Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по истории.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
303.41 Кб
Скачать

9. Соөж-ын жүргізу жоспары (кеңес беру)

Тапсырма тақырыбы

Өткізілу мерзімі

СОӨЖ-ын жүргізу нысаны (түрі)

Күндізгі оқу нысаны

1

Дала өркениетінің қалыптасуы

1. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар

2.Ғұндар Қазақстанда. Юэбань мемлекеті

2,3 апта

Ауызша тапсыру

Студенттердің «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жалпы бастапқы білімін тексеру.

Тестілеу арқылы

2

XIIғ. дейінгі Қазақстандағы этно-саяси даму бағыттары

1.Батыс Түрік қағандығы.

2.Қимақ, Оғыз, Қарлұқ мемлекеттері

4-апта

Конспект тексеру

3

Бірінші аралық бақылау глоссариін тапсыру

5-апта

(20 термин),ауызша тапсыру

4

Қазақстан тарихындағы моңғол дәуірі

1.Алтын Орданың құрылуы

2.Моңғолдардың жаулауы туралы деректер

6-апта

Конспект тексеру

Студенттердің «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жалпы ортаңғы білімін тексеру

Бақылау жұмысы

5

XV-XVIII ғғ.қазақ халқының мәдениеті

1.Ауыз әдебиетінің қалыптасуы

2.Музыка өнері

3.Материалдық мәдениет

4.Глоссарий

8,9- апта

Жазба жұмысы

6

Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы

1.Түркістан ( Қоқан) автономиясының құрылуы

2.I-II Жалпы қазақ сьездерінің тарихи маңызы

10,11-апта

Ауызша жауап

7

50-80ж.ж. Қазақстан

13-апта

Конспект тексеру

Студенттердің «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жалпы аяққы білімін тексеру.

Тестілеу арқылы

8

Тәуелсіз Қазақстан

1.1990ж.ж. реформалар КСРО-ның құлау салдары.Қайта құру саясаты.

2. «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл –ауқатының артуы» ел басы Жолдауындағы басымдылықтар

15-апта

Баяндама

  1. СӨЖ-нан берілген тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі

Тапсырма тақырыбы

Бақылау

нысаны (түрі)

Тапсыру уақыты

(апта)

Күндізгі оқу нысаны

1

Қазақстан тарихындағы Моңғол дәуірі

1.Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға моңғолдардың басып кіруінің хронологиясын жасаңыз

2.Моңғол шапқыншылығы. «Ұлы жаса» заңнамалар жинағының мәні. Моңғол дәуірі туралы деректерді талдау

Кесте толтыру

Конспект

6 апта

2

Қазақстан халқы мен мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері.

Қазақ хандығы –дала мемлекеттілігінің үлгісі

1.Қазақ хандығының кезеңдері, әр кезеңге талдау жасаңыз.

2.Қазақ халқы мен мемлекеттілігінің құрылуына әсер еткен факторлар.

(этнокомпоненттер)

Реферат

7 апта

3

XVIII-XXғ.ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

1.XVIII-XIXғ.ғ. ұлт-азаттық көтерілістер

2.1916 ж. ұлт-азат көтерілістің ерекшеліктері

Конспект

12 апта

4

Қазақстан тарихындағы кеңестік кезең

1.XX ғ. Басындағы қазақтардың отырықшылыққа көшуі

2.Кеңестік Қазақстанның мәдениеті, оның қайшылықтары

Баяндама

14 апта

13 . әдебиеттер тізімі:

  1. Аманжолов Қ. Р. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы. 1-2 кітаптар, А., 2004.

  2. Аманжолов Қ. Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2 кітаптар, А., 2002.

  3. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.

  4. Байпаков К.М., Нуржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992.

  5. Берденова К.Ә. Қазақстан тарихыАлматы. 2008ж

  6. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А., 1995.

  7. Кадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. А., 1997.

  8. Кан Г.В. , Шаяхметов Н.У Қазақстан тарихы : Оқулық. - Алматыкітап,2007. -

  1. Касымбаев Ж.К. Кенесары хан. А., 1996.

  2. Кәдірқұлова. Г. Қ Қазақстан тарихы : Оқулық - Алматы : ҚАЗақпарат, 2005.

  1. Кенжалиев И. Исатай-махамбет. А., 1991.

  2. Козыбаев М.К. Ақтандақтар ақиқаы. А. 1992.

  3. Койгельдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995.

  4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) : оқу құралы. Бес томдық.- Алматы : Атамұра, 1994-2010ж.ж.

  1. Қазақстан тарихы : Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна Ltd, 2006.

  1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін : очерк. - Алматы : Дәуір, 1994.

  1. Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 2-т. : Лұбсанданзан. Ежелгі хандар негізін салған төрелік жосығының туындыларын құрастырып, түйіндеген Алтын тобчы (Алтын түйін) демек-дүр. / ред. : И. Н. Тасмағамбетов, М. М. Тәжин, С. Т. Тәуекел. - Алматы : Дайк-Пресс, 2005.

  1. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. 2-т. : Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері

  2. (Орхон,Енисей,Талас). - Алматы : Дайк-Пресс, 2005.

  1. Қаражан Қ.Қ «Қазақстан тарихы» Алматы. 2009ж

  2. Мусин Ч. Қазақстан тарихы : Оқулық / ҚР Білім және Ғылым мин-гі ұсынған. - Алматы : Норма-К, 2008.

  1. Мұхамедов. М. Б. Қазақстан тарихы : Оқу құралы - Алматы : Қарасай, 2007.

  2. Мұхамедов.М.Д. Қазақстан тарихы Алматы. «Қарасай» 2007ж

  3. Нурпеисов К.Н. Алаш әм Алашорда. А., 1995

  4. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1994.

  5. Омарбеков Т.О. Зобалаң. А., 1994.

  6. Пірімбетова Е.Ө. «Қазақ елінің тарихы» Алматы.КазГЮУ, 2003ж

  7. Пірманов Ә.Д Қазақстан тарихы 2011

Жаңа заманға байланысты әдебиеттер:

  1. НазарбаевН.Ә "Тарих толқынында” 1999

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. 28.01.2011ж.

  1. Назарбаев Н.Ә. «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

  1. Назарбаев Н.Ә «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

  1. НазарбаевН.Ә «Сындарлы он жыл» (А., 2002),

  1. Назарбаев Н.Ә «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Қаржы» факультеті

«Философия және тарих» кафедрасы

ДӘРІСТІК КЕШЕНІ

Пәннің атауы: «Қазақстан тарихы»

Мамандықтар: «5В050800» - «Есеп және аудит», «5В090800» - «Баға», «5В051200»- «Статистика», «5В050700»- «Менеджмент», «5В051100»- «Маркетинг», «5В050509» - «Қаржы» ,«5B090400» - «Әлеуметтік қызмет және бизнес»

Пәннің коды: IK1101

Алматы, 2012ж

1-тақырып: Ежелгі Қазақстан

Палеолит және неолит аралығындағы Қазақстан.

Қола дәуірі. Андрон мәдениеті.

1.Шамамен бұдан екі жарым миллион жыл бұрын пайда болған адамзаттың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі қоғамдағы тіршілігі туралы тарихқа үш дерек қызмет етеді. Оның бірі -археологиялық, екіншісі — жазбаша, келесісі — адамның рухани жан дүниесімен тығыз байланысты ауыз әдебиеті. Қоғамның ертеректегі дамуы туралы мағлұмат беруде археологиялық ескерткіштердің орны ерекше.

Ежелгі адам өз дамуын кезектесіп келетін бірнеше кезеңдерден өткізді. Олардың негізінде тасты өңдеу техникасының жетілдірілуі және соған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениеттің өсуі орын алады.

Алғашқы кауымдық құрылыста тіршіліктің барлық аймақтарда біркелкі болғандығының дәлелі Қазақстан жерінен табылған төменгі палеолит кезеңіне жататын тас құралдардың, ежелгі адам қаңқаларының әлемнің басқа да аймақтарынан табылған ескерткіштерімен ұқсастығы. Мәселен, Кения (Шығыс Африка), Ява аралынан, Чжоу-коу дян үңгірінен, Ташкент маңындағы Тешик-таш жерінен табылған ескерткіштер мен Шабақты, Тәңірқазан, Көңірдек жерінен табылған ескеркіштер бір-бірлеріне өте ұқсас келеді.Археология ғылымы адамзат тарихын тас, қола және темір дәуірі деп бөледі. Тас дәуірінің өзі екіге бөлінеді: ежелгі тас дәуірі (палеолит), жаңа тас дәуірі (неолит).

Ежелгі тас дәуірі ірі үш кезеңді қамтиды: Олдувай кезеңі (б.з.д. 2,6 млн - 700 мың жыл бұрын), ашелль кезеңі (б.з.д. 700 мың - 150-120 мың жыл бұрын), мустьер (б.з.д. 150-120 - 35-30 мың жыл бұрын).

Тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі — төменгі палеолит. Төменгі палеолитте адам бір тасты сындыру үшін екінші тасты пайдаланып, оларды бір-біріне ұрған. Мұндай техника "соққылау техникасы" немесе "малта тас мәдениеті" деп аталды. Өйткені олар еңбек құралдарын әзірлеуде өзендердің малта тастарын шебер пайдаланды. Ежелгі адамның шапқыш, қырғыш, үшкіртастарды жасауда және тастың сапалы түрін, икемділігін ажырата білуі алғашқы қауымға қажетті алғы шарттардың біртіндеп ілгерілеуінің айғағы.

Адамның қалыптасуы Қазақстанда қалай жүрді деген мәселеге келер болсақ, археолог ғалымдар ескерткіштерге сүйене отырып, олардың бастапқы мекен еткен жері — Оңтүстік Қазақстан аудандарының бірі — Қаратау жотасы екендігін мәлімдейді. Бұл аймақтағы Арыстанды өзенінің бойындағы Көңірдек селосынан сол сияқты Шабақты, Бөріқазан, Тәңірқазан қорымдарынан табылған тас құралдар, адамның каңқалары, сипаты жағынан ашелль кезеңіне жатады. Б.з.б. 800 — 140 мың жылдықтар аралығын, төменгі палеолитті қамтиды.

Орта палеолит археология ғылымында "ашелль-мустье" кезеңі деп те аталады. Ауқымы 140 —35-30 мың жыл бұрын уақыт аралығын қамтиды. Негізгі ескерткіштер Орталық және Шығыс Қазақстан аймағынан табылған. Зерттеулерге қарағанда тіршіліктің біртіндеп басқа аймақтарға да тарала бастағандығын байқауға болады. Бұл кезеңге тән жетістік — ежелгі адамдардың қоныстары, тұрақтары пайда болды. Сонымен қатар, орта палеолитте жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі орын ала бастады. Демек, бұл жағдай аналық рулық қауымның бастапқы нысандарының калыптаса бастағандығының дәлелі. Ең бастысы — мал шаруашылығы егіншіліктен бөлінді.

Адамның адам болып қалыптасуына табиғаттың тигізген әсері зор болды. Таулардың ары карай түзілуі, ауа - райының өзгеруіне әкеліп соқтырды. Бұл күннің сууына себеп болды, отты дәріптей түсуге итермеледі, отты өшіріп алу қаупі олардың нанымының қалыптасуына жол ашты. Табиғаттың дүлей күші еңбек құралын жасауды да өзгеріске түсірді, тасты сүйірлеп, үшкірлеп егеу, біртіндеп найзаның пайда болғандығының кепілі. Бұл дәуірде қоғамның тетігі — ана болды.

Соңғы палеолит - б.з.б. 35 -12-10 мыңжылдықтар. Бұл дәуірде адамның дүниетанымы күрделеніп "саналы адам" қалыптасты.

Соңғы палеолитте жер шарының барлық климаттық аймақтарында адамның кеңінен тарай қоныстануы және нәсілдер мен нәсілдік топтардың калыптасу кезеңі байқалады. Адамның санасының недәуір өскендігін қоғамдағы материалдық және рухани мәдениеттің даму дәрежесінен көруге болады.

Мезолит дәуірі — б.з.б. 12 — 5 мыңжылдықтар. Шамамен 7 мың жылдай уақытты қамтиды. Мезолит дәуірі палеолит пен неолит аралығындағы өтпелі кезең болып саналады. Сең-сең мұздардың толық еруіне байланысты егін шаруашылығының негізі қаланды, адам жануарларды қолға үйрете бастады. Ірі жануарлардың жойылуы аң аулауда неғұрлым жетілдірілген қарудың пайда болуына жол ашты. Жебелі садақ пен бумеранг пайда болды. Садақты о баста тек ағаштан кесіп жасаса, бертін келе сүйек пен мүйіз қапталған бірнеше ағаш кесіндісінен істеді. Ал, жебелер ағаш пен нар қамыстан кесіліп, сүйектен және мүйізден доғал және домалақ ұшты етіліп әзірленді. Өткен дәуірдегі шаруашылықтың тұрпайы түрінің барлығы сақталды: аңшылық, терімшілік, балық аулау. Атап кетер жағдай, жебе мен садақтың ұштарын доғал, домалақ етіп жасаудың мәні бар екен. Ол бағалы аң терілерін зақымдамай аулау үшін ойластырылған болып шықты. Бұл аңшылықтың дами түскендігін көрсетеді. Егерде өткен дәуірлерде ежелгі адам тобыр, қауым болып аң ауласа, енді садақ пен жебенің пайда болуы аңшылар санының ықшамдалынуына, яғни шағын топпен немесе тіпті жекеленіп аң аулау әдісіне көшуге мүмкіндік тудырды.

Мезолит дәуірінде табылған тұрақтардың басым көпшілігі өзендер мен көлдердің жағасында орналасқан. Тұрғын үйлердің орындары олардың лашық тәріздес екенін көрсетеді.

Неолит (жаңа тас) дәуірі — б.з.б. 5-3 мыңжылдықтарды қамтиды. Неолитте табиғи құбылыстар қазіргі жағдаймен теңелді. Осыған байланысты адамдар еңбектің жаңа түрін игерді. Кен өндірудің алғашқы белгілері қалыптасты. Адам санасы өсіп, өндіруші күшке айналды. Асыл тастарды жәй тастардан ажырата алатын дәрежеге жетті. Нефриттен зергерлік бұйымдар, граниттен дән үккіштер жасады. Неолит дәуірін ‘тас өндеуде техника гүлденген кез ‘деп те атайды. Себебі еңбек құралдарын өндіру барған сайын мамандандырылды. Еңбек құралдарының сапасына қарай саны да көбейді. Тас балталар, кетпендер, келілер, келсаптар жасалды. Ыдыстарға геометриялық өрнектер салу игерілді. Ыдысқа күйдірмей тұрып жұмсақ кезінде онша күрделі емес геометриялық өрнектер салынды. Егіншіліктің жетілуі, адамды азық-түліктен тағамдық қор жинауға бейімдеді. Бұл құбылыс ғылымда "неолит төңкерісі" (революциясы) деп аталды. Тас өңдеу жоғарғы деңгейге көтеріліп, сына дайындалды, дән үккіштер пайдаланылды. Сына дайындау тас өндеудің неолит дәуіріндегі әдісі болып табылады. Неолит дәуіріндегі ең ірі жетістік - кен өндірудің алғашқы белгілері қалыптасты. Сырдария өңірінде неолит дәуірінде құралдарды яшма мен кварциттен жасады. Адам санасының деңгейі өсіп, өндірушіге айналды. Асыл тастарды жәй тастардан ажыратып, олардың сапасын ескеріп, оның ішінде нефриттен зергерлік бұйымдар, граниттен дән үккіштер жасады.

Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ болып төртке бөлінеді. Археологтар соның ішінде өзендік және көлдік тұрақтарда адамдардың ұзақ тұрғандығын дәлелдейді.

Тас дәуіріне қысқаша сипаттама беретін болсақ, қоғамдық Дамудың төменнен жоғары қарай жүргендігін, біртіндеп адамның санасы толысып, қоршаған ортаны өзіне бағындырғандығын байқаймыз. Дегенмен де, адам табиғатқа тәуелді болды. Өзін-өзі сақтап қалу үшін күрес жүргізді. Адам сақтанудың көзі — еңбекте екендігін түсінді.

Үйір — тобыр, қауым — тайпа болып өмір сүруден біртіндеп рулық қатынасқа көшу әлеуметтік теңсіздікке жол ашты. Қоғамдық меншік орнықты. Табиғаттың бірқалыпқа түсуі адамның қалыптасуының толық аяқталуына әкелді.

Жаңа тас дәуірінде негізін қалаған мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы, кен орындарын игеру өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың қалыптасуына жеткізді. Еңбек бөлінісі нақтыланып, ерлер мен әйелдердің қоғамдағы орындары айқындала түсті.

2. Қола дәуірі. Андронов мәдениеті. Б.з.д. II - I мыңжылдықтар аралығын қамтыған қола дәуірі қоғамдық дамудың ілгерілеуін байқатты. Бұл уақытқа дейін Қазақстаңда көшпелі және егін шаруашылығы қалыптасқан болса, енді палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі басталды.

Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар қола бұйымдар жасау ісін игерді. Оның сапасын бұрынғыдан да асыра түсу үшін, қоладан істелінетін бұйымның жасалу технологиясына мән берілді. Қола — әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның корытпасы. Қоланың мыстан беріктігі қару-жарақ, құрал-сайманның жетілуіне, түрлерінің көбейуіне жол ашты. Қазба жұмыстарының нәтижесінде Атасу өзенінің жағасынан кен балқыту пештерінің орны табылған. Қола дәуірінде өмір сүрген тайпалар кен игерудің жаңа әдістерін үйрене бастады. Олар жұмсақ кенді өндіруде омыру әдісін, ал жалпы кен өндеуде тотықтыру, қатты кенді игеруде отпен уату әдісін пайдаланды. Кен орындарын игеру, малды үй маңынан қашыққа жаю немесе көшпелі шаруашылыққа өту, қоғамда ер азаматтың рөлін күшейтті. Бұл жағдай аналық рулық қатынастың орнына аталық рулық (патриархалдық) қатынасты әкелді. Некенің жаңа түрі от басының оқшаулануына жол ашты.

Қола дәуірінде көшпелі мал шаруашылығының орын алуының екі себебі бар. Біріншісі, сүтқоректілер санының бұрынғыдан да көбеюі. Екіншіден, климаттың өзгеруі, салқын-ылғалды кезеңнің орнына жылылықтың артып, қуаңшылықтың күшеюі байқалды. Осыдан жаңа кәсіптің түрі — құдық қазу орын алды. Құдықтардың орны, әсіресе, Батыс және Орталық Қазақстанда көптеп кездеседі.

Қола дәуірі өзінің мәніне қарай ерте, орта, соңғы болып үшке бөлінеді. Бұл дәуірге Андрон мәдениеті сай. Мәдениеттің атауы жердің атауымен байланысты. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Бұл зерттеулер Қазақстан жерінің толық Андрон мәдениетіне жататынын дәлелдеді. Сондай-ақ, Андрон мәдениеті қола дәуірінің үш кезеңін де қамтиды. Андрон мәдениетінің ескерткіштерін кезендерге бөліп топтастырған С.А. Теплоухов, М.П. Грязнов, К.В. Сальников сияқты ғалымдар болды. Бірінің орнына бірі келетін кезеңдер екендігін дәлелдей отырып, оларды шартты түрде төмендегідей топтастырды: Федоров кезеңі — б.з.д. XVIII — XVI ғғ., Қазақстанда бұл уақыт аралығына жататын ескерткіштердің Атасу қонысынан табылуына байланысты

Атасу кезеңі деп аталады. XVIII — XVI ғғ. табылған ескерткіштер уақыты жағынан ерте қола дәуірін қамтиды. Алакөл кезеңі Орта қола дәуіріне жататын б.з.д. XV — XII ғғ. аралығын қамтиды. Қазақстанда бұл дәуірге жататын ескерткіштер Нұра өзенінің жағасынан көптеп табылуына байланысты «Нұра кезеңі» деп аталады. Соңғы қола дәуірі XII — VIII ғғ. қамтып, Замараев кезеңі деп аталады. Бұл кезең, Қазақстандағы ең ірі мәдениттің бірі — Беғазы-Дәндібай мәдениетіне сай келеді. Бұл мәдениеттің аймағы Орталық Қазақстан ,Қарағанды облысы, осыған байланысты осы аймақ ‘ежелгі металлургтер кені` деп аталды. Ғалымдардың есептеуі бойынша ерте кезеңде Жезқазған өңірінен — 100 мың тонна, Өскеменде — 200 мың тонна, Имантауда (Көкшетауда) — 50 мың тонна мыс рудасы өндірілген. Қалайының көлемі шамамен - 130 мың тонна. Орталық Қазақстаннан табылған 150 қорым мен 30 қоныстың орны белгілі.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі аралықтан табылған ескерткіштермен сипатталады. Мыс кендерінің орындары Суықбұлақ, Былқылдақ — 1, Бұғылы — 1, Алексеевка, Қанай т.б. қоныстарынан табылды. Беғазы-Дәндібай болып қосақталып аталуы ірі ескерткіштердің алғашқы табылған орындарына байланысты аталған. Дәндібай ауылынан табылған ескерткіш Қарағанды қаласына жақын орналасқан. Беғазы жері Балқаштың (Бұрынғы Жезқазған облысы) солтүстік жағында болды.

Қола дәуірінде баспананың дөңгелек, көшіп-қонуға бейімделген түрі пайда болды, демек, қазіргі киіз үйдің (прототипі) негізі сол кезден қаланды деуге дәлел бар. Жүйелі тұрақ орындарының да табылуы дамудын дәрежесін байқатады. Оған дәлел Арқайым қаласының орны. Бұл Қостанай және Шелябі облыстарының шекарасынан табылған қала. Археологиялық қазбалар андрон тайпаларының теселі егіншілікпен айналысқандығын айқындай түседі. Алғашқы соқа салу құқығын патшаға беру дәстүрі орын алған.

Андрон мәдениеті тұсында табынудың ауқымы кеңейді. Ерте қола дәуірінде өлікті өртеп, күлін қою, орта қола дәуірінде өлікті жартылай өртеп көму, ал соңғы қола дәуірінде адамды өртемей, шалқасынан жатқызып көму дәстүрлері қалыптасты. Адамдар отқа, күнге, тәңірге табынды.

Өнердің дамуы қыш-құмыралардың сыртына геометриялық ою-өрнек салумен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар сурет өнерімен де тығыз байланысты болды. Қаратау ауданында табылған 50 шақты сурет соғыс арбаларын бейнелейді.

Қола дәуірінде арийлер мен тур тайпаларынын өмір сүргендігі белгілі бола бастады. Бұған дәлел болатын ең ірі тарихи жазбаша дерек Заратуштаның қасиетті "Авеста" кітабы. "Авеста"-"Өсиет" немесе "Мадақтау" атты 21 кітаптан құрылған жанрлық жағынан жырға жататын еңбек. Бұл қасиетті жырдың алғашқы нұсқасы б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтарда қазақ жерін мекендеген арийдің бақташы тайпалары арасында туып, кейін сасанилер әулеті билеген парсы елінде қағазға түскен. Ариана Вайджа (Ариана Байтақ) — Қара теңізден Алтай мен Шығыс Түркістанға (Қашқария), Орал тауларынан Иран қыратына дейінгі аймақты алып жатыр. Төрт түлік мал өсірген, көлік ретінде екі дөнгелекті арба — күйме. Осы этникалық ортада пайда болған, кейін көп елдерге тараған дін — зороастризм діні. Бұл діннің біртіндеп ілімге айналуы оның мәніне байланысты. Адамды тек қана жақсылық жасауға бағыттады. Бақытқа жетудің бір жолы ретінде уағыздады. Дін "отты" қасиетті күш ретінде танытты. Бұл қазіргі қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-санасында кездеседі. (Мысалы, төсеніштердің басым көпш-

ілігінің күрең түсті болуы, үйді аластау, отқа май қүю т.б. жағдайлар сол зороастризмнің әсері).

Қола дәуірінде тайпа аралық қарым-қатынасты тек әдет-ғұрыптарға сүйене отырып басқарудың мүмкін еместігі айқыш байқалды. Осыған байланысты құқықтық жүйенің алғы шарттары қалыптаса бастады. Андрон тайпаларын билеуші куатты басқару аппаратының болғандығын б.з.д. II мыңжылдықтың басында іргетасы қатанған Арқайым қаласының мысалдарымен де дәлелдеуге болады. Б.з.д. XV ғ. табиғи қуаңшылықтың етек алуы қалалардың санының өсуі мен қанат жаюына ғана тежеу болып қойған жоқ, сонымен қатар пайда болып келе жатқан мемлекеттіліктің кей белгілерін де жойды

2- тақырып: Тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттер

Ертеректегі темір дәуірі-сақтар.

Қазақстан тарихындағы ғұндар.

Үйсіндер мен қаңлылардың қоғамдық құрылымы.

1.Б.з.д. I мыңжылдықтың басында қола дәуірінің орнына келген ертеректегі темір дәуірінде сақтардың тайпалық одақ пайда болды. Еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың деңгейі өсіп, белгілі бір экономикалық және мәдени қатынастар қалыптаса бастады.

Б.з.д. VIII — VII ғасырлардан бастап белгілі болған сақтар туралы археологиялық, сонымен қатар жазбаша деректер сақталынған. Бесшатыр, Есік қорғандары сияқты ірі ескерткіштер Жетісу жерінде сақ тиграхаудалардың өмір сүргендігін мәлімдейді. Парсы, қытай, грек жихангерлері мен ғалымдарының еңбектері олардың тұрмыс-тіршілігінің көшпелі екендігі, өз заманына лайық өркениетті мәдениетінің болғандығынан хабар береді. Сақтар көршілес жатқан елдермен, әсіресе, ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынаста болды. Ахеменидтік сына жазбаларында сақтар туралы нақты деректер кездеседі. Ежелгі парсы деректері сақтардың үш тобы туралы айтады: тиграхауда сақтары (шошақ бөрік киетін сақтар), хаумаварга сақтары (ха-ома сусынын дайындайтындар). Грек тарихшысы Геродот өзінің тоғыз томдық "Тарих" деп аталатын еңбегінің төртінші томыңда сақтардың бұл екі түрін ортокарибантия сақтар және амюргия сақтар деп атайды. Сонымен қатар, Ахеменидтік сына жазбалар сақтардың үшінші түрі тиа-парадарайа сақтары (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) туралы мәлімдейді. Сақтардың бүл түрі Арал мен Каспий теңіздерінің арғы бетінде мекендеген.

Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасы өтті. Марафон жерінде өткен грек-парсы соғысында сақтар парсылар жағына шығып, гректерге қарсы соғысты.

Б.з.б. 330-327 жылдары (б.з.б. V ғ.) македониялық гректер Александр Македонскийдің қол басшылығымен (Ескеңдір Зұлқарнайын) соғысып, ерлік көрсетті. Маракандты (Самарқандты) алған Александр Македонский Сырдарияға беттеді. Оның әскеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеуші массагеттер белсенділік танытты. Александр Македонский Сырдариядан өтпек болған кезде сақ жебесі тиіп, жараланды. Үш жыл бойы кескілескен соғыс нәтижесінде ғана македондық — гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырды. Ал, Сырдарияның арғы бетіндегі тиграхаудтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.

Жорықта қолға түскен тұтқындар құлдарға айналды. Мүліктеңсіздігінің тереңдей түсуіне соғыстардың да әсері болды. Біртіндеп рулық қауымдық қатынас — тайпалық одаққа ұласты.

Сақ мәдениетінің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: Майәмір кезеңі б.з.д. VІІ-VІ ғасырлар, екінші кезең - Берел кезеңі б.з.д. V-ІV ғасырлар, соңғысы Құлажорға кезеңі б.з.д. III-I ғасырлар. Археолог ғалымдар сақтар мәдениетінің кепілі ретінде көлемі әртүрлі қырық обаның барлығын айтады. Соның ішінде б.з.д. V-IV ғасырларға тән, Бесшатыр қорғанының орны ерекше, Сақ мәдениетінің ең ірі көрсеткішінің бірі "Есік" обасы. "Есік" обасына жерленген адам 17-18 жасар. Ол алтынмен мол тігілген киім, бас киімінің төбесі шошақ алтын қаптырмалармен көмкерілген. Есік обасы қабірінің мерзімі б.з.д. IV-ІІІ ғғ. Бұл обадан төрт мыңға жуық аңдық стильде орындалған зергерлік бұйымдар, екі күміс тостаған, оның бірінде 26 таңбалы 2 жолдан тұратын жазу табылды. Бұл обалардан басқа зерттелген обалардың ішінен ең ірі болып табылатын Түгіскен және Ұйғарақ (Сырдарияның төменгі ағысы, Аралдың шығыс жағасында), Шілікті обасын (Шығыс Қазақстан), Тасмола мәдениетін (Орталық Қазақстан) алуға болады. Обалардың көлемінің әртүрлі болуы мүлік теңсіздігінің қалыптасқанының дәлелі.

Сақтар Алтай, Сібір, Еуропа және Шығыс елдерімен сауда қарым-қатынастарын орнатты. Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында "Дала" сауда жолы қызмет етті. Бұл жол Хуанхэ өзенінен басталып, Қазақ даласы арқылы гректер мен этрусскілер жеріне апарды. Осы сауда жолы арқылы сақтарға қытай жібегі мен иран кілемдері жетті. Сондай-ақ, бұл тұста Ұлы Жібек жолының "лазурит", "нефрит" тармақтары да қызмет етті. Памирде өндірілген "лазурит" Иран мен Месопотамияға, ал Қашқарда өндірілген нефрит Қытайға жеткізілді.

Сақ қоғамыңда орын алған көшпелі шаруашылықтың өзі-ақ әлеуметтік теңсіздікке жол ашты, мемлекет белгілерінің қалыптасуын тездетті. Қыруар мал иесі біртіндеп, көлемді жайылымдық жерлерді өзіне қаратты. Оның малын бағушылар тәуелділер қатарын кұрды. Кен орындарын игерудің артуы, төрт түлік малдан жылқының ерекшеленуі әскери күшті қалыптастырды. Ерлер доңғалақты көліктен түсіп, атқа қонды. Бұл жағдай, атты әскердің қалыптасуына негіз болды.

2 .Ғұн империясы. Ғұндарды Қытай деректерінде хуннулар немесе сюннулар деп атайды.Ғұндардың жоғарғы билеушісін Қытай деректерінде шаньюй деп атайды. Б.з.д. 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарды деген мәлімет бар. Мөде әскери қуаттылығымен Хань әулетінің жорықтарына шек қойды. Хань әулетінің императоры Гаоцзу б.з.д. 188 жылы соғыста жеңіліп Мөдеге тәуелділікке түсті, үнемі салық төлеп тұрған кездері болды. Мөде тұсында ғұн мемлекетінің жері ұлғайып, империялық дәрежеге жету Ғұндар шығыстағы дунхуларды, батысында орналасқан юечжиларды, оңтүстігіндегі байян, лауфань тайпаларын бағындырды. Шаньюй тағы тек әулетте ру өкіліне мұрагерлікке берілді.

Ғұндардың бұл басқару жүйесін сатылы басқару деп атайды. Саяси құрылымы - шаньюй, князь, ұлы қолбасшы, басқарушыдан құрылды. Ғұндар 24 тайпадан тұрды. Оны ру ақсүйектері, оң және сол болып екіге бөліне басқарды. 24 тайпаны ру басылар басқарды. Олардың әрқайсысының 2 мыңдай әскері болды ішкі, сыртқы жағдайды, "бірқалыпты ұстау үшін" ұлыста әкімшілік әрі әскери қызмет орын алды. Халық жиналысының мәні зор болды. Жылына үш рет өткізілетін халық жиналысына мемлекеттік маңызды мәселелер қарастырылды. Оған халық санағы, мал басы санына бақылау жүргізу т.б. сияқты мәселелер жатты.

