жарық көрген. М.Әуезовтің “ Абай жолы ” эпопеясы дүниежүзі халықтарының жиырмадан астам тілінде миллиондаған дана болып 96 рет жарияланған.

  21. Бұл тек өзіміздің ұлттық әдебиетіміздің ірі тұлғаларының шығармаларының өзге ұлт тіліне аударылуы болса, ал өзге ұлт әдебиетінің қазақ тіліне аударылып, қазіргі таңда мектеп бағдарламасына еніп, оқушыларымызға оқытылып жүргені қаншама.

  22. Қазақ халқы өз тарихында Батыс Еуропа халықтарының рухани байлығынан хабардар болған, ұлт дамуының қажет мұқтаждарына сәйкес өзіндік қарым - қатынас, байланыс жасап отырған. Әрине, бұл әдеби тарихи құбылыста орыс әдебиеті мен мәдениетінің үлкен рөлі, маңыз мәні бар. Еуропа елдеріне ертеде қазақ елі туралы әр сипатты дерек – мағлұматтар жетсе, қазіргі өскелең өмірімізде гүлдене өскен ұлт әдебиеті жан – жақты танылып, жоғары бағаланып отыр.

  23. Шетел әдебиетін, оның ішінде шығыс халықтарының әдебиетін тұтас бірлікте қарастырған жөн. Батыстық әдеби үлгілерге ұқсай бермейтін, өзіндік көне үрдістің ішінде қарау керек. Бұл жөнінде немістің ұлы ақыны Гетенің өзі: “ Шығыста жеті ұлы ақын бар, мен соның ең нашарына тең келе алмаймын ”, - демеп пе еді. Сол Гете айтқан жеті ұлы ақындар өкілі - Әбілхасан Рудаки мен Омар Һәйам. Бұл ақындар туралы есте болатыны: “ Омар Һәйам шарапты жырлады, еркіндікке ұмтылды ”, - деп, кезінде кеңестік идеологияға жақындатпақ ниетіміз де аңғарылып еді. Ал шындығында мәселе басқада. Бұрынғы кітаптағы кей ойлар ескірді. Сондықтан оларды әлгіндей пікірлерге сын көзімен қарап, пайдалану керек.

  24. Орта ғасырлардан Шығыс әдебиетіндегі негізгі тақырыптың бірі – ғашықтық шарап. Бірақ ол ұғымдар бүгінгі қабылдаудан өзгешерек. Сопылық поэзияның өзіне тән ишарат символдары, оны сопылық ілім аясында қарастырсақ түсінікті болмақ.

  25. ТМД елдері әдебиетінен оқулықта Расул Ғамзатовқа тоқталамыз. Ақынның бүкіл поэзиясындағы айтпақ ойларының негізін “ Менің Дағыстанымнан ” табарымыз анық. Р.Ғамзатовтың кезінде әркімнің аузы бара бермейтін ірі адамзаттық мәселелерді көтергені, әсіресе ұлттық тіл, ұлт мүддесі, ұлттың адамзаттық контекстегі орны, тағы басқаларды батыл айта алғаны мәлім. Бүгінгі күнде де әлі толық шешімін таппаған жағдайлар ақын өлеңдерінің көркемдік мұратымен үндес келіп отырады. Мысалы, Р.Ғамзатовтың: “ Менің тілім ертең өлер болса, өзім бүгін өлуге дайынмын !” деген сөздерінің мәнісін оқушыларға терең ұқтырсақ, немесе Париждегі аварлық суретшінің қайғысын жүрекке жеткізсек. Сол мақсатта “ Менің Дағыстанымнан ” үзінді беріліп отыр.

  26. Үзіндіні оқып шыққаннан кейін ой қозғау мақсатында мынандай сұрақтар қоюға болады:

  • Аварлық кісінің “ Елді аңсау ” суретінде өзін тауды басқан тұманға теңеуінің себебі неде ?

  • Тікенек басындағы құстың оқиғасы мен суретші өмірінде қандай ұқсастықтар бар ? Айырмасы қандай ?

  • Анасы неге адасқан ұлын кешірмеді ?

