Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 та__ырып. Биржевое дело.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
143.36 Кб
Скачать

8.2. Сурет. Биржаның эволюциясы

Келешекте жойылатынын болжауға болмайтын тек бір нәрсе ғана бар, ол биржаның мәні. Себебі биржа сауданы ұйымдастырушы, басқарушы және бақылаушы ұйым. Сайып келгенде, биржаның тарихи даму кезеңдерін төмендегідей қорытындылауға болады:

  • XVI ғасырда – биржа – импортталатын көтерме сауда орны.

  • XVII-XIX ғасырларда – биржа – тауарлармен, бағалы қағаздармен, валютамен көпшілік ірі сауда ұйымдастыратын ұйым;

  • XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың I жартысында – биржа – бағалы қағаздармен және тауарларға фьючерстік шарттармен ашық, көпшілік сауда жүргізетін ұйым;

  • XX ғасырдың 70-80 жылдарында – биржа – бағалы қағаздармен және фьючерстік шарттармен ашық, көпшілік және электрондық сауда жүргізетін ұйым;

  • XXI ғасырдың бас жағына болжам – биржа – бағалы қағаздармен және фьючерстік шарттармен электрондық сауда жүргізетін ұйым;

  • XXI ғасырдың орта шеніне болжам – биржа компьютерлік жүйемен сауданы басқаратын ұйым.

2 Сұрақ. Биржаның мәні

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарықорны. Қор биржаларына ірі банктер қожалық етеді.

Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және стау үшін пайда болған. Ал, XIIғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни X Xғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаның негізіг опреациялары өндіріс кәсіпорынның акцияларын шығару және сату болды.

Биржа нарықтық ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздарымен сауда жасалады және қызметтер жолданады. Ол сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын. Қор биржасы қағидалардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы болп табылады. Қор биржасы инвестициялық институттар ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншік акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық береді.

Қор биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге бағалы қағаздар жөнінде ұлттық комиссиясында лицензия алады.

Биржалық комитет биржаның басшы органы болып саналады, ао оның мүшелері брокер (маклер) деп аталады.

Брокерлер сол жұмысы үшін купон деп аталатын төлемақы алады. Брокерлермен қатар өз есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын диллер жүреді.

Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы уәкілетті орган Ұлттық Банк құрамындағы бағалы қағаз жөнінде департамент болып табылады. Ол эмитенттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілемейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаз шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады.

Биржа ұғымы оның мәнін, яғни сауда жүргізетін алаң екенін білдіреді. Бірақ кез-келген сауда жүргізетін орын биржа деп аталмайды. Биржа – заң жүзінде ұйымдастырылған көтерме сауда нарығы. Биржа ұғымының элементтерін төмендегі суретпен өрнектеуге болады.

Биржа ұғымының құрамдас элементтері

Биржа ұғымы

Сауда жүргізетін

орын

Саудаға қатысушылардың

ұйымы

Көтерме сауда нарығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]