Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13-03-2014_22-17-20 / 6 класс геог.docx
Скачиваний:
121
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
39.9 Кб
Скачать

6 Класс

География ғылым ретінде ежелгі Грекияда пайда болған

Грек тілінен аударғанда “География” сөзінің мағынасы жерді сипаттап жазу

География ғылымы Жердің табиғатын,халқын және оның шаруашы-лығын зерттейді

География ғылымы физикалық және экономикалық болып 2 салаға бөлінеді

Жер бетінің табиғат денелері мен құбылыстардың таралу заңдылығын зерттейді физикалық география

Эротосфен өзінің жерді сипаттауға арнаған еңбегін география деп атады

“География” ұғымен еңгізген Эратосфен(Географияның атасы)

Тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғымды айтқан Гректер

“Ұлы географиялық ашылулар” заманы XVғ. аяғы-XVIIғ ортасы

Ең алғашқы глобусты XVғасырда Бекхайм жасады, оның глобусында Еуропа,Азия және Африка ғана көрсетілген

Христофор Колумб экспедициясы басталған жыл 1492

Д.ж айналып шығу экспедициясы 519-522жылдары Фернан Магелланның басшылығымен болды

Фернан Магеллан экспедициясы нәтижесінде Жердің шар тәріздес екендігі анықталды, д.ж мұхит туралы ұғым қалыптасты,Тынық мұхиты ашылды

Орыс география қоғамы орналасқан қала Санк-Питербург

Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуге үлкен үлесін қосқан Ш.Уалиханов

Қазақтың түңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров

Күн жүйесіндегі планеталар саны 9планета

Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар Меркурий

Күннен ең алыс орналасқан ғаламшар Плутон

Жер күннен 3-ші орналасқан

Күн жүйесіне кіретін ұсақ аспан денелері Астероидтар

Экватордың ұзындығы 40 000км

Жердің радиусы 6371км

Жердің полярлық радиусы экваторлық радиустан 21км қысқа

Жер пішіні шар тәріздес болғандықтан оның бетінде күн сәулесі әркелкі таралады

Жер бетінде жыл маусымдарының ауысу себебі Күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсу уақытының ұзақтығы

Жер бір тәулікте өз білігінен батыстан шығысқа қарай айналып өтеді 24 сағатта

Жер білігі орбита кеңестігінде 66,5* бұрыш жасап орналасқан

Жер өз білігінен айналып шығу нәтижесінде күн мен түн ауысады

Жер күнді орбита бойымен бір рет айналып шығады 365күн 6сағатта

Жердегі “Кебісе жылы” әрбір 4-ші жылда қайталанып отырады

Оңтүстік жарты шарда жаз айлары Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан

Көктемгі күн теңелу 21наурыз

Күзгі күн теңелу 23қыркүйек

Жер бетінің көзге көрінетін бөлігі көкжиек

Жергілікті жерді бағдарлау деп көкжиек тұстарын табуды айтады

Көкжиек тұстарының бағыттары румб

Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал тұсбағдар

Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем азимут

Азимут өлшенетін градус аралығы 0*-360*

Шығыс бағытына сәйкес келетін азимут 90*

270* Азимутқа сәйкес келетін көкжиек түсі Батыс

Солтүстік батыс бағыты 315*

Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу тәсілдері таспамен, өлшеуіш ашамен, қадаммен,көз мөлшермен

Жер бетіндегі қашықтықтың жер бетіне неше есе кішірейтілгенінін көрсететін бөлшек сандық масштаб деп аталады

Бөлшектің бөліміндегі сан неғұрлым үлкен болса, масштаб солғұрлым кіші болады

Масштаб түрлері сандық,атаулық,сызықтық болып 3-ке бөлінеді

Карталар масштабына қарай...болып бөлінеді ұсақ,орта,ірі

Бөлшек санмен көрсетілген масштаб сандық масштаб

Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы жергілікті жердің планы

Планда су айдындары көгілдір түспен,орман жасыл түспен боялады

Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен басталып есептелетін биіктік абсолют биіктік

