Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 та__ырып. Биржевое дело.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
143.36 Кб
Скачать

3 Сұрақ . Қазіргі биржалардың қызметі және түрлері

Биржаның қызметіне тек биржаның өзі ғана айналысатын, басқа бірде-бір сауда ұйымдары жүргізбейтін істер жатады. Оны 8.3. суретпен өрнектеуге болады.

Биржа жиналысын ұйымдастыру:

  • сауда;

  • сауда ережесін дайындау;

  • материалдармен, кадрлармен жабдықтау;

Биржалық шарттарды дайындау

Ақпараттық қызметі:

  • баға;

  • компаниялар;

  • нарықтар;

Қазіргі биржа қызметтері

Хеджирлеу (биржалық сақтандыру)

Биржалық арбитраж

Бағаның айырмашылығына саудагерлік ойын ұйымдастыру

Биржалық мәмілелердің орындалуына кепілдік беру

Баға белгілеу қызметі:

  • бағаны анықтау

  • бағаны реттеу

  • бағаны болжау

  • бағаны белгілеу

Қазіргі биржа қызметтері

Суретте көрсетілген қазіргі биржалардың негізгі қызметтерін таратып айтатын болсақ, ол:

Біріншіден, ашық көпшілік сауда жүргізу үшін биржа жиналысын ұйымдастыру керек. Ол үшін:

  • биржалық сауданы ұйымдастыру;

  • биржалық сауданың ережесін дайындау және бекіту;

  • сауданы материалдық, техникалық жабдықтау;

  • биржа қызметкерлерін оқыту және білімін жетілдіру;

  • саудаға қатысушыларға мамандық талаптарын дайындап,оны түсіндіру керек.

Сауданы ұйымдастыру үшін биржа ашық сауда жүргізетін көптеген сатушы мен сатып алушы сиятын жақсы жабдықталған нарық орнын (биржалық зал) дайындауы керек. Қазіргі электрондық байланыс құралдарын пайдалану сатушылардың бір жерде болуын қажет етпей-ақ, сауданы электрондық компьютерлік терминалмен жүргізуге мүмкіндік тудырады. Сондықтан биржалық сауда залы жоғары нәтижелі электрондық сауда жүйесімен жабдықталуы керек.

Сауданы ұйымдастыру биржадан сауда ережесін, яғни залдағы саудаға қатысушылардың жүріс-тұрыс ережелерін және нормасын дайындап, оның қатаң орындалуын қадағалауды қажет етеді.

Сауданы материалдық-техникалық қамтамасыз етуге биржа залын, саудаға қатысушылардың жұмыс орнын жабдықтау, биржадағы бүкіл процестерді компьютермен қамтамасыз ету жатады.

Биржалық сауданы жүргізу үшін биржада жоғары маманданған, білім деңгейін қайта жетілдірген қызметкерлер штаты болуы қажет.

Биржалық саудаға қатысатын биржа мүшелерінің биржадағы жұмыс тәртібін білуі, биржалық саудаға байланысты қажетті білімі мен іс-тәжірибесі болуы керек.

Екіншіден, биржалық шарттарды дайындау қызметі:

  • биржалық тауардың сапалық сипаттамасына қойылатын талаптарды стандарттауды (бір үлгіге салуды);

  • шартқа енгізілген активтер партиясының мөлшерін стандарттауды;

  • биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуға біріңғай талаптарды жасауды (шарт бойынша жүк жеткізу, өзара есептесу және биржамен есеп айырысу мерзімі мен жағдайларын қоса алғанда) біріктіреді.

Үшіншіден, биржаның арбитраж қызметі, немесе биржалық сауда барысында жасалған биржалық мәміле бойынша туындаған дауды шешу. Биржаның бұл қызметінің маңызы аса зор. Бір жағынан алдау-арбаумен іс-әрекет жасағысы келген сатушыларды анықтау шарасы болса, екінші жағынан мәміледе жіберілген қате жазулардың, компьютер жүйесінің ақауларының және техникалық қателердің әсерінен кеткен кемшіліктерді түзету тәсілі.

Төртіншіден, биржалық мәміленің орындалуына кепілдік беру қызметі биржалық клиринг және есеп айырысу жүйесін қолдану арқылы орындалады. Ол үшін биржа қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және саудаға қатысушылардың өзара тараптары мен міндеттерін есептеу жүйелерін қолданады. Сонымен бірге олардың орындалуын ұйымдастырады.

