Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
c7f40536-7f9a-11e3-a525-f6d299da70eeлекция .doc
Скачиваний:
163
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
385.02 Кб
Скачать

2. Педагогикалық менеджмент пәні бойынша дәрістер кешені

1-Тақырып: Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны.

Мақсаты: Басқарудың тарихын көрсету, пәнің, мендетін және әдіснамасын анықтау

Негізгі ұғымдар : басқару, менеджмент, даму тарихы

Жоспары: Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және тарихы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі. Ғылыми менеджмент мектептері. Пәннің ұғымдық аппараты. «Менеджмент» ұғымына берілген анықтама түрлері. Менеджмент кәсіби білім беру жүйесіндегі интеграциялау үрдісі петінде.

Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның ббарлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып кедеді. Дегенмен, басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа боып табылады. Өйткені көп басқару қызметі орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тәртіп алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады. Қорыта айтқанда, 20 ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан- жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, 20- ғасырдың басындағы Нью- Ланардегі Робер Оуеннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір бассшы өз тәжірибесінде қолданған емес. Басқаша айтқанда, соңгғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми- әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.

Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредарик У. Тейлордың «Ғылыми басқакру қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынада йтоқтамға келеді: «дәстүрл әдістің орнына – ғылымо, қарама- қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау...»

Кең мағынасыда алғанда, басқару дегеніміз- қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғаттағы тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген:

  • тірі организмдерді (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;

  • қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері

«Техникалық жүйелердегі басқару дегеніміз» - адамның көрінеу қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен механизмдермен) басқару. Бұл жүйелермен техникалық ғылымдар айналысады.

«биологиялық жүйелерді басқару» - тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару. Ол басқару процесіне философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы- жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып.

«Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару дегеніміз»- шын мәнінде келгенде адамдарды басқару. Қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. Зерттеу объекті - әлеуметтік- экономикаық жүйелер, ал пәні өндірісті басқару жүйесі болады. Француз экономисі, «саяси экономия» деген терминнің авторы Антуан Монкретьеннің ( шамамен 1575-1621) өзі де елдің шаруашылығын ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі деп ойлаған болатын. Басқарудың бұл жағы әлеуметтік ғылымдар зерттейтін тақырып. Басты ерекшелігі басқарудың нысаналылығында, саналы көзқараста болып табылады.

Бұл жүйе саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік (әлеуметтік қатынастар) басқару болып бөлінеді – олар қоғам өмірінің тиісті салаларын көрсетеді.

Қоғам өмірінің осы салаларын негізге алғанда әлеуметтік басқару үш түрге: экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, қоғам өмірінің, рухани саласын басқару түрлеріне бөлінеді.

Әлеуметтік экономикалық процестердің өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан, экономиканы басқару үздіксіз сипатталады.

Бұл жүйенің факторлары: еңбек бөлінісі, мамандандыру, кооперация, қоғам өмірінің үздіксіздігі, нысаналылық.

Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.

Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:

  • Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);

  • Басқару – не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).

Басқа да бірқатар анықтамалар бар.

Жалпы қорытынды мынандай: басқарудың нақты тарихи және саяси сипатын барлық (басқару анқтымасының) авторлары атап көрсетеді. Оның нысаналылығы атап айтылады.

Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатт іске асырумен байланысты.

Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрстеуд басқару буындарынан тұрады.

Бұл арада оларардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты обектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын – ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды.

Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез- келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.

Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасайды.

Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шарушылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуі қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, басқарудың перспективалы мақсаттарының бірі оны кәсіпорындар мен аймақтар деңгейінде демократияландыруды одан әрі тереңдете түсуі тиіс.

Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері дербес ғылым болып табылады. Оны жеке ғылымға бөлу факторлары мыналар: а) басқарудың әлеуметтік маңызы; ә) эмпериктік білім жинақтау; б) ғылымды дамытудың материалдық мүмкіндіктері.

Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері үш бөліктен тұрады, олар ғылымның пәні, әдісі, теориясы.

«Басқарудың ғылыми негіздері» және «басқару теориясы» (ғылым) деген ұғымдарының ара жігін ажырата білуі керек.

Басқару теориясы басқару практикасында объективті заңдарды саналы пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен бір тұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың барлық бөліктерін тұтас етіп( белгілі жүйеге) интеграциялау заңдарын тұжырымдауға тиіс.

Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық теориясы деп аталады. Екіші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты тәжірибе негізінен алынған тәжірибелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын қалптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі.

Басқару ғылымның пәні экономиканы басқару процесінде пайда болатын қызметкерлердің қатынасы болып табылады немесе басқа бір анықтамасы- басқару қатынасын басқару ғылымының пәні деп анықтауға болады.

Басқару қатынастары аса маңызды әлеуметтік – экономиклық категория болып табылады. Өндірісті басқару теориясында бұл категорияның ерекше орын алу себебі – оның зерттейтін пәні- басқару қатынастары болуына байланысты.

Басқару қатынастары мынандай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден басқарушы және басқарылушы жүйелер арсындағы, яғни тікелей басқару субъектісі мен тікелей өндіру объектісі арасындағы қатынастарға, екіншіден басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады:

а) басқару сатылары арасындабасқару аппаратының арасындағы қатынастар ( тік байланыстар);

ә) әрбір сатыны басқару буындарының арасында. б) басқарушы жүйенің әртүрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары арасындағы қатнастар: мысалы министрліктің оспар- экономикалық бөлімі арасындағы қатынастар және т.б.

Үшіншіден, басшылар мен әрбір басқару буныындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары).

Төртіншіден, басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координация қатынастары).

Белгілі қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда, басқару; ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Қатынастардың сипаты және жасаушыларының санына қарай оларды басқаруды: жүйеаралық, жеке адамдар арасындағы, және аралас сондай- ақ, коллективтік және жеке қатынастарға бөлуге болады, ал олар өз кезегінде: тура, топтық және айқас қатынастарға бөлінеді.

Басқару қатынастары жасалу уақты бойынша: уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді.

Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей (бұйрықтар, өкімдер) және жанама (кеңестер, консультациялар, хабарламалар) қатынастарға бөлінеді.

Менеджмент дегенді негізінде өз еңбегін пайдаланып, интелектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатқа жете білуі. Басқаша айтқанда бұл ғылым саласы және адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнері.

Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.

Білім беру процесінің астарында оны құраушы үш процесс бар:

Оқу-тәрбиелік, оқу- танымдық және өзіндік білім алу процестері.

Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).

Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.

Менеджер еңбегінің құралы- білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады.Еңбек қажеттілігі- ақпарат.Еңбек қаруы- сөз, тіл, сөйлеу.

Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу , тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқарудың төмен болу себебі- жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.

Орта білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқу-танымдық процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты олардың жете білушілігі мен оқытушыға лайықты кәсіби шеберліктермен қамтамасыз ету.Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі оның кәсіби функцияларын орындау даярлығымен, әлеуметтік құрылулармен үйлесімді бірлікте болуымен және оның психо-педагогикалық дайындалуымен сипатталады. Мұндағы ең бастысы – педагогикалық шеберлік.Зерттеулердің негізінде «педагогикалық шеберлік» түсінігіне біз келесі мағыналарды кіргіземіз:

  • мұғалімнің оқу мақсаттарын, тәрбилеудің және олардың диалектикалық өзара байланыста және бірлікте дамуын шеше білу;

  • оқушылардың назарын аудару және оқылатын материалмен қызықтырып әкету;

  • оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу,сонымен қатар олардың даму дәрежесін ескеріп сол негізінде дара және дифференцияланған күтіммен қамсыздандыру;

  • адамгершілікте және демократиялық негізде оқушылармен өзара қарым-қатынас құра білу;

  • ең қиын және оқушылардың күтпеген сұрақ қою кездерінде өзін жоғалтып алмау;

  • оқыту барысында теория мен тәжірибені біріктіре білу;

  • өз жұмысында алдыңғы жаңа педагогикалық ғылымдар мен тәжірибелерді сауатты қолдана білу;

  • «еңбек қаруын» пайдалана білу- сөзбен,сөйлеумен;

  • Сын ойлай білу және айқын белсенді позициялы болу, қиындықтардың алдында ойыннан қалыс қалмау және оқушыларға сөздердің органикалық бірлігін,сенімділікті және істі көрсете білу;

  • өз сабақтарын түрлендіре білу.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Теориялық жетістіктер

2.Педагогикалық менеджметтің әдіснамалық проблемалары

3.«Менеджмент» ұғымына берілген анықтама түрлері.

