Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дамира шыгынурс.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
151.69 Кб
Скачать

Мерзім шығындары

(Өндірістік емес шығындар)

Сатуға байланысты шығындар

Дайын өнімді және қызметтерді клиенттердің заказы бойынша жеткізуді, сатуды қамтамасыз етуге байланысты шығындар (мысалы, коммиссионды, жарнамалық, сауда құрылғыларының амортизациясы, көлік шығындары, жеткізу және сақтау шығындары)

Административті шығындар

Ұйымды жалпы басқаруға кеткен шығындар жиынтығы (мысалы, басқару қызметкерлеріне жалақы, командировкалық шығындар, административті ғимараттың амортизациясы және офистік құрал-жабдықтар шығындары)

Сурет-2 - Өндірістік және өндірістік емес шығындар

    1. Кәсіпорында бизнес шешімін бағалаудағы өндірілген өнімнің өзіндік құнының есебі

Өндірістік шығындар (негізгі еңбек, негізгі материалдар және өндірістік үстеме шығындар) өндірістік өнімнің есебі және сатылған өнімнің өзіндік құнының есебі ретінде көрініс табады. Бұл есептер жекелеп немесе өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құны есебі болуы мүмкін.

Өндірілген өнімнің өзіндік құны өндірістік мерзімдегі дайын өнім өндіруге қатысты өндірістік шығындарды есепке алады. Өндірістік шығындардың өндірілген өнімнің өзіндік құнына енуі мерзім аралығында аяқталмаған өндіріске байланысты ұлғаюы немесе кемуі мүмкін.

Сатылған өнімнің өзіндік құны табысқа байланысты көрініс табатын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына енуіне байланысты сатылған өнімнің өзіндік құны дайын өнімнің қалдығының нақты өзгеруіне қатысты ұлғаюы немесе кемуі мүмкін.

Мысал 1.

А компаниясы

Өндірілген өнімнің өзіндік құны

Қараша айы, жыл Х

Аяқталмаған өндіріс, бастапқы қалдығы 40000 у.е.

Қосылған: Негізгі материалдар 30000 у.е.

Негізгі еңбек 50000 у.е.

Өндірістік үстеме шығындар 40000 у.е.

Жалпы өндірілген шығындар 120000 у.е.

Өндірістік шығындардың барлығы 160000

Алынған: Аяқталмаған өндіріс,

Соңғы қалдық 10000

Өндірілген өнімнің өзіндік құны 150000 у.е.

А компаниясы

Сатылған өнімнің өзіндік құны

Қараша айы, жыл Х

Дайын өнімнің бастапқы қалдығы 20000 у.е.

Қосылағн: Өндірілген өнімнің өзіндік құны 150000 у.е

Сатуға дайын өнімнің өзіндік құны 170000

Алынған: Дайын өнім, соңғы қалдық 50000

Сатылған өнімнің өзіндік құны 120000 у.е.

  1. Негізгі материалдар + Негізгі еңбек + ПНР = Барлық өндірістік шығындар

30000 + 50000 + 40000 = 120000

  1. Барлық өндірістік + Аяқталмаған өндіріс, - Аяқталмаған , = Өндірілген өнімнің

шығындар алғашқы қалдық соңғы қалдық өзіндік құны

120000 + 40000 - 10000 = 150000

3. Өндірілген німнің + Дайын өнім, - Дайын өнім, = Сатылған өнімнің

өзіндік құны алғашқы қалдық соңғы қалдық өзіндік құны

150000 + 20000 - 50000 = 120000

Есеп бойынша шығындардың қозғалысы

Өнімнің өзіндік құны