Қазақстан аумағы үшін теңіз деңгейі Балтық жағалауынан бастап есептеледі

Жер бетіндегі кез-келген нүктенің екінші бір нүктеден биіктік айырмасы салыстырмалы биіктік

Салыстырмалы биіктікті өлшейді діңгейлегіштің (невилер) көмегімен

План мен картада биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар горизонтальдар

Ұшақ арқылы түсірілген жер бетінің суреті аэрофотосурет

Шағын жерді планға түсіру үшін айнала нысаналау әдісі қолданылады

Жердің дәл үлгісі глобус

Солтүстік және оңтүстік полюсті қосатын сызық меридиан сызығы

1*меридиан доғасының ұзындығы 111км-ге тең

Ең ұзын параллель экватор сызығы

Параллель жән меридиан сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор градус торы

Қазақстан аумағы Гринвич меридианынан шығыста орналасқан

Жер шарындағы кез-келген нүктенің орны оның географиялық координаталары арқылы белгіленеді

Географиялық координаталар ендік пен бойлықтан тұрады

Жер бетіндегі нүктенің экватордан бастап градус есебімен өлшенетін қашықтығы географиялық ендік

Кез-келген нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы географиялық бойлық

66,5* солтүстік ендік пен 66,5*оңтүстік ендік параллельдер поляр шеңбері

Жер бетіндегі заттар мен құбылыстар жазықтықта шартты белгілермен көрсетіледі картада

Шағын жер бетінің сызбасы план

Карталар мазмұнына қарай жалпы географиялық және тақырыптық болып 2-ге бөлінеді

Жалпы географиялық карталарға топографиялық карталар жатады

Жер бетіндегі бірнеше табиғат компоненттерін көрсететін карта кешенді карта

1:200 000нан 1:1000 000 дейінгілер орта масштабты

1:1000 000нан ұсақтары ұсақ масштабты

Биіктік және тереңдік шкалалар бойынша географиялық картада тереңдікті және биіктікті анықтауға болады

Жер бедері картада қат-қабат бояулармен көрсетіледі

Жердің сыртқы тас қабаты литосфера

Жердің су қабаты гидросфера

Жердің ауа қабаты атмосфера

Жердің құрылысы жер қыртысынан, мантиядан, ядродан тұрады

Жердің ең сыртқы жер қабығы жер қыртысы

Таулардағы жер қыртысының қалыңдығы 70-80км

Жер қыртысы материктік және мұхиттық жер қыртысы болып 2-ге бөлінеді

Материктік жер қыртысы шөгінді, гранит, базальт қабатынан тұрады

Мұхиттық жер қыртысы шөгінді және базальт қабатынан тұрады

Материктік жер қыртысының мұхиттық жер қыртысынан айырмашылығы гранит қабаты бар, әрі қалың

Мантия жер қыртысынан әрі 2900км тереңдікте орналасқан

Жердің орталық өзегі ядро

Литосфералық тақталар жылына қозғалады 2-5см ге дейін

Жер қабатын құрайтын тау жыныстары магмалық,шөгінді,метаморфтық болып 3-ке бөлінеді

Жер астынан балқып шығатын заттардан пайда болған тау жыныстар магмалық

Магмалық тау жыныстарына базальт,гранит жатады

Жер қыртысының бетінде сыртқы күштер әсерінен пайда болған тау жыныстар шөгінді тау жныстар

Органикалық жолмен пайда болған шөгінді жыныстар бор,әктас,шымтезек,таскөмір

Шөгінді тау жыныстар шымтезек, тас көмір

Химиялық жолмен пайда болған шөгінді жыныстар (тас) тұзы

Сыртқы күштерінің әсерінен тау жыныстарының бір түрден екінші түрге өзгеруі метаморфтық

