Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
taldau_emtikhan.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
38.75 Кб
Скачать

29. Материал ресурстарын талдаудың ақпарат көздері мен мақсаты

Материал ресурстарын талдаудың ақпарат көздері:

1.Материалдық - техникалық жабдықтаудың жоспары;

2. тапсырыстар;

3. материалдар мен шикізаттарды жеткізіп беру келісімшарты

4. материалды жабдықтау бөлімінің жедел мәліметттері;

5. аналитикалық бухгалтерлік есеп мәліметтері;

6. статистикалық мәліметтер;

7. өндіріске жұмсалған материал ресурстар мен олардың қалдақтары туралы есеп.

Материал ресурстарын талдаудың мақсаты- материалдың сапасы, олардың стандартқа, техникалық шарттарға сәйкестігі тексеріледі. Ал бұзылған жағдайда жабдықтаушыларға қарсы шағым түсіріледі.

32.дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.

КОД/З=

Мұндағы: КОД/З – дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Дз – дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетеді. Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды. Кредиторлық борыш коэффициентінің өсуі- кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі- несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді.

КОК/З=

КОК/З- кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті

Кз-кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасы

30. Меншікті және айналым капиталының айналымдылық коэффициенттерін талдау.

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенттері. Коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан- салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық жағынан – кәсіпорынның меншік иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді.

КОС=

КОС – меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

ДN-өнімді сатудан түскен табыс

СК- баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасы.

Айналым капиталының айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді.

КОТА=

КОТА – ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті

ТСа- ағымдағы активтердің орташа шамасы

34. Кәсіпорынның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражаттарын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады. Ол кәсіпорынның қаражаттары айналымда болу кезеңі жоғарғы дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен, бірінші кезекте оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен анықталады.

50.инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштері.

Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін екі негізгі топқа бөлуге болады:

1. өндірістік қызметтің тиімділігінің және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткіштері;

2. инвестиция тиімділігінің көрсеткіштері немесе Кэш-Флоу дисконтталған белгілері.

Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне іскерлік белсенділік көрсеткіштері, төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері жатады.

Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады. Кәсіпкерге сату көлемін өзгерткеннен, оның кәсіпорыны қанша пайда табатындығын есептегеннен гөрі, сату көлемі қандай болған жағдайда оның кәсіпорны зиян шекпейтінін есептеген маңыздырақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]