Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маш.пайд.Курсты жоба Сби .doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
313.34 Кб
Скачать

2.2. Ауылшаруашылық дақылдарын индустриалды және қарқынды технологиялармен өсіру картасын дайындау.

Ресурстармен іске асыру мерзімдері тығыз байланыстағы жоспарланған астықты алуда, еңбек шығының азайту және өнім сапасын жақсарту жолында механизаторлар мен басқа да жұмысшылардың жұмысын ұйымдастыру тәсілі – ауыл шаруашылық дақылдарын индустриалды және қарқынды технологиялармен өсіру.

Ауыл шаруашылық өндірісінде индустриалды және қарқынды технологияларды енгізу сәйкес материалдық – техникалық базаны жасауды талап етеді.

Осыған байланысты курстық жобада бөлімшелердегі технология мен қолда бар техникалар негізінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің алдыңғы технологиялары негізделеді, машиналар жүйесі анықталады. Тапсырмаға сәйкес бөлімшеде барлық дақылдарға технологиялық карталар жасалады, бірақта карталар саны үштен кем болмауға тиісті.

Бөлімшеде бар дақыл үштен кем болған жағдайда, тракторларды біркелкі жүктеу үшін, бөлімше бойынша, негізігі технологиялық картаға енбеген, барлық басқа тракторлар енетін қосымша карталар жасалынады (сүдігер, өндеу, мал шаруашылығы мен құрылыстағы жұмыстар, жол тазалау, тасымалдау және тағы басқа жұмыстар). Бұл жұмыстардың көлемі жобамен технологиялық картадағы сәйкес графалар мәліметтерін қосқанда алынатын шартты эт. га барлық трактор жұмыс көлемінің 15 – 20 % құрайды. Технологиялық карта 2.1 – кестеде көрсетілген.

Қолда бар технологиялық карта шаруашылықтың материалдық және еңбек ресурстарын үнемді пайдалануды алдыңғы қатарлы агротехниканы, прогресивтік технологияларды кеңінен енгізуге, аз шығындар мен өнім шығымын ұлғайтуға мүмкіндік берумен қатар, ауыл шаруашылығында кешенді механикаландыруды енгізуге мүмкіндік береді.

Технологиялық карталар негізінде техникаға, тасымалдау құралдарына және еңбек ресурстарына қажеттілік айқындалады, қосылатын капитал мөлшері, жоспарлы өзіндік құнның деңгейін есептеуге және шаруашылық есепке тапсырма жоспарлауға түпкілік материалдар анықталады, неғұрлым тиімді агрегаттарды таңдау, үнемді пайдалану тәсілдері мен оларды жүктеу, машиналарды техникалық пайдалану үшін бастапқы жадығаттар негізделеді.

Технологиялық карталарды құрастыруға, нақты шаруашылық жағдайда көрсететін, келесі көрсеткіштер: егістік көлемі, материалдарды (тұқым, тыңайтқыш, улы химикттар) жұмсаудың бекітілген агротехникалық нормативтері, ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі, жүктерді тасу арақашықтары.

2.2.1. Ауыл шаруашылық дақылын өсіру және жинау технологиялық картасын құрастыру.

Технологиялық картаға шаруашылықта берілген дақылды өсіріп жинауда, алдыңғы қатарлы агротехникалық әдістер мен аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жоспарланған барлық операциялар: танаптық және тұрақты тасымалдау және арту, механикаландырылған және атпен, қолмен істеу енгізіледі. Операциялар картаға календарлық орындалу реті бойынша (2, 3 графа) жазылады. Әр операция үшін негізгі агро техникалық талаптар (3 графа), жер қыртысын өңдеу тереңдігі, тұқым сіңіру тереңдігі, жіберілетін оздырулар және және т. б көрсетілуі керек.

4 графада әр операцияның жұмыс көлемі (га, т, км), жоғары өнімді алуды қамтамасыз ететін күнтізбелік (5 графа) және жұмысты орындаудың ыңғайлы жұмыс мерзімі (6 графа) көрсетіледі.

Оерациялардың агротехникалық орындалу мерзімі ғылыми мекемелердің сипаттамалары және олар алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың өткен жылдардағы тәжірибелері негізінде алынады (7, 8, 9, 10) немесе 1 тіркеме.

