Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
taldau_emtikhan.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
38.75 Кб
Скачать

54.Бухгалтерлік баланстағы талдаудың тігінен және көленең әдістері

Көлденең талдау- есеп берудің әрбір позициясын өткен кезең мен салыстыру.

Тігінен талдау – есеп берудің әрбір позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін талдау және қорытынды қаржылық көрсеткішінің құрылымын анықтау.

Маржиналды табыс дегеніміз- өнімді өткізуден түскен табыстан айнымалы шығындарды алу арқылы анықталады. Ал екінші жағынан негізгі қызметтен түскен табысқа тұрақты шығындарды қосу арқылы анықталады. Шығндарды тқрақты және айнымалы деп бөлу қысқартылған өзіндік құнды есептеу мақсатында қолданады. Оны есептеу немесе есепке алу және жоспарлауға тек айнымалы шығындар ғана қосылады.

  1. МТ= өнімді өткізуден түскен табыс-айнымалы шығындар

  2. МТ=Негізгі қызметтен түскен табыс+тұрақты шығындар

Маржиналды табыс өзінің құрамына тұрақты шығынды біріктіріп қосады.

1. Экономикалық талдаудың мәні мен мазмұны.

Экономикалық талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Экономикалық талдау шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жан-жақты зерттеп, оның соңғы нәтижесіне баға беру болып табылады. Экономикалық талдау тиімді жүзеге асу үшін кез келген кәсіпорын анализ және синтезді қолданады.

Анализ дегеніміз – зерттеліп жатқан объектіні жан-жақты қарастыратын болса, ал синтез – зерттеліп жатқан объектіні бір орталықтан қарастыруды білдіреді.

2. Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау.

Ұйымның төлем қабілеттілігі деп – кәсіпорын дер кезінде өз міндеттемелерін толық өтей алу қабілетін білдіреді. Кәсіпорын жабдықтаушылар, инвесторлар, банктер, т.б. алдында міндеттемелері жоқ болса, төлем қабілетті деп саналады. Бұл үшін кәсіпорынның ағымдағы, валюта және басқа да шоттарында ақша қаражаттары болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынды дамыту үшін де қаржылары болуы тиіс. Төлем қабілеттілігін есептегенде төмендегі коэффициенттер кең көлемді қолданылады:

  1. Абсолютті өтімділік коэффициенті:

Каб.ө=

Біз үшін қолайлы мәні ≥0,2-0,5 (тең немесе жоғары)

Каб.ө=

  1. Аралық өтімділік коэффициенті:

Кар.ө=

Біз үшін қолайлы мәні ≥1 (тең немесе жоғары)

Кар.ө=

  1. Жалпы өтеу коэффициенті:

Кж.ө=

а1-1

а2-0,5

а3-0,3

Біз үшін қолайлы мәні 0,9 кем емес.

  1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті:

Кағ.ө=

Біз үшін қолайлы мәні ≥2 тең немесе жоғары.

3. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері.

Экономикалық талдаудың әдістері 4 әдісі бар:

  1. Жүйелі талдау – затты немесе қызметті жүйелі түрде қарастыру.

  2. Объективті талдау – жалпы қызметтің бір ғана саласын қарастырып талдау.

  3. Индекстік талдау – әдістер мен тәсілдердің көрсеткіштеріне факторлардың әсерін талдаужәне баланстық талдау жүргізу.

  4. Баланстық талдау – кәсіпорын кірістері мен шығыстарын, яғни актив пен пассив аралығындағы тепе-теңдікті талдау.

Экономикалық талдаудың тәсілдері:

  1. Экономикалық талдау; 2) жүйелі талдау; 3) саралау; 4) кешенді талдау; 5) салыстыру; 6) синтездеу; 7) тиімсіз жайттарды алып тастау тәсілі.

12. Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау.

Баланс өтімділігін талдау дегеніміз – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда анықталады. Активтер өтімділік дәрежесіне байланысты 4 топқа жіктеледі:

  1. А1 – ең өтімді активтер;

  2. А2 – тез өтімді активтер;

  3. А3 – баяу өтімді активтер;

  4. А4 – қиын өтімді активтер.

Пассивтер төлену, қайтару дәрежесіне байланысты 4 топқа жіктеледі:

  1. П1 – неғұрлым тез төленуі тиіс міндеттемелер;

  2. П2 – қысқа мерзімді міндеттемелер;

  3. П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер;

  4. П4 – тұрақты міндеттемелер (меншікті капитал)

Активтер өтімділік, табыс табу, ақша қаражатына айналуына байланысты жіктелсе, ал пассивтер төлену және қайтару дәрежесіне байланысты жіктеледі.

Төмендегі жағдай орын алатын болса, баланс өтімді деп саналады:

А11

А22

А33

А44

№14. Несие өтеу қабілеттілігін талдау.

Банктер кәсіпорындарға 2 мақсатта несие береді.

  1. Кәсіпорынды ашуға және ұлғайтуға, яғни өндіріс процесін қарқынды дамытуға.

  2. Кәсіпорынның ірі бір шығындарының орнын жабуға.