Деректемелерде "ғұндарда жылына үш рет Лунциге жиналатын әдет болды, олар бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіледі, "сюй" деп аталатын көк рухына құрбан шалынды ... сол жиналыстарда рубасылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтайды" деген жерлері бар. Ғұн мемлекетінде салық жүйесі орын алды. Көршілес қытайлықтардан салықты жыл сайын жібек, мақта, күріш, шарал т.б. заттар түрінде жинап алып отырды. Ал, халықтан алынатын салықты тірі малдай және терілей жинады. Салықты өтей алмағандардың әйелін, балаларын тартып алды.Мемлекеттік билікте шаньюй: а) мемлекет жерінің толық билеушісі әрі қорғаушысы; ә) соғыс жариялаушы,бітім жасаушы, әскери қолбасшы; б) мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатындағы жағдайды бақылаушы жоғары соттың қызметін, тілін, өмір мен өлімде шаньюй қолында болды деген деректер бар. Оған «түменбасы» атанған княьздар бағынды. Түмендер шаньюйдің ең жақын туыстарынан тағайындалды. Ғұндардың әскери құрылымында ондық жүйе сақталып, мыңбасылар мен жүзбасылар сайланды.(Әрбір ғұн әскер болып есептелді. Әскери міндеттен бас тартқандар өлім жазасына кесілді. Ер азаматтар бала күнінен өле-өлгенге дейін белгілі бір әскери бөлімге тіркелді. Әскердің негізгі бөлігін «атты әскер» құрады. Атты әскерді құраудың да өзіндік себептері болды. Біріншіден - ғұндарда жылқы жеткілікті еді, екіншіден — атты әскер тез орын ауыстыруға ыңғайлы тұрды. Бұл, әсіресе, жорықтарда тиімді болатын. Салт атты жауынгерлер негізінен садақ және жебелермен қаруланды. Ғұн мемлекетінде Мөдемен қатар Атилланың да (Еділ батыр) аты мәлім. Атилланың қолбастауымен ғұндар жойқын жорықтар жасап, көп мемлекеттерді тізе бүктірді. Өркениетті мәдениеті қалыптасқан Еуропа елдерін талқандады. Оның ішінде Атилланың жорықтары қуатты Рим империясының құлауына себепкер болды. Ғұндардың жорықтары лек-легімен құлдардың санын көбейтті. Ғұндар да өзге мемлекеттердегі тәсілмен құлдарды тұрмыс-тіршілікке, үй маңындағы шаруашылыққа пайдаланды. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстігіндегі ғұндар Қытай Хань империясына бағынды. Ал, Чжи-чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің дербестігін сақтап қалуға тырысты. Олар Моңғолияның солтүстігіне орналасып, астанасын Қырғыз Нұр қаласы етіп белгіледі. Қаңлылар билеушісі ғұндармен арақатынасты күшейту мақсатында өз қызын Чжи-чжиге күйеуге береді. Сөйтіп, ғұндар үйсіндерге шабуылда қаңлылармен одақтасты, бірақ үйсіндерді жеңу мүмкін болмады. Бұл жағдай екі жақтың одағын бұзды. Біртіндеп солтүстік ғұн мемлекеті де Хань империясының қолына түсті. Чжи-чжи өзінің сыбайластарымен ұсталып өлтірілді, Ғұндардың қоныс аударуының күшеюі б.з. 93-і жылы. Олар Сыр бойын жағалай Қазақстанға, одан Дунайды бойлап Еуропаға шықты. Б.з. IV ғасырда Дунай жағалауы арқылы өтіп, Венгрияға барып қоныс тепті.

Ғұндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері жақсы дамыды, рулық құрылыс ішіндегі жаңа қатынас мал мен жерге меншік қалыптасты. Ғұндарда жылқы малы көп болды. Малды қысы-жазы тебіндетіп бақты. Сондай-ақ, өзен жағалауында тұрған ғұндар егіншілікті де кәсіп етті. Отырықшы тіршілікке бейімделгендерінің баспанасы ошақпен жылытылған жертөле, ал көшпенділер киіз үйлерде тұрды. Әлеуметтік теңсіздіктің тереңдей түсуін археологиялық қазбалар дәлелдеді. Құнды металдардан жасалған зергерлік бұйымдар, әшекейленген көн белдіктер, бағалы аң терілерінен тігілген киімдер, қару-жарақ өзінен-өзі тектілікті, байлықты айқындай түседі.

Ғұндарда малға әулеттілік және жеке меншік қалыптасты. Сыма Цянь жазбаларында «ғұн князьдарының хань елшісі Сууға екі рет жылқы үйірі мен қой отарын тарту еткенін және сыйлық ретінде басқа да мал бергені туралы» айтылады.

Ғұндардың бала тәрбиесінен де әскери нақыш байқалады. Ертеңгі жауынгер бала күнінен қолына садақ алып, оны дәлдеп атып, олжалы болуы сияқты мергендікке баулуына бағыт беруді деректерде мына жағдайлармен

көрсетеді: "... балалар қойға мініп, садақ тарта алады және құстар мен тышқандарды ата біледі; біраз өскен соң олар түлкілерді және тамақ етіп жейтін қояндарды атады. ... Олардың арасында орнаған ғұрып бойынша, тыныштық кезде мал бағып, оған қоса құс пен аң аулайды, сөйтіп тіршілік етеді".

Соғыс құмар, жауынгер, варварлық шапқыншылықтар мен көзге түскен ғұндар қазіргі қазақ даласында сонау ІІ-V ғасырлар аралығында солтүстіқ, орталық және шығыс аймақтарда өздерінің мемлекетін құрды. Ғұндар, үйсіндер, қаңлылармен көршілес жатқан түркітілдес, монғолоит тайпалары еді. Бұлар түрік қағаңдықтарының қалыптасып, біртіндеп күшеюі нәтижесінде құлады.

3. Үйсін және қаңлы мемлекеттері. Қазақ даласындағы алғашқы мемлекеттік түзілістер өзінің мағынасы жағынан тым қуатты болмағанымен өзінің мәні жағынан мемлекеттік құрылымдар болып табылды.Өйткені, үйсін және қаңлы тайпалары құрған саяси құрылымдар мемлекеттіліктің барлық белгілерін көрсете алды.

Жетісуда сақ тиграхаудаларының орнына б.з.б. II ғасырда, үйсін тайпасының қоғамы пайда болды. Олар туралы алғашқы

мәліметтер б.з.д. II ғасырдың аяғында тарады. Қытай императоры ғұндарға қарсы соғыста одақтас іздеп, Батыс өлкеге б.з.д. 138 жылы Чжан-Цянь бастаған елшілік жібереді. Чжан-Цянь он үш жыл бойы ғұндардың қолында тұтқында болады. Тұтқыннан қашып шыққан Чжан-Цянь Жетісуға келеді. Міне, осыдан кейін еліне аман оралған Чжан-Цянь үйсіндер туралы хабарды Қытайға жеткізеді.

Қытай деректерінде б.з.б. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келеді. Олар 120 мың отбасын құрап, ал жалпы саны 630 мың жанға жетіп, жауға қарсы 188 мың әскер қоя алған делінеді. Сондай-ақ, жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың атты әскері және оларға бағынатын 10 мың садақкерлерінің болғандығын мәлімдейді.

Үйсіндер билеушісін "гуньмо" (Күн бегі) деп атаған. Олардың бәрі Гуньмоға жоғарғы дәрежеде тәуелді болды. Оның ордасы Іле өзенінің оңтүстік жағалауы арасында ірге тепкен Чигу қаласына орналасқан делінеді. Демек, Чигу дегеніміз Ыстықкөл маңындағы Қызыл Аңғар қаласы болса керек. Сюннулар (ғүндар) сияқты үйсіндерде де үштік жүйе болғанға ұқсайды. Олар: сол қанат, орталық және оң қанат болып бөлінген (Олардың әрқайсысында он мың жауынгер болды). Үйсіндер қоғамы біртектес болмаған. Мал-мүлікке жеке меншік орнап, төрт түлік малдан үйсіндердің қыруар жылқылары болған. Бай үйсіндердің жеке мөрлері туралы деректер кездеседі. Олар жібекті жылқыға айырбастап немесе сыйлық, алым есебінде Қытайдан алып отырған. Үйсіндер лауазымдарына қарай киінді. Атақты, беделділері жібектен, ал қарапайым халық теріден, жүннен жасалған киім киді. Таптық теңсіздіктің біртіндеп күшейе түскендігін өлген адамды жерлеу рәсімінен де аңғарылады. Дәулетті үйсіннің қабірінің көлемі үлкен, қоса көмілген заттары қымбат бағалы болған.

Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде таңбалар көптеп табылған. Таңбалар мен ендер малға жеке меншіктің болғанын айқындайды. Жеке меншік туралы жазбаша деректемелерде де айтылады. Сыма-Цянның "Тарихи жазбаларында" (Шицзи) "үйсіндерде бай адамдардың төрт мыңнан бес мыңға дейін жылқысы болады" деген мәлімет кездеседі. Басқа бір деректе "бай үйсіндер 4000-нан 5000 жылқы ұстайды" дейді. Жылқы байлық өлшеміне айналды. Қыстау мен жазғы жайылымның ара қашықтығы 30-100 шақырым аралығында болды. Сондықтан да үйсіндер тау бөктеріндегі жайылымдарда ұзақ отыра алатын еді. Қыстау мен жайлауды тиімді пайдаланған. Түрлі апатты жағдайларға байланысты малынан айырылған үйсіндер кедейленіп, тұрақты отырықшылыққа кешуге мәжбүрленген. Отырықшы үйсіндер баспананы саз балшықтан бірнеше бөлмелі етіп салып, пешпен жылытқан.

Үйсін мәдениетінің дамуын үш кезеңге бөлеміз: ескерткіштердің алғашқы кезеңі б.з.б. III—I ғасырлар, орта кезеңі б.з.б. I — б.з. ІІІ ғасырлар, кейінгі кезеңі б.з. ІІІ — V ғасырлар. Ең негізгі ескерткіштердің бірі ретіңде Алматы түбіндегі Қарғалыдан табылған алтын диадеманы атауға болады.

II — V ғасырлар аралығында "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп аталатын тарихи оқиғаның аяғы Орталық Азияда, оның ішінде қазіргі Қазақстан аймағында бірнеше мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуына әкелді. Соның бірі — Қаңлы мемлекеті.

Қаңлы мемлекеті кең аймақтан орын алды. Түгелдей Сырдария бойыңдағы шөбі шүйгін алқап, сонау Ташкент жазирасын қосып алып жатты. Олардың жерінің кең аймақты алып жатқандығын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар үш бірдей мәдениеттің орнығуымен байланыстыруға болады. Қаңлылар туралы ертеректегі тарихи ескерткіштер Авеста, Махабхарадата, Шахнама аңыздарыңда Кангха деген атаумен кездесіп, олардың орналасу аймағы Сырдария бассейіні екені анықталды.

Қаңлылар туралы негізгі деректердің бірі — Чжан-Цянның қолжазбалары. Ол қаңлылардың санының 600 мың адам немесе 120 мың отбасы екендігін, астанасы — Битянь қаласы болғандығын мелімдейді. Қаңлылар ғұндар, үйсіндермен көрші тұрды. Ғұндар мен үйсіндер арасында шапқыншылықтар болды. Үйсіндер Хань әулетінен қолдау тауып күшейді. Қаңлылардың жазиралы жеріне үйсіндер тыныштық бермейтін болды, саяси жағдай шиеленіскен кездер көбейді. Осы жағдайды жақсарту үшін қаңлы билеушісі солтүстік ғұн билеушісі Чжи-Чжиді қолдады. Бірақ үйсіндердің күші басым болып солтүстік ғұндар жеңіліс тапты.

Қаңлылар қытай, рим, кавказ елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар жасады. Себебі, қаңлылар Сырдария жағалауына орналасқандықтан Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтарына бақылау орната алды.

3 – тақырып: Ертеректегі ортағасырлық мемлекеттер

1. Түрік қағандықтары.

2. Қарлұқ, оғыз, қимақ мемлекеттері.

3. Қарахан мемлекеті, наймандар, керейттер мен жалайырлар

4.Қыпшақ хандығы

1.Қазақстан тарихында VI – XII ғғ. аралығы «түркі дәуірі» деп аталады. Түркі тілдес тайпалардың 700 жыл бойы үстемдік еткен кезінде Қазақстан аумағында көптеген ерте ортағасырлық мемлекеттер орын алды. Түркілер тайпасының саяси аренаға көтерілуі олардың үлкен соғыстармен байланысты болды. Оның ішінде теле тайпасының әрекеті Алтай өңіріндегі саяси құрылымға ерекше әсерін тигізді. Vғасырларда түркі тілдес теле тайпасы Солтүстік Монғол жеріне Шығыс Еуропаға дейін кең аймақты алып жатты. «Түрік» деген атау алғаш рет қытай шежірелерінде 542 жылы кездеседі. Қытайлар Түркілердің күшеюіне әсер еткен 546 жылғы жағдай. Бұл жыл телелердің Бумын бастаған түркілерден жеңілген жылы.Телелер түркілерге бағыныштылыққа түсті.

Түрік қағаны Бумынның беделінің өсуі оның жорықтарына байланысты болды. Ол түріктердің ата жауын біртіндеп талқандай бастады. Әсіресе, 552 жылы авар қағаны Анағұйды жеңіп, оны ең соңында өзін - өзі өлтіруге мәжбүр етті. Сонымен 552 жылы Түрік қағандығы құрылды.

Түрік қағанаты Орта Азиядағы өзінің саяси билігін нығайту үшін Византияға 568жылы соғды көпесі Маниах бастаған елші жіберді. Бұл елшіліктің бірінші сапары сәтсіз болып, екінші рет тағы жіберілді. Елшіліктің алдына қойған мақсаты, біріншіден, Иранға қарсы әскери одақ жасау болса, екінші басты мәселе, сауданы жандандыру еді. Бұл жолы да жібек саудасы түпкілікті шешілмеді, себебі, Византия өзі жібек шығарып, бәсекелестік туды. Екінші сапарда Маниах бастаған елшілік Иранға қарсы әскери одақ жасауға қол жеткізді.

Оған дәлел Византия императоры, Земарх бастаған бір топ адамды түрік елшілерімен қосып аттандырды. Түрік қағаны Истеми (Силзебулл) Византиядан келген бұл елшілікті өте жақсы қабылдаған. Жазба деректер VI ғасырдың аяғында түрік қағанатының ішкі, сыртқы саясатының әлсірегендігін мәлімдейді.

Батыс Түрік қағандығы кең аймақты қамтыды. Шығыс Түркістаннан Әмударияға, батыс шекарасы Еділ өзені, оңтүстігі Кавказға дейін созылды. Қазақ даласында Батыс түрік қағанаты бұрынғы үйсіндер мекендеген аймақтарды алып жатты. Демек, Қаратудың шығыс жағынан қазіргі Жоңғарияға дейінгі жерлер кірді. Орталығы Жетісу болды. Астанасы – Суяб қаласы. Қағандықты /мемлекетті/ - ең жоғарғы билеуші, әскербасы әрі бүкіл жердің иесі болып есептелетін қаған биледі. Қаған «ашина» руынан болуы тиіс еді.Жазғы ордасы Мыңбұлақ қаласы. Қытай деректерінде бұл қала «Цзедань қаласы» деп мәлімделеді. Ортағасырлық кезеңде көптеген мемлекеттерде екі астанадан болғандығы байқалады. Бұл олардың көшпелі шаруашылығымен байланысты еді.

Саяси құрылысын алсақ, Батыс Түрік қағандығының ел билеушісі – қаған, ол әрі әскер басы, шексіз билікке ие болды. Ру басшыларын тағайындау, жер бөлу биліктерін өзі шешті. Қағанның арнаулы әскери жасағы құрылды.

VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны ордасында болған будда монахы, саясатшы Сюань Цзянның жазғандары қаған ақсүйектерінің байлығын көрсетеді. Аң аулап жүрген қағанды көрген саяхатшы аңшылардың киімдерінің сәнділігіне таң қалған екен. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, - дейді ол. – Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сәйгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті «көз қаратпайды» дейді ол. Қағандықтағы екінші адам – ұлық. Әкімшілік істерді жабғу, шад, елтеберлер басқарды, сот қызметін бұйрықтар мен тархандар, салық жинауды бақылаушы – тудундар жүргізді. Бектер, яғни, тайпа бастықтары мен өкілдері ақсүйектердің негізгі тірегі болды. Батыс түрік қағандығында көңіл аударарлық жағдай ол – үй қағанының қоғамдағы орны. Бір әулеттегі басшыны, немесе үй иесін үй қаған деп атаған. Бұл біріншіден отбасының беделін көтерер жағдай деп түсінсек, екіншіден, патриархалды- рулық қарым – қатынастың дәрежесіне маңыз бере түседі деп түсінуімізге болады.

Еңбекші халық – «қара бұдун», халықтың ең төменгі кедейленген бөлігін «тат» деп атау қалыптасты.Жорықтарда қолға түскен тұтқындар құлға айналды. Олар қағанның меншігінің бір бөлігін құрады. Отбасында құлдарды шаруашылыққа пайдалану, кейде кәсібіне қарай арнайы тірлікке бейімдеу орын алды. Мысалы, көбіне қала салу, зәулім ғимараттар тұрғызуға ақсүйектер міндетті түрде құлдарды пайдаланды.

VII ғасырдың ортасында «Он жебе» (он оқ) құрамына кірген тайпалардың қаған атынан емес, өз туларын жеке көтерген әрекеті жиілей түсті. Оның аяғы он алты жылға

созылған тайпааралық (640-657жж.) үздіксіз соғысқа ұласты. Бұл соғыс Батыс Түрік қағандығын әлсіретті. Осы саяси шиеліністі Таң империясы (Қытай) тиімді пайдаланып, Жетісуға кірді, бірақ түріктердің олармен аяусыз соғысы VIII ғасырдың басында биліктің түркештер қолына өтуіне әкеп соқты.

Түркештер ертеден Іле мен Шу аралығында көшіп жүрген тайпалар. Олардың басын біріктіріп, Жетісудағы билікті 70 -жылы Үш-Елік қолына алды. Ол Шаштан (Ташкент) бастап, Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта өз билігін орнатты. Астанасы етіп Суяб қаласын белгіледі, оны «Үлкен Орда»деп атады. Екінші астанасы – Күңгіт қаласы, оны «Кіші Орда» деп атады. Түркеш қағандығындағы маңызды сауда орталықтарының бірі – Тараз қаласы болатын. Бұл қала Ұлы Жібек жолының үстінде жатқандықтан саяси- экономикалық маңызға ие болды. Тараз қаласында теңге соғатын ұстаханалардың болғандығын археологиялық зерттеулер көрсетті. Үлестік жүйе орын алды. Оны «түтіктік» деп атады. Түркеш қағандығы 20 түтіктікке бөлініп, оның әрқайсысында 7 мыңнан әскер болды.

Түркештер сары және қара болып екіге бөлінді. Шу бойында сары түркештер, ал Талас өзені жағасында қаралар тұрды. Жалпы түркеш қағандығының гүлденуі қара түркештерді шапыш тайпасынан шыққан Сұлықтың тұсына келеді. Қара түркештердің атын Сұлық (Сұлу) қаған шығарса, сары түркештердің аты Сақал қаған тұсында шықты. Бірақ сары және қара түркештер арасында ауызбірлік болмай үнемі соғыстар болып тұрды. Ол, әсіресе, 738 жылы Сұлу қаған дүние салған соң қатты байқалды.

VIII ғасыр түркештер үшін саяси белестер кезеңі болды. Орта Азияны тізе бүктірген арабтар түркештер жеріне басып кіріп, «қасиетті соғысты» жалғастырды. Оның үстіне қарақытайлықтардың әрекеті де ізсіз қалған жоқ.

Күшейген қарақытайлар 748 жылы Суяб қаласын жаулап алды. Жетісу жері қытай мен арабтар арасында тартысқа түсті. Арабтар мен қытайлар арасында 751 жылы Атлах қаласында қатты шайқас өтті. Түркештер арабтардың жағына шығып, бес күнге созылған шайқаста қытайлықтарды талқандады. Бұл жағдай түркештер елінде мұсылман дінінің енуіне, араб жазбасының қалыптасуына жол ашты. Сондай-ақ, түркештердің этникалық – саяси тарихына, материалдық және рухани мәдениетінің дамуында соғдылықтардың орны ерекше болды. Себебі, VIII ғасырдан бастап, соғдылықтар Жетісуға түрлі себептермен қоныс аударды. Олардың Жетісуға келуі сауданы жандандырды, егіншілік пен қала мәдениетінің өркендеуіне елеулі із қалдырды.

VIII ғасырдың бірінші жартысында түркештер еліне жан-жақтан жасалған шабуылдар, олардың өздерінің арасындағы тартыстар, бұл мемлекетті әлсіретпей қоймады.

Осы себептен 746 жылы Жетісуға Алтайдан ауып келген қарлұқтарға төтеп бере алмай, Түркеш мемлекеті 756 жылы құлады.

2.Ертеректегі ортағасырлық кезең көптеген қоғамдық құрылымдарда бастан кешірді.Саяси құрылысы жүйеге келтірілген,әлуметтік құрылымы іріктелген, шаруашылығымен мәдениеті қалыптасқан мемлекеттер құрылды. Сол мемлекеттерді құруға Алтай өңірінен Ілеге қарай қоныс тепкен «үш қарлұқ», қимақ ал, осылардың Іле жағалауына құлауынан сол аймақты тастап Аралға қарай ығысқан оғыз тайпаларының орны ерекше:

Қарлұқтардың даму тарихын 840 жылға дейінгі және одан былайғы деп екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Орта ғасырдан қалған жазбаша деректер олардың бастапқы мекені Отюкен (Моңғолия) екендігін мәлімдейді. Олар біртіндеп «үш қарлұқ» жікіл, басмыл, ташлық атауымен Тарбағатайға дейін қоныстана бастады. Саяси дамуы Батыс және Шығыс түрік қағандықтарындағы жағдаймен тікелей байланысты болды. Қарлұқтар өз дербестігіне қол жеткізу үшін көтерілістерге, тіпті, кей жағдайда бейімделу жағдайына көшіп отырды. 742 жылы Шығыс түрік қағандығының үстемдіктен айрылуы қарлұқтардың дербестігіне жол ашты.

744 жылы осы оқиғаға байланысты ішкі Азияда Ұйғыр қағанаты пайда болды. Қарлұқтардың дербестік үшін күресі толастамады. Оның алғашқы әрекеті 746 жылы қарлұқтардың Жетісуға қоныс аударуымен ұштасты. Осы тұста түркештердің әлсіреуін пайдаланып Жетісу жеріндегі билікті 756 жылы қолдарына алған қарлұқтар болды. Жетісу жері үшін қарлұқтар мен оғыздар арасында үлкен қантөгістер өтті.Олар Жетісу жеріндегі түркештерді талқандап, өз биліктерін орнатты. Бұл 756 жыл еді. Астанасы – Суяб қаласы болып бекітілді. Қарлұқтар жаугершіліктің арқасында жерін кеңейтті. Бұған араб жағрафшысы ибн Хаукальдің «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды» деп жазған сөздері дәлел.

Қарлұқтар айналдырғанда он жыл шамасында (766-775жж.) Қашқарияны, Ферғананы жаулап алды. Араб, парсы деректері қарлұқтардың саяси бірлестіктері болғандығын мәлімдейді. Баста бір ғана болат, одан үш қарлұқ болып көбейсе, ал XII ғ. өмір сүрген араб жағрафшысы Әл-Марвази қарлұқтар құрамында тоғыз тайпаның барлығын атайды. Қарлұқ мемлекетінің көлемділігіне қарай, оның халқы да этникалық жағынан біртектес болмаған. Ең алғашқы қарлұқ қағаны ашина руынан тараған – Испиджаб билеушісі Білге Қадырхан еді. Басқа ортағасырлық мемлекеттердегідей Қарлұқ елінде де екі астана болды. IX ғ. аяғында арабтар бұл аймаққа шапқыншылықты тағы бастады. Осыдан да болар қарлұқ қағанының Тараз шахарынан ордасы Қашқарға көшті.

Алтай жеріндегі шайқас ұйғырлар мен Енисей қырғыздары арасында жүріп жатты. 80 мың жауынгер жасақтай алған қырғыздар 840 жылы ұйғырларды түпкілікті талқандады. Ұйғырлыр Турфан алқабына Ганьсу жеріне қоныс аударды. Қарлұқ мемлекетінде ислам діні жедел дами бастады. Оған саманилер үлес қосты, ал соғдылықтар өздерінің отырықшы мәдениетімен із қалдырды.

840 жылға дейін қарлұқтардың ел билеушісін «жабғу» деп атап келсе, бұдан былай толық дербестікке жеткендікті айқындаудың бір белгісі – ел билеушісін «қаған» деп атады. Мемлекетті басқарудың әскери - әкімшілік жүйесі орын алды.

Қарлұқ мемлекеті біртіндеп ұлғайды. Жетісу мен Қашқариядан бастап, Сырдарияның орта ағысы мен Ферғанаға дейін аймақты алып жатты. Қарлұқтар әр түрлі диалектіде сөйлеген түркі тілдес тайпа. Олардың бір тобы «Ж», екінші тобы «Й» дыбысты диалектіні қолданған.

Қарлұқ мемлекеті қай жағынан болса да ғалымдарды қызықтыра алды. Әл –Идриси сауда керуен жолдары, қалалар туралы нақты дерек қалдырса, араб саяхатшысы Әбу-Дулаф қарлұқтар жерін «25 күндік жол»- деп жазды, Ибн-Хаукаль: «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін 30 күн жол жүру керектігін» айтады. Ал, «Худуд ал-алам» еңбегі бойынша қарлұқ мемлекетінде 25 қаланың болғандығы мәлімделеді. Шу және Талас өзендері жағалауында Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Тузун, Балиғ, Барысхан, Сикул, Талғар, Тонығ, Пенчул т. б. қалалар пайда болды. Қалалардың көбеюіне байланысты қолөнер мен сауда салалары өркендеді. Шығыс Түркістан мен Қытайдан ағылған көпестер Ұлы Жібек жолының маңызын арттыра түсті.

Дегенменде, өзара қырқысу соғыстары мен жайылымдық жерлер үшін өткен қақтығыстар қарлұқ қағанатын әлсіретті. 940 жылы Қашқар билеушісі бұл жағдайды тиімді пайдаланып, ең ірі экономикалық ірі сауда орталықтарының бірі –Баласағұнды басып алды. Қарлұқ мемлекетінің құлауының басты себебі осы еді.

VII ғ. Жетісу жерінен оғыздардың ығысуы қарлұқ тайпаларының күшеюімен байланысты болды. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысының жағалауымен Арал өңіріне қоныстанды. Бұл жерлерді оғыздар қаңғар печенег тайпасынан тартып алды, бұл жорықтар қарлұқтар мен қимақтардың одақтасуы нәтижесінде жемісті болды. Оғыздардың қоныс, өрістері біртіндеп Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің жағалауларына, одан Сырдарияның Қаратау аймағы мен Исфиджап қаласына дейін созылды. IX ғасырдың аяғында олардың шекарасы Жайықтан Еділге дейін жетті. Жазбаша деректерде оғыздардың қалыптасқан саяси құрылымының болғандығы мәлімделеді. «Ескі Гузия» қаласы Шу өзені мен Сырдария бойындағы Қаратау аралығында болуы керек деген болжам бар. Сондай –ақ, жазбаша деректер оғыз мемлекетінің толық орнауын «IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың басы»- деп көрсетеді. Нақты деректер Әл Якуби, Ибн Әл- Факих, Әл-Идриси қатарлы араб ғалымдарының еңбектерінде кездеседі.

Жаңа жерде мемлекеттік құрылымды қайта жандандырған оғыздар өздерінің астанасын Сырдария өзенінің жағасына «Янгикент немесе Жаңа Гузия» деген атпен белгіледі. Янгикент қаласы тоғыз жол торабына орналасты. Ол көршілес мемлекеттермен сауда әрі саяси қарым-қатынас жасауға ыңғайлы болды. Янгикент арқылы Хорезм, Мәуереннахр, Қазақстанның басқа да алыс аймақтарымен байланысуға мүмкіндік туды.

IX – XI ғасырларда оғыз мемлекетінің билеушісін «жабғу», ал олардың кеңесшілерін «күл –еркіндер» деп атады. «Жабғу» тағы мұрагерлікке берілді. Мұрагерлерді «инал» деп атады, оларды «атабектер» тәрбиелейтін болды. Әскери қолбасшы «сюбаши» деп аталды.

Оғыз қоғамында «жабғулардың» әйелдерінің құқығы ерекше болды. Олар сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқарды, оларға «хатун» ( ханыша) деген атақ берілді.

Оғыз қоғамында халық жиналысы маңызды орын алды, бірақ олар сирек шақырылатындықтан басты рөлді шонжарлар кеңесі (қаңқаш) атқарды. Оғыз ақсүйектерінің беделі күшті болды. Сонымен қатар «ұрығ» деген рулық бөлімшелер белгіленді. Бұл –патронимия құратын әулетті тұқым.

Қалыптасқан басқару аппаратының қуаты салық жинау кезінде байқалды. Салықтан бас тартқанды жазаланды.

Оғыздардың этникалық құрамына келетін болсақ, Жетісуда өмір сүрген тайпалардан тұрды. Оған осы аймақты мекендеген көптеген түркі тілдес тайпалар мен Сыр бойындағы

қаңар – печенегтер кірді. Кейін келе оғыздардың құрамында хазарлар да із қалдырды. Әу баста Жетісудан орын тауып, кейінгі саяси жағдайларға байланысты Қазақстанның батысына дейін жеткен оғыздар тайпасының саны туралы түрліше мәліметтер бар, соның ішінде Махмұд Қашқари олардың 24 тайпадан тұратынын мәлімдейді. 24 тайпа екі экзогамиялық фратрияға жіктелініп; олардың әскерлерінің оң және сол қанатындағылар бұзықтар мен ұшықтарға бөлінді. Бұзықтардың құқығының жоғары болуы, олардың «аға» тайпа екендігін әрі оң қанатқа жататындағын анықтайды. Ал, осыған орай ұшықтардың «кіші» тайпа екендігін өзінен -өзі белгілі.

XI ғасырдың басында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауды жолдарын бақылауға алуды көздеп, оғыздарға шабуылды көбейтті. Оғыздар мемлекеті қыпшақ тайпаларының шапқыншылығынан құлады. Оғыздар Сырдария, Арал, Каспий жағалауын тастап кетті. Олардың бір бөлігі – Шығыс Еуропамен, Кіші Азияға қоныс аударса, қалғаны салжұқ тайпаларына қосылды. Қыпшақтар XI ғасырдың басында «Мафазат әл – гузз» (Оғыз даласы) жерін талқандап, оның орнына Дешті Қыпшақты (Қыпшақтар даласы) құрды.

Қимақтардың дербестік алып тарих сахнасына көтерілуі Батыс Түрік қағанатының 656 жылы ыдырай бастауымен байланысты. Қимақтар туралы деректер б.з.д. Қытай жылнамаларында кездеседі. Олар ең алғаш рет «Яньмо» деген атпен белгілі болды. VII ғасырда Қимақтар көшіп-қонуының күшеюі сыртқы жағдайдың шиеленісуімен байланысты еді. Қимақтардың саяси құрылымындағы өзгерістер, бұл тайпаның өзінің мемлекеттік дәрежеге жету жолында көршілес тайпалармен үлкен қақтығыстарға барып отырғандығының дәлелі.