  1. Осы сияқты сұраулар арқылы мына нәрселерге көңіл аударту қажет:

  • Елің қандай болса да сен – сол елдің ұлысың.

  • Тілді ұмыту – елді ұмыту.

  • Тілді сыйламағанды ел – ана кешірмейді.

  • Өз тіліңді білмей, өзгеге ұмтылу – рухани азудың белгісі.

  1. Жалпы Расул Ғамзатовты талдау арқылы өмірлік мәнді мәселелердің бетін ашып, талқылауға болады.

  2. Белгілі қырғыз жазушысы Ш.Айтматов шығармалары қазіргі қырғызстан өмірінің әр алуан жағын қамтиды. Шыңғыс шығармалары аз ғана жылдың ішінде бұрынғы Кеңес Одағында және шетелдерде кең танылды. Жазушы адам тағдырына, оның ішкі сезім байлығына терең үңіледі, оның кейіпкерлері – қарапайым, қылығы таза, ер көңілді адамдар. Оқиғаларды өмірлік терең тартысқа құра отырып, Шыңғыс өз шығармаларында нағыз адамдық, гуманистік идеяларды насихаттайды.

  3. Мектеп бағдарламасы бойынша сегізінші сыныпта Ш.Айтматовтың

  4. “ Ғасырдан да ұзақ күн ” романынан “ Найман – Ана ” үзіндісін оқып, талдауға 3 сағат берілген.

  5. Бірінші сабақ: Жаңа оқу материалын оқып үйрену сабағы.

  6. Екінші сабақ: Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы.

  7. Үшінші сабақ: Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.

  8. Сабақтың мақсаты:

  1. “ Адамзаттың Айтматовы ” атанған ұлы жазушының шығармашылығы туралы жасөспірімдердің таным, білім көкжиегін кеңейту, ана жанкештілігі туралы түсінік беру.

  2. Отанын, елін, жерін сүюге, оны жаудан қорғай білуге тәрбиелеу, адамның жан дүниесін ұлағаттау, рухани күштерін ояту, адамгершілікті негізгі қағидаға айналдыру, ана махаббатын дәріптеу.

  3. Оқушылардың өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасау сияқты дағды машығын дамыту, проблемалық ситуациядан шыға білу әрекеттерін жетілдіру.

  1. “ Мәңгүрттік – садизмнің улы бұтағы ” (Ш.Айтматов), “ Жұмақ – ананың табанының астында ”(Хад және Стерден), “ Ананың алақаны әлемді әлдилейді ” деген сөздерді көрнекі жазумен жазуға болады.

  2. Сабақ проблемалық – сұрақ – жауап әдісімен басталады. Бұл әдіс балалардың ынтасын сабақтың тақырыбына аударуға, зейінін жинақтауға себепші болмақ.

  1. Ш.Айтматов кім ?

  2. Ш.Айтматовты көрген балалар бар ма ? Кездесуде, теледидарда, т.б.

  3. Қандай әңгімесін оқыдыңдар ?

  4. Не себепті ұнайды ?

  5. Ш.Айтматов шығармасында қандай проблемаларды көтереді?

  6. Мәңгүрт деген сөздің мағынасы не ?

  7. Мәңгүрттік идеясы қазір бар ма ?

  8. Садизм деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер ?

  9. М.Әуезов пен Ш.Айтматов бірін – бірі көрген бе ?

  10. Шығармаларында байланыс бар ма ? Дәлелде.

  1. Бұл үзінді ауқымы жағынан көлемі ұзақ шығармалар қатарына жатады. Сондықтан мұғалімнің алдындағы шәкірттерінің мүмкіндігін ескере отырып, ең тиімді әдіс – тәсілдерді, оқу формаларын, жабдықтарын сұрыптап ала білуі керек.

  2. Оқуға, талдауға: “ Жәмилә ”, “ Қош бол Гүлсары ”, “ Жан пида ”.

  3. Сыныптан тыс оқуға: “ Бетпе – бет ”, “ Ақ кеме ”повесі, “ Боранды бекет”.

  4. Өз беттерімен оқуға: “ Арманым - Әселім ”, “ Алғашқы мұғалім ”.

