Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая Корм.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
228.35 Кб
Скачать

2.5. Бозқыраусыз кезең, негізгі мал азықтық дақылдар үшін белсенді температура жиынтығы, тіршілік ұзақтығы, дақылдардың тіршілік кезеңінің басталуы және аяқталуы.

Өсіп-даму кезеңдері. Дәнді бұршақ дақылдарында келесі өсіп даму кезеңдері белгіленеді: өну; көктеу; сабақтың бұтақтануы; бүрлену; гүлдену; бұршаққаптардың түзілуі; пісу; толық пісу.

Дәнді бұршақ дақылдары екі топқа – қысқа өсіп – жетілу кезеңде ( асбұршақ, жасымық, ноғаттық) және айтарлықтай ұзақ кезеңді ( атбас бұршақ, ноқат, бадана, майбұршақ) – бөлінеді. Әрбір дақылдың айтарлықтай ерте пісетін және кеш пісетін сорттары болады.

Дәнді бұршақ дақылдарының негізгі өсіп-даму кезеңдері

Тұқымның өнуі- тамырша нүктесінің негізінен тұқым жарнақтарындағы қоректік заттардың есебінен өсуі.

Көктеу – топырақ бетінде бірінші нағыз жапырақтар пайда болады

үштік және саусақ – салалы жапырақты дақылдарда тұқым жарнағы шығады.

Сабақтың бұтақтануы – сабақтың қарқынды түрде ұзара өсуі және оның бұтақтануы.

Бүрлену және гүлдену–бүрлену кезеңі алғашқы үш-бес гүл шоғырының пайда болуымен (төменгі бұтақтарда) сипатталады. Бүрлер жарылып, гүлдердің түсі жақсы байқалғанда гүлдену кезеңі белгіленеді.

Бұршаққаптардың түзілуі жеміс салуы- жемістердің басынан аяғына дейін түзілуі. Кезеңнің соңында бұршаққаптар оңтайлы мөлшерге ие болады.

Пісу: пісудің басы- бұршаққаптардағы тұқымдар ұлғаюын тоқтатады, ал тұқым жолы мен тұқым қабығы сортқа тән түске енеді ( дәнді бұршақ дақылдарын осы кезеңде бөлектеп жинауға болады )

Толық пісу – бұршаққаптар мен тұқымдарының көпшілік бұтақтарда толық пісуі, жапырақтар қурап түсе бастайды;бұршаққаптар бұратылып ашыла бастайды.

Дәнді бұршақ дақылдары әр түрлі өсіп – даму кезеңдеріңде біркелкі талап қоймайды. В.Н.Степановтың деректеріне қарағанда олар төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады (алымында биологиялық минимум, бөлімінде – температуралық оптимум).

Температураға қойатын талаптарына қарай дәнді бұршақ дақылдарын 3 топқа бөледі: шамалы талапты(асбұршақ, жасымық, ноғатық), тұқымдарының бастапқы өне бастауына 2°С қажет, егін көгін 3-4°С қалыптастырады, ерте себу мерзімінің дақылдары; орташа талапты (жіңішке жапырақты бөрі бұршақ , атбас бұршақ, ноқат), тұқымдарының бастапқы өну температурасы 3-4°С, көктеуіне 5-6°С қажет, орташа себу мерзімінің дақылдары; жоғары талапты( майбұршақ, бадана),тұқымдарының бастапқы өну температурасы 8-10°С, көктеуі 10-13°С- да, кеш себу мерзімінің дақылдары.

Мынандай заңдылық байқалады: тұқымның өну температурасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым егін көгінің үсу температурасы да төмен. Айталық, асбұршақ пен жасымық көктеу кезеңінде-8°С бозқырауды көтереді, бөрібұршақ пен атбас бұршақ - 6°С дейін, ал майбұршақ-3-4°С дейін аязды көтереді. Бозқырауға барынша сезімтал дақыл-бадана, оның егін көгі- 1°С температурада үсіп кетеді.

Әртүрлі дәнді бұршақ дақылдарының өсіп- даму кезеңдеріне байланысты қиын-қыстау температуралары бірдей емес.

Бозқыраудан болатын астық өнімінің шығынын азайтудың тиімді тәсілі- суыққа төзімді сорттарды шығару және дәнді бұршақ дақылдарын жекелеген танаптардың микроклиматын ескеріп орналастыру.

Дәнді бұршақ дақылдары өсімдіктеріне тұқымның толысу және пісу кезеңдерінде жоғары температураның маңызы ерекше, ал бұл ерекшелік себу жұмыстарын кешеуілдетуге мүмкіндік бермейді және олардың кейбірін солтүстік аудандарға қарай жылжытуға кедергі келтіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]