Әдебиеттер:

  1. Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой.-А:2001г

  2. Менеджмент в управлениии школой. Уч.пос / под.ред Т.И.Шамовой – М:2000г

  3. Бердалиев К.Б., Өмірзаков С.П., Есенгазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері.-Алматы, 1997

  4. Бердалиева Н., Байболенова Л.А., Балошо Қ.Т. Ақпараттық менеджмент негіздері.-Алматы,2000

  5. Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б.О. Меенджмент. Алматы,2006

  6. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

  7. С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.

  8. История менеджмента / Под ред. Д. В. Валового. М., 1997.

  9. Американские буржуазные теории управления (критический анализ) / Под ред. Б. З. Мильнера, Е. А. Чижова. М., 1978.

2-Тақырып: Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі қөзқарастар.

Мақсаты: Педагогикалық жүйелердің, ұғымдардың және олардың түрлерінің мазмұнымен таныстыру. Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі қөзқарастардың маңыздылығын анықтау. Жүйелердің табиғаты мен маңызын анықтау. Жүйе түрлері және даму заңдылықтарымен таныстыру.

Негізгі ұғымдар: Жүйе, әлеументтік жүйе, педагогикалық үрдіс, ғылыми басқару.

Жоспары: Әлеуметтік педагогикалық жүйелер, ұғымдар және түрлері. Жүйелердің табиғаты және маңызы, олардың түрлері және даму заңдылықтары. Педагогикалық жүйе әлеуметтік жүйенің түрі ретінде, оның атқарушы құрамдастары: мақсаты, мазмұны, қызметі, талдау-нәтижелік. Педагогикалық үрдіс динамикалық жүйе ретінде, педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет етеді.

Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алыған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.

Басқару объектісі биолгиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.

Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.

Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.

Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады.

Қазіргі білім беру жүйесінің дамудағы бір ерекшелік – білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.

Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мындай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:

  • білім берудің ізгілік сипатта болуы;

  • біліім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;

  • білім берудің жалпыға бірдейлігі;

  • білім берудің зиялылығы;

  • білім берудегі еркіндік пен плюрализм;

  • білім берудің демократиялық сипатта болуы;

Білім берудцің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналаар жатады.

Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.

Мектептің жоғары жетекші органы – конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады.

Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.

Педагогикалық жүйе және ғылыми басқару объектісі ретіндегі мектеп

Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, құрылымдық және функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады. Жүйе құраушы факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету жағдайлары - әлеуметтік-педагогикалық және уақытша байқалатын жағдайлармен; құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; функционалдық компоненттер – педагогикалық талдаумен, мақсат қою және жоспарлаумен, ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу және түзетумен анықталады.

Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай амал педагогикалық жүйе мақсаттылығын сақтай отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді.

Енді педагогикалық жүйенің сжүйе құраушы факторлары мәніне тоқталайық. Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың біріккен әс-әрекет мақсаты болып табылады. Мектеп мақсаты – тұлғаның интеллектуалдық, құлықтық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық мәдениеті негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Жүйе құраушы ретіндегі нәтижелер – жекелеген оқушылардың да, тұтастай алғандағы оқушылар ұжымының да тәрбиелік деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін неғұрлым тұрақты және нақты өлшемдер жиынтығымен анықталады. Мұндай өлшемдердің болуы қойылған мақсатты оның жүзеге асырылу күйімен салыстыра отырып, мұғалімнің, педагогикалық, іс-әрекетке қатысушыларың іс-әрекеті жолдарын түзетуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық жүйенің әлеуметтік –педагогикалық жағдайларын жалпы және арнайы жағдайлар деп екіге бөлуге болады. Жалпы жағдайларға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық жағдайлар, ал арнайы жағдайларға оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің туған жері, материялдық мүмкіндіктері, жабдықтар, ол тұрған жердегі қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық үрдістің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштер – педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық климат, ата-аналар мен оқушылардың педагогикалық деңгейлері болып есептеледі.

Педагогикалық жүйенің уақытша сипаттамалары үш өзара байланысты кезеңдермен анықталады: бастапқы жалпы – 1-3 (4) сыныптар; негізгі жалпы – 4 (5) – 9 сыныптар; орта (толық) жалп білім беру – 10 (11) сыныптар. Жалпы білім берудің әрбір сатысы өзінің ерекше міндеттерін жүзеге асырады, бірақ жалпы мақсатқа – оқушы тұлғасын дамытуға – бағытталады.

Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің іс-әрекеті негізінде анықталады.

Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:

Бірінші деңгей мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.

Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, аға вожатыйлар, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.

Үшінші деңгей – мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.

Төртінші деңгей – оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара ісерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады.

Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: вертикаль бойынша – жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Горизонталь бойынша – қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б.

Ал педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету – бұлар педагогикалық үдерісті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды, оны дамыту мен жетілдіру логикасын анықтайды.

Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:

- дидактикалық. Бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;

- тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады;

- оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер);

- мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады. Əкімшілік жүйенің қажеттігі – дидактикалық, тəрбиелік, материалды-техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке келтіру мақсатынан. Оқушылардың жан-жақты тəрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі , яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-əрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді де (комплексті) əрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады.

Басқаруға тəн жəне бір сипат-бұл жұмысқа баршаның: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылар – араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез-келген сəті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын мойындауы тиіс. Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тəрбиелік қызметті де атқарады. Тəрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог - тəрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тəрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тəрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тəрбиешінің, мұғалімнің моральдық, əдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кəсіби іс-əрекетті əрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-əрекетін тəрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі жəне басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тəрбие жəне сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары əкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып басшысы, пəн мұғалімі, əдістемелік бірлестік мүшесі.

Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып барады. Мектеп - мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-əрекеттердің ұштаса орындалуынан тəрбиенің жалпы мақсаттары іске асып барады. Мұндайда өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тəуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де біліп қойған жөн: əртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дəрежеде білікті, білімді болуы.

Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері

Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей: - педагогикалық жүйелер басқарымын демократияластыру жəне гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет етеді;

- орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді;

- жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат- біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің əрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ал жеке басқару тəртіп жəне жөн-жосақ қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды. - педагогикалық жүйелерді басқарудағы шынайылық жəне ақпарат молдығы. Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады: - уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық; - басқару қызметі бойынша-талдауға орай, бағалық, құрастырушылық,

ұйымдастыруға байланысты;

- келіп түсу көздері бойынша- мектепішілік, ведомстволық, қарым-қатынастағы мекемелерден;

-мақсаты бойынша - өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру жəне т.б.

- өкілеттіктер беру принципі.

Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы – қызметке орай жағдайларды жасау; белгілі қызметтік – нақты іс-əрекеттерге байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің атына емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі( мысалы, мектеп директоры С.Қасымовқа емес, мектеп директорына (С.Қасымов) тапсырылсын). Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті шаруашылық; кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-əрекеттер; жекеленген мəселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер- басшы қызметі; мақсаттар тағайындау; мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау; нəтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық, оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер;тəуекелдікті талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс істер; түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар; жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1.«Педагогикалық жүйе» түсінігінің мəнін ашып беріңіз.

2.Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері неде?

3.Білім беру жүйелерін басқарудың негізгі принциптерін атап беріңіз.

4.Білім беру мекемесін басқарудағы жүйелілік бағыт мəнін қалай түсіндіресіз.

Әдебиеттер:

  1. Менеджмент в управлениии школой. Уч.пос / под.ред Т.И.Шамовой – М:2000г

  2. Бердалиев К.Б., Өмірзаков С.П., Есенгазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері.-Алматы, 1997

  3. Бердалиева Н., Байболенова Л.А., Балошо Қ.Т. Ақпараттық менеджмент негіздері.-Алматы,2000

  4. Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б.О. Меенджмент. Алматы,2006

  5. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

  6. С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.

3-Тақырып: Жүйе және басқару.

Мақсаты: Білім беру жүйелерін басқару қызметімен таныстыру. Басқару ұғымы және маңызын анықтау. Білім беру мекемелерін басқару қағидаларының мазмұнымен таныстыру. Білім бері мекемелерін басқару функциялары мен таныстыру. Басқару әдістерімен таныстыру. Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымымен танысу.

Негізгі ұғымдар: Жүйе басқару, басқару қағидалары, жоспарлау, басқару, бақылау, талдау, басқару әдістері.

Жоспары: Білім беру жүйелерін басқару. Басқару қызметі ұғымы және маңызы. Басқарудың негізгі мақсаты және міндеттері. Басқару үрдісінің циклді сипаты.

Білім беру мекемелерін басқару қағидалары. Білім бері мекемелерін басқару функциялары (мақсаттылығы және жоспарлау, үйлестіру және реттеу, мекеменің жұмысын есепке алу, жұмысыты бақылау және талдау жасау). Басқару әдістері: психологиялық- педагогикалық, ұйымдастыру-ұйғарымдық, экономикалық.

Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы. Басқару құрылымын модельдеу. Білім бері мекемелерін басқару құрылымын анықтайтын факторлар.

Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады: - мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау);

- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ

пен əр жылға жоспар түзу);

- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне бағыну менжауапкершілік жүйесін қалыптастыру);

- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі

қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру);

- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау;

- мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау); - қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың

орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);

- педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне

талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).

Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады:

1) ұйымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау жəне т.б.) жəне

2) басқарушылар іс-əрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау). Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:

- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру); - əкімшілік – ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);

- психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру); - қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);

- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау). Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.

Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік –психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі. Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай– педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі. Білім беру жүйесін басқарушылардың басқару мәдениеті олардың кәсіби педагогикалық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дәстүрлі көзқараста кәсіби-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық техника мен шеберлік нормалары мен ережелерін бөліп көрсетумен байланыстырылды. Ал қазіргі кезде педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығармашылық категорияларымен байланыстырыла қарастырылады.

Мектеп жетекшісінің басқару мәдениеті оның мектепті басқарудағы құндылықтар мен технологияларды меңгеруге, беруге және жасауға бағытталған әр түрлі басқару іс-әрекеттеріндегі тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде байқату жолдары мен өлшемі болып табылады. Басқару мәденметі аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық компоненттерінен тұрады.

Мектеп жетекшісінің басқару мәдениетінің аксиологиялық компоненті мектепке жетекшілік етуге маңызды және мәні бар басқару – педагогикалық құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Басқару-педагогикалық құндылықтар ретінде тиімді басқаруға мүмкіндік беретін идеяларды, тұжырымдамаларды алуға болады.

Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық үрдісті басқару жолдары мен тәсілдерін қамтиды. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттері жүзеге асыруды қараастырады. Мұндай міндеттерді атқару менеджер-жетекшінің педагогикалық талдау мен жоспарлау, ұйымдастыру, педагогикалық үрдісті бақылау мен реттеу бірліктерін меңгеруге негізделеді. Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйелерді басқаруды шығармашылық акт түрінде негіздейді. Басқару іс-әрекеті шығармашылық сипатты, басқару құндылықтары мен технологияларын меңгеру негізінде ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде түрлендіріледі, өзгереді. Мұндай түрлендірулер мен өзгерулер жетекшінің тұлғалық ерекшеліктері де, басқару объектілері ерекшеліктерімен де байланысты.

Білім беру жүйесін басқарудың жалпы қағидалары

Кез келген іс-әрекет сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі.

Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнелеуі болып табылады. Мектепішілік басқару мен менеджмент бойынша мамандар негізгі заңдылықтар ретінде оқу-тәрбие жұмысының басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері арасындағы құрылымдылық – функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мазмұны мен әдістері сипатымен шарттылығын атап көрсетеді. Ю.А.Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде аналитикалықты, мақсаттылықты, ізгілікті, басқару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әр түрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді. Басқару заңдылықтарынан шығатын қағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде қызмет етеді. Басқарудың мұндай жалпы қағидаларына жататындар: педагогикалық жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен тұтастық; орталықтандыру мен таратуды (деуентрализация) ұштастыру; бірыңғай және алқалық басқару бірлігі; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы.

Білім мекемелеріндегі міндетті қызмет атқарушылардың

функционалдық міндеттері

Оқу мекемелерін басқаруда басты рөлді – мектеп директоры, ал оқу-тәрбие үрдісін басқаруды директор және оның орынбасарлары атқарады. Директордың функционалдық міндеттері жалпы блім беретін мекемелердің типтік қағидаларында көрсетіледі.

Мектептегі жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша жұмыс директордың орынбасарына жүктеледі. Бұлар оқу-тәрбие жұмысы орынбасары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, профильдік сыныптар немесе жекелеген пәндерді тереңдете оқыту сыныптары бойынша орынбасары, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары болып бөлінеді. Соңғы жылдары мектептерде ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, әлуметтік-педагогикалық реабелитация жөніндегі директордың орынбасары, коммерция бойынша орынбасарлары міндетті қызметті қызметтерін атқарушылар да тағайындалады.

Мектепішілік бақылаудағы педагогикалық талдау.

Тұтас педагогикалық үрдісті басқарудың маңызды бір функциясы педагогикалық талдау болып табылады. Басқару және мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеті тиімділігі мектеп жетекшісінің педагогикалық талдау әдістемесін меңгеруі дәрежеіне байланысты.

Мектеп директоры іс-әрекетінде талдау дұрыс жүргізілмесе, ол қойылған мақсат, міндеттердің толық орындалмауына алып келуі мүмкін.

Педагогикалық талдау параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдаулар болып бөлінеді.

Параметрлік талдаулар білім беру үрдісі ақпараттары негізінде байқалатын құбылыстардың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Параметрлік талдау жасауда мектеп директоры мен оның орынбасарлары сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға қатысуды жоспарлайды. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық педагогикалық талдауға өтуді негіздейді.

Тақырыптық талдау педагогикалық үрдістердің өзіндік компоненттері бойынша іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты, қайталанып отыратын байланыстарды, тенденцияларды анықтауға ықпал етеді. Параметрлік талдау бір сабақ немесе бір тәрбиелік шаралар бойынша жүргізілетін болса, тақырыптық талдау сабақтар немесе шаралар жүйесі бойынша жүргізіледі.

Қорытынды талдау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады.

Педагогикалық талдаудың негзігі объектілерінің бірі – сабақ болып табылады. Сабақты талдау толық, қысқы және аспектілі талдаулар болып бөлінеді.

Сабақты толық педагогикалық талдауда сабақтың барлық элементтері мен мүмкіндіктері қамтылады. Мұндай талдаулар еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің немесе проблемалы мұғалімдердің жұмысын талдауда қолданылады.

Сабақты қысқа талдау мұғалім тұлғасын, әдістемелік және басқару ерекшеліктерін жақсы білуді қажет етеді.

Аспектілік талдау сабақтың белгілі бір аспектісін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге мектеп директоры тәрбиелік шараларды да талдауға көңіл бөлуі қажет.

Мектепті басқару функциялары.

Кез келген педагогикалық жүйені басқару мақсат қоюшылық пен жоспарлау (шешім қабылдау)

Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Педагогикалық жүйе сипатындағы мектептің негізгі белгілерін атаңыз. 2.Осы заманғы мектепті ғылыми тұрғыдан басқарудың мəні неде? 3. Мектептің педагогикалық жүйесін басқарудың негізгі əдістеріне сипаттама беріңіз.

4. Басқару қызметтерінің түрлері қандай?

5. Мектеп педагогикалық жүйесін басқару принциптерін атаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой.-А:2001г

  2. Бердалиев К.Б., Өмірзаков С.П., Есенгазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері.-Алматы, 1997

  3. Бердалиева Н., Байболенова Л.А., Балошо Қ.Т. Ақпараттық менеджмент негіздері.-Алматы,2000

  4. Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б.О. Меенджмент. Алматы,2006

  5. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

  6. С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.

4-Тақырып: Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы.

Мақсаты: Білім беру мекемелері қызметін таңдау жолдарымен танысу. Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму жоспарларымен танысу. Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясымен таныстыру.

Негізгі ұғымдар: Стратегия, даму жоспарлары, маркетингтік зерттеулер.

Жоспары: Білім беру мекемелері қызметінің басымдық бағыттарын таңдау. Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму жоспарларын жасау. Оқу орындарының стратегиялық дамуына сыртқы ортаның әсері. Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму жоспарын айқындаудағы маркетингтік зерттеулердің рөлі.

Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге бөлінген инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр.

Бай минералды ресурстар, қолайлы жағдайлар, нарықтық қарым-қатынастарды дамыту және мұнай экспортынан түскен жоғары табыстар нәтижесінде Қазақстан экономиканың жоғары қарқынмен өсуін сақтап қалды. Минералды ресурстарды игеру бүгінгі күнге дейін орасан зор мүмкіндікті және орта- және ұзақ мерзімді кезеңде қолайлы өсу перспективасын сақтауды қамтамасыз етіп отыр.

Алайда, үнемі өзгеріп отырған экономикалық жағдайлар ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық дамуын қамтамасыз ете аламайды. 2020 жылдан бастап мұнайды өндірудің физикалық көлемі өсуді тоқтатады немесе тіпті төмендейді. Экономиканы көтеру шикізаттық емес өндірісті өсіру негізінде қамтамасыз етілетін болады.

Экономикалық гүлденудің ұзақ мерзімді негізі және өмір сүру деңгейінің ең негізгі көрсеткіші өндірістің тұрақты дамуы болып табылады. Ол экономика белгілі деңгейінде пайдаланылатын ресурстарды бар ресурстарды интенсивтірек, тиімдірек немесе шығармашылықпен қолдану есебінен көбірек өндіргенде жүзеге асады. Өндіріс өсуінің негізгі бөлігінің бірі адам капиталына бөлінген инвестицияның сапасы мен деңгейі болып табылады.

Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғандар бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет.

Білім беру мен экономикалық дамуды байланыстырушы көптеген дәлелдер бар:

- макро және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулер білім беру, табыс пен өндірушіліктің тығыз байланыста екенін көрсетіп отыр. Оқытудың ерте кезеңіндегі инвестицияның үлкен қайтарымы болатынын көрсететін байланыс бірізді болмайды.

- зерттеулер білімді экономика тұрақтырақ болатынын, білім беруді дамытуға жұмсалған қаржының ол сауаттылық кезеңіндегі фокус болсын немесе оқытудың орташа ұзақтығын жақсарту болсын өте маңызды екенін дәлелдеп отыр. Білім беруді қаржыландырушы мемлекеттердің экономикалық өсу көрсеткіштері де жоғары. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының зерттеулері (бұдан әрі - ЭЫДҰ) еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың орташа білім деңгейін 1 жылға арттырудың экономиканың 3-6%-н және экономика өсу шапшаңдығының 1%-ға артатынын дәлелдеп отыр.

Осыған орай жаңа ұлттық көзқарас ұсынылады: 2020 жылға дейін Қазақстан – білімді мемлекет, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білім беруді дамыту мемлекеттің экономикалық гүлденуінің негізі болуы керек.

Қазақстанға білім беруді түбегейлі модернизациялау қажет: ауқымды және тұрақты білім беруді және оның сапасын жақсартуды инвестициялау көлемін арттыру.

Экономикалық табыстармен қатар білім беру басқа да әлеуметтік табыстарды қалыптастырады. Азаматтық қатысудың үлкен үлесін, жоғары әлеуметтік тығыздылық және интеграцияны, төменгі деңгейдегі құқық бұзушылықты қамтитын қоғамның – әлеуметтік капиталдың қалптасуына ықпал етеді. Ең ерте жастағы білім беру әлеуметтік, эмоционалды және басқа да өмірге қажетті біліктердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Білім беру қызметінің барлық спекторының алдағы дамуы пайдасының дәлелді аргументтері осында.

Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушы негізі ретінде білім берудің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық формаларының және экономикалық-қаржылық механизмдерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді құрайтын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы шаралар кешені болып табылады.

Аталған элементтердің әрқайсысының автономды дамуы білім беру жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кезеңдегі деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік бермейді.

Одан басқа, Бағдарлама шараларын жүзеге асыру салааралық мазмұнға ие және бірыңғай білім беру саясатын жүргізуге мүмкіндік беретін, бірыңғай білім беру және ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, білім беру жүйесінің өңірлік дамуындағы сәйкессіздік мәселелерін қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің барлық субъектілеріне бағытталған.

Білім беру жүйесінің ағымдағы жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылығының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр.

Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.

Жаңа мақсаттарды шешу үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан балалары» бағдарламасы секілді бірқатар бағдарламалық құжаттар мен нормативті актілер қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жас дарынды қазақстандықтарға әлемдегі үздік университеттерде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы еліміздегі адам капиталының дамуына қосылған елеулі үлес болды.

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы туралы Конвенция, Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары Декларациясы, Болон және Лиссабон Конвенциялары және басқалар. Джомтьен мен Дакардағы «Баршаға арналған білім» Дүниежүзілік форумының ұсынымдарын қолдау және жүзеге асыру мақсатында Қазақстан «Баршаға арналған білім» атты Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Қазақстанның 2010 жылы Еуропа Ынтымақтастығы мен Қауіпсіздігі Ұйымына (бұдан әрі - ЕЫҚҰ) басшылық жасауы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне шығуына мүмкіндік беретін қосымша факт болып табылады. Осылайша біздің республикамыз кеңес үкіметі елдерінің және Азия елдерінің ішінде алғашқы беделді халықаралық ұйымдардың бірін басқаруға ие болған ел болды. Сонымен қатар, бұл – бүгінде біздің мемлекетімізді алдыңғы қатарлы батыс елдерінің толық құқықты әріптес ретінде қабылдауын көрсететін Қазақстанның әлемдік кеңістікке белсенді кірігуінің тағы бір дәлелі.

2020 жылға дейінгі елімізді дамытудың Стратегиялық жоспарының жоғары басымдылығы ретінде адам ресурстарын дамыту болды. Экономикалық пайда болашақта жұмысшы күшінің өнімділігі мен сапасын едәуір көтеретін білім берудегі инвестицияларға байланыста болады. Сондықтан да алдағы онжылдықта білім беру қызметінің сапасын жақсартуға баса назар аударылатын болады.

Ақпарттың, интеллектуалды өнімнің және идеялардың еркін қозғалысы жаһандандырудың бір факторы, сонымен қатар нәтижесі болып табылады. Жалпы тәуелсіздік алған жылдары ескі стереотиптердің шайқалуы мен жаңа демократиялық құндылықтардың және жаңа саяси және құқықтық мәдениеттің қалыптасуына байланысты қазақстандықтардың көпшілік көзқарасы өзгерді. Жас ұрпақ жаңа идеяларға ашық, жаһанша және болашақ санатында ойлайды.

БҰҰДБ мәліметі бойынша Қазақстандағы сауатты тұрғындар 99,6 %-ды құрайды. Қазақстандықтардың білімнің құндылығын түсінуі, білімге, жаңа білуге ұмтылуы, дамуға және шыңдалуға дайындығы маңызды ресурс болып табылады.

Жеке тұлғаның дамуының, мәдениаралық алмасулардың, пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл, өз кезегінде, жас ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады. Осылайша Қазақстанның қазіргі даму кезеңде білім беру негізгі роль атқарады.

Еліміздің қазіргі әлемдегі орны адам капиталының сапасымен, білім берудің жай-күйімен және өнідірісте техника мен ғылымды пайдалану деңгейімен анықталады. Технологияның дамуы жаһанданудың катализаторы және еліміздің бәсекелестік басымдылығы дамуының маңызды факторы болып табылады. Қазіргі білім мен технологияларға негізделген экономика жоғары технологиялы қоғам құрудағы сапалы жаңа өзгерістерге жетудегі табыстың кепілі болып табылады.

Қазіргі заманғы технологиялар ақпараттарды жылдам және сапалы беру мен қайта өңдеуге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде,елдің алдағы тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі кезеңде елімізде жаңа инновациялық инфраструктураны құру, сонымен қатар, барын дамыту мен пайдалануға барлық мүмкіндік бар. Қазіргі заманғы ақпараттық- телекоммуникациялық технологияларды және басқа да ғылыми технологияларды дамытуға, оларды ғылыми-техникалық қызметке және өндіріс процесіне ендіру жалғастырылуда. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға ықпал ету, технология трансферттерін ұйымдастыру мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыруды үлестіру жүзеге асырылуда.

Үлкен ара қашықтық секілді кедергіні жеңетін, ақпаратты көпшілік тұрғындарға қолжетімді ететін, ал білімді беруді жылдам және тиімді ететін қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануды ескере отырып, білім беруді қаржыландыру арқылы адам капиталын сапалы дамыту секілді реалды қол жеткізуге мүмкін мақсаттар бар.

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесіде білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар жүйесімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы ЮНЕСКО-97 халықаралық стандарттар жіктеуішіне сәйкес келтірілді. 12 жылдық оқытуды енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайтадан қалпына келтірілді. Бакалавр-магистр - Ph.D докторы үш деңгейлі мамандарды даярлау енгізілді. 2009 жылы іріленген мамандықтар топтарын құрайтын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандар жіктеуіші бекітілді.

Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Ол тәуелсіз сыртқы бағалаудың барлық элементтерін (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі- ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды.

Барлық облыстарда білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесі енгізілуде.

Білім берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.

Білім беру сапасы арттырылуда: ҰБТ-ң нәтижелері жақсаруда, халықаралық олимпиада жеңімпаздарының саны артуда.

Инклюзивті білім беру даму үстінде.

Балаларды ыстық тамақпен қамту және тасу мәселелері шешілуде.

Жыл сайын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырыстар көлемі артуда.

Білім беруді ақпараттандыруды іске асырылуда. Білім берудің мазмұны мен технологиясы үнемі жетілдірілуде.

Жаратылыстану және математикалық білім сапасын арттыру бойынша өнімді жұмыс атқарылуда. Оның көрсеткіші ретінде қазақстандық оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне 2007 жылғы Trends in Mathematics and Science Study (бұдан әрі – TIMSS ­ 2007) (36 елдің ішінде математика бойынша 5-ші орын және жаратылыстану бойынша 11-ші орын). Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 3 интеллектуалды мектебі жұмыс істейді.

Үш тілде оқатын дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің желісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде республикада үш тілде оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді. Оларда 3749 бала оқиды.