VII ғасырда қимақтар тайпа басшысын «шад –түтік» деп атаса, 840 жылы Енисей қырғыздарының ұйғыр қағанатын талқандауынан кейін, қимақ конфедеренциясы (бірлестік) пайда болып, басшысын «байғу» (ябғу) деп атай бастады. Ұйғыр қағанаты құлаған соң, оның құрамындағы түркі тілдес тайпалар қимақтардың құрамына енді, бұдан кейін олар Ертістен өтіп, Қазақстанның Солтүстік, Шығыс аймақтарына қоныс тепті. Біртіндеп оғыздардың жерлерін тартып алды. Осы кезде Гардизидің айтуы бойынша бірлестіктің құрамында эймур, имақ, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ және ажлар сияқты 7 тайпа кірді. Аталған тайпалардың ішінен күш –қуаты, саны жағынан қыпшақтар басым тұрды. IX ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдағы қимақ-қыпшақ тайпалар одағының негізінде ертедегі феодалдық мемлекет қалыптасты. Астанасы Ертіс бойындағы темір қақпалы дуалмен бекітілген, көп әскері, қазынасы бар Имақия, екінші астанасы – Алакөл жағасындағы Қарантия қаласы болып белгіленді.

Қимақтардың IX ғасырда мемлекет құра алғандығы туралы араб, парсы ғалымдары Әл –Якуби, Ибн Әл – Факих, Әл – Истархи, Ибн – Хаукаль жазады.

IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың басында кимектер едәуір күшейді, қағандық дәрежеге жетті. VII ғасырда «шад –түтік», IX ғасырда одан бір саты жоғары «байғу» (ябғу), ал IX ғасырдың аяғымен X ғасырдың басында «ябғу» атағынан екі саты жоғары тұрған «қаған» атағына жетті.

«Қаған» - хан деген, «қағандық» - мемлекет деген мағынаны береді. Ал, Әл Хорезми (X ғ.) «Қаған – хандардың ханы» -дейді.

Қағандық тақ –мұрегерлікке берілген. Қимақ қағандығы он бір үлеске бөлінген. Сондықтан да қаған он бір басқарушыны ақсүйек шонжарлардан тағайындап отырды. Үлес иелері белгілі аймақты иеленді, ол жерде этникалық орта, көбінесе бір тайпаның өкілдерінен құралды. Олар өздерін қорғау мақсатында әскер жасақтады. Тіпті, күш-қуаты нығайған үлес басқарушы саяси билікке қол жеткізуге де әрекет жасап отырды. Кей жағдайда сондай әрекеттердің арқасында «жартылай тәуелсіздікке» қол жеткізетін мүмкіндіктер туды.

Қимақ қағандығының феодалдық мемлекет екендігін мүлік теңсіздігінен, алым-салықтың орын алуынан байқауға болады. Әл-Идриси шонжарлардың ғана қызыл –сары жібектен киім кие алғандығын, сондай-ақ олардың атты әскермен қатар, жаяу әскерінің де болғандығын жазған. Жаяу әскер күйзеліске ұшыраған көшпелілер мен тұтқындардан тұрды.Ең негізгі байлық мал, оның ішінде тебіндеп, азық табатын жылқы болған. Түрлі табиғи және басқа да апатпен байланысты малынан айырылғандар отырықшы тіршілікке көшіп «ятұқ» (жатақ) атты жаңа әлеуметтік топты құрады.Ең бастысы –оларда жазу болған.

Жазу – мемлекеттің басты атрибуттарының бірі. Бұл туралы Әбу –Дулаф «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады» - дейді. Олардың ең шоғырланған аймағы таулы Алтай мен Ертістің жағалауы. Қимақтардың Еділге дейін созылып орнығуына байланысты қыпшақтар Батыс аймақтардағы, Оңтүстік Орал, Сырдария, Арал жағалауындағы печенегтерді толық ығыстырды. Осының нәтижесінде печенегтер Шығыс Еуропаға бет алды.

Араб жағрафшыларының дерегі кумандар Аскасия және Тагур таулары бөктерінде өмір сүрді дейді. Аскасия – Орал таулары, Тагур –Мұғалжар таулары, оның ішінде құмандар Тагур тауларының бөктерінде тығыз орналасып, осы аймақта олардың астанасы –Құмания болды делінеді.

Қимақтар көшпелі тіршілігімен және жайылымдық жерлер үшін жасаған жорықтарымен өз жерлерін кеңейтті.

Авторы белгісіз «Әлемнің дөңгелек картасында» X ғасырдағы қимақтардың орналасуын «Каспийдің солтүстік-шығыс жағы, Жайық пен Жем өзендерінің жағалауы, Арал теңізінен Оңтүстік Оралға дейінгі солтүстік аудандар»- деп береді.

Зерттеулерді оқи отырып, ғалымдардың «Худуд Әл –аламға» сүйеніп, қимақтар тұрған аймақты үшке бөлгендігін көруге болады. «Бірінші аймақ –Андак әл –хифчак. Андак әл –хифчак – Орталық Қазақстанның солтүстік жағын алып жатқан.Бұл аймақта қыпшақтар тұрған. Екінші аймақ Йагсун –йасу –Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Үшінші аймақ –«Қырқырхан» - Тарбағатайдан Шыңғыстау, Қалба жотасына дейін» -деп көрсетеді зерттеуші ғалымдар. Бұл аймақта олар қырғыздармен аралас тұрған.

Қимақтардың кең аймақты алып жатқандығы, Әбу –Дулафтың кимектер жерін 35 күнде кесіп өтумен де дәлелдеу жөн.

Дегенменде, XI ғасырдың басында қыпшақтар осындай ұлан – байтақ, кең жазираның мұрагеріне айналды. Оның екі себебі бар еді. Біріншісі, сол қыпшақтардың өзімен тығыз байланысты, өйткені олар қашаннан да қимақ мемлекетінің құрамында жүріп –ақ, саны жағынан басым болғандықтан саяси билікке ұмтылуын тоқтатқан жоқ.

Екіншісі, 616 жылы Солтүстік Қытайда Қидандардың Ляо империясын құруы болды. Көптеген тайпалар империяның қысымынан қашып, қоныс аударуға бет бұрды. Осы тұста қыпшақтар да қозғалыс жасап, оғыздардың жерін тартып ала бастады. Күш –қуаты басым бола түскен қыпшақтар қимақтардың билігін тартып алды.Бұдан былай қимақтардың бір бөлігі –Ертісте қалып, екінші бөлігі –Түркістан және Орта Азияға ауып, ал қалғаны қыпшақтармен араласты. XI ғасырдың басында қимақ қағанаты дамуын тоқтатты.

3. Қарахан мемлекетінің құрылуына қарлұқ тайпалары, әсіресе, жікілдер мен яғмалар зор роль атқарды. Яғмалар-Жетісуда жікілдер- Тараздан Ыстық көлге дейін орналасты. 840 ж. қарлұқ жетекшісі Білге Күл Қадырхан билікті қолға алды. Ол өлген соң, оның екі ұлы Базыр Арсылан хан мен Оғұлшақ билік бәсекелестігіне түсті. Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Богра хан Қарахан әулетінің негізін қалаушы болып саналады. Ол 942 ж. Таразды, Қашқарды бағындырды, Оғұлшақты талқандады, өзін жоғары қаған етіп жариялады. Қарахан мемлекетінің астанасы- Ордакент (Тараз), орталық аймағы- Жетісу болды.

Тарихи сахынада “икта” термені ресми түрде тек қана Қарахан мемлекетінде кездеседі. ХІІ ғасырдың басында Қарахандықтардың көп жерлерін жаулап алған кидандардың билеушісі гурхан икта институтының дамуын тоқтатты.

Феодалдық иерархиялық жүйенің дамыған түрі қалыптасқан Қарахан мемлекетінде “икта” институты бірнеше сипатқа ие болды. “Икта” – сыйлыққа берілген жер. Олар: ірі, орта, ұсақ болып бөлінді. Иктадарлар немесе мүктадарлар ханның туыстарынан бекітілді. Ал “әскери икта” - әскери дәрежесіне және сінірген еңбегіне қарай берілді. Қарахан мемлекетінде әскерилендік жүйенің орын алуының кепілі: икталарға билеушілер талап еткен бойда өздерінің қару жарағы бар адамдарын алып , әскери кызметке келу міндеттелді. Сондай-ақ, Қарахан мемлекеті тарихын араб деректеріне сүйене отырып зерттеуші ғалымдар әскери адамдар үшін заттай және ақшалай ақы беру институты болса керек деген болжам айтады. Иқтадарлар шартты түрде сыйлыққа алған жерлерін өмір бойы иеленуге, тіпті, мұрагерлікке қалдыруға күш салды.

Иқтадан басқа жер иеленудің басқа да түрлері болады. Қархан әулетінің жауларынан тартып алған жерлерді, уақытша сыйлық беру қоры болатын үлкен- үлкен жер иеліктері орын алды. Сонымен қатар діни мекемелер бөлінген вакфтық жерлер. Қарахан мемлекеті өзінің әлеуметтік жағынан бұрынғы мемлекеттік құрылымдардан жоғары тұрды.

Мемлекеттегі өзгеріс, әсіресе, Сатұқ Богра хан қайтыс болған соң оның тақ мұрагері – үлкен баласы Мұсаның тұсында күшейді. Ол 960 жылы іслам дінін мемлекеттік дін етіп жариялады. Сонымен қатар, Мұса, қаған мен оның мұрагерлері жаулау саясатын күшейтті. Қарахан мемлекеті Х ғасырдың аяғында Саманилер жерін, Бахарды алып жатса, Х-ХІ ғасырларда олардың иелігі батыстағы Мәуереннахрдан, шығыстағы Қашқарға дейінгі аралықты қамтыды.

65

Үлестік жер иелік орын алды. Үлес иелері өзара бәсекелестікке түсті. Күшейген жер иелері өз теңгелерін құйды. Сауда айналымына өз теңгелерін салуды көздеді. Ұлы Жібек жолы арқылы Тараз, Отырар, Самарқан, Бұқара, Қашқар қалаларында құйылған теңгелер көп елге тарады. Бұл оқиғалар Қарахан мемлекетіндегі тарихи үш жағдайдың қалыптасқандығын айқындайды.

1.Қарахандықтар Ұлы Жібек сауда жолын тиімді пайдаланды. Русь, Византия, Закавказье, Орта Азия елдерімен сауда, қарым-қатынас өрледі.

2.Сыртқы саясатта қарахандықтар жаугершілігімен танылды. Шапқыншылықтар күшейді.

Мәдддениет

3.Мәдениет өркендеді.

Саяси құрылымы қалыптасқан Қарахан мемлекетін «хан» басқарды. Жетілген үлестік жүйе орын алғандықтан кейде ханның билігі “ілек” атағына ие болған үлес иелерінің билігімен шектелді. Ханнан кейін уәзір тұрды. Негізгі мәселелер хан сарайында (ордада) қарастырылды, себебі, хан сарайы-әкімшілік орталық болып табылды.Сарай адамдары ханға кызмет етті. Сарай күзетінің бастығы (қыпығ-башы), есік қорғаушылар (қорықшылар), қазынашылар (ағнашылар), азпазшылар (ыдысшылар), хат жүргізушілер (бітікшілер), елшілер (ялвашылар) өзіне лайықты тіршілікпен айналысты. Далалы аймақтардағы жергіліктібилікті илбашы (елбасы) жүргізді. Отырықшы аймақты мехталар, ал қалаларды хакимдар немесе раистар ( бастықтар, старосталар) басқарды. Зерттеушілерге сүйене отырып, Қарахан мемлекетіндегі жария билікті жүргізуші шенеуліктердің, бұл уақытқа дейін тарих сахнасында орын алған мемлекеттермен салыстырғанда едәуір жоғары тұрғандығын айта аламыз.

68

ХІІ ғасырдың 30 жылдарында Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген қарақытай әскерлері жаулап алды. ХІІ ғасырдың 1-жартысында Қарахан мемлекетінің гүлденуі Санжар сұлтанның тұсында орын алған еді. Бірақ, оған дейін Қарахан мемлекетіне салжұқтардың жасаған жорығы, көршілес Хорезмшахпен қақтығыстар 942-1212 жылдары орын алған Қархан мемлекетін құлауға алып келді.

Тарихта «тоғыз оғыз, сегіз оғыз» деген атаумен тайпалар одағы мәлім болған. Соның "сегіз оғызының" наймандармен тікелей қатысы бар. Себебі, «найман» деген атау моңғолшадан аударғанда «сегіз» деген ұғымды береді екен. Наймандар «сегіз тайпа» бірлестігінен туындады деуге негіз бар. Наймандар Отюкендегі (Моңғолия) Селенга мен Орхон өзендерінің жағасынан Алтай тауларының шығыс бөктерін алып жатқан. Наймандар мен керейттердің тарихында бастапқыда көп із қалдырған қидандардың Ляо империясы еді. Наймандар мен керейіттер ұлысты жағдайда бола тұра Ляо империясына Х-ХІІ ғасырларда тәуелділікте болды. Керейіттер наймандар орналасқан өзендермен катарлас жатқан: Тола, Орхон, Онгын өзендері бойында тұрды

69

Наймандар мен керейіттердің Жетісуға қоныс аудару себебі- Шыңғыс ханның саясатымен байланысты екендігі мәлім. Шыңғыс хан өз мақсатына жетіп наймандарды, меркіттерді, жалайырларды Моңғол жерінен қуып шығу үшін, керейіттермен одақтасты. Керейіттер ханы Ван ханмен (Тоғырыл) одағы 1185 жылдан — 1206 жыл аралығында құрылды. Күш біріктіру арасында Шыңғыс хан 1202 жылы татар ұлысын талқандап, жоғарыда аталған тайпаларды Орхон өзенінен ары асырып, Ертіс қарай тықсырды. Шыңғыс хан осылайша "орман" халықтарын Енисей қырғыздарын да талқандады. Наймандар Шыңғыс хан әскерінен Бұқтармада тағы да жеңіліп қалды. Осы жағдай оларды Жетісуға бет алуға мәжбүр етті. Наймандарды бастаған Күшлік хан бұл аймаққа орнығу үшін жергілікті тайпалармен қақтығыстарға түсті. Әсіресе, қарсылық көрсеткен қарлұқтар болды. Наймандарға дейін Жетісуды қарақытайлықтар жаулап алған еді. 1211 жылы Жетісу жеріндегі қарақытайлықтардың өзара қырқысу соғыстарының нәтижесінде әлсіреуін пайдаланып, наймандар оларды өздеріне қосып алды.

Наймандармен бір кезеңде қатар орын алатын керейіттер этникалық одағы түркі тілдес және моңғол тілдес тайпалардан құрылды. Керейіттер де өзінің сипаты жағынан ертеректегі феодалдық мемлекеттік құрылымы орын алған ұлыс құра білді. Шыңғыс ханның түрлі айла әрекетіне тап болған керейіттер де өз тағдырын түрліше бастан кешірді. О баста керейіттер ханы Ван хан (Тұғырыл хан) өз ұлысынан қуылып кетті. Қытай деректері Ван ханның о бастан Танғұт мемлекетімен (Си Ся) және ұйғыр иелігімен, қарақытайлармен достық қарым-катынаста болғаңдығын мәлімдейді. Ван хан қуылған кезде осыларды паналап қашып жүрді. Оған Шыңғыс хан қамқоршы болып, ол қайта күшейді. Оның себебі: Тоғырыл ханның иелігі гүлденіп тұрған кезінде Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамұха сияқты болашақ қолбасшылар керейіттердің хан сарайында тәрбиеленген еді. Өзара одақ құрып, көршілес тайпаларға оның ішінде наймандарға шабуыл жасады. Бірақ, түптеп келгенде Шыңғыс ханның керейіттермен одағы ұзаққа созылмады.

70

1007 ж. наймаңдар мен керейіттер христиан дінінің несторяндық бағытын қабылдаған еді. Бірақ наймандар Жетісуға көшіп келген соң христиан дінін тастап, мұсылман дініне көшті. Оған олардың ханы Күшілік қарсылық көрсетті. Бұл жағдайды Шыңғыс хан тиімді пайдаланды.

Шыңғыс хан Күшілікті қудалауын қоймады. Осыған байланысты ең алғаш рет Жошы бастаған әскер қазақ даласына 1211 ж. келді. Бірақ бұл тұста Жошы наймандарды талқандай алмады. Себебі, қыпшақтар мен хорезмшах арасында Торғай даласында соғыс болып жатқан. Түбінде Күшілікті жоюды көздеген Шыңғыс хан оның артынан 1218 жылы Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған әскери күш жіберді. Күшіліктің әскері талқандалып, өзі Бағдахшанда (Сары көлде) өлтірілді.

Наймаңдар мен керейіттердің қалған бөлігі Ертіс жағалауында тұрақтап қазірге дейін қазақ халқының Орта жүзінің негізгі тайпаларын құрайды. Олар көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Төрт түлік малдан жылқы жоғары бағаланды. Көшпелі шауашылықпен өмір кешкен бұл тайпалар малдың түр-түрін тиімді пайдаланды. Археологиялық қазба жұмыстары аң, балық аулаудың да дұрыс жолға қойылғандығын көрсетеді.

4.Қыпшақ хандығы XI ғасырдың басында оғыздардың жерін, кимектердің билігін талқандаудың нәтижесінде пайда болды. Жауынгерлігімен көзге түскен қыпшақтар осылайша Дешті қыпшақты (Қыпшақ даласын) құрды. Бұған негіз болған кимекгердің құрамындағы кыпшақтардың өзін-өзі билеуге ұмтылысы. XI ғасырдың бірінші ширегінде қыпшақтар Арал, Сырдария жағалауларын Маңғыстауды иеленіп, Хорезмнің солтүстігіне дейін жетті. Біртіндеп олар Қара теңіз өңірі мен Византия шекараларына қоныс тепті. Аймақтың ұлғаюы ішкі шиеленістерге әкелді. Қьшшақ хандығы екіге бөлінді. Шығыс және Батыс қыпшақ бірлестіктері пайда бодды. Қазақстан соның Шығыс бірлестігінің жерінде орналасты. Басқа мемлекеттердегідей қыпшақ билеушілері де белгілі бір ақсүйек әулетті тайпадан шықты. Ол - елбөрі тайпасы еді Көшпелілерге тән жағдай екі астананы иемдену дәстүрі қыпшақтарда да кездесті. Бірінші астанасы Жайық өзені жағалауында орналасқан Сарайшық қаласына қыпшақтардың оң қанаты жайғасты, ал сол қанатты құрған қыпшақтар Сыр бойындағы Сығанақ қаласында тұрды.

Сыртқы саясатына қыпшақтар көрші мемлекеттермен жиі соғыстар жүргізді. 1065 ж. салжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға шабуыл жасады. Жеңілістен соң, қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына салық төлеп, бағынышты болды.

1133 ж. Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңді. Атсыз әрекетіне тосқауыл жасауды көздеген Қарахан билеушісі Санжар Хорезмді жаулап алды. Ислам кеңінен тараған қыпшақтардың Жент атты қаласын Атсыз өзінің үлкен баласы Әл-Арысланға билеуге берді. Сыртқы саясатта қыпшақтарды соққыға ұшыратқан - Хорезмшах болды. Қыпшақтар шабуыл тегеурінін басу үшін хорезмдіктермен туыстық қатынасты орнатуды көздеді. Осыдан да болар Қыпшақ ханы Жанкеші өзінің қызы Теркен қатынды Хорезмшах билеушісі Текешке күйеуге берді. Ал Текеш кейін өз қызын қыпшақ тайпасының көсемі Алып Қараның баласы Қыранға ұзатты. Бұл туыстастықтың нәтижесінде Хорезмшахы мен қыпшақтар өзара одақ құрып, Жетісу жеріндегі қарақытайларды қуып шықты. Хорезмшах билеушілерін талқандап, дербестік алғысы келген қыпшақтарды Қадыр Буке басқарды. 1195 жылы Сығанак, пен Жент билеушісі Қабыр Буке әскері, Хорезмшахы Текеш әскерін талқандады. Текеш Хорезмге кетуге мәжбүр болды.

74

Жайлымдық жерлер үшін Хорезмшах пен қыпшақтар арасындағы соғыстар XIII ғасырдың басына дейін орын алды. Ол, әсіресе, хорезмшах Мұхаммедтің тұсына сай келеді. Қыпшақтар конфедерациясы тайпалық құрамының ХІ-ХІІ ғасырларға қатысты құрылымы оның күрделі және әр текті болғанын айқындайды. Қыпшақ конфедерациясы өзінің қыпшақ тайпаларымен қоса, түркі тілдес кимек, құман, печенег, ертедегі башқұрт, оғыз тайпаларын, сондай-ақ иран тіддес этникалық жіктердің түркі тілдес элементтерін өзіне сіңіріп алды. Қыпшақ мемлекетінің құрамына кірген тайпалар халықтык дәрежеге жетіп, кең байтаққа тарады. Олар өздерінің шекараларын нығайтуды көздеп, бекіністер салып отырды. Соның бір мысалы, Кенжек Сеңгір бекінісі. Бұл бекініс Қарахандықтар мен қыпшақтардың шекарасына салынды.

Жылқы -байлықтың өлшемі болды. Жазбаша деректер 10 мың жылқысы бар адамдардың аз болмағандығынан хабар береді. Жылқының екі түрі өсірілген. Біріншісі, басы кішкене, аяқтары ұзын әрі жіңішке, шоқтығы биік салт мінетін сәйгүліктер. Екіншісі, басы үлкен, мойыны жұмыр, аяғы кысқа өрі мықты, өте төзімді, көшпелі тұрмысқа көнімді аттар. Бұл екі түқымның біріншісін қыпшақ шонжарлары көп ұстады. Қьшшақ жылқылары төзімділігі, жүріскерлігі, жорғалылығының арқасыңда халықаралық сауда қатынасыңда ерекше бағаланған. Қьшшақ жылқылары Ауған, Иран, Мысырға, Үнді жеріне дейін шығарылып сатылды. Мәселен, Үнді жеріне апарып сатылған қыпшақ жылқыларының біреуі күміс ақшамен 100 динар болса, ең жақсы аттардың құны 500 динар, тіпті, одан да қымбат бағаланды. Жылқы малының тілін білу жөнінен қыпшақтар ғұндардан кем түспеген. Егерде ғұндар ондық жүйені жетілдіре отырып, әрбір мың әскерді бір түсті атқа отырғызса, қыпшақтардың әрбір ру тайпасы бірегей түсті жылқыға мінетін болған. Тіпті, тайпаның атауы жылқының түсіне қарай аталған. Мысалы, батыс қыпшақ бірлестігінің құрамында "қүла жылқысы" (ку-лабаоғлы) тайпасының атауы олардың селекция саласындағы қызметін ерекшелендіреді. Жылқы малының өте жоғары бағаланғандығын құқықтық норма беттерінен де байқауға болады. Егерде бір жылқы ұрланса, ұрыдан тағы тоғыз жылқы үстеме алынды. Демек, кұн заңы орын алды деген сөз. Жалпы алғанда қыпшақтар туралы ортағасырлық деректерден келтірілген мәліметтер арқылы төмендегіше қорытыңдыға келуге болады: Дешті Қыпшақ кең аймақты алып жатты, қыпшақ тілі қазіргі кездегі көптеген халықтардың тілдік негізіне айналды. Жылқы соғыс және бейбітшілік кезде де маңызды орын алды. Байланыс жүйесі жақсы дамыды. Малынан айырылғандар жатақтарды құрады, құлдар құқықсыз топтарға жатты. Сондай-ақ, деректер қыпшақ елінде оқымыстылардың да болғандығын мәлімдейді. Қыпшақтар қандастық байланысты күшейтті.

78

Тағам түрлері де шаруашылығына қарай сай болды. Малдың етімен, сүтімен қоректеніп, терісінен киім киді, жүнінен киіз басты, оны төсенішке және үйдің керегесін, уығын жабуға пайдаланды. Аң шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығының жалғасы ретінде қалыптасты.

Көшпелі мал шаруашылығымен қатар, ірі өзен аңғарларында, сауда жолдарының бойында тұратын тайпалар отырықшы болды, осыған сәйкес қала мәдениеті қалыптасты. Деректерде Қыпшақтардың 16 қаласы болды деген мәлімет бар. Қыпшақтар өз жорықтарымен Шығыс Еуропаға дейін барған, оған қазіргі Венгрия жеріндегі қыпшақ тілінде сөйлейтін мадиярлардың тұруы дәлел. Қыпшақ хандығының кұлауына 1219 ж. (XIII ғ. басы) қазіргі қазақ даласына моңғолдардың басқыншылық соғысы себеп болды.

Демек, Қыпшақ мемлекеті Шыңғыс ханның жойқын шабуылының әсерінен жойылды. Әйтсе де, деректерде түркі тілдес тайпалардың бірігуінің нәтижесінде Әбілхайыр хан көшпелі өзбектер мемлекетінің негізін салушылардың бірі ретінде тарихи аренада екінші рет көрінді.

4-тақырып: Қазақстан моңғол дәуірінде

1.Шыңғыс хан жорықтары.

2.Алтын Орданың саяси құрылымы

3.XIV-XV ғғ.құрылған мемлекеттер

1.Шыңғыс хан тарихта татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп,моңғол әскери-феодалдық мемлекетінің негізін салушы болып танылады. Шыңғыс ханның әкесі-белгілі ноян Есугей.Оның руы қият,оның ішінде бөржігін. Сол тайпаның көсемі болған баһадүр.

Шыңғыс хан керейіттер мен найман ұлыстарының билеушілерін талқандап,Орталық Азия даласындағы құдіретті қолбасшыға айналды.1206 жылы Орхон өзені бойында өткен құрылтайда моңғол ақсүйектері тоғыз қыл құйрық байланған қасиетті байрақ көтеріп,оны хан сайлады.Шыңғыс хан құрған мемлекет «моңғол мемлекеті» деп аталды.Астанасы-Қарақорым қаласы.Оған іргелес Бұйырнұр көлі жағасында Татар тайпалары да көшіп-қонып жүрді.Осыдан келіп кейінірек моңғол-татар деген атау қалыптасты.Қатал тәртібі,жүйелі құрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері нояндар,баһадүрлар,мергендер тұрды.Бұған қосымша Шыңғыс ханның өзіне шын берілген 10 мыңдай таңдаулы жауынгерлері,жеке ұланы (гвардиясы) болды.Ұландардың арқасында Шыңғыс хан моңғолдардың феодалдық тобын өзіне тәуелді етіп ұстады.Өтюкен жеріне толық билігін мойындаттырған Шыңғыс хан ендігі жерде басқа да аймақты жаулауды көздеді.

Оған түрткі болған қуғынға ұшырап,Жетісуға келген Күшліктің әрекеті болды.Ол Жетісуда өз билігін орнату үшін,қарақытайлықтарға,ұйғырлар мен қарлұқтарға қысым көрсетті.Қарлұқтардың билеушісі Арыслан хан,ұйғыр идиқұты Баршық,Шыңғыс ханнан Күшлікті талқандауды сұрап елші жібереді.Осыған байланысты 1211 жылы Шыңғыс хан Құбылай бастаған әскерді Жетісуға жіберді,бірақ бұл жолы Күшлікті талқандау мүмкін болмады,себебі,сол жылы Шыңғыс ханның алдындағы басты мақсаты-Қытай жеріндегі Цзинь империясымен соғысу,сондықтан да ол өз әскерін қайтарып алды.Солтүстік Қытайды алу үшін болған соғыс 1216 жылы сәтті аяқталады.Цзинь империясын (Солтүстік Қытай) талқандаумен қатар Шыңғыс хан әскері бұл уақытқа дейін Байкалдағы буряттар мен якуттар ды,Енисей қырғыздарын жаулап алды.Ұйғыр,Тұрпан князьдіктері моңғолдар билігін ерікті түрде мойындады.Шыңғыс хан әскері үшін Жетісуды алу қиынға түскен жоқ .1208 жылдан бастап мұсылмандарды қуғынға түсірген найман ханы Күшліктің шаршаған халыққа Шыңғыс хан азат етуші болып көрінді.Күшліктің түркі тілдес Жетісу халқын христиан дінін ұстауға күштеп енгізіп жатқаны туралы хабардар болған Шыңғыс хан «дінге еркіндік» беретіні туралы лақап таратты.Осыдан да болар оңтүстік қалаларсоғыссыз берілді.

1216 жылы Жошы әскері Сарыарқа меркіттерімен шайқасып,оларды талқандады.Күшлік сол жылы Бадахшанда өлтірілді.Хорезм шахының өзі де Шыңғыс ханның күш қуатын байқап,моңғолдарға бірнеше рет елшілік жіберді.Ал, Шыңғыс хан қалайда қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуды көздеп,түрлі сылтаулар іздей бастады.1218 жылы Шыңғыс хан Хорезм шахы Мұхамедпен сауда жөнінде дипломатиялық келісім жасады.Шыңғыс хан 500 түйеге артылған жүгімен қоса,450керуеншіні Отырарға аттандырады.

Көп ұзамай Отырарға беттеген керуен жол сол жерде Отырар ханы Қайырхан Иналшықтың әмірімен қырғынға ұшырады.Шыңғыс хан Қайырханды Хорезмшах Мұхаммедтен талап етті.Себебі,Отырар Хорезмшах иелігіне кіретін еді.Бірақ,Қайырхан талапты орындамады.Бұл Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғыc ашуына жол ашқан жағдай болды.Шыңғыс хан осы сәтті пайдаланып,тез арада әскерін жасақтап Жетісуға,бүгінгі Қазақстанның оңтүстік аймақтарына аттандырады.

Ертіс жағалауынан Сырдарияға қарай Шыңғыс хан әскері 1219 жылдың қыркүйегінде жылжыды.Бас қолбасшы болған Шыңғыс хан өзінің балаларына нақты тапсырма берді.Отырарды талқандауға Шағатай мен Үгедейді,үлкен баласы Жошыны Сырдарияның төменгі ағысына,ал Сырдарияның жоғарғы ағысына қосымша әскерді,өзі үшін ұлы Төлемен бірге Бұхараға аттанды.Шыңғыс ханның әскери күші туралы аңыз да,әңгіме де көп-ақ.Оның барлық әскер саны 150 мың,оның 111 мыңы моңғолдар,қалғанын түркітілдес тайпалардан жасақтады деген мәліметтер бар.Шындап келгенде,Шыңғыс ханды әлемге танытқан жауынгер түркілер болды.Себебі, ол өзінің жаулаған аймақтарындағы ер азаматтарды сапқа тұрғызды.

. Қазіргі Қазақстанды жаулау 1219 жылы басталып 1224 жылы аяқталды.1221 жылы Хорезмді және жалпы Орта Азияны жаулап алды.Талай қалаларды қиратып,жойып жіберді.Хорезм шахы Мұхаммед Иранға қашып кетті.Ол кейін Каспий теңізі аралдарының бірінде өлді.1220-21 жылдардағы қысқы жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап,Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады.1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан,Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.

Қуатты қыпшақтар да 1224 жылы толық тізе бүгуге мәжбүр болды.Орта Азия мен Қазақстан Шыңғыс хан империясына қосылды.Моңғолдардың соғысы халықты күйзеліске ұшыратты.

Қандай соғыс болмасын халықты күйзеліске ұшыратары анық.Оның зардаптары жақтарының кей мәселесі тараудың басында айтылды.Тағы бір ескерерлік жағдай,жаулаушының жаңа жүйе енгізудің заңдылығында.Жауланып алынған аймақтағы халыққа ауыр алымдардың салынуымен қатар міндеткерліктер жүктелді.Оның ішінде,әсіресе,әскери міндеткерлік ауыр болды.Көшпелілермен қатар отырықшыларға да әскери міндеткерлік жүктелді.