  5. Шығармашылығын талдау:

  6. Кіріспе шолуда әлем әдебиетінің ірі өкілдері берген бағалар, пікірлер негізінде жазушы шығармашылығы туралы әңгімелеу. Жазушы қай шығармасында болсын оның бүкіл адамзаттық проблемаларды көтеретініне, қарапайым ғана кейіпкерлері, оның тағдыры арқылы

  7. “ Адам ” атаулының қуанышы, қайғысы, тағдырын дөп басып, айнытпай беретін ұлы суреткерлік қасиеттеріне тоқталу. Әсіресе жазушының көрегендігі, елімізде қайта құру басталмай тұрып, қоғамдағы келеңсіз жайттарды өз шығармалары арқылы ертерек көтеруі, өз қоғамының тыныс – тіршілігін дөп басып жазуы. Мысалы, “ Жан пида ” (“ Плаха ”).

  8. Ш.Айтматов шығармаларының ұлттық бояуы, ұлттық нәрі халық аңыздары, миф, халықтық бейнелер байлығы.

  9. Тақырып әралуандығы, кейіпкерлердің типтік сипаты (махаббат, колхоздастыру, соғыс, Ана тақырыбы, экология, тастанды бала тағдыры, дала тағылары – қасқырлардан да жауыз адамдар өмірі. Ұзақбайлар, нашақор бұзықтар. Қарапайым адамдар тағдыры, олардың рухани битіктігі, оған қарама – қарсы қоғамның рухани жұтаңдығы, “ күштілер мен әлсіздер ”, т.с.с.).

  10. Ш.Айтматов шығармашылығының асқақ рухы, оптимизмі, шынайы реалистік келбеті.

  11. “ Жәмилә ”. Повестің төрткіл дүниеге тарап кету себептері. Бас кейіпкер қарапайым қырғыз әйелі Жәмиләнің ескілік салтты сілкіп тастап, бақытқа, сәулелі махаббат шыңына өрмелеуі. Жәмилә - қуатты махаббат иесі ғана емес, оның ескілікке қарсы шығушы күрескер дәрежесінде көрінуі.

  12. Жаралы солдат Даниярдың қарғыс атқан фашистерді ғана жеңген солдат емес, Жәмиләдай ескі дәстүр, тұтқындағы аяулы әйелді азат етуші, ескі салт – сананы күйретуші солдат, ер азамат, махаббат қорғаушысы дәрежесінде көрінуі.

  13. Сейіт бейнесі. Арманшыл, қиялшыл, өз ортасынан рухы биік, мөлдір махаббат қорғаушысы, жақтаушысы, Данияр мен Жәмилә сезімінің куәсі, ақ ниеті, тілектесі, жаңа буынның ақ көгершіні.

  14. Повестің көркемдік ерекшелігі:

  15. а. Оқиғаның Сейіт атынан баяндалуы;

  16. ә. Лирикалық шегіністердің сәтті алынуы;

  17. б. Кейіпкерлер монологі, ішкі сезім толқыныстары, психологиясының шебер берілуі;

  18. в. Повестің өн бойында асқақ романтика, биік оптимизм, нәзік лиризмнің жібек желдей жұмсақ үнінің астаса, өріле берілуі.

  19. “ Жан пида ”. Көтерген проблемаларының маңызы. Жастар арасындағы бұзақылық, қоғамдағы рухани азып – тозушылық, экология, дін, мораль, т.с.с.

  20. “ Дала тағылары ” – қасқырлар тірлігінің суреттелінуі. Оған қоса нашақор бұзақылар әлемінің қатал сынға алынуы “ Кім тағы ? Кім жауыз ? ” деген өзекті сұрақтардың шығарманың өн бойында бас көтеріп отыруы. Калистратов бейнесі, жауыздық, тағылыққа діннің қарсы қойылуы. Оның негізінде жатқан терең идея.

  21. Қорытынды: Ш.Айтматовтың “ Бетпе – бет ”, “ Алғашқы ұстаз ”,

  22. “ Ақ кеме ”, “ Қош бол, Гүлсары ”, “ Ана – Жер – Ана ”, “ Боранды бекет” шығармаларына шолу жасап, ең негізгі өзекті мәселелерін қамту.