Формула:

  1. Несиені жылдық есептеу формуласы:

S=P*(1+n*i)

Мұндағы S – банкке қайтарылатын жалпы сумма

1 – тұрақты коэффициент

n – мерзім (күн, ай, жыл)

i – пайыз мөлшерлемесі

  1. Күнмен есептеу формуласы:

S=

Мұнда тек қана банк сыйақысы ғана анықталады.

№15. Материалдық ресурстармен қамтамасыз ету.

Материал ресурстарын талдау дегеніміз – өндірісті қарқынды жүргізе отырып, өнімнің өзіндік құнын азайтып, пайда көлемін көбейту арқылы жоғарғы табыстылық деңгейіне жетудің басты жолы, кәсіпорынның сапалы ассортиментке сәйкес қажетті материалдармен және шикізаттармен толық қамтамасыз етілуі болып табылады.

Материал ресурс қорының 3 түрі бар:

  1. Ағымдағы;

  2. Науқандық;

  3. Сақтандыру.

Материал қайтарымы:

Мқ

Материал сыйымдылығы:

Мс

19. Еңбек өнімділігін талдау.

Экономикада өнімділікті жоғарлату басқару процесіне және өнімді немесе еңбекті өзгерту процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың жеке біреуі орын алса, онда өнімділік өседі.

  1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды;

  2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;

  3. Өнім көбейеді, шығындар өседі. Бірақ шығынның өсу қарқыны төмен болады.

  4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;

  5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді. Бірақ шығынның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс уақытын үнемдейтін факторларға назар аударылады:

  1. Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;

  2. Жұмыста кездесетін тиімсіз үзілістерді азайту.

Формула:

  1. Еңбек өнімділігі:

Еө

  1. Кәсіпорын деңгейінде еңбек өнімділігі:

Еө

22. Қаржылық талдаудың ақпарат көздері.

Экономикалық талдаудың ақпарат көздерін 3 топқа бөлеміз:

  1. Нормативті жоспарлы:

  • Жоспардың барлық түрі (жедел, ағымдағы, техникалық);

  • Нормативті материалдар, смета, жобалық тапсырмалаужәне бағалау.

  1. Бухгалтерлік есеп және есептеуші сипаттағы ақпарат көздері:

  • Бухгалтерлік есеп және есептілік (бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есеп мәліметтері, аналитикалық көрсеткіштер);

  • Статистикалық есептіліктер;

  • Кәсіпорынның төл құжаты;

  • Жедел есеп және есептіліктер;

  1. Есептеу мәліметінен тыс ақпараттар:

  • Үкіметтің, президенттің заңдары, қаулылары, жоғарғы органның бұйрықтары, әр түрлі тексерулер, актілер,

  • Ғылыми, техникалық ақпараттар;

  • Техникалық, технологиялық құжаттар;

  • Еңбекті ғылыми ұйымдастырумен байланысты зерттеу материалдары;

  • Кәсіпорынның негізгі жабдықтаушылары мен сатып алушылары туралы ақпараттар.

12.Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріс үрдісінде пайдаланатын табиғи өнім ресурстар, шикізат, материалдар, отын энергия қуаты, негізгі қорлар, еңбек ресурстар, өнімді өндіруге және сатуға жұмсалған т.б. басқа да шығындардың құнымен бағаланады. Өнімнің өзіндік құнын есептеуді – калькуляция дейді.

Өнімнің өзіндік құны кәсіпорында өнімді өндіруге және сатуға жұмсалған ағымдағы шығындарды ақшалай түрде атауын айтады.

Өзіндік құн жоспарлы және нақты болып бөлінеді:

- Жоспарлы өзіндік құн мөлшерді есептеу және жоспарлы көрсеткіштің негізінде анықталады.

- Нақты өзіндік құн бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша нақты шығын арқылы анықтайды.

Өнімге жұмсалған шығындардың қалыптасу кезеңіне байланысты өзіндік құнды 3-ке бөлеміз:

1. Технологиялық өзіндік құнға өнімнің технологиялық үрдісінде пайда болған шығындар және өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға кеткен шығындар кіреді.(цехтық шығындар)

2. Өндірістік шығындар – өзіндік құнға өнім өндіруге байланысты жұмсалған барлық шығын және өнімді цехтар арасында тасымалдауға кеткен шығынның бәрі кіреді.

3.Коммерциялық шығындар – өзіндік құнға өндірістік өзіндік құн, оған қосымш транспорт шығындары, өнімді сатуға байланысты басқа да шығындар кіреді.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар өздерінің экономикалық мазмұны бойынша келесі элементтерге топтастырылады:негізгі шикізат және материалдар, көмекші материалдар, отын (сырттан әкелінетін), энергия (сырттан әкелінетін), өндірістік персонал жалақысының шығындары, әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар, амортизациялық аударымдар, басқа да төлемдер, басқа да шығындар.

Бір өнімнің өзіндік құнын табу формуласы:

1ӨӨҚ = жалпы шығындар / өнім көлемі

1 ӨӨҚ =

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]