Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Исмаил.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
632.32 Кб
Скачать

1 Кесте Ресімделген кедендік жүк декларациясы және кедендік кіріс ордерін талдауы

2006

2005

+/-

Ресімделген кедендік жүк декларациясы саны (дана)

217

267

-50

Ресімделген кедендік кіріс ордер саны (дана)

239

67

+172

2004 жылғы қыркүйек айынан Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігінің 2004 жылғы 19 қыркүйектегі №385 бұйрығына сәйкес «Web-декларант» электронды декларациялау кешенін енгізу және пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2006 жылғы 1 қаңтардан 2006 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде «Web-декларант» жүйесі бойынша 20 кедендік жүк декларациясы қабылданды, бұл жалпы декларация санынан 10 % құрайды, 2005 жылы 110 кедендік жүк декларациясы ресімделді, яғни 41 % құрайды.

2006 жылдың 3 айында кедендік ресімдеуге кедендік жүк декларациясы қабылданды, 2005 жылы 267 кедендік жүк декларациясы қабылданған болатын. Есептік кезеңдегі ресімделген кедендік кіріс ордері саны 239 құраса, 2005 жылы 67 кедендік кіріс ордер санын құрады.

Өткен жылдың есептік кеңімен салыстырғанда «Әуежай-Астана» кеден бекетінде ресімделген кедендік кіріс ордер санының ұлғаюы «Стамбул-Астана» халықаралық әуе рейсін ресімдеумен байланысты, онда халықтық тұтыну тауарларына 91 кедендік кіріс ордері ресімделді.

Күнбе-күнгі жүйе бойынша 186 кедендік жүк декларациясы ресімделді, яғни 86 %, ал өткен жылдың ұқсас кезеңіне 116 кедендік жүк декларациясы (бұдан әрі – КЖД), яғни 44 % құраған болатын.

Тауарды мерзімді декларациялау рәсімі бойынша (бұдан әрі - ТМД) 5 КЖД қабылданды, ал 2005 жылдың есептік кезеңіне тауарды мерзімді ресімдеу бойынша 14 КЖД ресімделген. Алдын-ала декларациялау (бұдан әрі - АД) 2 КЖД ресімделді. 2004 жылы АД рәсімі бойынша 1 КЖД ресімделді. АД рәсімі бойынша қабылданған декларациялардың аз болуы «Әуежай-Астана» кеден бекетінің тек әуе көлікпен жеткізілген жүктер ғана ресімделеді және өз ерекшелігі бойынша тауарларды әуе кемесіне тиген сәтінен бастап және жөнелту мемлекетінде жүкқұжатты ресімдеу және Астанаға шейін жеткізу бірнеше сағатқа ғана созылады. Аталған факті «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қатысушыларына АД рәсімін пайдалануға мүмкіндік бермейді.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 213-бабына сәйкес «Астана халықаралық әуежайында» кедендік бақылауға Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан халықаралық рейстер орындайтын барлық әуе кемелері, сондай-ақ жүктер, транзитті және трансферлі жолжүктер, жолаушылардың қол жүгі, оның ішінде транзитті және трансферлі қол жүктері жатқызылады.

«Әуежай-Астана» кеден бекетінде тұрақты негізде кеден төлемдері мен салықтарды мемлекет бюджетіне түсуі бойынша болжамдық тапсырмаларды бұлжытпай орындауда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрбір бекеттің жұмысының негізгі көрсеткіші нақты көрсеткіштер болып табылады, 2006 жылы болжамдық тапсырманы орындау 107 млн. 746 мың теңге немесе 66 % құрады. Осыған сәйкес 2005 жылы болжамдық тапсырмаларды орындау 83 % құрады.