Күнтізбелік мерзім негізінде ауа райының құбылмалылығын, демалыс күндерін және МТП – ның техникалық дайындық коэффицентін ескере отырып жұмыс күнінің (6 грфа) санын анықтаймыз. Осы жағдайлардың бәрі түзету коэффициенті арқылы бағаланады. Операция ұзақтығы 10 күнге дейін болса, түзету коэффициенті – 0,9, егер ұзақтығы 10 – 15 күн болса, онда түзету коэффициенті де осыған байланысты 0,85 және 0,8. жұмыс күнінің саны картада бүтін сан түрінде беріледі.

Мысалы: операцияның күнтізбелік орындалу мерзімі 11 күн, яғни майдың 15 – нен 25 – не дейін болса, онда жұмыс күні саны

Др = Дк * α = 11 * 0,9 = 9,9 (2.1)

Шыққан санды дөнгелектеп жазамыз, 10 күнге дөнгелектейміз.

Күн бойына жұмыс ұзақтығы (7 графа) шаруашылықтағы сол кезеңге қабылдагған жұмыс күні тәртібі негізінде алынады.

Жұмыс бірлігіне зат және еңбек шығыны аз жұмсап, жоғары жұмыс сапасын қамтамасыз ету қажеттігінен әр операцияны орындау үшін машина – трактор агрегатының құрамы (8, 9, 10, 11 графалар) таңдалынып алынады.

Әсіресе осы зонаға арналған жылдам, экологиялық таза, қуатты тракторларға, көптеп шығарылатын ауыл шаруашылық машиналарына мән беруіміз қажет.

Тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарының негізгі параметрлері мен жұмыс көрсеткіштері өзара сәйкес болуы қажет.

Мысалы, себу машиналары мен культиваторлардың қамту енінің сәйкестігі дестелегіштің қамту ені мен комбайндардың өткізу мүмкіншілігі, трактор дөңгелектерінің өлшемдері мен аралығы, қабылданған қатар аралыққа сәйкес келуі керек.

Агрегаттарды іріктеген кезде, шаруашылықта бар тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналары, олардың келген кезі мен пайдалануға берілгенуақыттары, 1 га эксплуатациялық шығындар ескерілуі керек.

Агрегаттағы машиналар саны (11 графа) сипаттамалар негізінде, жергілікті жер жағдайын ескере отырып, ең жоғары өнімділікті қамтамасыз ететіндей болып алынады (11, 12).

Қабылданған агрегатта қызмет ету схемасы бойынша агрегатта қызмет ететін жұмысшы саны алынады (12, 13 графалар).

Операцияны орындау кезіндегі агрегаттың ауысымдық өндіру нормасына (14 графа) шаруашылықтағы 7 сағаттық жұмыс ауысымына алынған норма немесе типтік технологиялық карталардан белгіленеді (9,10, 2–тіркеме). Агрегаттың күндік өнімділігі (15 графа) орнатылған ауысымдылық өнімділік пен операцияның күн бойына орындалу ұзақтығы бойынша келесі қатынаспен орындалады:

Wg = Wq * Tg немесе Wg = Wcм * α (2.2)

Мұндағы: Wq, Wg – сәйкес сағаттық және ауысымдылық өнімділік;

Tg – күн бойына операциялардың орындалу ұзақтығы, сағат;

α – ауысымдық коэффициент (Т – 7 сағат болғанда – 1, Т -

10 сағат болса – 1,5; Т – 14 сағат болса – 2; Т – 21 сағат

болса – 3).

1978 жылдың 1 қаңтарынан бастап практикалармен орындалатын шартты эт.га – дағы механикаландырылған жұмысты тек қана орындалған норма – ауысым саны бойынша есептеу тәртібі енгізілген.

Шартты эталон гектардағы тракторлық жұмыс көлемі (19 графа) барлық жұмыс көлеміне норма ауысым санының (17 графа) берілген трактордың эталондық ауысымдық өнімділігіне (18 графа) көбейтіндісі түрінде анықталады.

Барлық жұмыс көлеміне норма – ауысым саны жұмыс көлемін (4 графа) агрегаттың ауысымдық өндіруіне (14 графа) бөлу арқылы табылады.

Норма ауысымның шартты эталон гектар мәні (18 графа) шартты эталон тракторға айналдыру коэффициентін ауысымның ұзақтылығына көбейту арқылы табылады.

