Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет.doc
Скачиваний:
175
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
400.38 Кб
Скачать

2.3 Қорлар есебі мен аудиті

Тауарлы материалдық өнім өндіру барысында өзінің өзіндік құнын бірден өндірілетін өнімге немесе өзіндік құнын бірден жоятын кәсіпорынның мүлкін – тауарлы материалдық қорлар деп атаймыз.

Тауарлы-материалдық қорлар өзіне активтерді мына түрде ұсынады:

  • шикізат және материалдар, отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер;

  • улы химикаттар, медикаменттер;

  • дайын өнім;

  • сатуға арналған тауарлар.

Тауарлы-материалдық қорлар мыналарға бөлінеді:

Негізгі – бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және материалдың негізін қалайтын материалдар.

Қосалқы – бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды.

  • Тауарлы-материалдық қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына тауарлы-материалдық қорларды қолдануына байланысты (сатып алу құны, тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен шығындар және т.б.) шығындар кіреді.

Кәсіпорындарда инвентарлық тексеру (инвентаризация) жылына бір рет болып тұрады. Инвентарлық тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:

  • ұрланған фактілер болған жағдайда;

  • төтенше жағдайларда (өрт, табиғат апаттары);

  • материалды-жауапты тұлғаны ауыстырған жағдайда;

  • кәсіпорынның құлауы немесе тарауы кезінде.

2.4 Дебиторлық борыштар есебі

Белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын -дебиторлық берешек деп айтады.

Племзавод «Куликовка»Серіктестігінде сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында жүргізіледі:

1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар»

1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебеторлық берешек» шоты;

1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарас-тырайық.

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық берешек ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық берешектер, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдік дебиторлық берешектер, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциялары жасалады:

7000 «Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны», 7010 «Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны», шоттары дебеттеледі де, 1320 «Дайын өнімдер», 8310 «Қосалқы өндіріс» және басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі. Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты дедеттеледі де, 6010 «Сатылған дайын өнімнен түскен табыс» шотты кредиттелінеді.