Салық халықтың атқарар шаруашылығына қарай салынады.Көшпелілерге «құшыр» салығы,отырықшыларға «харадж»,әскерді қамтамасыз ету үшін (авиз) «төтенше салық» салынса,олардың киімі мен азығы да халықтан өндірілді.

Салық жинау хақысы сатып алынатын болды.Бұл құқыққа ие болғандар салықты бірнеше қайтара жинап алып отырды.

Пошта бекеттерін(ямдарды) ұстау үшін де пошта міндеткерлігі мен халықтан тұрғын жай беру міндеткерлігіөндірілді.Жалпы өндірілетін салықтың түрі 20-ға жуық болды.

Моңғолдардың тұсында саяси жүйедегі өзгерісті Шыңғыс ханның енгізген «Ұлы Жасасы» реттеді.Хан шексіз билікке ие болды.

Қорыта келе,Шыңғыс ханның жаулауы нәтижесінде дала халқына алғаш рет ресми заңдық нормативтер «Ұлы Жаса» енгізілді.Феодал-шонжарлардың мүддесі қорғалды.Жайылымдық жерлерді қолдануды реттеуде заңдық нормативтердің маңызы зор болды.

Империя құру арқылы бір орталыққа бағынған мемлекеттк басқару жүйесінің негізі қаланды.Ямдық-пошта байланысы қызмет атқарды.

Шыңғыс хан кең байтақ «Дешті Қыпшақ» жерін,бүгінгі Қазақстан аймағын,әсіресе,Сарыарқаның өзі құрған империясының орталығы етіп алды.Алдымен оның жағрафиялық орналасуы ыңғайлы болды. Сөйтіп олар Ертіс арқылы атты әскердің шауып өтуіне оңтайлы жазық далаға лап қойып жатты.Оның үстіне басқа халықтарға қарағанда қыпшақтардың көшпелі шаруашылығында моңғолдарды психологиялық жағынын етене жақындастыра түсті.

Ұлыстық жүйе.Кең байтақ елді жаулап алған Шыңғыс хан байлықты, жерді төрт баласына мұрагерлікке бөліске түсірді.Қазіргі қазақ даласы осы аймақты ойрандатқан үш баласына ал,оның кенже баласы Толыға ата жұрт-Моңғол жері,оның үстіне 129мың моңғол әскерінің 101 мыңы тиді.Сөйтіп,қазіргі Қазақстан үш ұлысқа бөлінген еді. «Ұлыс» деген термин «ел» мағынасын береді.

Жошы ұлысы.Ертістің батыс жағындағы далалы аймақ,қазіргі Орталық,Батыс және Солтүстік Қазақстан бөлігі,Еділдің төменгі ағысына дейінгі аймақ.

Шағатай ұлысына Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан,яғни Жетісудың үлкен бөлігі кірді.Ғалым Джамал Каршидің айтуынша,Шағатай иелігі «Алагту елі» деп аталып,орталығы Алмалық болды.

Үгедей ұлысы Жетісудың солтүстік-шығыс жағын,Тарбағатай,Батыс Моңғол жерлерін алып жатты.

Үш ұлыс жеке дара дамыды.Тіпті,аңыздарда да,әке мен бала арсындағы өштестік те орын алды.Жошы 1227 жылдың ақпан айында,ал оның әкесі Шыңғыс хан араға жарты жыл салып барып қайтыс болды.Империяның ыдырауы бұрынғыдан да күшейе түсті.Шыңғыс хан көзінің тірісінде-ақ егерде өзі дүние салған жағдайда Ұлы хан болып, оның үшінші баласы Үгедейге тақтың тиетінін айтқан еді.Оның себебі,Жошы мен Шағатайдың басы бірікпеді.Жошы көптеген қыпшақ қалаларын сақтап қалуды көздесе,Шағатай тезірек жаулауды көздейтін еді.Үгедей Ұлы хан болып тақта 1251 жылға дейін отырды.Ал,Үгедейдің көзі кеткен соң, орнына 1252 жылы Толының баласы Мөңке Ұлы хан болып сайланды.

2. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты.1227 ж.Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп,империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.

1227ж.Жошы өлген соң орнына баласы Батый отырды.Ол 1235ж.Батыс Дешті-Қыпшақ даласына,Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды.Ірі орыс княздықтары талқандалды.Польша,Венгрия,Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады.Жеті жылға созылған жорықтардың нәтижесінде Батыйдың қол астына Қырымды қоса,Еділден Дунайға дейінгі жер,Солтүстік Кавказ,батыс қыпшақтар /половецтер/даласы қосылды.Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа моңғол мемлекетін құрды.Алтын Орда халқының басым көпшілігі түркі тілдес тайпалар болды.Алтын Ордаға Жошы ұлысының жері-Шығыс Дешті-Қыпшақ,Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады.Батый әскерінен жеңілген орыс князьдықтары вассалды тәуелділікке түсті.Орыс князьдары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып,алым-салық төлеп тұрды.ХІV ғасырда Алтын Орда дәуірінде түркі тілінде «Хұсрау мен Шырын» шығармасы белгілі болды.

Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде «Жошы ұлысы» деп,сондай-ақ Жошы ұрпақтары-хандарының атымен /Батый ұлысы,Берке ұлысы,т.б./ аталды.Астанасы Сарай-Бату /Астрахань маңында/,кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. Алтын Орда қыпшақ тілі негізгі тілге айналған көп ұлтты мемлекет.Көп ұлттық діннің де көп түрін,бағытын бір аймаққа топтастырды.ХІІІ ғасырдың аяғы мен ХІV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп,Алтын Орда халқы «татарлар»деп аталды Алтын Орда мемлекеті Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды.Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы-құрылтай шақырылды.Әскерді және өзге мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды «беклербек» басқарды.Қаржы,алым-салық мәселесін,мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық атқарушы орган-диванның басында уәзір тұрды.Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық сыбаға жинау міндетті атқаратын «даруг басқақтар» тағайындалды.Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды.Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер түмендерді,мыңдық,жүздіктерді басқаратын әскербасылары сайланды.

Алтын Орда жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді.Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге-оң және сол қанатқа,негізінен екі мемлекетке бөлінді.Оң қанат /ұлыстың/ басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды.Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі.Қазіргі Қазақстан жерінің сол кездегі көп бөлігі сол қанат құрамына кірді.Алтын Орда Батыйдың інісі Берке хан тұсының /1256-1266жж./тұсында-ақ тәуелсіздікке қол жеткізді.Одан кейінгі Мөңке хан /1266-1280жж./ өз атынан теңге шығара бастады.Алтын Орданың ХІV ғ. алғашқы жартысында,әсіресе,Өзбек хан /1312-1342жж./мен Жәнібек ханның /1342-1357жж./ тұсында гүлденді.1312 жылы Өзбек хан ислам дінін Алтын Ордаға мемлекеттік дін етіп жариялады.ХІV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда алауыздықпен әлсірей бастады.1357 жылдан 1380 жылға дейін таққа 20-дан астам хандар отырып,бірін-бірі түрлі жолдармен тақтан тайдырып отырды.Алтын Орда езгісіне төзе алмаған халық ұлт-азаттық

көтеріліске шықты.Оның ішінде Алтын Орданы әлсіреткен 1380 жылғы түменбасы Мамайдың Дмитрий Донской бастаған орыс әскерлерінен Куликово даласында ойсырай жеңілуі себеп болды.Тоқтамыс хан осы жағдайды пайдаланып,Алтын Орданың билігін тартып алды.Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж.басқыншылықпен басып кіріп,Мәскеуді өртеп жібереді,Мәуреннахр мен Закавказьеге де бірнеше рет жорық жасады.Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға қайта-қайта шабуыл жасап,халқын қырып,байлығын тонап, енді қайта көтеріле алмастай етіп құлатты.Темір жорықтары Алтын Орда үшін ең ауыр соғыс болды.Оның,әсіресе,1389,1391, 1395 жылдары жасаған жорықтары үлкен зардаптарға соқтырды.

ХVғ.ортасына қарай бірнеше үлкен ұлыстар өз алдына хан сайлап,Алтын Орда біржола құлады.Бұл ұлыстардың ең ірісі ХV ғ. 30-жылдары Ертіс пен Еділ аралығында құрылған Ақ Орда болды.Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Ноғай Ордасы,Сібір,Қазан,Қырым,Астрахань хандықтары бөлініп шықты.

Алтын Орда дала елінде құрылған моңғолдардың алғашқы және соңғы мемлекеті.Өзінің саяси құрылымы жағынан басқа мемлекеттермен салыстырғанда толық болмағанымен де бір орталыққа бағыну жүйесі орныққан мемлекет.Одан былай қарайғы сол Алтын Орданың ыдырау нәтижесінде бой көтерген мемлекеттердітүркіленген моңғол ақсүйектері құрған,оның үстіне бұл тұста жергілікті халықпен қан араластыққа ұшыраған маңғолдар өз тілі мен дінінен де айырылды.Реті келгенде айтып кететін жағдай, моңғолдардың түркіленуінің бірнеше себептері бар.Біріншіден,жойқын соғыстармен келген моңғолдардың саны жағынан аздығы,екіншіден,түркі тілдес халықтардың мәдениетінің деңгейі жоғары болды.Моңғолдардың үстемдігі мұндағы елдердің дамуына үлкен зардап тигізді.Ол тек қазақ қауымының экономикалық,мемлекеттік,әлеуметтік,мәдени дамуына кері әсер етіп қана қойған жоқ,сонымен қатар қазақ халқының қалыптасуын 200 жыл шамасындай уақытқа тежеді .

3.Алтын Орданың ханы Батый Шығыс Еуропаға жорықта өзіне болысқан інілеріне сойырғалға жер береді. /Сойырғал - соғыстағы ерліктері үшін таратылатын жер/. Алтын Орданың сол қанаты Ақ Орда болып аталатын, ол жер Орда Еженге берілді. Жошы ұлысының екі қанатқа бөлініп тарихта Ақ Орда және Көк Орда болып атала бастауы XIII ғасырдың 30 жылдарына жатады. Тарихшы ғалымдар “Ақ Орда” атауының Кутбаның “Хұсрау мен Шырын” еңбегінде алғаш кездесетінін мәлімдейді.

Бұл екі иеліктің орны, олардың “Ақ”, “Көк” болып түспен аталуы туралы пікірталастар көп. Кейін біртіндеп бұл екі Орда қосылып, жалпы Ақ Орда деп аталып кетті. Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласы. Ақ Орда Ертіс, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігін, қазіргі Қазақстан орталығын алып жатқан кең байтақ өлке.

Ақ орда билеушілері өз иеліктерін кеңейту мақсатында жаңа жайылымдық жерлер үшін соғыстар жүргізді. Ол, әсіресе, Сыр бойындағы қалалар мен Жетісудың шұрайлы аймақтары үшін Шағатай әулетімен қақтығыстарынаң байқалады. Сыр өңірі

олардың өздерінің экономикалық маңызымен қызықтырды. Ақ Орда негізін салушы Орда Ежен болып саналады. Ақ Орда билеушілері Алтын Ордаға жиі шапқыншылықтар жасап отырды. Орыс ханмен Мүбәрәк қожа тұсында Ақ Ордада өрлеу байқалды. Әсіресе, Ақ Орданың нығаю кезеңі XIV ғ. екінші жартысы- Орыс хан тұсы. Ол дербестік үшін күресіп, 1368 жылы Ақ Орданың хандық тағына отырды.

XIV ғасырдың екінші жартысы- Ақ Ордада ішкі өзара қырқысу соғыстарының күшейген кезеңі. Соғысқа қатысудан бас тартқаны үшін Тоқтамыстың әкесі өлтірілді. Тоқтамыс сұлтан Самарқанд билеушісі Әмір Темірге шағым айтып, әскери күш сұрады. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Әмір Темір Тоқтамысқа әскер бөліп, оған қарсы айдап салды. Тоқтамыстың жорығы 1374-1375 жылдары өтті. Жеңістің арқасында Тоқтамыс 1377 жылы Ақ Орданың хандық тағына отырды. 1380 жылы ол Сарайды, Қапсы Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Бұл жағдай Алтын Орданың толық күйреуіне әкеп соқты. Оның үстіне моңғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы Әмір Темірдің жорықтарының күшеюі моңғол билеушілерін бұрынғыдан да әлсірете түсті. 1381 жылдан Алтын Орданың да ханы болған Тоқтамыстың өрлеуіне себеп болған 1380 жылғы Куликово шайқасы еді. Мамайды сол жылы жеңгенмен орыс әскері де қатты шығындалды. Тоқтамыстың Русь княздығына шабуылының аяғы, Мәскеуге де қәуіп төңдірді. Мәскеу оқиғасынан кейін орыс княздарының бар тағдыры Алтын Орданың қолына өтті. Орыс княьздарының таққа отыруы, салық жүйесі түгелдей Орда арқылы шешілді. Мысалы, 1383 жылы Нижнегород князьі Дмитрий қайтыс болғанда, Тоқтамыс оның орнына Бористі қоюға жарлық берді. Күшіне мінген Тоқтамыс 1385 жылдан бастап, алыс аймақтарға жорыққа шықты. Тебриз қаласын 100 мың әскер жіберіп жаулап алды.

Тоқтамыстың бұл әрекеті Әмір Темірді соғысқа итермеледі. Сөйтіп, Дешті Қыпшақ жеріне де туын тіккен Шыңғыс империясының іргесін Әмір Темір шайқалтты. Тоқтамыс Әмір Темірден 1391,1395 жылдары ойсырай жеңілді. Ол бас сауғалап Сібірге қашты. Әмір Темір Алтын Ордаға өзінің сенімді қолбасшысы Қойыршық Темір Құтылықты хан етіп отырғызды.

Темірдің жорықтары Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның демографиялық және экономикалық жағдайына үлкен зардаптарын тигізді: отырықшылық, егіншілік мәдениет құлдырап, дәстүрлі шаруашылық әлсіреді.

Шыңғыс ұрпақтары Алтын Орданы қайта жандандыруға күш салды, бірақ бұл мүмкін емес еді. Түбінде Алтын Орданың күйреуі Ақ Ордаға да қыруар зардабын тигізіп әлсіретті. XV ғ. Басында Ақ Орданың ең соңғы ханы Орыс ханның немересі Барақ Темірланның ұрпақтарымен үлкен шайқастар үстінде қайтыс болды. Міне, осы себептердің бәрі негіз болып, Ақ Орда XV ғ. 20 жылдары құлады.

2.Көшпелі өзбек хандығы. Ақ Орда билігі XV ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін Жошы әулетінің қолында болса, билік енді Шайбан әулетінің ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайырдың қолына Хижра бойынша 833 жылы (1428-1429 ж.ж.) көшті.

Әбілхайыр хандығын тарихта “көшпелі өзбек хандығы” деп те атайды. XV ғасырдың 20 жылдарында Ақ Орда жерінде тек көшпелі өзбек хандығы ғана емес, басқа да иеліктер пайда болды. Оның ең ірілерінің бірі маңғыттар мекендеген Ноғай ұлысы.

Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жайы тұрақты болмады ұлыс ішінде әрқашан жоғарғы үкімет билігіне таласқан Жошы ұрпақтарымен қатал күрес жүрді. Ол билікті сақтап қалу үшін тақтан үміткер Махмұд Қожа ханды,Әмір Едігенің немересі Маңғыт әмірі Уақас биді және басқа да қарсыластарын талқандап, көшпелі өзбек хандығының иеліктерін ұлғайтты. Әбілқайыр хан өз жорықтарын өзін қолдаушы ақсүйектердің ойынан шығып отыру үшін де жеңіспен аяқтауға тырысты.

Әбілқайыр хан өзінің жаугершілік әрекетін XV ғасырдың 30 жылдарынан бастайды. Жошы балаларының бірі Тоқта-Темірдің тұқымдары Махмұд хан мен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін болған екі шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азямен Қазақстанның оңтүстігіне беттеді.

Көшпелі өзбек хандығы Ақ Орда мемлекетінің негізінде қалыптасқандықтан, оның этникалық құрылымы күрделі боды. Оған дәлел ретінде Әбілхайыр ханның Жошы әулетінің белді ұрпағы Қажы Тархан аймағында дербес иелігі бар Тоқта-Темірді талқандауға аттанған әскер басыларының тізімінде қоңыраттардан, қияттардаң, бүркіттерден, қытайлардан, таңғұттардан, күшілерден, ұйғырлардан, думандардан, кенгерестерден, шымбайлардан, үйсіндерден шыққан әмірлер кездеседі деген мәліметтер Қазақстан тарихының II томында айтылады.

Әбілхайыр хан билікте әрқашанда дербестікті сақтап,айналасындағы одақтастарын да қолдап келді. Әбілхайыр хан елді қырық жыл билесе де, хандықта саяси жағдайды тұрақтандырып, бір орталыққа бағынған мемлекет құра алмады. Ұлыстың өз ішінде болып жатқан талас тартыстар, оның үстіне сыртқы жаулар мен қоса, шайбан әулетінің беделді өкілі Әбілхайырға Жошы әулетінің ұрпақтарымен де сайысқа түсу оңайға түскен жоқ. Жайылымдық жерлер үшін соғыстары жемісті болып, жері кеңейді. Соның нәтижесінде Әбілқайыр хан мемлекетінің аумағы Ноғай Ордасының шығысында-оңтүстік Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал теңізінен бастап, солтүстік Тобыл және Ертіс өзендерінің Орта ағысына дейінгі, батыста Жайық өзенінен бастап, шығыста Балқаш көліне дейін жерлерді, яғни Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақты, Орталық Қазақстанмен Оңтүстік Сібірді алып жатты. Әсіресе, оның ең жеңісті жорықтары 1446 жылы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзгентті басып алуы болды. Бұл жеңіс Әбілқайырдың саяси өрленген кезеңі. Ең басында астана болған Чимги Тура қаласының Орда Базарға, одан Сырдария жағалауындағы аймақтарды өзіне қаратып алған соң, астананы Сығанаққа көшіруінің өзі, оның иеліктерінің көлемін анықтарлық жағдай. Оның байлығы Самарқанд, Бұхара қалаларына тонаушылық әрекеттермен де арта түсті.

Көшпелі өзбек хандығының саяси құрылымында Алтын Орда билеушілерінің басқару жүйесінде қолданылған әдістер кедеседі. Әбілхайыр ханның мемлекетті бір орталықтан басқаруға талпыныс жасағандығы байқау қиын емес.

XV ғасырдың ортасында ойраттардың шапқыншылығы күшейді. Ойраттар 1457 жылы Моңғолстан ханы Есен Бұқаның елінде болмауын пайдаланып, оның жерлері арқылы өтіп, Түркістанға беттеді. Әбілхайыр хан әскерімен Үз Темір тайшы әскері Көк кесеңе деген жерде үлкен шайқасқа түсті. Әбілхайыр хан әскері жеңілді, көптеген сұлтандар қаза тапты. Хан аман қалу үшін Сығанаққа қашты. Аяғында Әбілхайыр хан қалмақтардың әскери қолбасшысы Үз Темір тайшымен лажсыз бітім шарттарына қол қоюға мәжбүр боды. Онымен тұрмай Үз Темір аманатқа өзімен бірге Әбілхайырдың немересі Махмұд сұлтанды ала кетіп, ол Жоңғария аманатығында жеті жыл жүрді. Қарсылық көрмеген ойраттар Түркістан мен Ташкент маңайын ерекше тонады. Әбілқайыр хан Сығанақ бекінісіне тығылды.

Бұл соғыста жеңілудің бірнеше себептері болды. Алдымен хандықтағы алауыздықтың күшеюі, Жошы ұрпақтарының Әбілқайырдың саясатын қолдамауы, оның ойраттардан жеңілуі, сондай-ақ жеке басының озбырлығы еді. Осының бәрі ішкі іріткіні күшейтті.

Жошы әулетімен Шайбан әулетінің тартыстары Керей мен Жәнібек сұлтандардың көптеген күткен өз дербестеріне қол жеткізу мақсаттарына жол ашты. Әбілхайыр ханның қысымынан бас тартқан Орыс хан ұрпақтары, Керей мен Жәнібек сұлтандар екі жүз мың қазаққа бас болып , Жетісудың оңтүстік -батыс аймағына қоңыс аударды. Бұл жағдай ойраттардың жеңіліп әлсіреген көшпелі өзбек хандығына үлкен соққы болып тиді.

1468 жылғы Әбілхайыр хан Керей мен Жәнібектен кек алу үшін, әрі Есен Бұқаға қарсы әскери жорыққа аттанып жол үстінде дүние салды.

1428-1468 жылдар аралығында мемлекетті 40 жыл күштеп басқарған ел басшысы өлген соң, мемлекет құлады.

70 жылдардан былай қарай оның иеліктері біртіндеп қазақ хандығының қол астына өте бастады.

3. Моғолстан. Жетісу аймағы XIII ғасырда Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың иелігіне кірген еді. Шағатай ұлысының құрамына кірген аймақтың халықтары көп қарсылық көрсетпеуіне байланысты шаруашылығы, қалалық тұрмысы зардап шекпей сақталады.

Мемлекеттегі саяси тұрақсыз терендей түсті. Мөңке өзіне қарсы шыққандарды жазалауын тоқтатпады.1260 жылдан бастап, Шыңғыс ұрпақтары Арық Бұға мен Құбылай арасындағы билікке талас Жетісуда үлкен соғысқа айналды. Аяғында 1269 жылы өткен Талас құрылтайында дербес мемлекет құру туралы шешім қабылданды. Бұл ұлы ханның иеліктеріне кірген тәуелсіз Хайду мемлекеті еді. Ұлыстардағы азаматтық өкімет, ұлыс басындағы жергілікті ақсүйектердің қолдарында болды. Шағатай ұлысының отырықшы өлкелерін азаматтық тұрғыдан басқару Хорезм көпесі Махмұд Жалауашқа тапсырылды. Моңғолияның өзінде және Шағатай ұлысында болған төңкерістерге қарамай Махмұд Жалауаш әулеті XIV ғасырдың басына дейін Орта Азиядағы отырықшы өлкелердегі азаматтық басқаруды өз қолында ұстап тұрды.

XIV ғасырдың 70 жылдары Шағатай мемлекеті батыс және шығыс болып екіге бөлінді. Соның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті негізін қалады. Оның алғашқы ханы Тоғлық Темір Хижра бойынша 748 жылы (1347- 1348ж.ж.) хандық таққа отырды. Моғолстанның тарихында дұғлат тайпасы маңызды роль атқарады. Оның өзіндік бірнеше себептері болды. Біріншіден, мемлекеттің ең алғашқы билеушісі дуғлаттардан шыққан Поладшы. Мухаммед Хайдар Дулати еңбегінде әмір Поладшының Маңлай Сүбе аймағына билік етіп, ордасы Ақсу болғандығын айтады.Екіншіден, дұғлат тайпасы саны жағынан басқалармен салыстырғанда көп болды.Мемлекеттің ішкі істеріне белсене араласты. Поладшы мемлекеттің дербестігін сақтап қалу үшін ақ сүйектердің күші қажет екендігін түсініп, дәстүр бойынша Шыңғыс ұрпағына тақты ұсынды. Ол Дува ханның немересі 18 жасар Тоғылық Темір еді... “...Ханды әмір Поладшы... он алты жасында... әкелді деп айтылды. Он сегіз жасында ( Тоғылық Темір) хан болды, жиырма төрт жасында мұсылман болды, ал отыз төрт жасында өлді”- деген деректе бар.

Моғолстан тек оңтүстік және оңтүстік- шығыс Қазақстанды ғана емес, Қырғыз аймағындағы Ферғана мен Мәуреннахр иеліктерін де алып жатты. Саяси орталығы Алмалық қаласы болды. Мемлекеттің жер көлемі жөнінде Мухаммед Хайдар еңбегінде “Жейхун (Әмудария), Іле, Емел, Ертіс, Шу және Нарын” өзендері аталады да, Моғолстанның ені мен көлдеңені 7-8 айшылық жол екендігі көрсетіледі. Моғолстан тарихы егжей-тегжейлі Мухаммед Хайдар Дулатидың “Тарихи Рашиди” еңбегінде айтылды. Моғолстанның хандары Тоғылық Темір, Есен Бұқа, Ілияс Қожа, Қызыр Қожа, Камаррадин белгілі болды. Ел билеушілерінің қайсысы болса да өз билігін нығайту үшін мұсылман дінің тірек етті. Мухаммед Хайдар Дулатидың айтуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дініне еңгізілді. Мәжусилікті сақтаған шағатайлық ақсүйектерді Тоғылық Темір күштеп мұсылмандырылды. Исламға қарсы болған адамдар ауыр жазаға ұшырады.

Моғолстанның ел билеушілерінің көршілес мемлекеттерге жасаған жорықтары арқасында мемлекет шекарасы тұрақты болмады. Әсіресе, Шығыс Түркістан Моғолстан Әмір Темір ұрпақтары арасында бөліске түсіп жатты.

Шекараның, тұрақсыздығы, әсіресе, Тоғылық Темір тұсында қатты байқалды. Мәуреннахр мен Самарқанд халқын қайта-қайта тонап, билігін орнатуы сол аймақта бір орталыққа бағынған жүйенің болмауынан еді. Бұл аймақтар үшінде Тоғылық Темірмен Әмір Темір арасында соғыстар жүрді.

Тоғылық-Темір 1361 Мәуреннахрды түгел жаулап алды да, бұлаймақтың билігін өзінің баласы Ілияс Қожаға тапсырды. Тоғылық- Темірдің Моғолстанға кеткенін пайдаланып, Әмір Темір Мәуреннахрды тартып алды. Бірақ, шамалы уақыттан кейін күш жинаған Ілияс Қожа Темірланның әскерін талқандады. Моғолстанның бай да, әсем жеріне сыртқы жаулар тыным бермеді. Темір жорықтарының қатты болғандығы соншалық, Моғолстан бөлшектеніп кетті. Бірақ, XV ғ басында таққа келген Қызыр Қожаның баласы Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан шықты.

Тоғылық Темір өлген соң оның орнына таққа 1362 жылы баласы Ілияс Қожа отырды.1365 жылдан бастап, Сыр өңіріндегі Ілияс Қожамен Әмір Темір арасында қырғын соғыс болды. Тарихта “Батпақ шайқасы” (Джанг-и лой) белгілі. Шайқастың нағыз күшейген шағында қатты нөсер жауып, екі жақтың әскерінің де батпақ пен лайға тапталғаны, “қарғын алаңында 10 мыңға таяу адамның өлгені” туралы деректер бар. Сондай-ақ, Моғолстан әскерлерінің Самарқандты алудағы шығыны туралы, “қала халқының қарсыласуының ұзаққа созылуына байланысты олардың аттарына жамандап тиіп, аттардың қырылғаны сонша, төрт жауынгерге бір аттан қалмады” деген мәліметтерді кездестіруге болады.

Әмір Темірдің, оның ұрпақтарының Моғолстанға жасаған жорықтары мемлекетті әлсіретіп, бытырыңқылықты күшейтті. Онымен тұрмай, XV ғасырдың басынан бастап ойраттардың шабуылы күшейді. Әсіресе, XV ғасырдың 50 жылдары Оңтүстік шығыс қазақстан ойраттардың Есен тайшы басқарған әскерінің шапқыншылығына ұшырады. Моғолстан ханы Есен Бұқа көп жерінен айырылды. Жетісу шекарасын сақтап қалуды көздеген Есен Бұқа, сондықтан да болар, 1457 жылы қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібекті екі жүз мың адаммен Шу мен Талас өзенінің аралығына орналастырды. Қазақ сұлтандары шекараның бір тұтастығын сақтауға үлес қосты. XV ғасырдың ІІ жартысында Моғолстан жерінде туын тіккен қазақ хандығы күшейіп, бұл иеліктер Жошы әулетінің колына көше бастады, ал Манглай-Сүбе аймағы Моғолдар құрамына қосылды.

4. Ноғай Ордасы Алтын Ордамен Ақ Орданың ыдырауының нәтижесінде пайда болды. “Ноғай Ордасы” деген ұғымы Бату ханның түмен басы болған Ноғайдың есімімен байланысты. XIII ғ 70 ж. Батудың баласы Менгу Темір Ноғайға оның ерлігі үшін Еділдің он жағасынынан еншіге жер берілді. Ноғай Ордасын тарихта “маңғыт жұрты” деп те атайды. Ол Еділ мен Жайық арасын алып жатты. Орталығы Сарайшыққа таяу орналасты. Ноғай жорықтарда Батый мен бірге Кавказ, Парсы жерін алуда қол бастады. Біртіндеп оның билігі Доннан Дунайға дейін барды.1273 жылы Ноғайдың Византия императорының қызына үйленуі, оның жауларын көбейтіп, ең сонында Ноғай солардың қолынан 1300 жылы мерт болды.Ноғай Ордасына түркі және түркіленген моңғол тайпалары кірді. Олар: Қыпшақтар, қаңлылар, қоңыраттар, наймандар, үйсіндер, алшын мен тамалар т.б. ноғай халқы осы тайпалар негізінде XV ғасырдың аяғында құрылып бітті.

Ноғай Ордасы бірнеше ұлыстарға бөлінді. Ұлыс басында мырзалар тұрды, олар өз иеліктеріне көбінесе шексіз билік жүргізіп, жерді өзі бөліп, бақылап отырды. Көрші мемлекеттермен соғыс әдетке айналды. Мұнда, әсіресе, дала ақсүйектері олжаға бататын болды.

Ноғай Ордасының гүлденуі Едігенің тұсына сай келеді. Тарихта Едіге Ноғай Ордасының негізін қалаушы болып танылды, ол сондай-ақ Алтын Орданың да 15 жыл билеушісі “бектердің бегі”, “ұлы әмір” дәрежесіне дейін жетті. Едіге Тоқтамыспен соғысты, Алтын Орданың билеушілерін оның келісімінсіз таққа отырмайтындай жағдайға жеткізді.

Едіге тұсына- “бірі би, бірі хан” деген теңеу сай келді. Олай дейтін себебіміз Ұлы Ұлыстағы (Алтын Орда) билік толық Едігенің қолында болды. Шыңғыс ұрпақтарын таққа отырғызу, тіпті, Едігенің қастастарының өздері де оның келісімінсіз бұл мәселені шеше алмады. Егерде Едіге келісім бермесе, халық алдында және әскер алдында оның билігі заңсыз болып табылды. Ноғай Ордасының саяси билігі мен экономикалық жағдайы толығымен Едіге ұрпақтарының қолында болды.

Едіге 1419 жылы қаза тапты. Оның билігі тақ мұрагері болған баласы Нұраддинге өтті. Нұраддин әкесінің жолын қуып, соңында Ноғай Ордасының дербестігіне қол жеткізді. Ноғай Ордасының шекарасы тұрақты болмады. Жердің кеңеюі, азаюы олардың жорықтарына байланысты өзгеріп отырды. Ноғайлар көршілес жатқан көшпелі өзбек хандығымен, XV ғ. Ортасында пайда болған қазақ хандығымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бірақ, ол қарым-қатынас бір жақтық достық қарым-қатынас еді деуге де болмайды.

Түркі тілдес тайпалардаң тұратын “маңғыт жұрты” XV ғ екінші жартысында пайда болған “ноғай” атауымен көршілес елдерге таңылды. Ноғай ордасы 300 мыңдай жауынгер ұстай алды. Ноғай билеушілері- маңғыт Уақыс би, Мұса мырза, Жаңбыршы т.б. ерекше көзге түсті. Әбілхайырмен одақтаса отырып, Сыр бойындаға қалаларды жаулап алуға болысты Ноғай мырзалары қазақ хандығымен, оның ішінде Қасым хан мен тығыз қарым -қатынас орнатты.