Білім және ғылым саласы бойынша 130 халықаралық келісім шарттарға қол қойылды. 150 –ден астам білім және ғылым ұйымдары шетелдік серіктестермен тікелей байланыста.

Сөйте тұра қазақстандық білім беру саласы әлі де бәсекеге қабілетті бола алмай отыр.

Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, мақсатты индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Басты мақсаты:

білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру үшін азаматтардың әл-ауқатын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адамзат капиталын дамыту.

Бағдарлама мақсаттары:

қаржыландыруды жетілдіру

білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагогикалық жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру

білім беру саясатының барлық субъектілерінің рөлін және олардың өзара байланысын арттыру

үздік білім беру ресурстары мен технологияларына оқушылардың, мұғалімдердің бірдей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, білім сапасын жақсарту мен басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалытәрбие және оқытументолық қамтамасыз ету, олардың мектепке даярлығы үшін әр түрлі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына балалардың теңдей қолжетімділігі

12-жылдық мектепте интеллектуалдылықты, Қазақстан Республикасының рухани және дене жағынан дамыған азаматын қалыптастыру, жылдам өзгеретін өмірде жетістікті қамтамасыз ететін оның білім алу қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін адамзат бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту

индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес ТжКБ жүйесін жетілдіру

тұлғалық қажеттілік пен елдің индустриалды-инновациялық даму міндеті, еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын жоғары білім сапасының деңгейін жетілдіру

Мақсатты индикаторлар :

орта білім ұйымдарында 100% жан басы қаржыландыруды енгізу

мұғалімдердің орта еңбек ақыларының деңгейі экономикадағы орташа еңбек ақы

деңгейіне дейін жеткізілетін болады

мұғалімдердің 70% ваучерлік қаржыландыру бойынша біліктілігін арттырады

білім беру ұйымдарының 90% -да Қамқоршылық кеңестер құрылған

орта білім беру ұйымдарының 90% -да электрондық оқу жүйесі қолданылуда

ұйымдастырылған мектепке дейінгі біліммен балалардың 100% қамтылған

12 жылдық мектепке толық көшу 2020 жылы іске асырылады

тәуелсіз тестілеудің нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін мектеп түлектерінің шектік деңгейден өте алмау үлесі 22,2% -дан 10% -ға дейін төмендейді

мектептерде «Өзін-өзі тану» адамның рухани-адамгершілік бағдарламасы 100% іске асуда

PISA, TIMSS, PIRLS,TIMSS, ADVANCED, ICILS, TEDS-Mхалықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу

жұмыс берушілер қауымдастығында бірінші реттен біліктілігін тәуелсіз бағалаудан өткен ТжКБ түлектерінің үлесі 80%

жұмыс берушілер қауымдастығында бірінші реттен біліктілігі тәуелсіз бағалаудан өткен жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі 60%

жоғары оқу орындары түлектерін еңбекпен қамту ЖОО-ны бітіргенен кейін бірінші жылда – 80% дейін жетті

Алға қойған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісін өңдеу және оны білім беру ұйымдарына енгізу

білім беру менеджментін жетілдіру

педагог мамандығының беделін көтеру

оқу процесін автоматтарндыруды енгізу

мектепке дейінгі ұйымдардың санын арттыру

12 жылдыққа көшуді іске асыру

шағын жинақты мектеп мәселелерін шешу

мектептерде инклюзивтік білімді жетілдіру

еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету

елдің индустриалды-инновациялық даму жобасын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларымен қамтамасыз ету

жоғары білім жүйесінің еуропалық аймаққа кіруін қамтамасыз ету

білім және ғылымның үйлесімділігін қамтамасыз ету, интеллектуалдық меншік өнімдерін коммерциализациялау үшін жағдай жасау

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму жоспарларын жасау мақсатын түсіндіріңіз.

2. Оқу орындарының стратегиялық дамуына сыртқы ортаның әсерін длелдеңіз.

3. Маркетингтік зерттеулердің рөлі қандай?

Әдебиеттер:

  1. Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой.-А:2001г

  2. Менеджмент в управлениии школой. Уч.пос / под.ред Т.И.Шамовой – М:2000г

  3. Бердалиев К.Б., Өмірзаков С.П., Есенгазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері.-Алматы, 1997

  4. Бердалиева Н., Байболенова Л.А., Балошо Қ.Т. Ақпараттық менеджмент негіздері.-Алматы,2000

  5. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

5-Тақырып: Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару.

Мақсаты: Сапа менеджменті жүйесінің мақсатымен таныстыру. Педагогикалық кадрларды аттестациялау мақсатымен таныстыру. Ұстаз еңбегін бақылауға қойылатын жалпы талаптардық қажеттілігін анықтау. Педагогикалық кадрларды аттестациялау технологияларынің мақсатымен танысытыру.

Негізгі ұғымдар: Сапа менеджменті, аттестациялау, технология, біліктілігін арттыру.

Жоспары: Білім беру мекемелерін басқарудың ғылыми-теориялық негіздері және басқарудың әдіснамасы. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), оны білім беруді және білім беру үрдісін жоспарлауға, басқаруға, білім бері нәтижелерінің сапасын бағалауға ендіру.

Педагогикалық кадрларды аттестациялау. Ұстаз еңбегін бақылауға қойылатын жалпы талаптар. Ұстаз еңбегі бағалаудың дараландырылған көрсеткіштері. Педагогикалық кадрларды аттестациялау технологиялары.

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру.

Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың 2030 стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсатын алға қойды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осы проблеманы шешу мақсатында мынадай негізгі бағыттарды ұстануды атап өтті:

  • Білім беру үдерісін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;

  • Ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру;

  • Инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;

  • Ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру;

  • Ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық;

  • СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.

Қазіргі таңда менеджмент саласындағы сапа жүйесіне арналған орыс тілінде бірнеше оқулықтар, мақалалар, методологиялық нұсқаулықтар жарық көрген. Ал біздің еншімізде 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты В.Киянскийдің басшылығымен «Сапа менеджменті – бәсекеге қабілет философиясы» атты мемлекеттік тілдегі оқулығы жарық көрді.

Ал ЖОО-ның білім беру үдерісі механизімінің күрделігі мен сапасының артуы аттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады. Оның негізгі себебі болып, ҚР ИСИ 9001-2001 халықаралық стандарттарының білім жүйесіне қарқынды енуінен екені белгілі.

2000 жылдан бері ЖОО-ның білім сапасын басқарудың тиімді механизімін қалыптастыру аясында, әсіресе педагогика ілімі мен оның ғылыми тәжірибелік жұмыстары барысында бірталай нәтижелерге қол жеткізгендігін көреміз. Мәселен, 2004 жылдың қыркүйек айында ректордың № 48 бұйрығымен СМПИ-да СМЖ-ны қарқынды енгізу бойынша Үйлестіру Кеңесі құрылды. Соған сәйкес «ҚР СТ ИСО 9001:2001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін енгізу» атты бағдарламасы әзірленді. Қазіргі уақытта СМПИ-ның сапа саласындағы мақсаты мен саясаты, стратегиялық даму жоспары, білім беру үдерісінің ландшафттық картасы әзірленді. Сонымен қатар институтта 5 деңгейлі СМЖ құжаттарын басқарудың иерархиясы дайындалып, сол бойынша үдеріс қызметтері жүзеге асырылуда. Олар:

1 деңгей– Сапа саласындағы мақсат, сапа бойынша басқару;

2 деңгей– Құжаттандыру тәртібі (20), институт стандарттары (6);

3 деңгей– Институт бөлімшелерінің ережелері (29), нұсқаулықтар (11);

4 деңгей– Сапа бойынша жазба (сапаның еркін формасы - 154);

5 деңгей– Нормативті-құқықтық және нормативті құжаттар (заң, жарғы, қаулы, ҚР БҒМ құжаттары).

Жоғарғы басшылықтың міндеті: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыруды, басқару дәстүрін сабақтастыруды, барлық қызмет түрлерін үрдістік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдауды және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдауды.

Жоғарғы басшы барлық жауапкершілік жетістігі университеттің қалыптасуы мен дамуына жұмсалатындығын түсінеді де әр түрлі деңгейдегі қызметтің тұрақты мониторингімен қамтамасыз етеді және оның тіршілік әрекетінің барлық үрдістерін жақсарту бойынша іс – шаралар енгізеді. Басшылық тұтынушыны толық түрде қанағаттандыруға негізделген ұсынылған қызметтердің сапасын көтеру бойынша құрамдарды тартуға үгіттейді.

ЖОО білім беру үдерісіндегі сапа менеджменті жүйесі үздіксіз жетілдіру жүйесін құру және ұйымдастыру мақсатында мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады:

1. Педагог мамандарын дайындау бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының білім беру қызметтерін ұсыну саласында танымды көшбасшы болуға талпыну.

