Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адист нускау информатика СРСП 2015.doc
Скачиваний:
37
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.54 Mб
Скачать

6. Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы

Процессор немесе орталық процессор (CPU) әр компьютердің жүрегі болып табылады. Ол компьютердің түрін, тез арада орындалуын және де нақты командалармен жұмыс істеуін анықтайды. Компьютерге жүйе жіберілгенде, процессор тез арада программамен жұмыс істеуін бастайды. Бірінші орында бұл программалар күнделікті сақталынатын құралдарда (ПЗУ, ROM), алғашқы жүктеу тесттерінде, бағыныңқы программалардың құрылу түрінде, машиналардың конфигурациялық құрылымын және пароль көмегімен жүйені қорғауда және т.б. қолданылады. Операциялық жүйені жүктегеннен кейін процессор оперативті сақталатын құралдардағы (ОЗУ, RAM ) программаларды орындайды.

Шина–бұл ақпарат арқылы хабарлар беретін бағыттауыштар жиынтығы. Процессор компьютердің тез арада орындалатын жабдығы және жүздеген мегагерц жиілігінде жұмыс істейді. IBM PC үшін бұл мағына қазіргі таңда 800 МГц-ті құрайды. Жүйелік тақшада процессордың шинасы мұндай жылдамдықпен жұмыс істей алмайды, бірақ ол да тез орындалады. Қазіргі жүйелік тақталар 50, 60, 66, 68, 75, 83, және 100 МГц тактілік жиілігі бар процессорлы шиналарда қолданылады. Алдағы уақытта 133 МГц жиілігі бар тақшалар пайда болуы мүмкін.

Жүйелік тақшаға қосымша тақша орнату ретінде PCI шинасы қаралды. Сонымен қатар компьютердің конфигурациясын кеңейтеді. Ол процессордың орталық шинасы болғандықтан тез орындалады және 33 МГц тактілік жиілігінде жұмыс атқарады. Бұл шина тақшалар орнатылған тесіктер (разъем) жиынтығымен байланысты. Процессор шинасы мен PCI шинасын байланыстыруда солтүстік көпір немесе жүйелік контроллер деп аталатын чипсет микросхемасы қызмет етеді.

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. Компьютердің ішкі құрылғыларын атаңыз

2. Тұрақты еске сақтау жады (ПЗУ)

3. Оперативтік жад (ОЗУ-RAM)

4. Ендіру, шығару порттары.

5. Кэш- жады

6. BIOS-тың атқаратын қызметі

7. Оперативтік жад көлемдері

8. Ішкі жад анықтамасын беріңіз және қызметі мен түрлерін атаңыз.

9. Аналық тақша дегеніміз не?  

10. Аналық тақшада орналасқан негізгі құрылғылар

11. Шина дегеніміз не?

12. Шина түрлерін атап, оларға сипаттама беріңіз

13. Микропроцессор дегеніміз не?

14. Микропроцессор қызметі мен түрлерін атаңыз

15. Қатты диск (винчестер) қызметі

16. Бейнекарта қызметі

17. Дыбыстық карта қызметі

18. Бейнеадаптер түрлерін атаңыз және түрлеріне сипаттама беріңіз

19. Сыртқы жад дегеніміз не?

20. Сыртқы жад түрлеріне сипаттама беріңіз

21. Енгізу құрылғыларын атаңыз

22. Шығару құрылғыларын атаңыз

23. Модем құрылғысының қызметі мен түрлері

24. Принтер құрылғысының қызметі мен түрлері

25. Сканер қызметі

26. Пернетақта қызметі және пернелер түрлері мен қызметі

27. Плоттер, стример, графикалық планшет, т.б. қосымша құрылғылар қызметі

28. Монитор қызметі мен түрлері

29. Қалталы (мини) компьютерлер мен ноутбуктер

30. Басқару құрылғыларының қызметі мен түрлері

7. Компьютерлік вирустар. Архиватор.

Есептеу техникасында информацияны қорғау түсінігі өте кең тараған. Ол компьютердің жұмыс атқару сенімділігін деректердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді және бөгде адамдардың қол сұғуынан информацияларды және жасырын хат алмасуларды қорғау үшін әдетте пароль орнатылады, құнды деректердің мүлтіксіз қорғалуы үшін олардың бірнеше данасы болуы мүмкін. Ал компьютерлік вирустармен күресу өте күрделі, өйткені олар зиянды және дербес компьютерлердің қолданушыларына зиян келтіруге арналған.

Компьютерлік вирус дегеніміз - әдетте өлшемі бойынша кіші арнайы компьютерлік программа. Баcқа программаларда «көбейтілетін» және «жұғатын» мүмкіндігі бар. Ол компьютерге қолданушының бақылауынсыз «зақымдалған» дискета арқылы немесе «зақымдалған» файлмен бірге кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады. «Зақымдалған» программа жұмыс атқарған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус басқа программаларды табады және зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды амалдарды орындайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған ақпараттарды бүлдіреді, оперативті жадыны «ластайды» және т.с.с. Вирус бір компьютерге кірсе, басқа да компьютерлерге тарауы мүмкін. Оларды білікті программистер қызғаныш, кектену, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады. Компьютерлік вирустармен күресу үшін антивирустық программаларды жазатын және компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар. Жаңа вирустық программалардың саны үнемі өсіп отырады және өзгеруде, сондықтан компьютердің қолданушысы вирустардың табиғатын, вирустардың жұғу әдістерін және олардан қорғануды білуі қажет.