Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 лекция по РЦБ КАЗЭУ.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
165.89 Кб
Скачать

2.4. Сурет. Фьючерстік және форвардтық нарықтардың сипаттамасы

Туынды бағалы қағаздар

  1. Туынды бағалы қағаздар туралы түсінік

  2. Варрант, оның мәні

  3. Депозитарийлық қолхат

1.«ҚР-дағы бағалықағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы қағаздар – басқа бағалы қағаздар рақылы өзінің құнын айырады деп айтылған.

Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын керек табысты алуға құқыты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу – сатудан алады.

Туынды бағалы қағаздар – бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар.

Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және т.б. жатады.

2. Варрант акционерлік қоғам шығаратын және варрантта бекітілген баға бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар болып табылатын қоғам акция және облигация эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқы бар.

Варранттар бағалы қағаздардан оларды шығаруынан кейін бөлінеді және оларда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді.

Варрантар бөлініп шыққаннан кейін бағалы қағаздарадан сатылу құны олардың бағасына азйтылады.

Қоғам варрантты қоғамның болашқтағы бағалы қағаздар эмисссымен шығаруға құқы бар.

Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез келген уақытта алуға құқық береді.варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент есептелінбейді.

Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы қағздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша құқық беретін опцион жасауға құқығы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі және олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы заңдылықпен реттеледі.

3. Туынды бағалы қағаздар санатына ең алдымен депозитарийлік қолхаттар жатады.

Депозитарийлік қолхат – шетел эмитентінің бағалы қағаздар бйынша шағарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды бағалы қағаздар.

Бұл инвесторлардың шетел эмитентінің бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал бағалы қағаз.

Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу қажеттелігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден босатумен және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты.

Депозитарийлік қолхаттардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:

  • Американдық (ADR)

  • Ғаламдық (GDR)

  • Халықаралық (IDR)

ADR АҚШ нарығында айналады және долларлы номиналы болады, ал GDR американдық нарықтан басқа бірнеше нарықта сатылуы мүмкін және сонымен бірге эмитентке дүние жүзілік нарық капиталын жаулап алуға мүмкіндік береді.

Әдетте американдық банктер эмитенттерге акцияны қор нарығында бағаланатын елдерде кастодиандық қызмет көрсетуді ұсынады. Осы Атаулы ие депозитарийлеу акция негізінде депозитарийлік қолхат шығарады. АҚШ-та осындай депозитарийлік қолхаттың біршама ірі депозиттік эмитент – банктері “City Bank New York”, “The Bank of New York”, “Morgan Bank” б.т.

Ғаламдық депозитарийлік қлохаттар тіркелуі, шығарылуы мүмкін, олармен АҚШ ашық нарығында мәміле жасауға болады,сонымен қатар олар АҚШ-тың негізіг қор биржасында, сондай-ақ сол елдің шегінде бағаланады.

GDR-ді шығаруға дейін банктер мен компаниялар алдымен АҚШ-та ADR шығаруы тиіс, одан кейін Батыс Еуропада осы екі нарыққа шығарудың алғашқы ретінде IDR шығаруы керек.

ҚР-да алғашқы ретінде депозитарийлік қолхат 1996 жылдың басында ресейлік «Аьфа-Банк» филиалымен қолданылды. 1997 жылы американдық депозитарийлік қолхатты «Казкоммерцбанк», 1998жыл «ШНОС» котировкасы барлық ірі қор биржасында жүргізіледі.

1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]