2. Құрам жауапкершілігі мен өкілділікке шек қоюды жүзеге асырушы басқару құрылымын жетілдіру, себепті механизмдерді енгізу және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету. 3. Материалды-техникалық базаны және институттың инфрақұрылымын тұрақты түрде жетілдіру. 4. ҚР ИСО 9001:2001 талаптарына сәйкес институттағы сапа менеджментінің барлық үрдісін жүзеге асыруға кепілдік беретін ақпараттық, әдістемелік және материалдық базамен сапа менеджменті жүйесін қамтамасыз ету.

5. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуші: сыртқы – мемлекет, әр түрлі меншіктегі кәсіпорын, студенттер мен қоғам тұтастығы; ішкі – институт оқытушылары мен қызметкерлері. 6. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары талаптарын орындау негізіндегі білім беру қызметтері сапасын көтеру кепілдігімен қамтамасыз ету, Қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу, оқытушылардың ғылыми және педагогикалық біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін дамыту.

7. Оқытушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды қамтамасыз етуші себепті механизмдерді құру есебінен іргелі және қолданбалы зерттеулердің көлемін кеңейту. 8. Институт мәртебесін көтеру есебінен оқытушылар мен қызметкерлердің материалдық тұрақты жағдайының өсуін қамтамасыз ету, сапалы білім беру қызметтерін көрсету және еңбек төлемі жүйесін жетілдіру.

9. Білім беру қызметтері жағдайын зерттеуге бағытталған маркетинг жүйесін құру және нарық талаптарының өзгерісіне икемділікпен қарау.

Білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесі

Педагогика ғылымының тұрақты дамуына аймақтық, ұлттық және әлемдік мәдени-экономикалық кеңістікте еркін бағытталатын, жиынтық ресурстарды қолдану тиімділігін арттыра білетін және оны қолдану мен арттырудың жаңа, тиімді әдістерін таба білетін білікті еңбек ресурстарының қолда болуын талап етеді. Осыдан келе, бүгінгі таңда жоғары білікті еңбек ресурстарын даярлауға жаңа мағына бере отырып – ұйымның және қоғамның бәсекеге қабілетті дамуын қамтамасыз ету қажет.

Жаңа технологиялық және ұйымдық революцияның әсерімен қоғамның даму моделі түбегейлі түрде өзгерді. Жалпы сұраныстағы өнімді сапалы өндіру мен қызмет көрсету, сапаны жалпы басқару білімі мен технологиясына көшуде. Бүгінгі таңда сапалы өнім өндіру басқа салаларға қалыптасушы ретінде әсер ететін тәуелсіз салаға айналды.

Қазақстандық ауыл шаруашылығын жоғары білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ететін ЖОО алдында келесідей маңызды және қиын міндеттер тұр:

  • тұтынушының күтіміне сай сапалы қызмет көрсетуді үйрену;

  • жоғары білікті еңбек ресурстарын даярлау қызметінің сапасын тұрақты деңгейде ұстау және оны үнемі жетілдіруге үйрену.

Қызмет көрсету саласында бастапқы мәнді тұтынушының талабына бағытталған шаралар кешенін қамтитын басқару қызметі иемденіп отыр. Тұтынушы талаптарын анықтайтын және қызмет сапасының талаптарға сәйкестік дәрежесін бағалайтын сапа менеджмент жүйесі қажет етіледі. Мұндай жүйені енгізу және оның тетіктері арқылы басқаруға жүйелі ықпал етуге негізделе отырып, сапаны қамтамасыз ету арқылы мамандарды даярлаудың жаңа деңгейіне қол жеткізуге, сонымен қатар қолда бар кадрлық, материалдық-техникалық, ақпараттық және қаржылық әлеуетті тиімді қолдануға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ЖОО-да білім беру үдерісінің сапасын басқару жүйесінің өзектілігі жөнінде Президентіміз Н.А.НазарбаевтыңҚазақстан халқына Жолдауында «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде» деп айтылған сөздердің астарынан көрініс тапты. Мұнда Үкіметке тапсырылған басты міндеттердің ішінде«халықаралық және техникалық стандарттарды тез арада және кең мағынада енгізу»мәселесі қойылды.

ЖОО-ның білім беру үдерістерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру үшін ЖОО-ға сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша шаралар кешенін даярлаудан тұрады. Демек, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалды:

- «кадрлік», «материалды-техникалық», «ақпараттық ресурстар» түсініктерінің білім беру үдерістерінде алатын орнын анықтау;

- «қызмет сапасы», «сапа менеджмент жүйесі» түсініктерінің мәнін анықтау арқылы қажетті ресурстарын даярлау үдерісіне тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесін қалыптастыру қажеттілігін негіздеу;

ЖОО-ның білім сапасын қажетті ресурстарымен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында сапа менеджмент жүйесін енгізудің теориялық және тәжірибелік аспектілерін қалыптастыру қажет.

Жалпы ішкі аудиттік сараптау барысында келесі әдістерді қолдану ұсынылады:интерактивті, статистикалық, сараптама, есептік-конструктивтік, модулді, эксперт-аудиттік және т.б.

Жоғары оқу орындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу негізінде білім беру үдерісін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру:

- «қажетті ресурстар»түсінігінің және оның сыртқы бәсекелестік ортаға қарсы тұру мен даму қабілеттіліктерінің мәнін айқындау;

- «білім беру үдерісіндегі сапа менеджмент жүйесі»түсінігі білім беру мақсатындағы кез келген басқарма жүйесін сапамен қамтамасыз ету және жақсарту, басқару, жоспарлау;

- ЖОО-да сапа менеджмент жүйесін қалыптастыруды қазіргі заманғы көзқарастармен жүйелендіру;

- Білім беру үдерістерінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесі моделін құру.

ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандартының ISO 9001 сериясының талаптарына, Жалпы сапа менеджменті (Total QM) ұстанымдарына және Еуропалық қор моделіне негізделеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын, ұйым үшін сапаны басқарудың ең тиімді жұмыс моделі болып Жалпы сапа менеджменті моделі, басқаша айтқанда TQM (тотальді менеджмент жүйесінің принциптері) болып табылады.

Педагог мәртебесі

Мақсаты:Жоғары білікті кадрлармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру.

Мақсатты индикаторлар:

Педагогтің орташа жалақысы экономикадағы орташа жалақыға жетеді

Педагогтердің 70%-ы ваучерлік қаржыландыру принципі бойынша біліктілігін арттырудан өтеді.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету

педагог кәсібінің беделін арттыру

кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру

Білім сапасы бірінші кезекте сапалы даярланған педагогтермен айқындалады, олар бұл білімдерін әртүрлі әдістер арқылы білім алушыларға береді.

Педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету

2011 жылдан бастап:

«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде ТжКБ және ЖОО-лар үшін ағылшын тілінің педкадрларын даярлау қамтамасыз етілетін болады;

Көптілді білімі бар педагог кадрларды даярлау базалық пән циклінде шет тілі бойынша кредиттер көлемін кеңейту арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін Үлгілік оқу бағдарламаларына үш тілде сабақ беретін педагогтерді даярлау бөлігіне өзгерістер енгізіледі;

Педагогтерді, оның ішінде шағын жинақты мектептер (бұдан әрі – шжм) үшін даярлау бағдарламасы, педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-ларда (Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Семей мемлекеттік педагогикалық институты) жоғары мектеп үшін мұғалімдерді мақсатқа сай даярлауға (екі дипломды білім бойынша кадрлар даярлау, мысалы, математика-физика-информатика) арналған мемлекеттік тапсырыс негізінде білім беру магистрінің бағдарламасы жетілдіріледі;

Жаңа білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті арттыру бағдарламасы жаңартылады және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру қамтамасыз етіледі.

Даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беруді ұйымдастырудың қашықтықтан оқытуын қамтамасыз ету мақсатында интерактивтік жабдықтармен жарықталады.

Біліктілікті арттыру жан басына қаржыландыру және біліктілікті арттыру нысанын, мазмұнын, мерзімдерін педагогтердің таңдау еркіндігін қамтамасыз ететін оқыту процесін ұйымдастырудың модульдік жинақтау принциптеріне негізделген ваучерлік жүйе бойынша өткізіледі.

2012 жылы Астана, Алматы, Павлодар қалаларында ваучерлік жүйенің сынақтан өткізу жүзеге асырылатын болады, көшу – 2013 жылдан бастап.

Педгог кәсібінің беделін арттыру:

Педагог кәсібінің беделін арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады.

2013 жылдан бастап мектепке дейінгі және орта білім берудің педагог қызметкерлеріне біліктілік санаты үшін төленетін қосымша ақының мөлшері арттырылатын болады.

Педагог қызметкерлердің орташа жалақысы 2015 жылы экономикадағы орташа республикалық жалақының деңгейіне жеткізіледі.