Ш. Уәлиханов қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлармен қазақтарды “екі туысқан орда” деп атаған. XVI ғасырдағы деректерде Хақназар ханды “қазақтармен ноғайлардыың ханы” деп атаған. Орманбет би ( 1590-1597ж.ж.) ноғайлы елінің соңғы тәуелсіз билеушісі. Ноғай ордасының екіге бөлінуі осы тұста Ресейдің сыртқы саясатына байланысты күшейді. Біртұтас мемлекет, Үлкен Ноғай және Кіші Ноғай Ордасы болып бөлінді. Оның үлкен Ноғай ордасы қазақтардың құрамына, ал Кіші Ноғай Ордасы Ресейдің Қырым хандығының құрамына, ал Солтүстік Шығыстағы ноғайлардың бір бөлігі Сібір хандығының құрамына кірді.

5- тақырып: Қазақ халқының және қазақ хандығының қалыптасуы

1. Қазақ халқының қалыптасуы.

2. «Қазақ » этнонимі, қазақ жүздері.

3. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары.

1. Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезеңін соңау арийлер мен турлар заманынан бастаған дұрыс сияқты. Себебі, тарих сабақтастығында байланысты тайпалардың пайда болып, оның біртіндеп дамуына, тайпалық одаққа, одан халыққа дейінгі дәрежеге жеткендігі белгілі. Дамуды жүйелей келе, андрондық кезеңнен бастап сақ-сармат дәуірі аралығын алған жағдайдың өзінде бұл аралықта қыруар өзгерістердің болғаны байқалады. Тайпалардың орналасуы, олардың жайылымдық аймақ үшін соғыстары, олардың орнының ауысуына әкеледі. Бірақ, ол ауысу сол белгілі аймақта өтті.

Ежелгі қазақ даласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғалар ол тайпаларды нәсілдік, әрі антропологиялық өзгеріске түсірді. Арийлер мен тур тайпаларын, одан былай қалыптасқан сақ тайпалық одағын кейбір зерттеуші ғалымдар нәсілі жағынан европеоидтарға, ал тілін үнді ирандық топқа жатқызады.

Келесі кезеңді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде (II-V ғғ.) пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады.

Ендігі жерде тайпалар нәсілі жағынан моңғол тектес, тілдік құрамы түркі тілдеске көшті. Жаңа келген түркі тайпалары ертеректегі түркі дәуіріндегі өмір кешкен сақ сармат тайпаларын антропологиялық жағынан да өзгеріске ұшыратты. Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жайды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтары тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты.

Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейіңгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығынан Қыпшақ хандығына дейнгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыдан да күшейтті. Тек түркілену ғана емес, бұл кезеңде мұсылмандану да қабат жүрді. Ертефеодалдық ортағасырлық мемлекеттерде өмір кешкен тайпалар бұл процестің шапшаң жүруіне үлес қосты. Қазақ халқының қалыптасуына қомақты түрде үлес қосқан қыпшақ кезеңі екендігін айтқан жөн. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қыпшақ халқының бір тұтас болып, кең аймақта қалыптасуына кедергі болған моңғол шапқыншылығы.

XIII ғасырдың басында қалыптасып үлгермеген қазақ халқының зор апатқа ұшыратқан моңғол шапқыңшылығы болды. Шапқыңшылық қазақ халқының халық болып түзілупроцесін екі ғасырға тежеді. Отырықшылықтың жойылуы, қалалардың жермен жексен болуы, елді мекендердегі тайпалар мен руларды да қырғынға ұшыратты.

Моңғолдардың жаулауы бағыныштылыққа түскен тайпалардың тек саяси экономикасына ғана емес, оның антропологиялық, демек физиологиялық жағына да өзгеріс еңгізеді. Кейбір қалалардың талқандалуы, дамуын тоқтатуы, жергілікті тайпалардың мәдениетіне нұсқан келтірді, отырықшылықты жойды.

Ең бастысы- белгілі аймақтың ортақтастығы тайпалар шаруашылығының, әдет-ғұрып, салт-санасының біртіндеп бір диалектіде сөйлесуі де, жалпы алғанда бір-бірімен қай жағынан болса да жақындаса түсуі жүріп жатты.

Қазақ даласында пайда болған Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарында ақ сүйектер билігі орнағанмен олар біртіндеп түркіленді, тіпті жергілікті халықтың тілін қабылдады. Бір аймақта өмір кешкен тайпалар мен рулардың шаруашылығының үш түрі негізінде ортақ экономикасы, тілі, мәдениеті қалыптасты. Қажеттіліктен туындаған бұл алғы шарттар аймағы жағынан ортақтас болған тайпалармен рулардың бірігуін тездетті.

Ұлыстардың орнында XIII-XV ғасырлардағы пайда болған Алтын Орда, оның әлсіреу нәтижесінде белгілі болған. Ақ Ордадағы, Моғолстан, Ноғай Ордасының қалыптасуы да тайпалардың этникалық топтасуына ықпал етті. Оның ішінде, әсіресе, АҚ Ордадағы топтасу жылдам жүрді. Оған негіз болған Ақ Орданың қыпшақтардың жерінде құрылуы. Түбінде бұл аймақтың қазіргі Қазақстан аймағы екендігін ескерсек, Ақ Орданың басқа иеліктерге қарағанда қосқан үлесінің зор екендігін айтуға болады. Ал, моғолстанның жерін алсақ, ол қазіргі жетісуға сай келеді, сондықтан да біз моғолстанның да тарихтағы орнын атауымыз керек. Белгілі аймақтарда өмір сүрген тайпалар өздерінің тұрақтылығына байланысты айқындалады. Оған біз Жетісу аймағындағы үйсіңдер мен қаңлыларды мысалға алсақ жеткілікті. Себебі, аталған тайпалар бұл аймақта сан ғасырлар бойы өмір сүріп келеді, оладың автохотондылығы айқын, қазірдің өзінде Жетісу жеріндегі белгілі руларға жатады. Дешті Қыпшақ жерінде біртіндеп қалыптасқан үш әулеттің екеуінің Жошы және Шайбанның басты аймағы қазақ даласында өмір сүріп, билік үшін өзара шайқасты. Шыңғыс ұрпағы жергілікті тайпаларға араласып кетті.

2.»Қазақ» этнонимі, қазақ жүздері. «Қазақ» этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы ғылыми тартысқа түсіп келе жатыр. Дегенменде, айта кететін жағдай, ең алғаш рет “қазақ” термині 1245 жылы Мамлюктік Египет елінде қыпшақтар мекендеген жерде араб-қыпшақ сөздігінде кезедеседі. Бұл сөздік “қазақ” терминінің жазбаша дерекке түскенінің дәлелі. “Қазақ” термині “еркін, кезбе” деген мағынада аударылған. Бұл аударма терминнің әлеуметтік мәнін көрсетеді. Демек, XIV- XV ғасырларға дейін қазақ даласында орын тепкен мемлекеттердің де “қазақ” халқының қалыптасуына қосқан үлесі мол. Қазақ халқының толық қалыптасып аяқталуы XIV ғасырдың екінші жартысы XV ғасырдың бірінші жартысы.

Қазақ халқының жүзге бөлінуі ғалымдардың алдындағы тұрған әлде де шешімін таппаған мәселе. Жүзге бөлінудің аймақтық негізінде жүргені белгілі. Бұның төңірегіндегі басты мәселе, оның уақытын анықтау. “Жүз” термині туралы да ойлар көп. Осы кезге дейінгі “жуз”, “жақ” деген ұғымды беріп келсе, К.А. Пищулинаның зерттеулеріне сүйене отырып, “тармақ” деген сөзбен түсіндіріледі. Егерде қазақ халқының үш жүзге бөлінуін басшылыққа ала отырып, жалпы ертеректе өмір сүрген тайпалардың, халықтардың бөлінуімен байланыстыра өтсек, онда бөлінудің үйсіндерден басталғаның көруге болады. Ежелгі үйсін мемлекеті де үшке ; шығыс, батыс, орталық болып бөлінген, батыс түрік қағандығы он қанат және сол қанат болып екіге бөлінеді. Жалпы ежелгі, ертеректегі кезеңдегі осылайша саяси жағынан маңызы бар бөліну процесі үйсіндердің үшке, ал қалған тайпалар мен халықтардың моңғол шапқыншылығына дейінгі аралықта екіге бөлінгендігіне көз жеткізу қиын емес. Ал, Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, оның ішінде қазақ даласын үш баласына беруіне байланысты, үш ұлыс пайда болды. Әрине, бұл тұста “жүз” деген ұғым орын алған жоқ. “Жүз” ұғымының кең етек алуының Тәуке ханның билер институтының негізін қалауы мен байланыстырған жөн секілді. Бұл XVII ғасырдың II- жартысынан басталады. Оның үстіне XVII ғасырдың II жартысы XVIII ғасырдың бірінші ширегі Романовтар әулиетінің ең беделді I Петрдің заманы.

Үш жүздің орналасуына жеке-жеке тоқтаған, Орынбор генерал губернаторы Г. Волконский XVIII ғасырда барша қазақстан территориясы Жетісу, Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстан болып, 3 түрлі шаруашылық аймаққа бөлінгендігін жазып қалдырған. Олардың әр қайсысының өз жайылымдары мен қыстаулары болған. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық ортақтастығы негізінде топтасқан, өз шекарасының өзге жерлерге көшіп-қонбауларымен дараланған. Әрбір жүз өзінің малын белгілі бір аймақта жайған. Осымен қатар олар өздерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерін жеке шешіп отырған. Жүздердің тілі, әдет-ғұрпы, шаруашылығы жағынан бір-бірінен ешбір айырмашылығы болған емес. Жетісу көшпенділері Шу, Талас, Сарысу, Сырдария, Іле өзендерінің бойында, Алатау жайылымдарында көшіп жүрді. Бұл аймақ «Ұлы жүз жері» деп аталды. Ұлы жүзге: үйсіндер, қаңлылар, дулат, албан , суан, жалайырлар және т.б. жатады.

Орта жүз қазақтары Сырдария, Қаратау баурайында тұрды. Тобыл, Есіл, Нұра, Аякөз, Ертіс өзендерінің бойында отырықшылдық пен айналысты. Олар Орталық Қазақстанның далалық аймағын көші-конға тиімді пайдаланды. Оларға қыпшақтар, арғын, найман, керей, коңырат, уақтар т.б. кіреді.

Кіші жүз- Батыс Қазақстан жері Орал, Ырғыз, Сағыз, Жем, Торғай өзендерінің жағалауында қоныс тепкен қазақтар. Кіші жүзге табын, тама, жағалбайлы, шөмекей, қарасақал, төртқара, адай, шекті, алаша, серкеш рулары жатады. Кіші жүз: Байұлы, Әлімұлы және Жетіру болып үшке бөлінеді.

3. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары. Қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейдің дербес хандық құру туралы ойларының жылдар бойы қалыптасқандығын дәлелдейтін нақты жағдайлар бар. “Көшпелі өзбек” ханы Әбілқайырдың жаулау әрекеттері қазақтарды тығыз қоныстанған Сыр бойынан ығыстыра бастады. Бұл әрекеттер, әсіресе, 1446 жылдан басталды. Осы жылы Әбілқайыр хан Түркістан аймағын иеленіп, сондағы Сығанақ қаласын астана етеді. Сөйтіп, мемлекеттің саяси орталығы Керей мен Жанібек сұлтандар ұлысы жеріне ауысады. Әбілқайыр хан Сырдың орта ағысы бойын иелену арқылы Дешті Қыпшақтың Орта Азиямен сауда қатнастарына өз бақылауларын орнатады. Сол сияқты Сыр бойындағы қысқы жайылымдар шайбанилық сұлтандар иелігіне көшті. Саяси әрі экономикалық аймақтан айырылу қазақ сұлтандарына үлкен соққы болып тиді. Әбілқайыр ханның мұнадай іс-әрекеті осы аймақты иеленіп келе жатқан Орыс хан ұрпақтарының мүшелеріне қайшылық келтірді. Көшудің бастамасы осы жағдайлар болса, ары қарай оның өрши түсуіне әкелген 1457 жылғы оқиға болды. “Көшпелі өзбек” хандығының, оның билеушісі Әбілқайыр хан 1457 жылы өз астанасы Сығанақ түбінде ойраттардан ойсырай жеңілді. Сол жылы Әбілқайырдың ішкі саясатына наразылық білдірген Керей мен Жәнібек сұлтандар 200 мың қазақпен Моғолстанға қоңыс аударды. Моғолстан ханы Есен Бұқаның оларды құшақ жая қарсы алуының екі себебі бар. Біріншіден, Есен Бұқа мен Керей өте жақын туыс. /Есен Бұқа Керейдің қарындасына үйленген/. Екіншіден, Есен Бұқа Керей мен Жәнібектің күшін пайдаланып, ойраттар мен көшпелі Өзбек хандығынан қорғану үшін шекараны нығайтуды көздеді. Қазақ хандығы Жетісудың батыс бөлігінде Шу мен Талас өзендерінің аралығында «Қозыбас» деген жерде негізін қалады.

Қазақ хандығының бастапқы өріс тепкен жері - Батыс Жетісу - Шу және Талас аңғарлары болса, біртіндеп Шығыс Дешті - Қыпшақ, Түркістан жазираларында да қанат жайды. Бұл әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің натижесі болып табылды. Мырза Хайдар Дулати өзінің “Тарихи Рашиди” еңбегінде қазақ хандығының түзілуінің аяқталуы 1465-1466 жылдар деп көрсетеді. Қазақ хандығының қалыптасу аймағы туралы Заинаддин Васифи (XVI) “Бадап әл-уәкой” шығармасында сөз қозғайды. “ Михман наме-ий Бұхар” еңбегінің авторы да қазақ хандығы аймағының біртіндеп ұлғайғандығын айтады. Сонымен қазақтың алғашқы хандары болып Керей мен Жәнібек саналады. /Орыс ханның ұрпақтары Жошы әулетінен тарағандар/. Тарихта көбіне Жәнібекті айтады. /Керей жас шамасы жағынан Жәнібектен үлкен/. Оның себебі Жәнібек халық арасында жас мемлекеттің қуатын нығайтуда көбірек көзге түсті. Жан-жақтан, оның ішінде Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан көшіп келген қазақ тайпалары жергілікті жердегі қазақтармен бірігіп кетті. Ойраттардың шабуылына өз күшімен соққы бере алмаған Есен Бұқа қазақтармен тығыз қарым-қатынаста болуды көздейді. Мырза Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди” еңбегінде қазақ хандығының құрылуын 1465-1466 жылы Моғолстан ханы Есен Бұқаның 1462 жылы дүние салуын Керей мен Жәнібек ұтымды пайдаланып, билеушісіз қалған елді берік орнығу мүмкіндігін көздеді. Ал, 1468 жылы көшпелі өзбек ханы Әбілхайыр ханның Моғолстанға жорыққа аттану үстінде қаза табуы жас қазақ хандығының оқшаулануына жол ашты. Біртіндеп қазақ хандығы күшейе бастады. Керей 1473 ж. дейін хандық құрды. Жошы әулетімен Шайбан әулетінің саяси бәсекелестігі тоқтамады. Әсіресе, Сырдария бойындағы Түркістан аймағындағы қалалар мен жайылымдық жерлер үшін соғыс қақтығыстары жиі өтіп отырды. Себебі қазақ хандығы үшін Түркістан аймағының айрықша маңызына қазақ халқының отырықшы-егіншілік өңірлер мен сауда байланыстарының тұрақтылығын қатамасыз етуге ұмтылуы жатты. Әсіресе,аймақтағы ірі сауда орталықтарына бақылау орнату, егіншілік аудандардаң салық жинаудан түсетін пайда Қазақ хандығы үшін аймақтың экономикалық маңызын өсіре түседі.

Шығыс Дешті қыпшақтағы Шайбанилер әулеті өз билігін қайта орнату үшін Әбілхайырдың ұрпағы Мұхаммед Шайбан көп күрес жүргізді. Сонымен қатар қазақ хандығымен сұрапыл соғыс жүргізген Жүніс ханмен оның баласы Сұлтан Махмұд тыным бермеді. Бұл күрес 30 жылға созылды. Қазақ хандығы көршілес жатқан елдерді сыбайлас етіп алды. Оның ішінде Ноғай Ордасының әмірі Мұса мырзамен одақтастығын атап өтуге болады.

Әсіресе, соғыстар Сауран, Созақ, Сығанақ қалалары үшін көп болды. Қала тарихын зерттеуші ғалымдар ортағасырлық әр қаланың ерекшелігінің болғанын көрсетеді. Соның ішінде мықты бекіністік қасиетімен көзге түскен Сауран қаласы болған. Сауран қаласы XV ғасырдың 70-ші жылдары мен XVI ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы Қазақ хандығы мен Мәуереннахр арасында болған күрестерде екі жаққа алма-кезек өтіп отырды. XV ғасырдың 80-ші жылдары қала мен оның төңірегінде Жәнібек ханның үлкен ұлы Иренші сұлтан билік жүргізді. Сауран қаласы Сығанақ, Созақ секілді Түркістан аймағының солтүстік-батыс бөлігінде, яғни Дешті Қыпшаққа таяу орналасқандықтан, онда қазақ хандығының ықпалы күшті болды. XV ғасыр соңында болған ұрыстарда қала тұрғындары өз еріктерімен Қазақ хандығы жағына өтуі осының айғағы. Қалалар Шайбандықтар мен Жошылықтарға кезек-кезек өтіп отырды. Ғасырдың аяғына қарай қазақ хандығының иелігі үлкейді. Бастапқы алып жатқан жері - Батыс Жетісудың Сыр бойындағы кейбір қалалары болса, ендігі жерде сыр бойы қалаларының басым көпшілігі, Түркістан аймағы Оңтүстік және Орталық Қазақастан жері қосылды.

XV ғасырдың орта шенінде қазіргі Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы XV-XVII ғасырда Қазақстан мен Орта Азияның және оған іргелес елдердің тарихында үлкен маңызға ие болды. Құрылғаннан кейін арада жарты ғасыр өтпей жатып, Қазақ хандығы Еуразияның шығыс бөлігінде күшті мемлекеттердің біріне айналды.

Қазақ хандығының құрылуына Еуразияның шығыс және орта бөлігінде XIV-XV ғасырларда болған саяси дамудың , сондай-ақ Дешті Қыпшақ пен Мәуреннахр, Моғолстанда болған этникалық процестердің заңды қорытындылары себеп болды. XIIІ ғасыр басында монғол жаугершілігіне байланысты жоғарыда аталған аймақтарда саяси құрылымдар өзгеріп, этникалық процестердің дамуы тежелсе, XIV ғасырдан бастап монғолдар құрған саяси құрылымдар сипаты жағынан жергілікті халықтар мен ру-тайпалардың талабына бейімделе түсті. Жаулап алушылар жергілікті халықтар арасына сіңісіп, бұрыңғы тежелген этникалық процесс жаңа қарқында, жаңа сапада дами бастады. XIV ғасырда пайда болған Ақ орда, Ноғай Ордасы, Сібір Хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттер монғол жаулап алушыларының толық түркіленуі арқасында түркі халықтарының құрған мемлекеті болып табылады.

Ал XV ғасырдың I жартысындағы Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр Хандығы, Жетісу мен Шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті және Мәуреннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті, сондай-ақ Оңтүстік Сібірдегі қалмақ тайпалары арасындағы шиелініскен күрделі саяси оқиғалар мен олардың даму барысы XV ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығын дүниеге әкелді.

Қазақ хандығы аймағының ұлғайысы XVI ғасырдың басында қатты байқалды. Жайылымдық жерлер үшін соғыстар, әсіресе, Бұрындық ханның тұсында күшейді. /Бұрындықтың билік құрған жылдары 1480-1511 ж.ж./

6-тақырып: XVI-XVIII ғ.ғ. басындағы қазақ хандығы

Қазақ хандығының нығаюы.

Қазақ-жоңғар соғыстары.

1. Қазақ хандығының гүлденуі 1455 ж. дүниеге келген Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсына келеді. Оның билік құруы әртүрлі деректерде әртүрлі кездеседі. Кейбір мәліметтерде 1511 - 1523 ж.ж.Қасым хан сияқты көрнекті қолбасшы, әрі ел билеушінің арқасында XVI ғасырдың басында Моғолстан хандарының билігі Жетісуға жүрмейтін болды. Бұл кезең қазақ хандығы үшін сәтті кезең, оның нығая бастағанын анықтай түседі. Қазақ ақсүйектерінің арасындағы бедел мен билік үшін күрес кеңінен өрістеді.

Қасым сұлтан ел арасындағы өзінің беделінің артқанын байқап, өз бетінше әрекет етуге көшті. Ол жеке мақсаттар қойып, қалайда Жетісуды шайбанилықтар қолында қалдырмауға тырысты. 1509-1510 жылдары Бұрындық хан тұсында-ақ, хандықтағы билік Қасым сұлтанның қолында болды. Осы жылдары Бұрындық пен Қасымның арасындағы билік үшін шиеленіскен күрес Қасымның жеңісімен аяқталды. Бұрындық Самарқандқа барып, сонда өлді. 1511 жылдан бастап, Қасым қазақтың ханы болды. Билік Жәнібек ханның ұрпақтарына ауысты.

Қасым хан Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу үшін күресуді басты міндет етіп қойды. Қазақтар үшін бұл қалалар өте қажет еді. Өйткені, бұлар дала қазақтары үшін малдарын саудалап, өздеріне керек – жарақ, бұйымдарын сатып алатын сауда орталығы, керуен жолының үстінде жатқан пайдасы мол орталық болатын. Оның үстіне кең жазиралы жайылымдық аймақ.

Мұхаммед Шайбани Қасым ханның барлық әрекеттеріне тосқауыл қоюмен болды. Екі жақтың бір-біріне жасаған шапқыншылық әркттерінен халық зардап шекті. Мұхаммед Шайбанның 1503-1509 жылдар аралығында қазақ ауылдарына күтпеген жерден шабуылдар жасап, тонап отыруы оны олжаға әбден батырды.

1510 жылы Мұхаммед Шайбан Қасымға қарсы тағы бір жорық ұйымдастырды. Ол Сығанаққа келіп, өзінің баласы Темір мен баласы Убайдаллах бастаған әскерді Қасымның өзі жоқта, оның Ұлытау маңындағы Ордасын шабуға аттандырды. Қасым жіберген Мойынсыз Хасанбек бастаған қазақ әскерлері Шайбани ұрпағы әскерлерінің тас-талқанын шығарды. Тірі қалғандары Самарқандқа қашып барды. Шайбанидің жеңіліске ұшырауымен Түркістан қалаларының көпшілігі Қасымның қолына көшті.

1510 жылдың қысында Мұхаммед Шайбан хан Иран шахы I Исламмен шайқаста жеңіліс тауып, Мерв түбінде өлтірілді. Енді Мұхаммед Шайбанның ұрпақтары арасында билікке талас басталды. Осы жағдайды пайдаланып Қасым хан шабуылға шығып, Сайрамды өзіне қаратты. Осыдан соң Ташкентті билеп тұрған Шайбан ұрпағы Сүйініш қожаға қарсы аттанды. Ташкент қаласының түбінде жаралы болып, Сайрамға шегінді.

XVI ғасырда қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды, хандықтың жер көлемі ұлғайды, халқының саны 1 милионға жетті, халықаралық беделі өсті, хандықтағы талас-тартыс біршама тұрақтады.

Хақназар хан /1538-1580/, Қасым ханның баласы әкесінің жолын қайталап қазақ хандығының біртұтастығының негізін қалауды жалғастырды. Ол ойраттар мен Моғолстан ханы Абд-ар-Рашидке қарсы шығып, Жетісудің шығысы мен оңтүстігін қорғап қалды. Сібір хандығы Көшімге қарсы соғыста Хақназар хан өзбек ханы Абдаллахпен одақтасты. Сондай-ақ Хақназарды тарихта «қазақ-қырғыз ханы» деп те атаған. Себебі, ол Моғол хандарына қарсы күресте қырғыздармен тығыз қарым-қатынаста болды.

Хақназар хан әкесінің сыртқы саясатын қайталап, Мәскеумен сауда қатынасын одан ары ұластырып, оны саяси байланыспен ұтымды үйлестіреді. Осы тұста Ресей тарапынан қазақ даласына ерекше мән беріле бастағанын байқауға болады. 1569-1573 жылдары орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков қазақ хандығында болып қайтты.

XVI ғасырдың ІІ жартысында Ресейдің Орта Азия хандарымен байланыстарына жол ашылды. Ағылшындардың да бұл аймақтарға қызығушылығы арта түсті. Оның бір дәлелі ағылшын көпесі Антони Джекинсонның Астраханнан Каспийдің солтүстік-шығыс жағасын бойлай отырып жүзгенде сол жерлер арқылы ары қарай Хиуа мен Бұқараға өтеді. XVI ғасырдың орта шенінен-ақ жылына екі рет Орта Азия көпестері Маңғыстауға желкенді кемемен, ал ары қарай Астраханға өтіп отырған. Хақназардың мәмлегерлігі шайбандықтармен тығыз қарым-қатынастарынан, олардың туыстық-некелік одақтастықтары-нан көрінді. Әсіресе, Абдаллах қазақтарды әскери-саяси күш деп бағалап, Хақназар ханмен анттасып, одақ жасасқан. Бұхара ханы Абдаллах пен Хақназар ханның арасында осы антқа байланысты талай міндеткерліктің жүзеге асқандығы белгілі. Ол сыртқы жаулардан бірлесе отырып, қорғану келісімдері деп ойлауға болады.

XVI ғасырдың аяғында саяси жағдай шиеленісті. Оған себеп болған Ташкент билеушісі Дәуріштің өлтірілуі. Ташкент билеушісі етіп оны отырғызған Абдаллах болатын. Дәуріштің орнына таққа Баба сұлтан отырды. Хақназар бұл шиеленісте Абдаллахты қолдады. Осы ниеті үшін Бұхара ханы Абдаллах Түркістанның төрт қыстағын Хақназар ханға сыйға тартқан екен. Бірақ, аяғында кейбір қазақ сұлтандары жеке-жеке Баба сұлтан жағына өтіп, Абдаллахқа қарсы шығады. Бұл Баба сұлтанның күшеюіне ықпал етті. Уақиға 1580 жылдарға келеді.

1580 ж. Хақназар дүние салған соң таққа 80-дегі Шығай отырды. Ол Абдаллахпен қарым-қатынасты жақсартты. Бірақ, ол көп ұзамай 1586 ж. қайтыс болады. /кейбір деректерде ол екі-ақ жыл билік құрды деген мәлімет бар/.

Тәуекел хан /1586-1598/. Ол Шығайдың баласы Түркістанның біраз қалаларын өзіне қаратып, Өзбек хандығымен күресті күшейтті. Ташкентті алуға әрекеттенді. Бірақ Баба сұлтанның Ташкенттегі әскери күші басым болды. Қалайда өзбек хандығына қарсы әскери қуатын нығайту үшін орыс патшалығымен қарым-қатынасты жақсартуды көздеді. 1594 ж. ең алғашқы қазақ хандығының тарапынан Мәскеудегі Федор патшаға елші жіберді. Тәуекел Ресейден өзінің жиені Оразмұхаммедті аманаттықтан босатуды және Баба сұлтанмен, ойраттармен соғысу үшін отты қару сұрады. Бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалды.

Тәуекелді «қазақ – қалмақ ханы» деп бекер атамаған. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңірінде мекендеген қалмақтарды талқандап, оларды билеуді ол інісіне тапсырған.

XVI ғасырдың аяғы саяси оқиғаларға толы кезең болды. 1598-1599 жылдары Тәуекел хан Түркістанды, Самарқанды, Ташкентті, Ферғананы жаулап алып, 80 мың әскерімен Бұхараны қоршады. Қазақ ханы жеңісінің бір ұшы оның Орта Азия діни топтары тарапынан қолдау тапқандығында еді. Сонымен қатар 1598 жылы Орта Азиядағы қазақ сұлтандарының көтерілісін ескерсек, Тәуекел ханды сол аймақта тұрушы қазақтар да қолдаған деп пайымдауға болады.

Тәуекелдің жорықтары Шайбани әулетін әлсіретті. XVI ғасырдың аяғында Сыр бойындағы ең негізгі жайылымдық аймақтар мен отырықшылыққа бейім аудандар қазақ хандығының құрамына кіріп, жері ұлғайды. Қазақ хандарының 1598-1599 жылдары Мәуереннахрды қосып алу мақсатында жасаған жорықтары сәтсіз болғанымен, Ташкент 200 жылға, Ферғана, Түркістан қалалары біраз уақытқа дейін қазақ хандығының құрамына кірді.

Аштраханидтердің ең алғашқы ханы Жани-Мұхаммед тұсында қазақ сұлтаны Тұрсын Ташкентке өз билігін орнатып, теңгесін шығарып, жергілікті халықтан баж, хараж салықтарын жинай бастады. Жани-Мұхаммед өлген соң, оның орнына келген Имакули хан Ташкентті өзіне қосып алуды көздеді. Бұл мақсатта талай шайқастар өтті. Деректерге сүйене отырып, зерттеген тарихшылардың еңбегіне қарағанда Тұрсын Мұхаммедтің де осал еместігін байқауға болады. Мысалы 1621 жылғы Аштраханилермен шайқаста Тұрсын Мұхаммед 100 мың әскер жасақтаған, ал Имакули әскерінің саны, әрине, одан да көп болуы тиіс, 160 мың еді деген нақты деректер бар.

Қазақ хандығындағы қос билік (Есім мен Тұрсын хан) алауыздықты күшейтті. Негізгі хан – Есім хан (1598-1628). Екі ханның жауласуы ұзаққа созылды. Бұл туралы Махмұд ибн Уәлидің “Бахр-Әл-асрар” деген еңбегінде суреттеледі. 1627-1628 жылдары Есім хан қалмақтармен соғысуға кеткенде, Түркістанға Есімнің ордасына Тұрсын хан көп әскермен келіп, ойран салған. Есім қайтып келе жатып, Тұрсын ханның әрекетін естіп, Ташкентке қарай бет алады. Ташкент маңында Есім мен Тұрсын арасында үлкен шайқас болып, Тұрсын хан қаза тапқан. Бұхара ханы осы жылы Есім ханға Ташкентті, Түркістанды билеу жөнінде 1628 жылы грамота тапсырды. Есім хан қырғыздармен тығыз қарым-қатынаста болды. Қырғыздардың Көкем биі мен оның әскери көмегінің арқасында, ол Тұрсынның қалған адамдарын да қырып тастады. Сол Көкем бидің еңбегін ескеріп, Есім хан оған арнап Ташкентте “Көкемнің көк күмбезі” деп аталған ескерткіш салдырған екен. Есім ханның мәмлегерлігі қазақ хандығының шекарасын сақтауға бағытталды. Миллердің “История Сибири” деген кітабында оның қалмақ тайшысы Батырдың қызына үйленіп, ол жақта біраз уақыт қонақ болғандығы туралы айтылады.

Бірақ, жоңғарлар Ертіс, Тобыл өзендерін жағалай отырып, жылжуын тоқтатпады, себебі олар қалайда алдымен қазақтар мен Ресей иеліктері арасын бөліп тұрарлық жол салып алуды көздеді. Есім ханның тұсындағы 1620, 1622 жылдары жоңғарлардың жасаған жорықтары сәтсіз болды да, өздері ортақ келісімге келуге өтініш білдірді. 1627 жылы Есім хан дүние салған соң, оның орнына келген баласы Жәңгір тұсында жоңғарлардың шабуылы күшейді.

