Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая Корм.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
228.35 Кб
Скачать

2.4. Тәжірибеде қолданылған дақылдар және сорттар

Қазақстанда мал шаруашылығының азық қорының 50% жоғары үлесі мал азықтық шөптерден алынады. Мал азықтық шөптерді жоғары өнімді мәдени шабындықтар және жайылымдар жасауға, пішен, көк азық, пішендеме, сүрлем, шөп ұнтағын, шөп түйіршіктері мен брикеттерін дайындау үшін өсіреді.

Мал азықтық шөптердің агротехникалық маңыздары да жоғары, олар топырақтың механикалық құрамын және құнарлылығын жақсартады. Бұршақ тұқымдастары ауадан азотты қабылдап топырақты байытады. Көпжылдық шөптер топырақ эрозиясымен күресуге үлкен септігін тигізеді, олар топырақтың құрылымын және ауа-су өткізгіштігін жақсартады.Суармалы егістікте топырақтың сортаңдануын тоқтатып төмендетеді.

Еркекшөп. Еркекшөп (Agropurom) көпжылдық астық тұқымдасына жататын шөп. Ол жылдық жауын – шашаын мөлшері 290 мм – ден аспайтын аудандарда ойдағыдай өсіп, өніп жақсы өнім береді. Жалпы жер көлемі республиканың жылтылған жерінің 3,5 млн.гаөсіріледі, оның ішінде Орталық Қазақстанда 1,7 млн.га.

Республиканың солтүстік аудандарында өнім жөнінен ол қылтықсыз арпабастан ғана қалысады. Еркекшөптің өсірілетін негізгі аудандары орташа жылдық жауын – шашын мөлшері 150 – 300 мм қоңыр және ашық – қоңыр топырақты аймақ. Еркекшөп пішенінің қоректілігі жоғары: 100 кг азығында 47-52 а.ө. және 5,1-5,8 кг сіңімді протеин болады.

Себуге рұқсат етілген еркекшөп сорттары. Қарабалықтық – 202. Бұл сорт Қарабалық мемлекеттік селекциялық станциясында, Бұзаулық өзенінің алқабында өсетін еркекшөптің жабайы үлгілерінен жаппай сұрыптау арқылы шығарылған. Оның авторы Ф.М.Маштаков. Түбінің тығыздығы орташа, сабағы цилиндр тәрізді, түзу, жұмсақтау болып тік өседі. Жапырақтары жіңішке келген ұзынша, аздаған түгі бар жұмсақтау, ашық жасыл және түсті болады. Жақсы жапырақтанады. Масағы ірі, тығыздығы орташа, ұзындығы 5-8 см, 7-9 гүлді келеді. 1000 дәнінің салмағы 2,5 г. Көктемде көктеу бастағаннан 60-65 күн өткен соң пішенге шабуға келеді, ал тұқымы 90-100 күнде пісіп жетіледі.

Қысқы аязға және қуаңшылыққа төзімді. Тұқымы мен пішенінің өнімі де жақсы.

Ақтөбелік жергілікті жіңішке масақты сорты. Бұл Ақтөбе облысының жергілікті сорты. Жіңішке масақты бұл сортты ВИР – дің Приарал тәжірибе станциясы жергілікті сибирлік жабайы еркекшөқп түрін пайдалана отырып шығарған. Ол 1943 жылдан бастап себуге рұқсат етілген. Өсімдік сәл жантая өседі. Сабағы түзу немесе түп жағы сәл қисықтау. Жапырағы сұрғылт, ұзындығы 16-20 см, көлденеңі 4-6 см. Масағының ұзындығы 10-12 см, жіңішке қылтықсыз немесе аздаған қылтықты.

Сорт орташа мерзімде және кеш піседі. Қысқы суыққа және қуаңшылыққа төзімді. Ауру және зиянкестермен шамалы зақымданады, өнімі мол.

Ақтөбелік жергілікті жалпақ масақты сорты. Ақтөбе облысының жергілікті сорты, 1943 жылдан бастап себуге рұқсат етілген.Бұл сорт та жабайы еркекшөпті өндіріске енгізу негізінде алынған.

Долинск – 1. Қарағанды мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы станциясында еркекшөптің жергілікті популяциясынан жекелей және топтап іріктеу әдісімен шығарған.

Жоңышқа (Medicago туысы) бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Оның құрамына 50-ден астам түрлер кіреді. Мал азығына егістік немесе көк жоңышқа (M. Sativa L), сарбас немесе орақ тәрізді жоңышқа (M. Falcata L) және көгілдір жоңышқа (M coerulea L) пайдаланылады. Шаруашылықта көп тарағаны көк жоңышқа мен сарбас жоңышқаның буданды түрлері.Жоңышқаның жапырақтары күрделі, үштік орта жапырақшасы ұзынырақ сағақта орналасады

Жоңышқаның негізгі тараған аймағы – қаратопырақты аудандар, ыстыққа төзімді, тұқымы 2-3ºС жылылықта өне бастайды, өсіп-дамуына оңтайлы температура +18+20ºС. Егін көгі көктемгі бозқырауды күздегіге қарағанда жақсы көтереді.Өсе бастағаннан гүлдегенге дейін жоңышқаның әр түрі сорттарына орта есеппен 800-900ºС тұқымының пісуіне дейін 1200-2200ºС жиынтық температура қажет. Қуатты жапырақ бетін құрастыра отырып, жоңышқа суды көп буландырады, соның нәтижесінде бір өлшем құрғақ зат түзуге оның 700-900 өлшемі шығындалады.Бейтарап немесе әлсіз біейтарап реакциялы (рн-7-8) сұр, қоңыр, қара топырақтарда ол жақсы өседі.

Қолданылатын сорттары: Шортанды 2, Көкше, Карабалыкская-18, Карагандинская 1, Семиреченская местная.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]