Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адист нускау информатика СРСП 2015.doc
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.54 Mб
Скачать

1. Ақпарат және информатика

Ақпарат (информация) – бұл бізді қоршаған өмір шындығында құбылыстар мен обьектілердің өзгешелігін санамызға сіңіретін сигналдардың жиынтығы.

Информатика – информацияның өзгешелігімен құрылымын, сондай-ақ адам қызметінің әр қилы салаларында оны-алумен, сақтаумен, іздеумен, берумен, қайта өңдеумен, таратумен және пайдаланумен байланысты мәселелердің зерттелетін ғылыми саласы. Бұл информа- тика пәнінің тек бір ғана анықтамасы емес. Информатика туралы анық- тамалар көп, өйткені информатика жаңа білімдерді игеру мақсатында есептеу техникасының көмегімен жиналған білім беруді сипаттау көрсету, біріктіру, қалыптастыру және қолдану туралы ғылым.

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

  1. Ақпарат дегеніміз не?

  2. Ақпараттың өлшем бірліктері

  3. Информатика пәні нені зерттейді?

  4. Информатика және информация сөздерінің шығуы

  5. Ақпараттық технология дегеніміз не?

  6. Ақпараттың шығу тарихы

  7. Ақпаратты жеткізу және жинау тәсілдері

  8. Ақпараттың түрлері

  9. Бит дегенеміз не?

  10. Ақпаратты түрлендіру

  11. Ақпаратты кодтау

  12. Ақпараттың дәлдігі дегеніміз не?

  13. Ақпаратты қабылдау түрлері

  14. Ақпараттың анықтылығы дегеніміз не?

  15. Информатика термині

  16. Ақпаратты түрлендіру

  17. Ақпараттың толықтығы дегеніміз не?

  18. Ақпараттың қажеттілігі дегеніміз не?

  19. Бұрынғы заманғы ақпараттың таралу түрлері

  20. Қазіргі заманғы ақпараттың таралу түрлері

  21. Байт дегеніміз не?

  22. Информатиканың қарастыратын мәселелері

  23. 1 байт, 1 Кбайт , 1 Мбайт, 1Гбайт, 1Тбайт нешеге тең?

  24. Ақпаратқа мысалдар келтіріңіз

  25. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?

  26. Ақпараттың түрлері

  27. Бит (bit…) терминін талқылаңыз

  28. Ақпараттың қасиеттерін атаңыз

  29. Ақпараттың құрылымы.

  30. Ақпараттың формасы

2. ЭЕМ-нің даму тарихы

Адам баласы есептеу үшін саусақтарын қолданудан бастап көптеген есептеу әдістерімен қатар көмекші құралдарды қолдануды талап еткен. Сондықтан да көптеген есептегіш құралдарын ойлап тапты. Шотландия математигі Джон Непер көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту амалын орындайтын есептеу құралын ойлап тапқан. Осы құрал “Непер таяқшасы” деп аталады. Сонымен қатар есептеу машинасын жасау идеясы кезінде атақты неміс ғалымы Г. В. Лейбницті қатты толғандырады. Ол 1670 жылы арифметикалық құралдың алғашқы эскизін жасады. Лейбництің арифметикалық машинасы арифметикалық төрт амалды орындайтын дүние жүзіндегі бірінші болып саналады. 1874 жылы орыс инженері В. Т. Однер арифмометр ойлап тапқан. Академик П. Л. Чебышев 1878 жылы сандарды автоматты түрде қосуға арналған “қосушы” машина ойлап құрастырды.

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

  1. 1-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері

  2. 1-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі(немесе элементтік базасы)?

  3. 1-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?

  4. 2-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?

  5. 2-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері

  6. ЭЕМ неше буыннан тұрады?

  7. Дербес компьютер дегеніміз не?

  8. 2-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?

  9. Мини компьютерлер дегеніміз не?

  10. 3-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?

  11. Интегралдық схема дегеніміз не?

  12. 3-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері

  13. Үлкен итегралдық схемалар дегеніміз не?

  14. 3-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?

  15. Аса үлкен интегралдық схемалар дегеніміз не?

  16. 4-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?

  17. Мобильді электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ) дегеніміз не?

  18. 4-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері

  19. 4-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?

  20. 5-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?

  21. Ең алғашқы компьютердің шығу тарихы?

  22. 5-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері

  23. 5-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?

  24. Жасанды интеллект, роботтық техника жайлы айтыңыз

  25. Терминал дегеніміз не?