Қазақ мемлекетінің бір тұтастығын сақтап қалуға зор үлес қосқан келесі ханның бірі Жәңгірдің баласы Тәуке хан болды. Ол ішкі саясатында қолданған бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздықты жою үшін сонымен қатар ел басқару ісін жақсартуды мақсат етті. Ол бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекеттілігін құру үшін бірінші санатта тұрған Шыңғыс хан ұрпағынан таралған төрелер мен ерекше мәртебеге ие болған қожалардың қазақ қоғамындағы құқықтық жағдайларына баса назар аударды. Ондағы көздегені мемлекеттік басқару ісіне әр ортадан шыққан қабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді.

Тәуке ханның заманында “Билер кеңесінің” құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Кебек, Есейхан, Жалған, Жолбарыс, Ескелді, Балпық, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқаш сияқты дарынды қайраткер билер мен батырлар кірді. Билер кеңесінің қызметін ретке келтіруде Тәуке хан тұсында біршама істер жүзеге асырылды. Билер кеңесінің тұрақты өтетін жерлері мен уақыты белгіленді. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласының жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының іргесіндегі Мартөбеде, Сыр бойында Ангрен қаласы маңындағы Күлтөбеде билер кеңесі өтеді деп белгіленді.

Орнатқан тәртіп бойынша әр ру басшылары мен билер өз елінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жауға аттанатын азаматтарын ер-тұрманмен, сәйгүлік атпен, қару-жарақпен қамтамасыз етуге міндетті болды. Қазақтарға, әсіресе, жоңғарлардың белді қонтайшылары Галдан-Бошокту (1670-1697) оның мұрагері Цеван-Рабтан тұсында (1697-1727) қауіп төнді, жоңғарлар, әсіресе, өзен жағалауларындағы шұрайлы жерлерді, сауда керуендері өтетін жолдарды, сауда орталықтарына айналған Оңтүстік Қазақстан аймағын басып алуды көздеді. Оның ішінде Түркістан, Отырар, Сығанақ, Сайрам, Созақ қалаларының стратегиялық маңызы күшейді.

Қазақ хандығының асатансы Түркістан Тәуке ханның әскери әрекетінің арқасында ғана аман қалды. Бұл уақыт басқа уақытпен салыстырғанда қазақ халқының тарихында тыныс алу кезеңі болып саналды. Қазақ халқының тарихында Тәуке хан ел билеген заманды “алтын уақытқа” бекер теңемесе керек.

Сыртқы саясатта Тәуке хан ең әуелі жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру мақсатында көрші мемлекеттермен қатынасты нығайтты. Ол діні бір, тілі бір тілдес көрші орналасқан бұхарамен дипломатиялық қатынастарды биік дәрежеге көтерді. Ал мұндай келіссөздерді 1687-1688 жылдары Ташкент жайлы Бұхара ханы Субханкулимен жүргізді.

1686-1693 жылдар аралығында Ресейге өз елшілерін бес рет жіберді. Ондағы мақсаты – қазақ қоғамымен, оның бай мәдениетімен орыс елін таныстыру еді. Сонымен қатар сауда қатынастарын дамыту да назардан тыс қалмады. Ал кейінірек, 1714 жылы Жоңғарлардан қатты соққы алып, жеілгеннен кейін Ресеймен достық қатынастарды нығайтуды және онымен одақтасуды өзінің сыртқы саясатының ең маңызды мәселесі деп таныды.

Тәуке ханың реформаторлық қызметінің сапынан ерекше орын алатын мәселе – қазақ қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастыруы. Мемлекетті нығайтып, тәртіп орнату үшін тиімді, халық мүддесіне сай келетін, орындалуы арнайы тетіктермен қамтамасыз етілетін, заң жүйесі болуы шарт. Бұл қағиданы жүзеге асыруды аса көрегенділікпен түсінген, құқық жүйесін жасау жолында қазақ қоғамына өздерінің қара қылды қақ жарған әділ шешімдерімен елге танымалы болған билерді тарта білді. Соның негізінде қазақ қоғамының ұлттық хартиясы – “Жеті жарғы” дүниеге келді. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетін құқықтық құжат емес. Оның мәніжәне мазмұны жағынан көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылық ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктерге сай қабылданған аса құнды құқықтық ескерткіш болып табылады.1718 ж. Тәуке дүние салған соң, қазақ даласында аласапыран басталды.

2. Қазақ - жоңғар соғыстары.Жоңғарлардың күшеюі 1635 ж. Олардың хандығының құрылуымен байланысты болды. Хандықтың алғашқы билеушісі Батыр қонтайшы. Қазақ хандарының ішінде жоңғарлардан көп зардап шеккен Жәңгір хан болды.

Ең алғашқы қазақ пен жоңғарлардың бетпе-бет шайқасы 1643 ж. Орбұлақ жерінде өтті. Батырдың 50 мың әскеріне Тәукенің әкесі Жәңгір 600 қолмен қарсы тұрды. Шайқаста қазақтар үлкен жеңіске жетті. Ол Самарқанд билеушісі Кіші жүздің әлімінен шыққан Жалаңтөстің үлкен әскерімен, қырғыздардың көмегі, Жәңгірдің айлакерлігімен келген жеңіс. Жәңгір ханның небары 600 қаруланған атты әскерінің ғана болғандығын деректер тек таңдаулы батырлардан тұратын жасақ еді деп көрсетеді. Олардың арасында Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Қаңлы Сарпық, Найман Көксерек, Дулат Жақсығұл, Суан Елтынды батырлар болған. Жалаңтөстің қанша әскермен келгені жөнінде де саны екі түрлі кездеседі. Бір деректер Жалаңтөс 20 мың әскермен келді дейді. Бастысы – қазақ халқының жеңісі.

Орбұлақ жерінде жоңғарлар бірнеше мыңдаған әскерінен айрылды. Бірақ деректер Батыр қоңтайшының да құр алақан кетпегендігін дәлелдейді. Тайшы Бахтыйдың Тобыл воеводасы Куракинмен 1644 жылы кездескенінде, “Батыр қонтайшы Жетісудан үлкен шығынмен оралды, бірақ ол қайтар жолындағы ауылдарды шауып, он мыңдай әйел, бала-шағаны құл қылып айдап келді” дейді.

XVIII ғасырдың 20 жылдарында /1723-1725 жж./ халықтың басына күн туды. Халықөзінің туған жерін тастап, босып кетті. Жоңғарлардың шапқыншылығы күшейді. Жойқын соғыстың ауыртпалығы Ұлы жүз қазақтарыны басынатүсті. Жер жаннаты – Жетісу жоңғарлардың қолында қалды. Бас сауалап аман қалу үші Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары Самарқанд, Ходжент жеріне, ал Кіші жүз азақтары Хика мен Бұхараға ауды. Әбден тозған халық Сырдың сол жақ бөлігіндегі Алакөл жағасына жетіп жығылды. Осыдан да болар бұл жылдар тарихта “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп аталып кетті. Мұны шұбырған халықтың Алакөл жағасына жетіп, құлауы (ес білмей құлауды қазақтар сұлау деген) деп түсінуге болады. Бұл қазақ халқының басындағы ең ірі қайғылы қасіреттің бірі. Қазақ санының құрдымға кетуінің басы еді. (Демографиялық құлдырау). Осындай қасіретті жылдар “Елім-ай” әні арқылы халық жүрегінен орын тапты.

1729 жылы көктемде Балқаш көлінің жағасында қазақтар қалмақтарды тағы да талқандады. Мұнда да Әбілқайыр көзге түсті. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Малайсары сияқтыбатырлардың қолбасшылығымен жеткен жеңіс тарихта “Аңырақай” шайқасы деп аталды. Осы жеңістерден кейін барып қалмақтар бас сауғалап, қашуға мәжбүр болды. Жау әскерінің рухы түсті. Жоңғарларды талқандауда ерен ерлік көрсеткен Қабанбай батыр болды. Оны халық «Қара керей Қабанбай» деп атады. Оған арналған – “Ер Қабанбай” дастаны бар. Сондай-ақ Аңырақай шайқасында Райымбек батыр да көзге түсті.

Райымбек Ұлы жүздің албан руынан. Оның алғашқы ерліктері 1723 жылы Ойрантөбе деген жерде жоңғарларды талқандаудан басталды. Кейін Райымбектің аты “Аңырақай” шайқасына байланысты халық арасында кеңінен таралды.

Қанжығалы Бөгембайдың аты тарихта «хас батыр» ретінде қалды. Жоңғарлар қолындағы Түркістан мен Сауранды тартып алып, Жетісуды жайлаған қалмақтарды джа талқандады. Оның, әсіресе, 1750 жылы “Аяқ” көлінің маңында Абылаймен бірге жоңғарларды талқандауы ерен ерлік. Бөгенбайды мәмлегер деп те тануға болады, оған дәлел оның 1761 жылғы қазақ-қытай арасындағы тыныштық келісім шартын жасауға атысуы.

“Қанішер” атанған Абылай ханның ұрпағы Әбілмансұрдың жоңғарларды түкілікті талқандауға қосқан үлесі зор. Оның 13 жасында жетім қалып, одан құл базарына сатуға алып бара жатқан жерінен қашып құтылып, елге қайтып оралуы, күнкөріс үшін Төле бидің түйесін, Дәулетбайдың жылқысын бағып жүріп шыңдалуы жастарға үлгі боларлық мысал. Әсіресе, Төле бидің тәлім-тәрбиесіне түсу Абылайға зор ықпалын тигізді. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиеті ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға “Сен жиырма жасқа жеткен соң, алтын тұғыр үстінде, ақ сұңқар құстай түледің” деуі осының дәлелі. 1730-1733 жж. Аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтайшы Қалдан-Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасшылық қабілеті 30-40 жылдары шайқастарда ерекше көрінді. Онымен бірге Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары шайқасқа қатысты. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады.

1738-1741 жж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамы үшін үлкен мәселе болды. Абылайды босатып алу мақсатқа айналды.

Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алды. Бұл жөнінде Неплюев сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірілген. Қазақ халқын ауыр жағдайдан құтқарудың түрлі жолдарын іздеп, оның бірі – көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайту екенін көре білді. Осы мақсатпен 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің “қамқорына” кіруге келісімін білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырылды.

Абылай 1745 ж. Қалдан- Серен дүние салғаннан кейін, жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды.

Жоңғарлардың әлсіреуінің бірнеше себептері болды, бірақ оның ішіндегі ең бастысы етіп, біз, 1745 жылғы жоңғар қоңтайшысы Қалдан Сереннің дүние салуын атауымыз керек. Бұдан былай таққа талас өршіп, феодалдық бытыраңқылық күшейді. Осы негізде олар көршілес Шың империясымен сыртқы шиеленістерге барды. Абылайдай айбынды ел басы бұл жағдайды ұтымды пайдаланды. Қазақ жасақтарының басын біріктіріп, Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті.

1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса (Қаратал өзені бойында), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3 мың қалмақты тұтқынға түсірді. 1758 ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп (Абылай жаралы болды), екіншісінде жеңіске жетеді. 1757 ж. Абылайдың 6000 әскері қытайдың 40 мың әскерімен шайқасқаннан кейін, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. Таққа таластың нәтижесінде 1755 жылы Жоңғар хандығының бытыраңқылығы күшейіп, бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті, ал 1758 жылы Шың империясының соқысының нәтижесінде Жоңғар хандығы біржолата құлайды.

1771 жылы Әбілмәмбет хан дүние салған соң, қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып, не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпайыз сайлануы тиіс еді. Алайда, басты сұлтандардың, старшындардың, және Әбілпайыздың өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді.. абылай іс жүзінде тек Орта жүздің емес, Бүкіл Қазақ Ордасының (хандығының) Ұлы ханы болып танылды.

Қазақ елінің мүддесін қорғау үшін 1774 жылы Абылай хан Солтүстік қазақ жеріндегі орыс отаршылары салған бірнеше қамалдарды қоршап, бұзуға барады. Бұл мысалдар Абылайдың екі империяның әскерлерімен өткен шайқастарда осал тұлға болмағандығын көрсетеді.

7-тақырып: Қазақстанның Ресейге қосылуы, отарлау саясаты

1.Қазақстанның Ресейге қосылуының алғы шарттары.

2.Патшалы Ресейдің отарлау әдістері.

3.Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздігінің жойылуы. Әкімшілік реформалардың мәні

1. Қазақ-жоңғар соғыстары нәтижесінде шаруашылықтың күйреуі казақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. Оның үстіне XVIғ. Иван Грозныйдың сыртқы саясаты қазақ хандығының шекарасын Ресеймен тікелей байланыстырды. Өйткені, Қазан хандығы (1552) мен Астрахань хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей өзіне бағындырған еді. Қазақ хандығының аймақтық мәселесі шиеленісе түсті. Ол тек қана жоңғарлардың шапқыншылығымен байланысты болған жоқ, батыстан қалмықтармен башқұрттар, оңтүстіктен Орта Азия -Бұқара, Хиуа, Қоқан хандықтары қазақ жерлерін жаулап алған еді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қоқан және Хиуа хандықтары да Сыр бойына қамалдар мен бекіністерін сала бастаған болатын. Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің аралығы Хиуа хандығының, ал қазақ жерінің оңтүстігі Қоқан хандығының бақылауында болды. Қоқан және Хиуа бекіністерінің стратегиялық тұрғыда ерекше орналасуы тек отырықшы қазақтарды ғана емес, сонымен қатар, Сырдариядан өтетін кезде көшпелі халықты да, транзиттік сауда жолдарын да бақылауында ұстауға мүмкіндік берді. Сондай –ақ, қазақ ақсүйектерінің өзара ауызбірішіктерінің болмауы да меселені тездетті. Оның дәлелі 1729 жылы Ордабасы оқиғасы. Сол жылы Тәукенің баласы Ұлы жүздің ханы болып тұрған Болат хан қайтыс болған еді. Ұлы жүздің хандық тағына үміткерлер көбейді. Семеке Орта жүзден ал Әбілқайыр кіші жүзден болса да хандық тақтан үміттенді. Әсіресе Әбілқайыр өзінің 1729 жылы Аңырақай шайқасындағы жеңіске қосқан үлесін есепке ала отырып , қазақ ақсүйектері соны есепке алар деп үміттенді. Бірақ, Ұлы жүздің ақсүйектері қазақтың әдет-ғұрыптық заңдарының негізінде Ұлы жүздің хандық тағына Тәукенің Болаттан кейінгі баласы Әбілмәмбетті отырғызды. Осы жағдайдан соң, Әбілқайыр өз жері Жайық пен Еділдің аралығына бет алды. Ол бұдан былай қарайғы өзінің саяси билігінің Ресеймен қарым-қатынасты күшейте отырып шешуді дұрыс деп тапты. Сөйтіп 1730 жылы Петерборға Сейітқұл батырмен Құлымбет биді елшілікке жіберді. Бұл елшілік грамотасына орыс патшайымы Анна Иоановна қол қойды.Қазақ билеушілерінің барлығының антын алу үшін Анна Иоановна сыртқы істер министрлігінің қызметкері, ұлты башқұрт-А. Тевкелевті жіберді.А.Тевкелев қазақ жеріне өзімен бірге 200 адам ала келді. Оның себебі олардың көпшілігі зерттеуші ғалымдар. Бұл жолы тек қана саяси миссия атқармай сонымен қатар Ресейдің болашақ экономикасының негізі болатын шикізат көздерін картаға түсіріп, қазақтың шұрайлы жерлерін айқындау және жергілікті халықтың психологиясын білу үшін оның әдет-ғұрыптарын зерттеу мақсаты тұрды.

Қазақтардың орыс бодандығын қабылдауының алғашқы кезінен бастап-ақ Ресей қазақ жерінің барлық аумағын біртіндеп отарлаудың бағытын анықтады.Жаңа қосылған жерлерді бекіту үшін сенаттық обер лейтенанты И.К. Кириллов басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Бұл кейін «Орынбор экспедициясы» деп аталды. Ал оның ісін қадағалау Кіші жүзді Ресейге қосу жоспарын сәтті орындағаны үшін тілмаштық қызметтен полковник дәрежесіне көтерілген А. Тевкелевке жүктелді.

1737жылы И. Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясы Орынбор комиссиясы болып қайта құрылды. 1735жылы Орынбор бекінісінің құрылысы басталды. 1744жылы бастап ол Орынбор губерниясының, ал 1748 жылы Орынбор казак әскері бөлімдерінің орталығына айналды. Қазақ жерінде тұтас әскери желілер тұрғызылды. Тек 1740-1743 жылдары ғана Кіші жүз және Оңтүстік Орал аймағында: Воздвиженный, Рассыльный, Ильинск, Таналы, Уразым, Кизиль, Магнитная, Каракульск, Прутоярск, Нижнеозерск, Перегибенск, Усть-Уйск, Елманск, Красногорск, Губерлинск, Новосергиевск сияқты т.б. көптеген бекіністер мен форпостар салынды. Бұл бекініс желілері қазақтардың келісімінсіз салынып, олардың көші-қон жүйелерін бұзды және мал жайылымдарынан ығыстыра бастады. XVIII ғасырдың 50-жылдарында Горький, Иртыш, Колыванск, Ишимск, Орск әскери желілері пайда болды. Осындай саясаттың нәтижесінде Жайықтан бастап Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырымды құрайтын тұтас бір-біріне жалғасып жатқан әскери бекіністер салынып, ол жерлерге казактарды қоныстандырды. Сондықтан бұл кезең әскери-казактық отарлаудың негізделуі болып табылады. Өйткені осы үрдіске қатысқандар негізінен әскери қызметкерлер мен казактар еді. Бұл жерде казактардың атқаратын қызметінің басты міндетін Ресей императоры былай айқындап береді: «Казак топтарына... империя шекарасына жақын орналасқан... тайпалардан қорғау, олардан тартып алынған жерлерге орналасу міндеті жүктелген. Біздің желілерді алға қарай жылжыта беру керек!..».

Патша өкіметі жергілікті халықтың ең шұрайлы жерлері мен жайылымдарын казактарға алып беріп, олардың жақсы өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қойған жоқ. Сонымен бірге жергілікті халықтардың жеріне басқыншылық жасату арқылы оларды бір-біріне дұшпан етіп қойған еді.

2. Қазақ жерін отарлау саясатын пәрменді түрде Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И. Неплюев жүргізді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да жеткілікті. Мысалы, 1742 жылы 19 қазанда ол қазақтарға Жайық өзені маңында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хандарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар салам, бұдан былай осы жарлықты алғаннан кейін қамал маңында және Жайық өзенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады». Жайық бойында орналасқан казак әскеріне берген бұйрығы туралы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына берген хабарламасында: «Қазақтардың Жайықтың ішкі жағында көшіп-қонбауы үшін Жайықтың сол жағалауындағы даланы түгел өртеп жіберу керек» делінген. Онда Жайық казак әскерінің Гурьев комендантына арнайы тапсырма беріліп, қазақтардың шапқыншылығынан сақтандыра отырып, Жайықтың арғы бетін күз айларында Каспий теңізіне дейінгі аралықты түгелімен өртеп жіберуі тапсырылғаны туралы айтылған.

XVIII ғасырдағы 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдың басында жоңғарлар Орта жүздің Тобыл мен Есіл бойы аймағына басып кіріп, қазақтарға үлкен шығын келтіреді. 1742 жылы 20 мамырда Ресей үкіметі алғаш рет қазақтарды жоңғарлардан қорғау жөнінде арнайы шешім қабылдады. Бұл қадам да Ресейдің стратегиялық жоспарымен байланысты еді. Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қазақтардыңЖоңғар хандығына тәуелділігін талап етті. 1742 жылы 2 қыркүйекте И. Неплюев Қалдан Серенге хат жолдап, онда жоңғарлардың қазақтарға шапқыншылық жасауына жол бермейтіндігі айтылады. Сондай-ақ тұтқындағы қазақтар мен Абылай сұлтанды босатуын талап етеді.

Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер енгізген Әбілқайыр хан 1748 жылы 11 тамызда 56 жасында қаза табады. Оны қазақтардың Ресейдің боданы болуына қарсы саяси күштерге жетекшілік жасаған Барақ сұлтан өлтіреді. 1748 жылы 2 қазанда Әбілқайыр ханның орнына Кіші жүз ханы болып оның үлкен ұлы Нұралы тағайындалды.

3. Қазақ жерін отарлауда Ресей үкіметі қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздігін жоюды басты мақсат етіп қойды. Оны Қазақ хандығының басқару жүйесін реформалау арқылы жүзеге асырды. XVIII ғасырдың 80-жылдарында Сырым Датұлы бастаған көтеріліс барысында Орынбор губернаторы О. Игельстром Кіші жүздегі хандық билікті жоюға әрекеттер жасаған еді. Ол «Игельстром реформасы» деген атқа ие болған болатын. Бірақ ол жүзеге асырылмай қалды. Бұл саясат XIX ғасырдың 20-жылдары қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады. Сон ымен қазақ жерін әкімшілік реформалаудың жаңа үлгісі Ресейдің әкімшілік-саяси басқару жүйесіне сай жасалынды. Реформа Ортажүзден басталды. Сібір генерал-губернаторы М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» жасалып, ол 1822 жылы қабылданады. (Орыс әкімшілігі сол кезде қазақтарды қырғыздар, ал қырғыздарды қара қырғыздар деп атаған еді.) Бұл реформа бойынша Сібір екі бөлікке - Шығыс және Батыс бөліктерге бөлінді. Шығыс бөлігінің басқармасы Иркутскіде, ал батыс бөлігінің орталығы Тобольскіде, ал 1839 жылдан бастап Омбыда орналасты. Батыс Сібір бөлігіне Тобыл, Томск, Омбы облыстары және Орта жүз бен Ұлы жүздің бір бөлігі енді. Батыс бөлік «Сібір қырғыздарының облысы» деген атқа ие болды.

Жарғы бойынша «Сібір қазақтарының облысы» әкімшілік тұрғыда округ-болыс- ауыл жүйесі бойынша бөлінді. Округке 15-20 болыс, болысқа 10-12 ауыл, ауылға 50-70 шаңырақ (үйлер) кірді. Округ басшылығында округтық приказдар болды. Округтық приказдарды қазақтар «дуан» деп атаған. Округтарды формальді түрде аға сұлтан басқарды. Болыс басшылығында болыс сұлтаны тұрды, олар округтық приказға бағынды. Ауылды ағаман басқарды. Ағамандарды үш жылда бір рет ауыл тұрғындары сайлап, оны округтық приказ бекітті. Болыстар сұлтанға бағынды. Хандық биліктолығымен жойылды.

Реформада сот жүйесінде де үлкен өзгерістер болды. Онда Қазақ жері Ресей заңдарын енгізуді мақсат тұтты. Дәстүрлі билер соты тек ру арасындағы, ауыл ішіндегі дауларды шешу үшінғана сақталынды. Қылмыстық істе мысалы, Отанға опасыздық жасау, кісі өлтіру, ұрлық, билікке бағынбау т.б. империялық заңның негізінде шешілді.

«Сібір қырғыздары туралы Жарғыда» Сібір қазақтары көшпелі бұратаналарға жатады, сондықтан олармен құқықтары теңестіріледі деп атап көрсетілген. «Желілер бойындағы қазақтардың қазіргі жағдайы әртүрлі, олар болыстарға, болыстар ауылға бөлінген, кейбірі қазіргі атауларын сақтап қалған». Одан әрі былай делінген: «Олар болыстық басқару ыңғайлы болуы үшін округтерге қосылған. Округтер көбіне бұрыннан қалыптасқан бір рудан және көрші болыстардан құралады. Әр округтің өзіне белгіленіп берілген жері бар және оған басқа округтың адамы жергілікті басшылықтың рұқсатынсыз өте алмайды».

«Басқару құрамы» бөлімінде мыналар анықталып берілген: «Ауылды старшындар басқарады. Болысты сұлтандар басқарды. Ауыл мен болыстағы сот мәселелерін талқылауда ауыл ақсақалдары мен билер өз билігін сақтайды. Бүкіл округті басқару үшін болыстар аға сұлтанды сайлайды. Әрбір округ округтік приказдар ашылған». Ал «Сайлау тәртібі» бөлімінде: ауылды басқару үшін ағаманды қазақтардың өздері сайлайтын болған және оны окруп приказ бекіткен. Ағамандарды сайлау әр үш жылда өтіп отырған, бір ағаман бірнеше рет қатарынан сайлана алады. Ағамандарды сайлау ауылдық желерде ауызша өткізілетін. Көпшілік дауысты олар өздері шешті. Сұлтан лауазымы мұрагерлік жолмен жүргізілді. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайласа, ал приказ заседательдерін билер мен ағамандар сайлады. Осының барлығын облыс басшысы бекітті. Аға сұлтан үш жылға сайланатын, заседатель екі жылға сайланады», - деп, сайлау тәртіптері белгіленген. Сондай-ақ Жарғыда: «Ағасұлтан-земство шенеунігі. Ол сайланғаннан кейін жергілік әкімшілікті басқару үшін Ресей үкіметінің атынан оған өкілеттілік беріледі. Барлық жұмысты ол округтік приказ арқылы жүргізеді» делінген.

Жарғы бойынша қазақ халқы үшін «салық пен міндеткерлік» мөлшері де белгіленді: «Жасақ малмен өтеледі, жүз бастан біреу алынады. Салық қазақтардан болыс бойынша жиылады. Салық жинау жылына бір рет жазды күні жүргізіледі». Жарғыдаға тағы бір маңызды мәселе, ол «Медициналық бөлімнің» енгізілуі болды. Әрбір округке екі емдеуші, тұрақты аурухан бөлінетін болды. «Діни және халық ағарту бөлімі ережесінде» білім беру жүйесін қалыптастыру бағыттары айқындалды.

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қабылдау хандық билікті жоюды жән Орта жүздің Ресей империясының құрамына толығымен енгенін білдіреді. 1824 жылы 8 ақпанда патша өкіметінің жарлығымен бірінші Қарқаралы округтық приказы бекітіледі. Оның басшылығына аға сұлтан, подполковник Тұрсын Шыңғысов отырды. Сол жылы Көкшетау округтық приказы құрылды. Бұл приказдар патша өкіметінің Қазақжерін отарлаудағы маңызды әкімшілік ресурсқа айналды. 1832 жылы Ақмола округтік приказы ашылды. Жер таң-дауда подполковник Ф.И. Шубин экспедициясы мұқият тексергеннен кейін Қараөткел аймағында Есіл өзенінің оң жағалауына Ақмола бекінісін салу үшін таңдап алды. Бұл Орта жүздің ірі руларының қоныстарының, жалпы қазақ жерінің орталығы ретінде өте ұтымды стратегиялық орын еді.

Ақмола округтық приказы Қазақжеріне ілгерілей енудің мүмкіндіктерін кеңейтті. 1851 жылы мұнда Қазақ жеріндегі Ресейдің 1200 солдаты мен офицерлері орналастырылып, ең ірі әскери орталыққа айналды.

1824 жылы Ресей үкіметі «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабылдады. Ол Орынбор генерал-губернаторы П. Эссеннің басшылығымен жасалды. Орта жүздегі сияқты енді Кіші жүзде де хандық билік жойылды . Кіші жүзді басқару Орынбордағы Шекаралық комиссия арқылы жүзеге асырылды. Жарғы бойынша Кіші жүз үш бөлікке бөлінді. Бұл бөліктерді Орынбор губернаторы тағайындайтын сұлтандар басқаратын болды. Бұл бөліктер дистанцияларға бөлінді. Дистанция дегеніміз бекіністер аралығындағы жерлер болатын. Дистанциялар ауылдарға бөлінді. Дистанцияларды дистанция бастығы басқарды, ал ауылдарды ағамандар басқарды. Осының барлығын шекара комиссиясы тағайындап отырды. Орынбор қазақтары үшін сайлау жүйесі енгізілмеді. Сондай-ақ Кіші жүзде әскери бекіністер бойындағы қазақтар үшін арнайы қамқоршы қызметі тағайындалды. Сот жүйесі «Сібір қырғыздары туралы Жарғыдағы» ережелер сияқты жүргізілді. Ауыр қылмыстық істер әскери соттар мен шекаралық комиссияның құзырында болды. Ал маңызы төмен істерді жергілікті билер соты қарайтын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хандық билікте жойылды.

Кіші жүз бен Орта жүздің соңғы хандарының тағдыры мынадай болды. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, Орта жүздегі хандық билікке оның баласы Уәли тағайындалды. Ол хандық билікке келгеннен кейін Абылай хан саясатын жалғастыруды көздеп, Қытай үкіметімен байланыс орнатуға әрекеттер жасайды. Сол себепті патша үкіметі Уәли ханның билігін әлсірету үшін Орта жүзге Бөкей ханды екінші хан етіп тағайындайды. Бірақ, ол 1817 жылы қайтыс болады. Көп ұзамай 1819 жылы Уәли хан да қайтыс болған. Осыдан кейін Орта жүзде хан тағайындалмайды.

Кіші жүзде Әбілқайырдың баласы Айшуақтан кейін 1809 жылы хан тағына Шерғазы тағайындалады. Бұл шешімге наразы болған Кіші жүз ағамандары Арынғазыны хан етіп сайлайды. Бірақ 1821 жылы Арынғазы Петерборға шақырылып, сонда біраз ұсталғаннан кейін оны Калугаға жер аударылады. 1830 жылы ол сол жақта қайтыс болған. Ал Шерғазы хан болса «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылғаннан кейін Орынборға шақырылып, сонда тұрақтап қалады.

XVIII—XIX ғасырдың басында Ресей империясы Орта жүз бен Кіші жүздің негізгі бөліктерін өз құрамына қосып алды. 1824 жылы Жетісу аймағы Ресей құрамына енді. Ресейге тек Қоқан хандығына қарайтын оңтүстікте Ташкенттен Шу өзеніне дейінгі, солтүстігінде Сырдың орта ағысынан Ақмешітке дейінгі Ұлы жүздің оңтүстік бөлігі ғана кірмеді. Кейбір қазақ рулары екі жақты қысымда болды: бірі Ресей жағынан, екіншісі Хиуа мен Қоқан хандықтары тарапынан. Кейбір қазақ руларының жайлауы Орынбор облысы өңірінде болғандықтан Ресейге салық төлесе, ал қыстауы Сыр бойында болғандықтан қоқандықтарға да салық төлеуге мәжбүр болды. Сондықтан да қазақтар бірнеше мәрте Хиуа мен Қоқан хандықтарына қарсы көтеріліс те жасаған еді. Мысалы, қазақтар 1843 жылы Сырдың төменгі ағысындағы Қуаңдария бекінісін қиратса, 1845 жылы көктемде 2000-ға жуық хиуалық әскери жасағын талқандаған. Осы жылы Хиуа бекінісі Бесқаланы да талқандайды. Қоқан хандығының қол астындағы аймақтарда да бірнеше рет толқулар мен көтерілістер болды. Солардың ең ірісі 1812 жылы 12 мың көтерілісшілері бар Тентек төренің басшылығымен болған оңтүстік Қазақстан жеріндегі көтерілісті айтуға болады. 1845 жылы сыр қазақтары да қоқандықтардың Жүлек, Жаңақорған, Тұрсынбай бекіністерін басып алады.

