Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дамира шыгынурс.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
151.69 Кб
Скачать

Шығындар

Ағымдағы

Қолданылған

Осы уақыт мерзімінде Өндіріске тартылған ресурстар

пайдаланалған ресурстар көлемін көрсетеді

Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері

көлемін көрсетеді

Ресурстардың бір түрі

Ресурстардың бірнеше түрі

Еңбек өнімділігінің көпфакторлы көрсеткіштері

Ресурстардың барлық түрі

Еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткіштері

Сурет-1 - Өнімділікке байланысты шығындар

Экономикада өнімділікті жоғарлату басқару процесіне және өнімді немесе еңбекті өзгерту процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың жеке біреуі орын алса, онда өнімділік өседі.

  1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды;

  2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;

  3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ шығындардың өсу қарқыны өнімнің өсу қарқынынан төмен болады.

  4. Өнім көлемі өзгермейді, шыығндар төмендейді;

  5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ шығындардың төмендеу қарқыны жоғары болады.

Кейбір салаларда өндіріс шығындарының айырмашылықтары табиғи, жаратылыс жағдайлармен байланысты болады. Бұған мысал болатын – біздің елде осыдан бұрын «маусымдық» немесе аймақтық бағалардың болғаны.

Басқа салаларда шығындардың айырмашылығы дүниеге әкелетін жағдайлар – жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құру, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен мамандану дәрежесі. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрінің басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш.

Бүгінгі заманда салалар масштабында шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді.

Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторларға:

  • Тұтынудың өсуі осы себепті өндірістің жекеленуін көздеу;

  • Шығарылымдардың ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруы, алмастырудың қажеттігі;

  • НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама шығындары.

Екіншісі, жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты.

Әрбір рыноктағы ұйым келесідей шешім қабылдауға ынталы болады, яғни жоғары пайданы қамтамасыз ету. Осы шартты орындауда негізгі көрсеткіштің бірі шығындарды азайту болып табылады.

Шығындар – белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстар көлемінің ақшалай көрінісі. Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар.

Шығынның мақсаты – шығындардың жеке-жеке өлшенуіне байланысты кез-келген қызмет түрі болып табылады.

Негізгі материалдар

Шикізат және материалдар, яғни дайын өнім өндіруге тікелей жұмсалған (мысалы, стол жасау үшін ағаш шикізаты қажетті)

Тікелей шығындар Үстеме шығындар

Қорларды бағалау үшін шығындарды жіктеу

Өнім шығындары дайын өнім өндірумен байланысты. Бұл шығындарға негізгі материалдар, негізгі еңбек шығындары және өндірістік жанама шығындар жатады.

Мерзім шығындары сол кезеңде ғана пайда болып, қалдық құнға қосылмайтын шығындарды айтамыз. Бұл шығындарға сату және административтік шығындарды жатқызуға болады.