Грекше “метаморфоза” – өзгеру

Метаморфтық жыныстар мәрмәр,кварцит

Кварцит құмтастан пайда болады

Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысудан туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің қозғалуы жер сілкіну

Дүмпудің жер бетіне шыққан жері эпицентр

Жер сілкінісі өте сирек байқалады платформада

Жер қыртысының қозғалысын тіркейтін құрал сейсмограф

Жанартаудың төбесінде пайда болған шұңқыр кратер

Жер бетіне шыққанда отты затынан айырылған магма лава

Сөнген жанартаулар Эльбрус пен Казбек

Жанартаулардың көпшілігі Тынық мұхит жағалауында орналасқан

Жанартаулар мен жер сілкінісі жиі болатын аймақ материк шетіндегі таулы аймақтар

t*-сы жоғары, құрамында еріген тұздар кездесетін сулар минералды сулар

Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын көз гейзерлер

Жер асты ыстық суларды үй жылытуға Исландияда пайдаланады

Жер бетіндегі жазықтықтардан биік орналасқан, қатты тілімденген биік бөліктері таулар

Таулар картада қоңыр түспен белгіленеді

Таудың сүйір басы шың

Бірнеше тау жоталары келіп түйісетін жер тау торабы

Таулар биіктігіне қарай 3–ке бөлінеді

Аласа таулар 400-1000м-ге дейін

Орташа биік таулар 1000-2000м-ге дейін

Биік таулар 2000м-ден жоғары

Орташа биік тау Карпат

Жанартаулардың атқылауынан пайда болған жеке тау Ключи-Шоқысы

Ескі тау Орал тауы

Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруі үгілу

Жер бетінің аз тілімденген, тегіс болып келетін кең алқабы жазық

Не қыраты, не ойпаты жоқ жазық тегіс жазық

Жазықтар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді

Теңіз деңгейінен 200м-ге терең орналасқан жазық ойпат

Жер шарындағы ең үлкен ойпат Амозонка ойпаты

Абсолют биіктігі 200м-ден 500м-ге дейінгі жазықтар қыраттар

Биіктігі 500м-ден астам жазықтықтар таулы үстірттер

Бұрын теңіз түбі болып, кейіннен көтерілу нәтижесінде пайда болған жазықтықтар алғашқы жазықтықтар

Желдің әрекетінен пайда болған айшық тәріздес пішінге ие болған құмды төбелер барқан

Теңіз түбінің тереңдігін эхолоттың көмегімен анықтайды

Дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1секундта-1500метр

Мұхит түбінің ең үлкен бөлігі қазаншұңқыр

Материктің мұхитқа өтпелі 200м тереңдікке дейінгі бөлігі материктік қайраң

Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігі материктік беткей

Терең мұхит түбі ойыстары шұңғымалар

Құрғақ ауа көлемінің 78%-азот, 21%-оттегі

Атмосфера қабаттары тропосфера,стратосфера,атмосфераның жоғарғы қабаты(мезосфера)

Тіршілік үшін маңызы зор қабат тропосфера

Атмосфераның ең төменгі қабаты тропосфера

Тропосферада бүкіл ауаның 80% шоғырланған

Азон қабаты әсіре(ультра) күлгін сәулелерді ұстап қалады

Стратосферада t*-ның жоғарлау себебі осы қабатта орналасқан азон қабатының күн сәулелерінің біразын ұсап қалуы

Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы атмосфералық қысым

Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10м биіктікке көтерілген сайын қысым 1мм-ге төмендейді

Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал барометр

Қысымның өлшем бірлігі мм

Әрбір 100м биіктікке көтерілгенде t* орташа есеппен 0,6*C-қа төмендейді

Тәулік ішіндегі ең төменгі t* күн шығар алдында байқалады

Күн көкжиектен биіктеген сайын жер бетінде t* жоғарылайды

Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі t*-лар айырмасы тәуліктік амплитуда

Тәулік ішінде ауа t*-ның ауытқуы жазда үлкен

Соседние файлы в папке 13-03-2014_22-17-20