Ресейдің қазақ жерінің оңтүстігіндегі негізгі тірегі әскери бекіністер болды. 1825 жылы Ұлы жүзге Ямышев бекінісінің коменданты, подполковник В. Шубиннің басшылығымен 120 қарулы казак отряды жіберілді. Бұл отряд Жетісуда Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі бекіністерін тұрғызып, Аягөз және Көкпекті округтық приказдарын ұйымдастырады. 1848 жылы 10 қаңтарда Ұлы жүзге де ресейлік пристав тағайындалады. Осы жылдары Сыр бойында бірнеше бекіністер салынады: 1847 жылы Сырдария сағасынан 70-80 км жерде Райым бекінісі, сондай-ақ №1 Қазалы форты, №2 Қармақшы форты салынады. 1851 жылы Таушүбек бекінісінен, 1853 жылы Ақмешіт бекінісінен қоқандықтар ығыстырылады.

Бұл жерде Орынбор губернаторы, кавалерия генералы, граф В. Перовскийдің қазақтардың қолдауымен бұл аудандардан қоқандықтарды ығыстырудағы өте сәтті операцияларын ерекше айта кеткен жөн. Міне, осыдан кейін Батыс Сібір генерал-губернаторы Г. Гасфорттың Сырдария және Сібір әскери желілерін қосу жөніндегі ұсынысы қолдау тапқан болатын. Осы мақсатта Көксу және Іле өзендері аралығында бірнеше бекініс тұрғызу мәселесі шешілді. 1854 жылы көктемде Ұлы жүз приставы майор М. Перемышельскийдіңбасшылығымен Верный бекінісі қаланды. 1855 жылы Қапалдан пристав резиденциясы Верныйға көшіріліп, Жетісудың орталығына айналды.

1858 жылы наурызда Әулиеата аймағында қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы ең ірі көтерілісі басталады. Көтеріліс өте кең ауқымды, яғни Шымкенттен Пішпекке дейінгі аралықты қамтыды. Көтерілісшілер Пішпек және Шымкент маңында қоқандықтарға күшті қарсылық көрсетіп, Әулиеатаны қоршап алады. Бірақ олар шешуші жеңістерге қол жеткізе алмады. Қоқан әскерінің қысымынан Ресей қарамағындағы аудандарға көшуге мәжбүр болды. Көтеріліс жаңа аудандарды да қамти бастады. 1858 жылы мамыр айында көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорған бекіністерін басып алып, Жаңақорған мен Түркістанды қоршауға алады. Қоқан әміршісі Худояр хан өз жағына қазақтардың беделді ру басыларын тарта отырып, көтерілісшілердің қарсылығын әлсіретуге қол жеткізді. Осылайша негізгі көтеріліс ошақтары басылған еді. Дегенмен бұл көтерілістер Ұлы жүздегі қоқандықтардың билігін әлсіретіп, Ресейдің қазақ жерінің оңтүстігіндегі әскери қимылдарын белсендірек жүргізуге жол ашып берді.

Қоқан әскерлерінің Әулиеата, Мерке, Пішпек, Тоқмақ аймағына шоғырлануына байланысты 1860 жылы орыс әскерлері подполковник Циммерманның басшылығымен Қастек қамалынан Шу алқабы арқылы Әулиеата, Шымкент, Ташкент бағытына қарай жорығын бастады. Сөйтіп, 26 тамызда Тоқмақты, ал 4 қыркүйекте бес күндік қоршаудан кейін Қоқан хандығының өлкедегі ең негізгі тірегінің бірі - Пішпек алынады. Бұл аймақтағы ықпалынан айырыла бастаған Қоқан хандығы 22 мыңдық әскерін Верныйға қарай аттандырады. Қазан айында Ұзынағаш маңында Қоқан әскері Алатау округінің басшысы Г. Колпаковскийдің қарамағындағы орыс әскерімен кездеседі. 19-21 қазандағы үш күндік Ұзынағаш шайқасының нәтижесінде Қоқан әскері ойсырай жеңіледі. Қазақтар Қоқан әскерінің қарамағында да, орыстар жағында да шайқасқа араласты.

Ресей әскерінің нәтижелі жорығы 1864 жылы болды. Верныйдан шыққан подполковник М.Черняевтің әскері 4 маусымда Әулиеатаны басып алады. Ал Ақмешіттен шыққан полковник Н. Веревкиннің әскері 12 маусымда Түркістанды, 22 қыркүйекте Шымкентті бағындырады. 1865 жылы 17 маусымда үш күндік шайқастан кейін орыс әскерлері Ташкентті басып алды.

Осылайша Сырдария және Сібір әскери желілері қосылғаннан кейін 1865 жылы 12 ақпанда Әскери министрдің бұйрығымен Түркістан облысы құрылып, ол Орынбор губернаторлығына бағынды. Облыстың әскери губернаторы болып генерал М. Черняев тағайындалады. 1866 жылы көктемде орыс әскерлері Бұхар әмірлігінің территориясын бағындырды. Ал, 1867 жылы оның көптеген аумақтары Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енгізіледі. Бұл жерде генерал-губернатор болып генерал-адъютант фон К.Кауфман тағайындалған еді.

Ресей империясы бұрын Орта Азиялық хандықтардың тәуелділігінде болып келген Ұлы жүз аумағын әскери күш қолдану арқылы толық бағындырып алды. Қазақ жерінің барлық аумағы Ресей империясының құрамына енді.

8- тақырып: XXғ. басындағы Қазақстан

1.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

2.Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы.

3.1917 ж.саяси ахуал

1.ХХ ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі “Қоныс аудару қорын” (Переселенческий фонд) құру үшін қазақ өлкесіндегі “Артық” жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқарламаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А.Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.“Қоныс аудару қорына” қазақтардың жайылым, сауат, мал айдау жолдарын, қыстықтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу қазақ әскерлері де орналасқан болатын. ХХ ғасырдың басына қарай қазақтардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 милион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті.

Ресейдегі аграрлық саладағы өзгерістердің жаңа кезеңі “Столыпин реформаларымен” тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпинның аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда агарлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға өзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П.Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіруге өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпеі қазақтардың жерін тартып алу, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.

Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. 1893-1905 жылары қазақтардан 4 млн.десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн.десятинаға, 1916 жылы 40 млн.десятинаға, ал 1917 жылы 45 млн.десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн.десятина, Жетісудан 4 млн.десятина, Сырдарияоблысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.

ХХ ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау–кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жүйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. ХХ ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды көмір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Іс жүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. “Спасск мыс кеніші” акционерлік қоғамның төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ала төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно. Орыстық-азиялық деп аталған Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпарациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.

Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент теміржолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда жұмыс істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді.

2.ХХ ғасырдың басында Қазақстанда ұлттық сана өрлеу үстінде болды. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс бүкіл халықтың сипат ала бастады. Ұлттық қозғалыстың әртүрлі ағымдары қалыптасып, оның негізгі күші ұлттық интеллигенция болды.

Сол тарихи кезеңде көрнекті саясаткер, ғалым, публицист Әлихан Бөкейхановтың (1866-1937) қоғамдық-саяси қызметі ерекше маңызға ие болды. Ә.Бөкейханов Ресейдегі баспасөз беттерінде қазақ халқының тіл, сайлау, дін, бостандықтары мәселесін көтерді. ХХ ғасырдың басында «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтеруде зор еңбек сіңірді. Оның « Ресей. Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деген басылымның редакциялық алқа мүшесі болуы көп жайды аңғарып тұрса керек.Ә.Бөкейханов бұл басылымның Қазақ жеріне арналған ХVIII томын құрастыруға қосқан үлесі зор болды.

1905 жылы 11-18 қазанда Мәскеуде либерал демократтардың құрылтай съезі болып, онда конституциялық-демократиялық партия (кадет партиясы) құрылған еді, Ә.Н.Бөкейханов осы партияның мүшелігіне кірді. Ә.Бөкейханов зерттеу экспедиция жұмыстарына белсенді араласты. Ф.А.Брокгауз және И.А.Ефрон экспедициясының 4-21 томдардың шығуына белсене араласты. Ә.Бөкейханов «Қазіргі кездегі мемлекеттердің ұлттық қозғалысының түрлері»деген жинақта «Қырғыздар» (Қазақтар) атты мақала жазды. Онда қазақ халқының шығу тегіне, мемлекетінің қалыптасуы мендаму мәселелеріне және мәдениетіне терең талдау жасалды. Сондай-ақ қазақ халқының отаршылдық саясатқа деген көзқарасын, ұлт-азаттық күрестің бағытын ашып көрсеткен.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)- қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі. Мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым. Ұлттық жазудың реформаторы.

1910 жылдан бастап А. Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тысқары жер аудару жөнінде шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес А. Байтұрсынов 1910-1917 жылдар аралығында Орынборда тұрды.Онда 1913-1918 жылдары тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Бүкіл қазақ жұрты «Қазақ» газетін оқып, оңы мен солын тани бастады, жаңа қалыптасып келе жатқан ұлт зиялыларының саяси санасы осы басылым арқылы жетілді. А.Байтұрсыновтың алғашқы кітабы-«Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің ауыр халін тұспалдап жеткізді. Ол мысал жанры арқылы халықтың саяси санасының оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты бейнеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеясы- жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.

Міржақып Дулатов(1885-1935) - Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі.

Ол 1905 жылы 17 қазанда Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарқаралы петициясын дайындаушылардың бірі болды. 1906 жылы М. Дулатов конституциялық демократтар партиясы атынан делегат ретінде Санк-Петербургке барады. Осы кезден бастап полицияның саяси сенімсіз адамдарының тізіміне ілігеді. 1907 жылы Санк-Петербургте жалғыз ғана нөмірі шыққан «Серке» газетінде Дулатовтың «Жастарға» деген өлеңдері басылады. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен шығады. Қазақ халқы үшін бұл жинақтың әсері үлкен болды. Ауыл арасында қолдан-қолға тарап, аз уақыттың ішінде ақынның есімі танымал болды. Ресей әкімшілігі тарапынан бұл кітапты оқуға тыйым салынып, қолға түскен даналары тәркіленіп отырған. 1910 жылы қазанда «Бақытсыз Жамал» романы жарық көрді.

Бұл кезеңде қазақ қоғамында қазақ зиялыларының белсенді шоғыры қалыптасты. Феодалдық мешеулікте жатқан қазақ халқының ұлттық санасын оятуда қазақ зиялыларына бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Ол үшін баспасөзді пайдалану әдісі ең тиімді жол болып табылды. Бұл жөнінде Ахмет Байтұрсынов атап көрсеткендей: « ... газета-халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр сықылды. Дүниеде не болып жатқанын көру жоқ, не сөйлеп жатқанын есту жоқ, өз пікірін есту жоқ. ...Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер кімге пайдалы, кімге залалды екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса шаттанып, залалдысынан сақтанып тұрады».

Ұлттық зиялы қауым ұшін патша үкіметінің цензуралық саясатқа ерекше қолдау білдіріп отырған кезінде газет-журнал ашып, оны халық арасына тарату өте қиын іс болатын. Соған қарамастан қазақ зиялылары ұлт үшін осынау аса қажетті істі жолға қоюда табандылық көрсетті. 1907 жылы II Мемлекеттік Думаның депутаты болған Шаймерден Қосшығұлов «Серке» газетін шығаруға әрекет жасаған. Оның алғашқы үш-төрт саны шыққанан кейін, патша цензурасы газетті саяси тұрғыдан зиянды деп жауып тастаған. Ал 1911-1913 жылдары Орал қаласында «Қазақстан» газеті шығып тұрды.

Журналдың «Айқап» деп аталу себебін М. Сералин былай түсіндіреді: «... Біздің қазақтың неше жерден «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап»дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды». Журналда көтерілген негізгі мәселелер: жер мәселесі, оқу-ағарту, мәдениет, қазақ қоғамының болашақ даму жолының бағыты және т.б.

Журнал төңірегінде редакторлардың ой-пікірі мен көзқарасын жақтаушы зиялылар тобы қалыптасты. Олардың қатарында Жаһанша Сейдлин, Бақытжан Қаратаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бейімбет Майлин және т.б. бар еді.

3.Қазақстан Кеңес өкіметін орнату 1917 ж. аяғынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. 20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.

Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет– ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды.

1920 ж. 26 тамызында РКФСР құрамына кіретін, астанасы Орынбор қаласындаболатын « Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» Декрет қабылданды.

1920 ж. 4-12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социолистік Республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясын қабылдады. Ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, қазақтар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестік Республика ретінде бекітті. 1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазақстан мен Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандырудың алғашқы қарапайым түрлері: сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмыстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.

Мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге қазақ даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері: жәрмеңкелер, сауда керуендері пайда болды. Міне, осының нәтижесінде 1923 жылы баяуырақ болса да, ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің өрлеуі басталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен, тұқым астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны өсті. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның рөлі артты.

1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР-інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарды. Жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер берілді. Ауыл кедейлері мен шаруаларына қаржылай көмек беру ұйымдастырылып, оның көлемі 1,5 млн. сомға өсті. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған шаруашылықтардың жалпы саны 794-ке жетіп, оның 96-сы коммуна, 456-сы ауылшаруашылық артелі, 242-і жай серіктестіктер болды. Мемлекет техника және қаражат беріп, еңбекші шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге пейіл қылды. Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кезде республикада совхоздар мен МТС-тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың ұжымдандыру мәселесін шешуге көмектесуге тиіс еді.

Сауатсыздықпен күресте орасан зор жұмыс жүргізілді. 1919 жылы 26 желтоқсанда В.И.Ленин РКФСР халқы арасында сауатсыздықты жою туралы Халық Комиссарлары Кеңесінің заңына қол қойды. Бұл құжат бойынша 8 жастан 50 жасқа дейінгі оқи, жаза білмейтін барлық еңбекші халық ана тілінде немесе қалауы бойынша орыс тілінде сауатын ашуға міндетті болды. Кеңес үкіметінің осы заңы негізінде Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті 1921 жылғы тамызда 16 жастан 50 жасқа дейінгі сауаты бар көңіл көзі ашық адамдарды сауатсыздықты жою жөніндегі жұмысқа тарту туралы қаула алды.

1920-1921 жылдары Қазақстанда сауат ашумен айналысатын 2412 оқу орны жұмыс істеп, оларда 72232 адам оқыды. Дегенмен сауатты адамдардың аздығы, қазақ тілінде оқу құралдарының жеткіліксіздігі, жергілікті бюджеттің кірістерінің халық шаруашылығы мен мәдениетті дамытудың қажеттерін өтей алмауы бұл жұмысты кең өрістетуге мүмкіндік бермеді.

1920-1926 жылдарда республикада 245 мыңнан аса адам сауатын ашты. 1930 жылғы ақпанның 11-де Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті саутсыздықты міндетті түрде жою туралы заң қабылдады. 1930 жылғы 1-сәуірде республикада сауатсыздықты жоятын 1285 оқу орны жұмыс істеп, оларда 350 мың адам оқыды. Олардың 248 мыңдайы қазақтар болды. Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі Әліппе және басқа да оқу құралдарын шығаруға және тұрақты сауат ашу мектептерін ұстауға 1,6 миллион сом қаржы бөлді. Мұның өзі онша көп қаржы болмаса да, сауасыздықпен күресте біраз септігін тигізді.

1936 ж. 5 желтоқсанда Кеңестердің Бүкілодақтық VIII төтенше съезінде КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданды. КСРО-ның жаңа Конституциясы бойынша Қазақ АКСР Одақтас Республика болып қайта құрылды.

9-тақырып: XX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан

1.Елді индустрияландыру саясаты.

2.Ұжымдастыру саясатының зардаптары.

3. 30 жж. мәдениеттің қарама-қайшылықтары.

1.XXғ.бірінші ширегінде елдің экономикалық жағдайы қиындаған кез еді. Оның себептері бірінші дүние жүзілік және азамат соғысымен байланысты. Кеңес үкіметі 1920 жылдардан былай қарай мемлекеттік органдарды жаңа жүйеге лайықтап құра бастады. КСРО құрылып оның негізгі заңы қабылданды. Кеңестер Одағында социализм орнатудың жаңа идеологиясы жасалды. Ол елдің ауыр өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын және адамның рухани жағдайын жетілдірілуімен жүзеге асыруда орындалатындығы айқындалды. Ауыр өнеркәсіп елді индустрияландырумен, ал ауыл шаруашылығы елді ұжымдастырумен, адамның рухани жағдайын жетілдіру мәдени революциямен жүзеге асырылуы тиіс еді. Алғашқы қадам елді индустрияландыру саясатынан басталды. 1925 жылы желтоқсанда БКП(б) XIV съезі өтіп, онда елді индустрияландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша үкіметтің алдына жедел қарқынмен аграрлы елден дамыған өнеркәсіпті елге айналдыру мақсаты қойылды. Индустрияландыру басталған кезде Қазақ АКСР-ның халық шаруашылығының жалпы өнімі 84,5%-ды құраса, ауылда тұратын халық саны 90% болды. Одақтың орталық органдары алғашқы күннен бастап Қазақ өлкесін Кеңес Одағының шикізат базасына айналдыру бағытын көздеді. Жоғарғы басшылық жер байлығын зерттеудің бағдарламасын жасап, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібін дамытуды негіздеді.

Индустрияландырудың ең ірі құрылысының бірі – Түркістан – Сібір теміржолын салу болды. 1445 км-ге созылған Сібір мен Орта Азияны жалғайтын жол құрылысы 1927 жылы сәуірде басталды. Құрылыс бүкіл халықтық сипат алды. 1930 жылы 25 сәуірде мерзімінен 17 ай бұрын аяқталды.

Сол кезеңдегі ірі құрылыстардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары жатады. Сондай-ақ Текелі полиметалл, Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының, Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы басталды. Бұлар тек Қазақ өлкесіндегі ғана емес, Кеңес Одағындағы түсті металлургияның ірі кәсіпорындары еді.

Шымкент, Ақтөбе және басқа аудандарда химия кәсіпорындарын салу басталды. Мұның бәрі электр қуатын өндірудің көлемін арттыруды талап етті. Соған орай Қарағанды ОЭС-і, Үлбі ГЭС-і, Балқаш мыс өңдеу комбинатының ЖЭО-сы сол кездегі екпінді құрылыс бағыттарына айналды. Ембі мұнай өндіру аймағы дамыды. Бұрынғы өнеркәсіп орындары- Қосшағыл, Мақат кеңейтіліп, жаңа кен орындары-Құлсары, Сағыз іске қосылды. Қазақстан түсті металл өндіруде Одақ бойынша екінші орынға, ал мұнай өндіруде үшінші орынға көтерілді. Қарағанды Одақ бойынша үшінші көмір базасына айналды.

Индустрияландыру жылдары ірі тамақ өнеркәсібі орындары да салынды. Оларға Семей ет комбинаты, Гурьев балық зауыты, Алматы жеміс-консерві комбинаты, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары жатады. Егер 1926 жылы Қазақстанда 44 қала және қалашық болса, 1939 жылы олардың саны 81-ге жетті. Қала тұрғындарының саны 8,2%-дан 27,7%-ға өсті. Инженер- техникалық, жұмысшы кадрларының білікті тобы қалыптасты. 1926 жылы халық шаруашылығында істейтін жұмысшылар саны 10,7%-ды құраса, 1939 жылы бұл көрсеткіш 33,8%-ға жетті.

Сонымен қатар индустрияландырудың келеңсіз жақтары да аз емес еді. Индустрияландыруды жүзеге асыру үлкен қаржылық қорды қажет етті, ал ол қаржы ауыл шаруашылығы есебінен және ішкі несие арқылы алынды. Индустрияландырудың Одақ бойынша дамуы Қазақстан өнеркәсібін шикізат өндіру бағытында ғана дамытуға әкеліп соқты. Газ, мұнай, металл өңдейтін, машина, станок, прибор, автомобиль жасау кәсіпорындары салынбады. Қазақ Республикасы елді электрлендіру, теміржолдар мен оны пайдалану бойынша Одақ көлемінде артта қалды. 1928-1939 жылдары Қазақстан қалаларының халқы қоныс аударушылардың есебінен ғана 1,8 миллион адамға жетті. Нәтижесінде 1920-1930 жылдары болған аштық пен қоныс аударудың салдарынан қазақтардың үлесі 1939 жылы 33,8%-ға дейін төмендеп кетті.

Бұл жерде мынаны баса айту керек - 1925-1933 жылдары Қазақ өлкесін революционер Ф.И.Голощекин басқарды. Ол Қазақстанда сталиндік бағытты жүргізіп, «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асырған басшы болды. Ф.И.Голощекинге қарсы оппозициялық бағытта Қазақ Республикасының мүддесін қорғау мақсатында күрес жүргізген қайраткерлер Тұрар Рысқұлов, Смағұл Садуақасов, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанбек Қожанов, Жалау Мыңбаев және басқалары қуғын-сүргінге ұшырады.

2. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 «жиырмабесмыңыншы» келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін, бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жергежинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауытырып отыру мүмкіндігінен айырылды.

Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыруегіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылықтарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы озін көп күттірген жоқ.

Қолдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шаруашылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға,қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн 386 мыңға, жылқы 3 млн. 616 мыңнан 416 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес алмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Бен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.

Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 1 млн. 750 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын баса халықтар да сан жағынан кеміді.

Қазақстанға Ф.И.Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқру жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы – 31, 1930 жылы – 82, 1931 жылы – 80 жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азматтары қамауға алынды.

Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыршығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды.

Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф.И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л.И.Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген қателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Ауыл-селодағы шаруашылықтардың бәрі екі жылға мемлекеттік салықтардан және міндетті төлемдерден босатылды. Олардан өткен жылдардағы қарыздары алып тасталды. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарға материалдық көмек ретінде 2 млн. пұт астық берілді. Ұжымдастырудағы асыра сілтеушіліктер салдары түзетіліп, көптеген ауыл шаруашылық артельдері шаруалардың қарапайым бірлестігі – жерді бірлесіп өңдеу (ТОЗ),мал өсіру серіктестіктерінің жарғысына көшірілді. 1934 жылы наурызда мал өсіру серіктестіктерінің Үлгі Жарғысы жарияланды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бүлінушілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын қалпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялық өсудің арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.

3. 20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И.В. Сталинннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мінез- құлқына сталинизмнің догмаларын тықпалады. Мектептің қызметі де бұрмаланды.

Бұл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында партиялық әмір күшейді.Оқу – тәрбие процесінің идеологияландырудың үстіне жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді.

Тоталитарлық жуйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор – оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936ж. Қазақтың мемлекттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды

Партиялық –мемлекеттік құрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды,жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жургізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А.Байтұрсынов , С. Асфендияров, Х. Досмұхамедов , Т. Жүргенов, О. Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым, педагогтердің өмірі қиылып кетті.

Жоғары оқу орындарының өмірі партиялық және таптық принциптер негізінде құрылды. Сондықтан университет пен институттардың және техникумдардың шет елдердің өздері сияқты оқу орындарымен байланысы жоқтың қасында болды. Көптеген оқу бағдарламаларының, көмекші құралдар мен оқулықтардың мазмұны еркін творчестволық ойлауды қалыптастырмады. Олардың мәні мен мазмұны ғылымның, техника мен технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмады. Кадрлар және студенттер құрамын толықтыруда пара алушылыққа,жершілікке және әлеуметтік әділетсіздіктің басқа түрлеріне жол берілді.

Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем мәдениеті әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан революциясының жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Өнер қайраткерлерінің шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптық және идеялық – саяси жіктеуін айқын бейнеледі. Оның таптық принциптері жалпы-азаматтық қазыналардан бағалы саналды.Қазақстанның Орталық Азия елдерімен, Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды. Сондай-ақ, 1925ж. Өлкелік партия ұйымының басшылығына Ф.И. Голощекин келгеннен кейін ескі кадр мамандарға, творчество адамдарына ілтипатпен қарау, олармен іскерлік қарым-қатынас жасау салты бұзыла бастады. 1926 жылы БК/б/П Қазақстан өлкелік комитетінің III пленумында Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С.Мендешев, Ж. Аймауытов, С. Қожанов және басқалар орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын интеллигенцияға қарсы ашықтан-ашық қудалауға және айыптауға ұласты.

1920-шы жылдардың соңынан бастап «жоғарыдан» берілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларында оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен айыру үшін кең көлемдегі қатігездік шаралары жүзеге асырылғанын айту керек. Түрік тілдес шығыс халықтары мен Еділ бойын мекендейтін басқа да халықтардың (башқұрт, татар) сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавиті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен ( орыс әрпімен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Ал мұның өзі көптеген халықтардың тарихи зердесін көмескілеп, олардың белгілі тобының мәңгүрт болуына әкеп соқты. Оның бер жағында, елдегі қазақтар Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі сауаттарын араб жазуымен ашып, кітаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдік бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.

1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар «пантүркист» , «панисламист», тіпті, «халық жауы» деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-төрешілдік жүйенің теориясы мен практикасына мазмұны мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Медреселер мен мешіттер жаппай жабылды. Мыңдаған ауыл молдалары тұтқындалып, дін адамдарының «қаймақтары» атылды. Бұл кезең «дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты» деп аталды. Шіркеулер мен мешіттер ғимараттарының мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қора-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып келген дінді барша жұртқа құбыжық етіп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды.

10-тақырып:60-80-ші жж. Қазақстан

1.60 –70 жж. елдегі реформалар.

2.1965-1985 жж.реформалар

3.1986 ж. Желтоқсан көтерілісі.

1.1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды.

60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүргізілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-і Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жағынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бері жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды.

60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүргізілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды. 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдықталған нысандар іске қосылды.

Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лениногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамыды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты болды. Қазақстан сары фосфордың бүкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден үшінші орынды иемденді.

1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аграрлықсаясатжасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыс сатылуы үшін қосымша қаржы төленді, колхоздар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енгізу шаралары белгіленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүргізілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерінің өсу көрсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті.

60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-біртө тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады.

Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енгізу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп өнімініңжалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия өнеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-і, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды.

Кеңестік экономика негізінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан өнеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдыңэкологиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су көлемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсет-кішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясының 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жа-рылыстың 470-і Қазақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.

70-80-жылдары Қазақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.

2. Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудыңтөмендеуі мен ұлттықтабыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылдары 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді.

Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды.

Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыруды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмысшыларды өнеркәсіп құралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді.Қайта құру саясаты мемлекеттің қоғамдық-саяси институттарының бүкіл жүйесін демократияландыру және халықтың өзін-өзі басқаруын тереңдету деп түсіндірілді. Қайта құру саясатының негізгі бағыттары - қоғам өмірін демократияландыру және жариялылықты дамыту, әлеуметтік- экономикалық дамуды жеделдету болды. Сонымен бірге 1985 жылы сәуір Пленумында әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету туралы қаулы қабылданды. Жеделдету саясатының мақсаты - өндірісті басқару әдістерін өзгертіп, ғылыми-техникалық жетістіктёрді енгізу арқылы халық шаруашылығын дамыту. Іс жүзінде ол өндіріс орындарын шаруашылық есепке көшіру жөне жекем меншік түрлерін дамыта отырып, нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау еді. Бұл саясатты іске асыру бағытында бүкіл елде кооперативтік қозғалыс басталды. Кооперативтік шаруашылықтардың тиімді жақтары бірден байқалды. Бірақ та жеделедету бағыты ғылыми тұрғыда негізделмей асығыс енгізілген еді. Мемлекет жетекшілері экономиканы басқаруда өлі де директивалық әдістерге сүйенді. Бұл жеделдету бағытының басты қайшылығы бола-тын. Бірақ бұл шаралар экономиканы дағдарыстан шығара алмады. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Күнделікті тұтынатын тауарлар тапшылығы айқын сезіле бастады. Азық-түлік түрлері азайып кетті. Қоғамның саяси жүйесін жаңартпайынша экономиканы басқарудың жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі дәлелденді.

1987 жылы қазанда КОКП ОК Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетініңбірінші хатшысы Борис Ельцин қайта құру мен реформалардыңжүзеге асырылуының баяулығын қатты сынға алды.

жылы қарашада Қазан төңкерісінің 70 жылдық мерекелік мәжілісі болып өтті. Онда М.Горбачев кеңестік қоғамның дамуының негізгі тарихи кезеңдеріне саяси баға берді. Бас хатшының баяндамасында сталинизм қылмысты құбылысдеп танылып, тарих «ақтаңдақтары» жаңа тұрғыдан қаралуы тиісдеген қорытынды жасалды.

жылы маусымда КОКП XIX Бүкілодақтық конференциясы өткізілді. Конференцияда қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты талдау жасалды. Онда партия басшылары тарапынан саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместігі мойындалды.

Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар күшейе берді. Мемлекеттік жоспарлау барысында республикалар мүддесі екінші кезекке

ысырылды. Өйткені қазба байлықтан түскен табыстар республикаларға аз мөлшерде ғана беріліп, жергілікті халық оның игілігін көре алмады. Тұтыну тауарларының 60%-ы шеттен тасымалданды. Ғылым мен мәдениет, білім беру салаларын қаржыландыруда «бюджеттік қалдық» ұстанымы сақталып қалды. Рухани салада да терең қайшылықтар орын алды. Мәдениет халықтық дәстүрінен, ұлттық келбетінен айырыла бастады. Қазақ тілі қоғамдық қызметінен айырылып, тұрмыстық тіл деңгейіне түсті. Нәтижесінде 1954-1986 жылдары 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды.

Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, одақтас республикаларға оларды орындау үшін бұйрық ретінде жіберіліп отырды. Орталықтың шешімдерімен келіспеу, оған сын айту «ұлтшылдық» ретінде бағаланды. Қазақстан халқының көз алдында Арал мен Семей экологиялық қасіреті қалыптасып жатты. Кеңес қоғамында адамдардың әлеуметтік немқұрайдылығы күшейді.

1986 жылы ақпан-наурызда Қазақстан Компартиясының XVI съезі болып өтті. Съезде әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың жекеленген кемшіліктерін сынаумен ғана шектелді.

3. Республикамызды 1960-1962 және 1964-1986 жылдар аралығында ұзақ уақыт басқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосқан Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев (1912-1993) болды. Ол КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі әрі үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Д.А. Қонаевтың қайраткерлігі мен адамгершілік қасиеттері де халыққа мәлім еді. Сондықтан да еліміздеД.А. Қонаевтыңжекебасынатабынудыңөзіндікбелгілеріде қалыптасты. Сонымен бірге мемлекет қайраткері ретінде Д.А. Қонаев та сол әміршіл-әкімшіл жүйенің перзенті еді. Сол себепті Д.А. Қонаевтың саяси тағдырын Кремль шешті.

^ 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V Пленумы шақырылды. Пленумда ұйымдастыру мәселесі қаралып, ол не бары 18 минутқа созылды. Пленумның қаулысы бойынша КОКП ОК өкілі Г. Разумовскийдің ұсынысымен Қазақ КСР КП ОК-нің бірінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынды. Қазақ КСР КП ОК-нің бірінші хатшысы болып Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбин тағайындалды (1986-1989).

Орталықтың мұндай өктемдігі қазақ халқының тарапынан заңды наразылық туғызды. Өйткені қоғам өмірін қайта құрамыз, демократия мен жариялылық орнатамыз деп ұрандаған партия басшылығының бұл саяси қадамына халық бірден қарсылық білдірді. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының жаппай толқуы басталды. Мұндай наразылық шерулері республиканың басқа қалаларында да ұйымдастырылды.