Бесіншіден, биржаның баға құру қызметі – ол екі жақты жағдайды көрсетеді:

Біріншісі, биржаның мақсаты – нарықтық дәл бағаны анықтау болса, сонымен қатар бағаны заңсыз өзгертудің болмауын реттеу міндетін орындауы. Бұл қызметін таратып айтсақ, биржа биржалық тауарлардың барлық түрлеріне баға қалыптастыруға және оны реттеуге қатысатын бірден-бір ұйым. Биржада сұраныс пен ұсыныстың шоғырландырылуы, сондай-ақ көптеген мәмілелердің жасалуы бағаға нарықтан тыс факторлардың әсерін жойып, нақты бағаның сұраныс пен ұсынысқа сай белгіленуіне әсер етеді. Биржалық баға биржаның ең маңызды қызметі ретінде баға кесу (белгілеу) процесінде белгіленеді. Баға кесу деп биржаның күнбе-күнгі қызметінде валюта немесе бағалы қағаздардың, биржалық тауарлардың бағасын белгілеуді айтады.

Баға құру қызметінің екінші жағы – бағаны болжау. Биржада тауар сатушылар мен сатып алушылардың шоғырландырылуы, биржалық мәміленің көптігі және олардың көлемділігі, саудаға тауарлардың ірі партияларының түсірілуі биржалық тауарлар бағасын өкілетті нарықтық бағаға айналдырып, ол көптеген басқа тауарларға баға кесудің негізі ретінде алынады. Нәтижесінде биржа баға құру қызметін атқарып, ол еңбек ақы ставкасы, амортизациялық аударым нормасы және тағы басқалармен қатар баға құрудың базасы болады. Биржада мәмілеге келген датадан соңғы бірнеше айдан кейін жөнелтілетін тауарлар шарттарымен сауда жасалынатындықтан тауар жөнелтілетін датаға (күнге) дейін күнбе-күн баға болжалып отырады.

Алтыншыдан, биржаның хеджирлеу немесе биржалық саудаға қатысушыларды бағаның қолайсыз ауытқуынан сақтандыру қызметін орындау үшін мәміленің арнаулы түрлерін және олардың жасалу механизмін қолданады. Биржа сатып алушы мен сатушыға нақты тауарды өздері таңдауға және бір уақытта тиісті биржалық саудаға не клиент, не қатысушы ретінде қатынасуға жағдай жасайды. Бұндай шаралар биржаға деген сенімді арттырады. Биржаның хеджирлеу қызметі фьючерстік шарт механизмін қолдануға негізделген. Бұл қызметтің мәні хеджир-сатушы (яғни, сақтанушы) бір мезгілде әрі тауар сатушы, әрі сатып алушы болуы тиіс. Бұл жағдайда тауар бағасының өзгеруі бейтараптанады. Себебі бір мезгілдегі сатушының ұтысы сол мезгілдегі сатып алушының ұтылысын көрсетеді, керісінше де болады. Мұндай жағдайға хеджир, мысалы, жай нарықта сатып алушы болып, ал фьючерстік шартпен биржалық нарықта қарама-қарсы жақта болып қол жеткізеді. Әдетте тауар өндірушілер өз өнімдеріне бағаның төмендеуінен сақтанса, ал сатып алушылар сатып алатын өніміне бағаның өсуінен сақтанады.

Жетіншіден, биржаның саудагерлік қызметі – ол биржадағы коммерциялық әрекет. Оның мақсаты – биржалық тауардың сату және сатып алу бағасының айырмасынан пайда табу. Биржаның алыпсатарлық (саудагерлік) қызметі оның хеджирлеу қызметімен тығыз байланысты. Биржадағы хеджирдің құтылған қауіпін алыпсатар өзіне қабылдайды. Алыпсатушы – ол биржадағы кәсіби қызметкер болуы шарт емес. Ол «арзан алып, қымбатқа сату» принципімен пайда табуды көздеген кез-келген компания болуы мүмкін.

Сегізіншіден, биржа ақпараттық қызметін орындау барысында биржадағы баға, биржада сауда жасайтын компаниялар, нарықтық конъюнктура, әртүрлі нарықтар бойынша болжам және тағы басқа іс-әрекеттері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялайды. Қазіргі биржалардың ақпараттық қызметінің айтарлықтай жаңалықтары соншалықты мол, мысалы, дамыған мемлекеттерде биржалар өзінің 30%-ке дейінгі табысын биржалық ақпараттарды сатудан табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]