Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маш.пайд.Курсты жоба Сби .doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
313.34 Кб
Скачать

1. Шаруашылықтың өндірістік техникалық сипаттамасы.

1.1. Шаруашылық бойынша жалпы мәліметтер.

Агрофирма АҚ «Актык» шаруашылығы 1980 жылы Қамзебаев Марат Есенжолұлы басшылығымен ұйымдастырылған. Ол Целиноград ауданының Ақмола облысы, Воздвиженка ауылында орналасқан. Шаруашылық жұмысының негiзгi түрi астық өндiрiсi болып табылады. Шаруашылық жеке меншiк түрi – жеке.

Шаруашылықтың жер ауданы 37155 гектар, осы жер көлемінің 28812 гектарын егін егетін жер аумағы алып жатыр. 2014 жылы Қажымұқан ауылында дәнді дақылдарды сақтау үшін элеватор салынды. Оның сыйымдылығы 20 мың тонна. Шаруашылық үш ауылдың халқын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Шаруашылықтың аумағында жол желiсi елдi мекендердiң арасындағы барлық жүктер мен байланыстары, көлiк тасымалдауы асфальтты және топырақ жамылғымен.қамтамасыз етілген.

1.2. Шаруашылықтың топырақ – климаттық жағайы.

Шаруашылықтың жер пайдалануы далалық аймаққа жатады және облыстың екiншi агроклиматикалық ауданына кiредi.

Климаты шамалы - континенттiк жоғары температуралық құбылыммен, ауа райы жаздыкүнi ыстық және қыстыгүнi суық. Ауа райына келсек көктемгі мезгіл жауын – шашынды, жазы ыстық, бірақ жел көп болады, сондықтан жел эррозиясы қаупі бар. Жылына жауын-шашын орташа 450 - 500 мм түседi. Күзгі мезгіл құбылмалы әрі қысқа келеді. Қысы ұзақ, суық – ызғарлы, боранды болады. Жазғы мезгілде температура көрсеткіші +30 +40 градус ыстық, ал қысқы мезгілде – 35 – 40 градусқа дейін суытады. Жолсыз кезеңдi ұзақтығы 120 - 134 күн. Қар қалыңдығы 20 - 50 см.Ауа райы жайлы айтып өткендей қорытындыласақ Оксановка елді – мекенінің ауа райы құбылмалы болып келеді.

Топырақ жағдайы жайлы айтатын болсақ, топырағы әртүрлі болып келеді, бір жерлерде қара топырақ болса, енді бір жерлерде саз балшықты сортаң топырақтарда кездеседі

1.3. Өндірістік әрекетінің сипаттамасы.

Агрофирма АҚ «Актык» егін шаруашылығын ең басты бағытқа қойған, сондықтан бұл шаруашылық егін шаруашылығының өнім көлемін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шаруашылық болып табылады. Астық дақылдарының ішінде қолға алғандары бидай егу мен арпа, сұлы өсіру. Осыған байланысты Агрофирма АҚ «Актык» - тың жер құрылымын 1.1 – кестеге жазып көрсетемін

1.1 – Кесте. Ауылшаруашылық жерлерінің құрылымы.

Көрсеткіштер

Жылдар

2013 ж

2014 ж

2015 ж

га

%

га

%

га

%

Ауылшаруашылық жер ауданы, барлығы:

37155

100

37155

100

37155

100

Жыртылған жер

28812

77,54

28812

77,54

28812

88

Бір жылдық шөп

3980

14,9

3000

8,07

3000

1,9

Шабындық жерлер

1716

4,6

1716

4,6

1716

8

Жыртылған жер ауданы

Барлығы:

28812

100

28812

100

28812

100

Сүдігер

4000

13,8

4000

13,8

4000

13,8

Егістік ауданы, барлығы:

26717

100

24440

100

24390

100

Бидай себетін жер

20100

75,2

20150

82,4

20150

82,6

Арпа себетін жер

1800

6,7

1800

7,4

1800

7,4

Сұлы себетін жер

338

1,26

380

1,6

338

1,4

Сүдігер

4000

14,9

4000

12,7

4000

16,4

1.1 – кестені қорытындыласақ шаруашылықтың алға қойған негізгі бағыты егін шаруашылығы екенін байқауға болады. Егерде жыртылған жерді 100 пайыз деп алсақ, оның ішінде бидай 82 пайызын, арпа 7,4 пайызын, сұлы 1,4 пайызын, сүдігер жер 13,8 пайызын алып жатыр. Осы мәліметтерге қарасақ сүдігер жер 13,8 пайызды аумақта жыртылғанын байқадық, ғылыми зерттеулерге сүйене отырсақ негізінде сүдігер жер көлемі 20 пайыз болуы керек, ал бұл шаруашылықта сүдігер жер көлемі аз болып отыр. Осы себептен сүдігер жер көлемі аз болып, егінді көп сепкен, егінді көп себудің арқасында техникалардың құрамын жақсартты.