Желтоқсан көтерілісінің сылтауы Г.В. Колбиннің республика басшысы болып тағайындалуы еді. Ал Желтоқсан көтерілісінің басты себептері -Мәскеудегі орталық биліктің ұлт саясатындағы әділетсіз ұстанымы мен Кеңес үкіметінің ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүрлеріне қысым жасап, ашық түрдегі орыстандыру саясатының жүргізілуі болды. Қазақ тілінде білім беретін мектептердің жаппай жабылуы мен жоғары оқу орындарында қазақ тілінде білім беретін бөлімдердің болмауы да ауылдан қалаға келген жастар үшін ауыр психологиялық қысым болатын. Қайта құру жариялаған демократиялық ұсынымдар арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни орталық партия басшылығының сөзі мен ісіндегі сәйкессіздік те халықтың ашу-ызасын туғызған еді.

Жастардың наразылығы бейбіт әрі саяси сипатта басталды. Басқа ұлт өкілдеріне қарсылық пен мемлекеттік құрылысты өзгерту туралы үндеулер көтерілген жоқ. Конституцияға қайшы келетін саяси талаптар да қойылған жоқ болатын. Алайда партия басшылығы саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Сол себепті бірден Алматы гарнизоны әскери дайындыққа келтірілді. КСРО Ішкі істер министрі А. Власов Кеңес Одағы-ның 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдады. Бұл билік тарапынан жасалған Конституцияға қайшы келетін заңсыз әрекет еді. Бейбіт шеруді тарату мақсатында билік арнайы «Боран» («Метель») операциясын жасады. Бұл операцияға Г. Колбиннің өзі жетекшілік етті. Кеңес әскері халыққа қарсы сойылдар, саперлік күректер, арнайы үйретілген иттер, су шашатын машиналар сияқты қару түрлерін қолданды. Осылайша Коммунистік партия мен Кеңестік өкімет билігі адамзатқа қарсы жасалған қылмыстың басты ұйымдастырушысына айналды. Мыңдаған қазақ жігіттері мен қыздары Желтоқсан көтерілісінің құрбандары болды. Солардың бірі Алматы архитектура құрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков өді. 1988 жылы КСРО Жоғарғы Соты оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. Өкінішке орай, ол 1988 жылы мамырда белгісіз жағдайларда қайтыс болды. 1996 жылы желтоқсанда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қ. Рысқұлбековке Халық Қаһарманы атағы берілді.

Соңғы деректерге қарағанда, 17-19 жөлтоқсанда алаңға 60 мыңдай адам шыққан. 8 мыңнан астам адамды ұстап, қаланың сыртына апарып тастаған. 103 азаматқа айып тағылып, бас бостандығынан айырылса, 2 азамат -Қайрат Рысқұлбеков пен Мырзағұл Әбдіқұлов ату жазасына кесілді. Жүзден астам адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 52 адам партиядан және 787 адам комсомол қатарынан шығарылып, жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Ішкі істер министірлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды [36-6.].

1987жылы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда Желтоқсан көтерілісі «қазақ ұлтшылдығыныңкөрінісі» деп бағаланды. Ресми билік қазақ халқының саяси наразылығының маңызын төмендету мақсатымен оны қатардағы оқиға ретінде бағалаған болатын. Бірақ ол, шын мәнінде, қазақ халқының отарлық саясатқа ғасырлар бойы үздіксіз жүргізіп келген ұлт- азаттық күресінің заңды жалғасы еді. Сондықтан да қазақ жастарының тоталитарлық жүйеге қарсы саяси наразылығы көтеріліс деңгейіне жеткен құбылыс болды.

жылы маусым - мамыр айларында КСРО Халық депутаттарының I съезінде қоғам қайраткері М. Шаханов СОКП басшылығынан «Желтоқсан көтерілісіне» әділ баға беруді талап етті. М.Шахановтыңталабына алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері қолдау білдірді. Солардың ішінде белсенді саяси қолдау білдірген академик А. Сахаров болды. Осындай талаптың нәти-жесінде Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия төрағасы болып КСРО халық депутаты, ақын М. Шаханов белгіленді. Комиссияның құқықтықтұрғыдағы жан-жақты талдауларынан кейін қаулыдағы «қазақ ұлтшылдығы» деген айып қате деп мойындалды. Бұл Желтоқсан көтерілісіне қатысты тарихи шындықты қалпына келтірудің бастамасы еді.

жылғы .24 қыркүйекте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысында бейбіт шерудің жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуінің себебі көрсетілді. Бұл республика басшылығының саяси дәрменсіздігі, қиын жағдайда бейбіт жол көрсете алмауы мен партия жетекшілерінің қарулы күшке сүйенуі болған еді. Өйткені Челябинск, Новосибирск, Ташкент, Уфа, Тбилиси, т.б. қалалардан әкелінген әскери бөлімдердің жауынгерлерінің қатыгездікпен жасаған әрекеттері қазақ жастарын да жауап қайтаруға мәжбүр етті.

жылы желтоқсанда 1986 жылғы 17-19 желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Жарлық негізінде қылмыстық жауапқа тартылған жастарды ақтау және Ішкі істер бөлімінің әскери қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі Жарлыктың күшін жою жүзеге асырылды. Ал 17 желтоқсан –«Демократиялық жаңару күні» деп жарияланды. 2006 жылы Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай Алматыда «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші орнатылып, республика бойынша ғылыми конференциялар, еске алу кештері өткізілді.

Желтоқсан көтерілісінің саяси және тарихи маңызы өте зор болды.

Біріншіден, Желтоқсан көтерілісі Кеңес Одағындағы демократиялық өзгерістерге жол ашып берді; екіншіден, Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының ұлттық рухы мен саяси санасының өрлеуіне алғышарт жасады; үшіншіден, әлемдік қауымдастыққа өркениетті қазақ деген халықтың бар екенін паш етті; төртіншіден, тоталитарлықжүйенің ыдырау процесін жеделдетті; бесіншіден, қазақ халқының тәуелсіздігіне ашылған жол болды.

Желтоқсан көтерілісі халықтың тарихи санасы мен ұлттық рухының жаңғыруына күшті әсер етті. Өйткені осы Желтоқсан көтерілісінен кейін елімізде қоғамдық қозғалыстар қызметін жандандыра бастады. Халықтың жаппай қолдауына ие болған қоғамдық қозғалыстың бірі - 1989 жылы белгілі ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ұйымдастырған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы болды. Қозғалыстың мақсаты Семей ядролық полигоны мен басқа да сынақ полигондарын жабу еді. Балқаш және Арал мәселесі жөнінде комитет құрылып, оны ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов басқарды. 1989 жылы «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы құрылды. Бұл қоғам сталиндік репрессия құрбандарын ақтау ісі мен тарихи шындық пен әділеттілікті қалпына келтіру қызметін атқарып келеді.

1990 жылы жазда азаматтық «Азат» қозғалысы, «Бірлік» қозғалысы және т.б. ұйымдар саяси сахнаға шықты. Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін Кеңес Одағының басқа аймақтарында өз еркіндіктері үшін Орталықтың басқару жүйесіне қарсы жаппай наразылықтар туа бастады. Мұның бәрі Кеңес Одағының ыдырауы мен оның аумағында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына негіз болды.

11-тақырып: Тәуелсіз Қазақстан

1.1990 ж.саяси жағдай

2.Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері.

3.Қазіргі Қазақстан

1.1980 жылдың екінші жартысынан бастап КСРО-жағдай күрт төмендеді. Оның басты себебі елдегі экономиканың құлдырауымен байланысты болды. Тоқыраудың айқындала түсуі тек қана халықтың әл-ауқатына емес, сонымен қатар рухани дүниесіне де кері әсетін тигізді. Оның үстіне қайта құру саясатының жүзеге аспай қайта ішкі жағдайларды шиеленістіріп жіберуі КСРО-ның құлауын тездетті.1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Қазақстан Президентін сайлау болып, сайлауда Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. 10 желтоқсанда Президент Н.Ә. Назарбаев өз қызметіне кірісті. Осы күні Қазақ КСР-ын Қазақстан Рес-публикасы деп атау туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 16желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды, бұл күн Тәуелсіздік күні болып жарияланды.

1991 жылы желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру (ТМД) өте күрделі жағдайда өтті.8 желтоқсанда Минскіде (Беловөжск) Белорусь, Ресей және Украин пре-зиденттері «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы» Беловежск келісіміне қол қойды. Онда жоғарыда аталған мемлекеттер 1922жылы Одақтық келісімге қол қойып, КСРО-ны құраушылар болғандықтан: «КСРО халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатады және геосаяси мәнін жоғалтады», - деп мәлімдеді. Одан әрі: «Біздің халықтардың тарихи бірлігіне, қалыптасқан қатынастарға сүйене және екі жақты келісімдерді ескере отырып, демократиялық құқықтық мемлекет құру үшін жоғарғы келісім жасаушы тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрады», - деп атап көрсетілді. Сөйтіп, бұл келісім 1922 жылы Кеңес Одағының құрылуы туралы шарттың күшін жойып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды.

Бұдан кейін Орта Азия және Қазақстан мемлекет басшылары Ашхабадтағы кездесуде «Беловежск келісімін» талқылап, тең құқықтық дәрежеде жаңа мемлекеттер достастығын құруға әзір екендіктерін білдірді.Сөйтіп, 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы 11 тәуелсіз мемлекет арасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісім хаттамасына қол қойылды.

Сол күні ТМД-ның құрылуы жөніндегі «Алматы Декларациясына» қол қойылды. Онда ТМД-ны құрушы мемлекеттер демократиялық, құқықтық мемлекет құруға ұмтыла отырып: «Олардың арасындағы қарым-қатынастар әрбір елдің мемлекеттігін тану және құрметтеу, өзін-өзі билеу құқығының бүлжымастығы, тең құқылық және ішкі істеріне қол сұқпау ұстанымы, күш қолдану мен күшпен қоқан-лоқы жасаудан, экономикалық және қысым жасау әдістерінен бас тарту, дауларды шешу, адам құқы мен еркіндігін, соның ішінде аз ұлттардың да құқығын құрметтеу, халықаралық құқық нормалары мен міндеттерді адал орындау негізінде дамиды», - деп мәлімдеді.

ТМД Жарғысы бойынша Достастыққа қатысушылар тепе-тендік негіздегі үйлестіруші институттар арқылы жұмыс істейді. Ондай ұйымдарға мемлекет басшыларының және үкімет басшыларының кеңесі жатады. Бұл ұйымдарда әр мемлекет бір дауысқа ие, ал шешім ортақ келісім жолымен қабылданады. Мемлекет басшыларының Кеңесі жылына 2 рет, үкімет басшылары жылына 4 рет жиналады, сонымен қатар кезектен тыс та өткізіледі. Достастық мемлекеттерініңтұрақты атқарушы және үйлестіруші органы - Кеңесші-үйлестіруші комитет болды. Комитет үкімет төрағаларының орынбасарлары деңгейінде жасақталады. Достастық шеңберінде Парламентаралық ассамблея құрылып, жұмыс істейтін болады.

.1992 жылы 2. наурызда Қазақстан Б¥¥-ның толық құқықты мүшесі болды. Елімізді дүние жүзі қауымдастығы мойындады. Сол жылы 5 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Б¥¥-ның Бас ассамблеясының 47-сессиясында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде «Азиядағы бірлескен іс-қимыл және өзара сенім шаралары жөнінде Кеңес» шақыруды ұсынды. Ондағы мақсат Еуропадағы ЕҚЫ¥ үлгісінде Азиялық құрылым жасау болатын.

Кейінірек 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда «Азиядағы бірлескен іс-қимыл және өзара сенім» ұйымының мүшесі болған мемлекеттердің сыртқы саяси мекемелерінің басшыларының бірінші кездесуі болды. Онда бұл мемлекеттердің қатынасын реттейтін Декларацияға қол қойылды. Бұл Декларация осы ұйымға мүше елдер арасындағы қарым-қатынастардың мынадай ұстанымдарын жариялады: теңдік егемендігі, жеке субъект құқығын құрметтеу; күшпен қорқыту мен күш қолданудан бас тарту; мемлекеттердің территориялық тұтастығын құрметтеу; дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу; ішкі ісіне араласпау; қарулануды азайтып, оған бақылау қою; экономикалық, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынас; адам құқығы мен негізгі бостандықтарды сақтау.

Бұл кездесудегі қабылданған Декларация қазіргі заман тарихында ерекше маңызды орын алды. Өйткені Азияда 3,5 млрд адам (яғни адамзаттың жартысынан астамы) тұрады, онда әлемдік жалпы өнімнің 55%-ы, дүние-жүзілік сауданың 40%-ы шоғырланған. Алайда бұл аймақ тұрақты даму қалпында бола алмай отыр. Декларацияда «уақыт Қазақстан ұсынысының маңыздылығын дәлелдеді» деген қорытынды жасалды. Декларацияға Азияның 16 мемлекеті қол қойды.

2002 жылы 4 маусымда Алматыда ұйымға мүше елдердің басшыларының жоғарғы дәрежедегі бірінші Саммиті өтті. Оған Ауғанстан, Әэірбайжан. Египет, Қытай, Индия, Иран, Израиль, Қырғызстан, Моңғолия, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Туркия, Өэбекстан мемлекеттекрі қатысты. Форумның жұмысына Б¥¥, ЕҚЫ¥, Араб мемлекеттерінің лигасы сияқты халықаралық беделді ұйымдар ат салысты. Бақылаушы мемлекеттер ретінде Австралия, АҚШ, Индонезия, Жапония, Тайланд, Вьетнам, Украина, Корея Республикалары қатысты.

Саммитке Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев төрағалық етті. Кездесуде лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы байланыстарға үн қосу туралы Алматы актісі мен ұйым Декларациясы қабылданды.Қазақстан Б¥¥ мүшесі ретінде ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЭКОСОС. УВКБ сияқты ұйымдардың қызметіне белсене қатысады. Сонымен бірге халықаралық беделді үйымдармен - Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы және т.б. қатынас жасайды.

Қазақстан егемендіктің алғашқы кезінен бастап, өзінің сыртқы саясатында көпвекторлық бағыт ұстанды. Экономикалық ықпалдастық ұйымының, ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының, Орталық Азия экономикалық одағының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде жүзеге асырылатын интеграциялық үрдістерге белсене қатысып отырады.

2.Қазақстанның егемендігінің қалыптасуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Ол - 1989-1990 жылдар, бір жағынан, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың терендеуімен, екінші жағынан, саяси қайшылықтарды шешуде одақтық басшылықтың дәрменсіздігімен ерекшеленді. Осы уақытта Қазақ КСР-ның «Тіл туралы» Заңы қабылданды, Қазақ елінде президенттік басқару институты енгізілді.

Келесі кезең — ол Қазақ КСР-ның 1990 жылы 25 қазанда егемендік туралы Декларация қабылданған күнінен 1991 жылы желтоқсанда Кеңестер Одағының ыдырауына дейінгі уақыт. Бұл кезеңге ел басшылығының экономикалық еркін даму жолында белсенділік көрсетуі, әртүрлі саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстар қызметінің өсе бастауы, ұлттық мәдени орталықтардың құрылуы тән болды.

Одан кейінгі кезең 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңының қабылдануынан 1992 жылдың соңына дейін созылды. Бұл кезеңде Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады, Қазақ елінің ортақ азаматтығы белгіленді, тәуелсіз нарыктық экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден қызметі енгізілді, Қазақстан Респубпикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.

1992 жылы мамырда Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясын» жариялады. Онда Президент: «Біз марксизм-ленинизмнің тұманды жобасымен «жарқын болашақ» құрудан бас тартамыз. Бірақ бұл алдымызда болашақ жоқ деген сөз емес. Нақты мақсат болмайынша адам да, билік жүйесі де, қоғам да өмір сүре алмайды», -деп, накты тұжырымдарын жасады.

Қазақстан дамуының тұжырымдамалық моделі ашық қоғам, демократиялық бейбіт сүйгіш мемлекет құруды көздейді. «Қазақстанда либералды да немесе халықтық капитализм де, таза немесе жаңартылған социализм де болмайды, қарапайым көп укладты рыноктық экономикасы бар демократиялық қоғам болады...». Одан әрі Қазақстанға сипаттама беріліп, оның даму ерекшелігі көрсетілді: дамыған елдерге тән белгілері - халықтың жалпы білімділігі, кең көлемдегі ғылыми-зерттеу мекемелері, ғарыштық зерттеулердің жүргізілуі; дамушы елдерге тән белгілері - экономиканың шикізаттық бағыты, экологияның ластануы, шетел инвестициясы мен жаңа технологияға деген сұраныс, инфрақұрылымныңартта қалуы. Бұған қоса Қазақстан ауқымды территориясымен, оның құрлықтың ортасында орналасуымен, табиғи байлыктың мол қорымен, халықтың көп ұлтты құрамымен ерекшелен-еді.

1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік Ту, Елтаңба, Қазақстан Республикасының Әнұраны бекітілді. Мемлекеттік рәміздер - мәдениет пен тарихтың айнасы, ол азаматтардың ұлттық санасын оятуға қызмет етеді және еліміздің қайталанбас мазмұнын баян етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туының авторы - Ш. Ниязбеков. Президенттің «Қазақстан Республикасының рәміздері туралы» Жарлығы бойынша, ол көгілдір түсті, тік төртбұрышты матадан жасалынған, ортасында нұр шашып тұрған күн, оның астында қанат жайған қыран бейнеленген. Тудың сабының тұсын ұлттық өрнекпен нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Сондай-ақ ұлттық өнер нақышын көрсететін ою-өрнек салынған. Күн, оның сәулесі, бүркіт және оюлар алтын түстес болып келеді. Тудың аспан тәрізді көк түстен жасалуы көшпенділердің тегін, бейбітшілікті, тыныштықты білдіреді. Күн бейнесі өмір нәрін, байлықты, молшылықты бейнелейді. Қыран бостандықты, намысты, ерлікті, биік арман-мұратты оймен ұштастырады. Тудағы қошқар мүйіз оюы - Қазақ жерінде ежелден келе жатқан көшпенділерге тән ою-өрнек.

Жоғарыда айтылған Жарлық бойынша Мемлекеттік Елтаңба белгіленді. Ел таңбаның авторлары-Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала уықтар күн сәулесіндей тарап шаншылған, оны аңыздардағы пырақты аттар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Киіз үй - көшпенділер мәдениетінің сыйы. Шаңырақ - қазақ халқы үшін айрықша қастерлі ұғым. Ол - Қазақстанды мекендейтін барлық адамдардың ортақ отбасының, ортақ үйінің нышаны. Ай мүйізді алтын қанатты қос пырақ киелі шаңырақты қос қапталынан орап, пәле-жаладан, қауіп-қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер қалдырады. Ортақ үйіміз - қасиетті Отанымызға қалтқысыз қызмет ету идеясын білдіреді. Жұлдыз - барлық бес құрлықтағы мемлекеттермен, халықтармен ашық қарым-қатынас жасауға деген ұмтылыстың белгісі.

Мемлекеттік Әнұранның әнін жазғандар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди; сөзін жазғандар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева болды. 2006 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды. Ол бұрыннан қазақстандықтардың ресми емес Әнұранына айналып кеткен «Менің, Қазақстаным!» әні еді. Сол себепті де оны Қазақстан парламенті бірауыздан ресми Әнұран ретінде бекітті. Әнұран-ның сөзін жазғандар Ж. Нәжімеденов пөн Н. Назарбаев, әнін жазған Ш. Қалдаяқов.

жылы 29 қыркүйекте Алматыда Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы болып өтті. Желтоқсан айында Қазақстан халықтарының форумы өткізілді. Оның негізгі мақсаты - еліміздің ішкі саяси бағытын дамытуда ұлтаралық келісімді және саяси тұрақтылықты сақтау.

жылы қаңтарда тәуелсіз Қазақ елінің алғашқы Конституциясын қабылдаудан кейін, кезекті жаңа дәуір басталды. Ол 1995 жылы наурызда аяқталды. Осындай тарихи өзгерістердің ішінде егеменді мемлекетіміздің маңызды оқиғаларының бірі - Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылы 12 қарашада «¥лттық валютаны енгізу» туралы жарлығы шығып, соған байланысты еліміздің аумағында заңды төлемақы түрі ретінде ұлттық валютамыз - теңге енгізілді. Жалпы осы уақыт ішінде Қазақстанның беделі халықаралық деңгейде көріне бастады. Республика өзінің сыртқы саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді шаралар жүргізді.

1997 жылы Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың еркендеуі, қауіпсіздігі және әлауқатының артуы» деген Жолдауын арнады. Онда республиканың қазіргі жағдайы нақтылы сарапталып, ұзақ мерзімді басым бағыттар: ұлттық қауіпсіздік Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі; шетел инвестициясының жоғарғы деңгейге негізделген нарықтықэкономикалықөсу;Қазақстаназаматтарының денсаулығы,білімі және халықтың әлауқаты; энергетикалық ресурстарды, инфрақұрылымдарды, әсіресе көлік және байланысты дамыту; негізгі қызметтермен шектелетін кәсіби мемлекет құру белгіленді.

Осы кезеңде астанамыз Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Бұл мәселе жөнінде Елбасы, Премьер-министр, Парламент Сенатының төрағасы және Парламент мәжілісінің төрағасы халыққа үндеу жариялады. Үндеуде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола еліміздің астанасы болатындығы, енді бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғатындығы айтылды. Ал арнайы құжаттарда: "Қазақстан - Еуразиялық ел, Ақмола - географиялық жағынан Еуразия материгінің кіндігіне орналасқан қала" дей отырып, қаланың барлық талаптар бойынша астана болуға лайық екені керсетілген. Үндеуде: "XX ғасыр тарихында біз тұңғыш рет өзіміздің еліміздің астанасы жөнінде еркін шешім қабылдап отырмыз. XXI ғасыр табалдырығында өз таңдауымыз бойынша ежелгі Сарыарқа төсінде жаңа астана құрамыз", - делінген. 1998 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілді.

3.Қазақстан тәуелсіздікжолында экономикалықдағдарыс, әлеуметтік тұрақсыздық, халық тұрмысыныңт төмендеуі, жұмыссыздық, экологиялық ластану, қылмыстың өсуі, т.б. көптеген қиыншылықтарға кездесті. Оларды жою және адамзат қауымдастығында лайықты орын алу үшін экономиканы қайта құру, оны қазіргі ғылыми технологиялық салаға бағыттау, мүмкіншіліктер теңдігі ұстанымын қамтамасыз ету негізінде әлеуметтік бағыттағы нарық құру, меншікті жекешелендіруді жүргізу, бағаны босату, ойластырылған инвестициялық саясатты, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам институттарын құру, мәдениет, білім, ғылымның дамуын іске асыру қажет болды.

1990 жылдан бастап Біріккен ¥лттар ¥йымының Даму бағдарламасы ұйымы (Б¥¥ ДБ) адамзаттың дамуы мәселесі жөнінде әлемдік ауқымда есептерін жариялай бастады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа өлшемі ретінде адамзат дамуының индексі алынды. Ол көптеген көрсеткіштермен -жан басына шаққандағы кіріс, денсаулық жағдайы, қоршаған ортаның ластануы, өмір сүру ұзақтығы, білім алу, ақпарат алу мүмкіндіктерімен анық-талды. Егер осылардың барлығын топтастырсақ, онда негізгі көрсеткіштер экономика, денсаулық сақтау, білім беру болады.

Қазақстандағы адам дамуы жөніндегі есептің бірінші басылымы 1995 жылы жарыққа шықты. Б¥¥ ДБ есебі бойынша Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда адам дамуының индексінің көрсеткіштері құлдырап кетті. 1991 жылы оның төмендеп кетуінің себептері 84% экономикалық құлдыраудан, 13% адам жасының ұзақтығының қысқаруынан және 3% білім берудің сапасының төмендеуінен болған. Ал 1990 жылдардың ортасына қарай бұл көрсеткіштер жақсара бастады. Адам дамуының индексінің жақсаруы Қазақстанда қалай жүрді? Б¥¥ ДБ есебі бойынша АДИ көрсеткіші 0,5 болса, онда ол әлеуметтік-экономикалық дамуы төмен елдер қатарына жатқызылады. Оған Африканың экватор бойындағы елдері, кішігірім аралдардағы мемлекеттер, Пакистан және Индия жатады. Ал АДИ деңгейі 0,5 - 0,799 аралығында болса, олар дамудың орта дәрежесіндегі елдерге жатады. АДИ 0,8 және одан жоғары болса, олар индустриясы дамыған, сондай-ақ табиғи қазынасы бай мемлекеттер қатарына (мысалы, мұнай экспорттаушы елдер) енеді. 1996 жылы Қазақстанда АДИ 0,7-ні құраған, ал бұл көрсеткіштер Атырау облысында 0,813, Маңғыстауда 0,835, Алматыда 0,844-ке жетті. Бұл Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың біршама жақсарғанын көрсетеді, ол әсіресе 1990 жылдардың ортасында айрықша сезіле бастады.

1999 жылы Қазақстанда егемендік жағдайында алғашқы халық санағы жүргізілді. Ол 1989 жылғы жүргізілген санақпен салыстырғанда еліміздің халқының санының азайғанын көрсетті: 16.199154-тен 14953131-ге, яғни 1246023 адамға азайған. Осы 10 жыл ішінде қазақтардың саны 22,9%

-ға, яғни 6496858-ден 7985039-ға өскен, бұл халық санының 1488181 адамға артқанын көрсетеді. Жалпы халық ішінде қазақтардың үлес салмағы 40,1%-дан 53,4%-ға өскен.

1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партия мен 30-ға жуық қоғамдық қозғалыс жұмыс жүргізген. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті. 1999 жыл Қазақстанда демократиялық үрдістердің даму кезеңі болды. Осы жылы Парламенттің төменгі палатасына сайлау пропорционалды жүйемен өткізілді. Республиканың Парламент мәжілісіндегі 77 орынның 10 орны пропорционалды жүйемен сайлауға бөлінді. Саяси партиялар алғаш рет депутат мандаты үшін тікелей күресуге мүмкіндік алды. Партиялық тізім бойынша 84 кандидат тіркелді. Сайлауға 9 партия: Халық конгресі, Қазақстан өрлеу партиясы, Республикалық саяси еңбек партиясы, Республикалық «Отан» партиясы, Коммунистік партия, Демократиялық «Азамат» партиясы, Аграрлық, Азаматтық және ұлттық «Алаш» партиялары қатысты.

Сайлауда жеңіп шыққан партия 1999 жылы ақпанда құрылған, Алматыда өткен Құрылтай съезінде президенттікке үміткер ретінде Н.Ә. Назарбаевты қолдау негізінде 30,89% дауыс жинап, Мәжілісте 4 депутаттық орынға ие болған «Отан» партиясы еді, қазір ол «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. 1991 жылы құрылған Коммунистік партия екінші көрсеткішке ие болды.

жыл 16 желтоқсаңда Астанада тәуелсіздігіміздің 10 жылдық мерекесіне байланысты салтанатты жиын болды. Онда Президент Н.Ә. Назарбаев «Жүз жылға татитын он жыл» деген баяндамасында: «Бұл жылдары ешқандай да күмәнсіз бірнеше ондаған жылдарға татитын жолды жүріп өттік. Біз көпұлтты мемлекетте өмір сүріп келеміз. Онда қазақстандықтардың көпте-ген ұрпақтарының еңбегі, еліміздің барлық халықтарының тағдыры бар. Біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. «Біз жаңа мемлекет құрдық», -деді.

Елімізде тұрақтылық пен келісім диалогын қамтамасыз ету бағытымыздың жалғасы ретінде 2003 жылы және 2006 жылы қыркүйек айында Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндердің жетекшілерінің бірінші және екінші съезі болып өтті. Бұл халықаралық деңгейдегі аса ірі форумдар еді. Оның жұмысына Азия, Америка, Таяу Шығысжәне Еуропадағы барлық әлемдікдіндердің өкілдері қатысты. Съезді Б¥¥ Бас хатшысы, АҚШ, Франция, ¥лыбритания, Италия, Египет және т.б. мемлекеттер басшылары жәнеәлемнің көптеген белгілі қоғам және саяси қайраткерлері құттықтады.

2004 жыл Қазақстан Республикасының мәдени саясатын дамыту үшін ерекше маңызды болды. 13 қаңтарда Президент Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын бекітті. Оның мақсаты - «рухани және білім салаларын дамыту, елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану мен сақтауды қамтамасыз ету». Онда археологиялық ескерткіштер мен тарихи маңызды жәдігерлерді қайта қалпына келтіру, мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдени-ет, фольклор, дәстүрді зерттеудің бүтін жүйесін жасау, ұлттық әдебиет пен

жазудың көп ғасырлық тәжірибесін жинақтау, көркем және ғылыми сериялар жасау, әлемдік ғылым, ой, мәдениет және әдебиет жетістіктері негізінде гуманитарлық білімнің құнды қорын мемлекеттік тілде жасау белгіленді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан ез дамуында жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру» стратегиясын жариялады. Бұл маңызды стратегияныңда жеті басымдығы белгіленді.

Бірінші басымдық. Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі -елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі.

Екіншібасымдық. Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әр тараптандыру.

Үшінші басымдық. Халыктың неғұрлым "әлжуаз" топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат. Төртінші басымдық. Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі.

Бесінші басымдық. Демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту.

Алтыншы басымдық. Осы заманғы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулер-ге қарсы ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру.

Жетінші басымдық. Қазақстанның мүдделерін, өңірлік және әлемдік дамудың серпінін ескеретін, теңдестірілгөн жөне жауапты сыртқы саяси бағыт-ты одан әрі іске асыру.

Бұл Жолдаудың шеңберінде бугінгі кұні Қазақстан Республикасының үкіметі жан-жақты жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы халыққа Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды. Бұл Жолдау да Қазақ елінің, қоғамның барлық саласының кешенді дамуының негізгі бағыттарын қамтыған стратегиялық құжат болды. Оның ең маңызды бөлімі әлеуметтік мәселеге арналды. Осынау күрделі салада зейнеткерлік жәрдемақылар мөлшерін өсіру, еліміздегі ана мен баланы әлеуметтік қорғауға ерекше маңыз берілуі, жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігін, босануы мен аналық кезеңін міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесін дұрыс жолға қоюды басым бағыт етіп алуы мемлекеттік саясаттағы аса маңызды саяси қадам болып табылады. Ел Президентінің 2007 жылғы халыққа Жолдауы әлеуметтік салаға бағдарлануымен және Парламент құзыретін кеңейту шараларына мән берілуімен ерекшеленді.

Дегенмен, қоғамның алдында шешімін табуы тиіс мәселелер де аз емес. Бұл мәселелердің қатарына: ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді одан әрі күшейту; еліміздегі экологиялық және демографиялық ахуалды жақсарту; нашақорлық пен қатерлі СПИД ауруының алдын алу; қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайту және латын әліпбиіне көшу мәселелері; қоғам өміріндегі сыбайлас жемқорлық; жаһандану үрдісі кезінде ұлттық ерекшеліктерді сақтап қалу сиякты аса өткір көптеген мәселелер кіреді.

Мемлекет алдында тұрған осындай өткір мәселелерді шешуде Үкімет нақты іс-шаралар жүргізіп келеді. Мәселен, 2006-2010 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа Стратегиясы жүзеге асырыла бастады. Қоғамға төнген қауіп ретінде есірткі саудасы мен сыбайласжемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарлама іске қосылды.

Қазіргі қезеңде Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде толық қалыптасып болды. Біздің елімізде тиімді экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Қазақ елі бейбіт сүйгіш ел ретінде халықаралық беделге ие болып отыр. Ал жаңа кезеңдегі еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикасы дамыған 50 елдің қатарына қосылуға деген ұмтылысы жай ғана қойылған мақсат емес. Ол - тәуелсіз елдің реформалар тәжірибесінен туындаған жалпыұлттық мақсат.

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Қаржы» факультеті

«Философия және тарих» кафедрасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]