Мысалы; Құрамында К – 701 тракторы және үш СВУ - 2,6А кар тоқтатқыштары бар, ауысымдылық өнімділігі 52 га 5200 га жерге кар тоқтатады. Барлық жұмыс көлеміне норма – ауысым саны 5200 : 52 = 100; Ауысым ұзақтығы 7 сағатқа және К – 701 тракторының аудару коэффициенті 2,7 – ге тең болса, берілген тракторға эталондық ауысымдылық өнімділік 2,7 х 7 = 18,9 шартты эталон гектар болады. Сонда трактордың жұмыс көлемі (19 графа) 100 х 18,9 = 1890 шартты эталон гектар болады.

Тракторлармен сағатпен есептелетін жұмыстар орындалған жағдайда және оларға техникалық негізделген өндіру нормасы қойылмаса, орындалған норма – ауысым саны еақты істелген сағат санын 7 сағатқа бөлу арқылы табылады.

Мысалы: МТЗ – 82 тракторының 5 сағат бойы машиналар ауласына ауыл шаруашылық мүліктерін тасуға пайдаланылады. Орындалған норма – ауысым саны 5 : 7 = 0,71.

0,71 х 5,25 = 3,72 орындалған шартты эталон гектар.

Оепрацияны орындауға қажет тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналар саны келесі жолмен анықталады:

а) Агрегаттар (тракторлар) саны (20 графа) физикалық бірліктегі жұмыс көлемін (4 графа) бір агрегаттың агротехникалық мерзім ішіндегі өндіруіне (16 графа) бөлу арқылы табылады;

б) Тракторлар санын (20 графа) бір агрегаттағы машиналар санына (11 графа) көбейту арқылы қажет ауыл шаруашылық машиналарының саеые (22 графа) анықтаймыз.

Егер бір операцияны орындауға әртүрлі құрамдағы агрегаттар пайдаланылса, онда ең алдымен әр агрегат істейтін жұмыс көлемін табамыз да, сонан кейін әр топтағы агрегат қажеттілігін есептейміз.

Қаралған операцияны күн бойына орындауға қажет тракторист – машинисттер саны (23 графа) келесі жолмен анықталады:

Мт = Ха * Кс , (2,3)

Мұндағы: Мт – тракторист – машинисттер саны;

Ха – қаралған операцияны күн бойына орындауға керек

агрегаттар саны;

Кс – күн бойына жұмыс ауысым (2 – 3) саны.

Егер операцияларды орындауға әртүрлі маркалы тракторлар қолданылса, онда қажет механизаторлар саны әр типті агрегаттар бойынша қосынды түрінде алынады.

Қаралған операцияны күн бойына орындауға қажет көмекші жұмыскерлер саны (24 графа) келесі формуламен анықталады:

Мв = Х * Кс * m; (2,4)

Мұндағы: m – бір агрегаттағы көмекші жұмыскерлер саны;

Бір гектар үшін жеке операциялар бойынша еңбек шығындары (25 графа) адам сағат ауысым бойына агрегатта қызмет етуші жұмыскерлер саны (12 графа + 13 графа), ауысымдық өндіру нормасы (14 графа) және ауысым ұзақтығы Тсм – 7 сағат негізінде анықталады:

Н = ( Мт + Мв) * Тсм / ауысым; адам*сағат / га; (2,5)

14 графада сағаттық өнімділік келтірілген жағдайда еңбек шығындары ауысым бойына агрегаттағы қызмет етуші жұмыскерлер санын сағаттық өнімділікке бөлу арқылы анықталады:

Н = Мт + Мв / Wq ; адам*сағат / га; (2,6)

Барлық жұмыс көлеміне еңбек шығындары (26 графа) орындалған жұмыс бірлігіне жекелеген шығынды барлық (4 графа) жұмыс көлеміне көбейту арқылы табылады.

Операциялар бойынша барлық жұмыс көлеміне жанар – жағар май шығыны (28 графа) шаруашылық (бөлімше, бригада) үшін трактор маркаларына бекітілген шығын нормасы негізінде немесе типтік технологиялық карталардан (27 графа) алынады.

Ө = q * U, (2,7)

Мұндағы: Ө - операциялар бойынша барлық жұмыс көлеміне жанар –

жағар май шығыны, кг;

q - жанар – жағар май жұмсау нормасы, кг/га;

U – қаралған маркадағы тракторлы агрегат үшін операциялар саны бойынша жұмыс көлемі (4 графа), га;