Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 лекция по РЦБ КАЗЭУ.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
165.89 Кб
Скачать

3. Форворд және фьючерс, олардың бір бірінен айырмашылығы

Шетел экономикалық әдебиеттерінде туынды бағалы қағаздарды деривативтер (derivatives – ағылшынша, туынды) деп те атап, әдетте, оларға форвардтарды, фьючерстерді, бағалы қағаздарға шығарылған опциондарды, варранттарды, депозитарлық қолхаттарды және т.б. жатқызады.

Форвардтық нарық мерзімді нарықтың ең алғашқы формасы. Ол тауарлар бағасының тұрақсыздығына байланысты ХVIII-XIX ғасырларда Еуропада сатып алушы мен сатушы тауардың мөлшерін, шамамен жеткізіп беру уақытын және болашақтағы бағасын көрсетіп мәміле жасасқан. Дәл осындай келісімдер қазіргі кезде, әсіресе, шетел валютасымен банкаралық сауда-саттықта қолданылады (әрине, онда жеткізіп беру уақыты дәл көрсетіледі).

Форвард –активті сатып алу-сату жағдайлары туралы алдын-ала келісілген, бірақ болашақта орындалатын биржадан тыс жасалатын мерзімді шарт. Бұндай шарт саудаға түсіру үшін келісілген актив бағасының қолайсыз өзгеруінен сақтандыру үшін жасалады, яғни бағасы өскенде шартты сатып алушы ұтса, төмендегенде сатушы ұтады. Бұл шарттың стандартты формасы жоқ, сондықтан алған міндеттемені үшінші жаққа бергенде қатысушы бір жақ үшін экономикалық қолайлы жағдайдың тууы шарттың орындалмау қаупін туғызады.

Фьючерс – мәмілеге келген кезде бекітілген бағамен белгілі-бір бағалы қағаздың стандартты мөлшерін болашақта сатып алуға немесе сатуға жасасқан шарт. Оның опционнан өзгешелігі таңдау құқығы емес, ол – орындау үшін алған міндеттеме. Бұл стандартты шартта фьючерстің барлық параметрі – мерзімі, стандартты лоттың көлемі, сақтандыру депозиті көрсетіледі. Фьючерстермен саудаға қатысушылардың мақсаты ─ бағалы қағаздардың өзін сатып алу емес, бағасының айырмасын алу үшін ұйымдасқан ойын. Шартты сатып алушы оны жоғары бағамен сатуға, ал сатушы тап осындай шартты болашақта төмен бағамен алуға ұмтылады. Әлемде опциондар мен фьючерстердің ең ірі сауда орталықтары болып, Чикаго опциондар биржасы, Лондон халықаралық қаржы фьючерстерінің биржасы және с.с. есептеледі.

Мерзімді нарық жасасқан мәмілелердің тек әртүрлілігіне ғана байланысты емес, сондай-ақ нарықты ұйымдастырудың түріне қарай да жіктеледі. Ол 2.4. Суретте салыстырмалы түрде қарастырылған.

Айта кететін жәйт, Қазақстанда ең алғаш туынды бағалы қағаздар нарығы 1996 жылдың сәуір-мамыр айларында базистік активке – астыққа 1000 АҚШ доллары болатын шарт және мемлекеттік қазынашылық міндеттемеге шарт) мерзімді шартқа сауда-саттық ұйымдастырылды. Қазақстан туынды бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі оған негізінен мемлекеттік және коммерциялық банктер қатысты. Ал қатысуға тиіс өндірістік, ауылшаруашылық кәсіпорындары және басқа да шаруашылық субъектілері, сондай-ақ брокерлер мен дилерлер болған жоқ. Қазақстан туынды бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен қызмет етуіндегі бұндай ерекшеліктердің орын алуының себебі ─ өндірістік және ауылшаруашылық кәсіпорындардың дағдарысқа ұшырауы, оған қоса кәсіпкерлердің туынды бағалы қағаздар нарығына жұмсайтын жеткілікті қаражатының болмауы. 1996 жылы мерзімді мәмілелердің жалпы көлеміндегі 1000 АҚШ долларына фьючерстің және мемлекеттік қазынашылық міндеттемеге шарттың үлес салмағы 98 процент болд

Фьючерстік нарық

Форвардтық нарық

  1. Сауда-саттық биржада жүргізіледі

Форвардтық мәміле – ол банкаралық мәміле, яғни биржадан тыс мәміле

  1. Фьючерстік шарт стандартталған

Шарт жағдайларын екі жақ мәміледе келіседі

  1. Мәмілеге екі жақ қатыспайды, оның орындалуына есеп айырысу (клирингтік) палатасы кепілдік береді

Екі жақ – сатып алушы мен сатушы кездесіп, мәміле жасасады

  1. Фьючерстермен саудада күнбе-күн есеп айырысады және сақтандыру жарнасы төленеді

Форвардтармен саудада келісілген мәміле мерзімі біткен соң ғана есеп айырысады

  1. Фьючерстік нарықта құқықтық міндеттеме еркін басқаға беріледі

Форвардтық нарықта құқықтық міндеттеме басқаға берілмейді

  1. Фьючерстік нарықта мәмілені жою я жеткізіп берумен, я кері мәмілеге келумен жүзеге асырылады

Форвардтық нарықта мәмілені жою тек қолма-қол ақша төлеумен жүзеге асырылады

  1. Фьючерстік нарықта сауда ашық келісіммен аукционда жүргізіліп, биржа ережелерімен реттеледі

Форвардтық нарықта сауда шарт негізінде реттеледі.

  1. Фьючерстік шарт биржада тіркеледі. Сондықтан қауіпсізденген

Форвардтық нарықта қауіптің барлық түрлері кездесуі мүмкін. Олардың деңгейі клиенттің несиелік рейтингіне байланысты

  1. Фьючерстік шарттың негізі─ барлық шартқа бірдей стандартты тұтыну құны

Форвардтық шарттың негізі ─ әрбір жаққа жеке есептелген тұтыну құны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]