  23. Айтматов әлемі, оның маңызына тоқталу.

  24. “ Бетпе – бет ”. Повестің көтерген өзекті мәселесі - қарапайым әйел тақырыбы. Сейденнің адамдық сезімінің оянуы, томаға тұйық көзқарас, сезімнен арылып, ел алдындағы, Отан алдындағы борышын түсінуі. Жауыздық, сатқындықтың тойымсыздыққа қарсы бетпе – бет келуі. От басындағы Сейденнің Ана, азамат дәрежесіне көтерілуі.

  25. “ Алғашқы ұстаз ”. Дүйсен – жаңалық жаршысы, нағыз ұстаздықтың жарқын бейнесі. Дүйсен – жетімдер қамқоршысы, адамдық пен азаматтық, алғашқы махаббаттың қодаушысы, сауатты, білімді, жаңа өмірдің алғашқы ұстазы.

  26. Академик Алтынай – атақ пен даңқ биігіне көтерілген орташа сауатты, бірақ нағыз ұстаз ретіндегі өресі биік Дүйсен алдында бас иетін, шәкірттік асыл қасиеті мол кейіпкер.

  27. “ Ақ кеме ”. Аса құнды өміршең шығарма. Тастанды баланың ақ үміті, ата – анасын іздеуі – оның арман кемесі. Тастанды бала мен қорғансыз Момын шалдың Оразқұл сияқты жауыздық, қаражүректіліктің ұлы апанына қарсы қойылуы. Баланың өтірік пен екі-жүзділік, жауыздық билеген адамдар ортасынан пана таба алмай, ақ кемесіне жете алмай, үміті үзіліп, су астына кетуі, жақсылықты, ізгілікті су астынан “ балық ” болып іздеу үшін кетуі.

  28. Повестің мұңға, үмітке, арманға толы үні. Бұғы Ана. Баланың оған имандай сенуі, сол сенімнің күйреуі. Халық аңызы, мифтік сарынның тиімді пайдаланылуы.

  29. “ Ана – Жер – Ана ” (“ Құс жолы ”) повесі. Толғанай ана тағдыры – халық тағдыры. Әлемдегі бейбітшілікті, отбасы мен балаларын, ошағын сүйетін Ана тағдыры. Повестің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ана, жесір, бала, жер тағдыры жайындағы қиссалаық сипаты. Символдық бейне Жер – Ана. Қайсар да қайратты, нәзік те мейірімді Толғанай мен адамзат, тірлікті асыраушы, пірі Жер – Ананың повестің өн бойындағы үндесіп, қабаттасып, астасып жататын бірде жігерлі, бірде мұңды, бірде қан жұтқан қайғылы, бірде болашаққа сенімді, қуатты дауыстарының қосарлана естілуі.

  30. Әділетсіз үзілген дала гүлі, ерке де есіл Әлиман. Соғыс құрбандары, қасиетті шәйіттер Сыбанқұлдар. Қолында наны, қолдаушы пірі – Жер – Ана мен Адамзат анасы – Толғанайдай әжесі бар немере.

  31. Повестің оптимистік рухы, қайғылы тауқымет пен махаббат, сенім, өмірге деген құлшыныс, үміт, бақытқа ұмтылу – бәрі – бәрінің қауыша келіп жатуы.

  32. Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар:

  • Повест туралы білімдерін тереңдету.

  • Әдебиеттер достығы, дәстүр жалғастығы, әдебиеттің халықтығы туралы ұғымдарын күшейту. Миф, аңыздар туралы білімдерін тереңдету.

  1. Оқушылардың білім, білік, икем – дағдысына қойылатын талаптар, шығармашылық жұмыстар:

  • Жазушы шығармаларын оқып, негізгі мәселелердің көтерген проблемаларын, туындының көркемдік ерекшелігін, жазушы стилін түсіну, аңғару. Сонымен қатар шығармаларда көтерілген бүкіл адамзаттық, әлемдік түйіндер айналасында пікір қозғай білу, пікірлесу. Ш.Айтматов әлемі негізінде туындаған әдеби айтыс, сындарды оқи отырып, сол мәселелер айналасында өз ойларын, толғаныстарын ортаға сала білу.