2016 жылдан бастап:

Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне (G-10-нан G-8-ге дейін) өзгерістер енгізу арқылы өндірістік оқыту шеберлерінің жалақыларын арттыру қарастырылады;

Педагог магистрлер үшін шағын жинақты мектептердегі жұмысына, педагог қызметкердің жоғары нәтижесіне еңбекке ақы төлеу нормативтері жетілдіріледі;

қазіргі қосымша ақылар мен үстеме ақылардың мөлшерлері қайта қаралады. Жыл сайынғы еңбек демалысына берілетін сауықтыру жәрдемақысы бір лауазымдық жалақыдан екі лауазымдық жалақыға көбейтіледі;

мемлекеттік бюджеттен және жұмыс берушілер қаражаттарынан төлемдерді қоса қаржыландыру бөлігінде зейнетақы қорын қалыптастыру тетігі жетілдіріледі;

жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі қарастырылады.

Кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін білікті кадрлар болу қажет. Ол үшін педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту жөнінде шаралар қарастырылуда.

2016 жылдан бастап жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін қабылданып жатқан педагогтер біліктілігінің деңгейін растау рәсімі енгізілетін болады. Білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау ережесі әзірленеді, ол азаматтардың аталған санаттары үшін тестілеуден өтуді көздейді.

Жоғары орта мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы магистр дәрежесінің барлығы көтермеленетін болады.

Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагогтің портфолионда өз көрінісін табады.

Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін барлық өңірлерде тәуелсіз аттестаттау агенттіктері құрылады.

Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу рәсімінен, қызметі туралы есептен білім беру беру процесі мен қоғамдастық қатысушыларының пікіртерімінен тұратын кешенді бағалау негізінде өткізілетін болады.

2016 жылдан бастап математика мұғалімі TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеуге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептің бастауыш және орта буынының математика мұғалімдерінің кәсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.

      Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру

      Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингентi 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалiм шығаратын 34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргiзедi.

      Педагогтердi даярлауға арналған мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейiн өстi.

      Қайта даярлау және бiлiктiлiгін арттырудан өткен мұғалiмдердiң саны өсiп келедi: 2001 жылы - 42784 мұғалiм, 2003 жылы - 48157. Алайда бұл әрбiр мұғалiмнiң бiлiктiлiк арттыру курстарынан кемiнде бес жылда бiр рет өтуiн мiндеттейтiн "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн iске асыру үшiн жеткiлiксiз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалiм бiлiктiлігін арттырудан өтуге тиiс.

      Бейiндiк сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерiн, информатиканы оқытуды көздеу, кәсiптiк мектептердiң желiсiн кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізудi талап етедi.

      Жоғары оқу орындарының түлектерiн ауылдық жерлерде жұмыс iстеуге тарту және орнықтыру тетiгiн әзiрлеу қажет.

      Жоғары оқу орындарының мүмкiндiктерi педагог кадрлардың бiлiктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау мәселелерiн шешу жөнiнде шет елдермен тәжiрибе алмасу нашар дамыған. Бiлiм беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа бiлім-бiлiктi игеруiн материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетiктерi тиiмдi түрде жеткiлiктi пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсендi тренингтік технологияларының енгізiлуi нашар.

      Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктілiгiн арттыру

      Педагог кадрларды даярлау, олардың бiліктілiгiн арттыру және қайта даярлау саласында: жетекшi университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлігін арттыру және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан әрi дамыту;       педагог мамандықтарының бiлiм беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту, бiлiм берудiң вариативтiк (өзгермелi) үлгілерiн жасау;

      педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бҮкiл жылдары бойы үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу;

      екiншi мамандықтың қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша, оның iшiнде мемлекеттік тiл, шетел және ана тiлдерi, информатика, психология бойынша пән мұғалiмдерiн қайта даярлау;

      болашақ мұғалiмдер үшiн олардың даярлық деңгейiн тәуелсiз кәсiби бағалаумен қоса үш айдан бiр жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу;

      12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеу үшiн педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

      педагогтердi және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа жүйесiн әзiрлеу;

      педагогтердiң еңбегiн ынталандырудың және оларды жергілiктi жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру;

      бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып, мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлігін арттыруды жүзеге асыру;

      білім беру ұйымдары басшыларын бiлiм берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру;

      жоғары оқу орындары арасындағы, халықаралық шарттар мен бағдарламалардың негiзiнде мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгін арттыру мен қайта даярлау көзделедi.

      Мектепке дейінгі ұйымдар үшiн педагог кадрларды даярлау кезiнде қосымша мамандандыру мүмкiндігі көзделетiн болады: мектепке дейiнгi жастағы балалармен жұмыс жөнiндегi педагогика-психология, мектепке дейiнгi бiлiм беру менеджментi, мектепке дейінгі жастағы балалар үшiн шетел тiлi, қосымша бiлiм беру педагогикасы.

      Бiлiм беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, iзденушiлiк, зерттеушiлiк және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тiлдi мұғалiмдi даярлауға бағдарланатын болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Басқарудың ғылыми-теориялық негіздері және басқарудың әдіснамасы.

  2. Сапа менеджменті жүйесі дегеніміз....

  3. СМЖ ны жоспарлауға, басқаруға, білім бері нәтижелерінің сапасын бағалауға ендіру қажеттілігін түсіндіріңіз.

  4. Педагогикалық кадрларды аттестациялау қалай жүзеге асады?

  5. Ұстаз еңбегін бақылауға қойылатын жалпы талаптарды анақтаңыз.

  6. Біліктілік арттыру және өздігінен білімін жетілдіру жрлдарын атаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой.-А:2001г

  2. Менеджмент в управлениии школой. Уч.пос / под.ред Т.И.Шамовой – М:2000г

  3. Бердалиева Н., Байболенова Л.А., Балошо Қ.Т. Ақпараттық менеджмент негіздері.-Алматы,2000

  4. Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б.О. Меенджмент. Алматы,2006

  5. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

6-Тақырып: Педагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету.

Мақсаты: Педагогикалық менеджментегі ақпарат ұғымы маңызын анықтау. Білім беру саласы басқарушыларының ақпататтық қажеттілігін анықтау. Менедментті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: Ақпарат, ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық технология, ақпараттандыру үрдісі, ақпататтық қажеттілік.

Жоспары: Ақпарат ұғымы оның педагогикалық менеджментегі рөлі мен маңызы. Басқарушылық ақпарат. Білім беру саласы басқарушыларының ақпататтық қажеттілігі. Ақпараттық қажеттілікті қалыптастыруға әсер ететін объективті және субъективті факторлар. Менедментті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігі. Жаңа ақпараттық технологияла, оларды басқару қызметін ақпараттандыру үрдісінде қолдану.

Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі және толықтылығы

Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіз-дікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады.

Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау жиі қолданылады. Техника-лық құралдарды және компьютерлендірудің нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарды. Қазіргі мектеп басшысының міндеті - мектепішілік ақпараттық басқару технологиясын жасап, енгізу. Ол технологиияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс.

Педагогикалық жұйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белігілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша - күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару қызметіне қарай - талдамалық, баға беруші, конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай - мектепішілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша - директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік және т.б.

Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану технологиясын енгізуде, еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады.

 Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. 

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің  ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп   аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.

 Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

 Мұғалiмнің ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиялар    дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл  процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге  деЙін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi - aқпараттық  коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуншсациялық құзырлылығын "оку, тұрмыыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлетгiлiгi" деп анықтайды.

Авторлар мақалада ақпараттық  коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.

Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин  "компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.

Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу,нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.

Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

• Ақпараттарды  өңдеудiң компьютерлiк    технологияларын теориялық  және практикалық тұрғыда оқып - үйрену;

• Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып - үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;

• Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды  жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және  практикалық қолдану  бойынша жетiлу деңгейi".

Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа  созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау процесi. Бұл процсстің күрделiлiгi сонда - ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.

Білім берудегі ақпараттық технологиялар

 Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

- дидактикалық бағыт;

- бағдарламалық ұсыныс;

- техникалық ұсыныс;

- пәндік аумақта қолданылуы.

Дидактикалық бағыт бойынша классификация

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады.  Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.   

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі  үйренушілерге берілмейтін, практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:

-         компьютерлік оқулықтар;

-         оқытылатын мәліметтер қоры;

-         үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар. 

Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:

-         қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);

-         компьютерлік тренажерлер (КТ);

-         зертханалық практикумдер;

-         ойындардың бағдарламалы;

-         үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына  (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.   

  Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы туралы

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жұйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет. Сондықтан педагогикалық инновация бiлiм беру жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М.С Бургин (2), Н.Д Молахов, Н.И, Лaпин, А.И. Пригожин (5) «инновация», «инновациялық құбылыс» түciініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский (1), В.А. Сластеннв (6), В.С Лазерев, С.,Ц Поляков(4), М.М Поташнвк, от. Хомерики (9) бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды. Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В.И Антошок, в.г Зазыкнна., Р.Л. Кричевский, Л.К Маркова, Н.Р. Юсуфбекова (10) зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн.

Fылыми әдебиеттердегi инновациялық мәселелердiң теориялық негiздерiнiң жеткiлiктi зерттелуiне қарамастан бiлiм беру саласын ақпараттандыру iciнe жасaлған тандаулар көрсеткендей, жаңалық мектеп басшылары тарапынан үнемi түciнicтiк табыла бермейдi, кейде педагогтар тарапынан табанды қарсылықтар да кездесiп қалады. Бiлiм ұйымдары басшылары педагогтар тарапынан қалыптасып қaлған кәсптiк стереотип жаңалықты шеттеушілік, жаңашылдыққа ұмтылудың болмауы сиякты кедергiлердi кездестірiп жүp. Бұл бағыттa төмендегідей көптеген қайшылылықтарға тап болуда.

Олар:

  • бiлiм беру жүйесiне деген қоғамның объективтi талaптaры мен жүйенiң жaғдайлары арасындағы;

  • мектеп жүйесiне енгiзiлiп жатқан өзгерiстер мен оның қалыптасуын дәстүрлi өмip салтын сақтауы арасындағы;

  • инновация жағдайында мектептi басқару қажееттіліг мен бiлiм  беру саласындағы инновациялық үpдicтi басқару теориясының жоқтығы;

  • басқару қызметiнiң дәстүрлi деңгейiн жүзеге асыру мен мектеп пен қоғамның қазiргi қажеттiлiгiне сай жаңашыл шығармашылықпен  ойлай алатын басшы-нпаваторлар арасындағы сәйкессiздiк.

Бұл қайшылықтарды тек бiлiм бөлiмдерiнiң арнайы ұйымдастырған жұмысы арқылы ғaнa шешуге болады.

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Егер орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiне қарасақ онда «жаңалық» сөзiнiң төркiнiнде өмiршендiк немесе тиiмдiлiк тyралы ештеңе айтылмайды, яғни «жаңа» деген жаңадан жасалған, таныс емес, белгiсiз, өткеннің орнына лаық болған деп керсетiлген .

Мектеп басшылары бұл берiлген анықтамаларды сараптай келе жаңалықтың барлығы ылғи да жағымды нәтиже бере бермейдi деген тұжырымға келдi:

-кез келген жаңа дүние мектептiң көкейкеcтi мәселесiн шешуде басты құрал бола бермейдi;

- әрбiр жаңа дүние белгiлi бiр жағдайда ғана туындайды және нақты бiр ғана педагогикалық мәселенi шешуге бағытталады;

- жаңалықты пайдаланушьшар санының көбеюi, жаңа тәжiрибелердiң пайда болуы және оларды игеру жаңалықты меңгерудiң тиiмдi жағдайларын қиындата түceдi.

Әрбip жаңа педагогикалық әдiстiң екі жағы болады: технологиялық-әдісті пайдаланудың өзіндік ерекшелiктерi және жаңалықты игеруге өзіндiк әсер eтyi.

Қазiргi педагогикалық сөздiктер педагогикалық инноватиканы педагогикалық ic-әрекеттiң жаңару үрдiсiн, оның принциптерiн, зандылықтарын, әдic­-тәсiлдерiн зерттейтiн сала ретiнде қарастырады, ал педагогикалық инновация деп тәрбие мен бiлiм берудiң тиiмдiлiгiн артгыру мақсатында педагогикалық ic-әрекетке енгiзiлген жаңалыктар деп түсiндіріледi.

Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұгалiмдерден өз мінез-құлқтарын, ұстанымдарын Mүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады . Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

Креативтiк компонент икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.

Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновацлиялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi.

Әдiстемелiк оқудың соңында инновацию, «педогогикалық инновация деген түсініктерді зерделей келе аудан мектеперiнiң басшылары, оқу ісінің меңгерушiлерi инновациялық жағдайда жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн төмендегі маңызды шарттар қажeт деп тоқталды:

- Педагогтар бiлiктiлiгiн  жетiлдiре отырып    мектептi     басқарудағы басымдылықтарды анықтау;

-өзгертушi күшi бар басқаруды жүзеге асыру;

- басқарушылық iс-әрекетте педагогикалық та, басқарушылық та тиiмдi технологияларды қалыптастыруға бағыттау.

Әдістемелік семинардың бiр сабағы бiлiм саласындағы инновациялық кедергiлердiң басты себептерін анықтауға арналды. Ф.М.Русинов, В.И.Антонюк сияқты зерттеушiлер психологиялық кедергiлер дегенiмiз әрекеттердiң, түнiктердiң, ой қорытулардың, күтудің жиынтығы дейдi, жаңалықтарға қарсы қызметкерлердiң саналы немесе ойланбай, ашық немесе жасырын, әдейi немесе кездейсоқ бiлдiретiн тepic әлеуметтiк­-психологиялық көңiл күйлерi деп түсiндiредi.

Әрекет ету және оны түciнy кезіндегi қиындықтардың пайда болуы белгiлi бiр жағдайларды объективтендіруге де бaйланысты, өйткенi ол жаңа ойлардың пaйда болуы мен дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады.

Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің  жандануына түрткі болады, қалыптасқан «қиын» жағдайлардан шыудың әдiстерi мен тәсілдерін табуға әсер етіп, жәрдемдеседi.

Инновациялық кедергiлердiң анықтауыштары ретiнде мына параметрлердi қарастыруға болады:

  • Кедергілердің құрамы, яғни қызметкерге кері әсер етyшi нақты факторлар;

  • Кедергілер дәрежесі, теpic пікірлердің қызметкерлердiң санымен анықталады;

  • Кедергілердің сипаты, яғни теpic пiкiрдегi қызметкерлердiң қарсылық бiлдiруiнiң формалары;

Жеке топтарда жұмыс iстей отырып басшылар инновациялық кедергiлердiң жaғымды да, жaғымсыз да жақтары бар екедігiн анықтады. Кедергiнiң оңды жақтары, бiрiншiден ол жете ойластырылмaған және шапшаң күштеумен енгiзілетiн инновациялық шешiмдердiң жүзеге асуына бөгет жасайды, өйткенi оған әлi объективтi жағдайлар пiсiп жетiлген жоқ, екiншiден, ол инновациялық үpдicтe қоздырушы күш рөлiн атқарады, жаңашылдардың қызмeтiн жандандыра отырып, олардың қол жеткенге тоқтап қалмай, iлгерiлеуi үшiн күш жұмсауын талап eтeдi, үшiншiден, кедергi әрқашан да индикаторлық қызметтi аткарады, жаңашылдарға оперативтi, тұрақты, нақты хабар бере отырып, қабылданған шешiмдердiң осал жақтарын көрсетiп бередi және инновацияның әлi де толық жұмыс жасамаған элементтерiн анықтап, аса қажеттi түзетулер жасайтын негiзгi бағыттарды көрсетедi.

 Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру

Адам мәдениетiнiң компонентi қазiргi дүниетанудaғы бастысы екенi түсiнiктi.

Әрбiр мәдениеттi және тәрбиелi адамның өмip сүрiп отырған қоғамда өзiн қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы eң болмаса жалпылама түciнiгi болуы ксрек. Табиғатты сүю үшiн ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылыктарға байланысты өзгеpicтep болып отырғанын бiлу қажет.

Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмip сүpeтiн адам бастауыш мектептің өзiнде-ақ өзiн-өзi шектей бiлетiн негiзгi нормалар мен ережелердi игеруi тиiс.

Осыған орай бастауыш сыныпта "Ақпараттық мәдениет негiздерi" пәнiн енгiзу мынадай мақсаттарды көздейдi:

  • сезiмдi ынталандыру;

  • бiлiм, бiлiк дағдыларын дамытуға қызығушылығын  арттыру;

  • жауaпкершiлiгi мен мiндеттерiн қалыптастыру:

  • есеп пен талдау жасау дaғдыларын үйрету;

  • логикалық және ақпараттық ойлау қабiлеттерiн дамыту.

 Сезiмдi ынталандыру деген бiлiм беруге жағдай жасау, сабақ кезiнде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерiн тиiмдi пайдалану, алға қойған мақсатты  жүйелеу болып табылады.

 Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым .

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.     

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ақпараттық қамтамасыз етудің мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Педагогикалық менеджментегі ақпарат ұғымын анықтаңыз.

  3. Ақпататтық қажеттілік дегеніміз…...

  4. Ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін түсіндіріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой.-А:2001г

  2. Бердалиев К.Б., Өмірзаков С.П., Есенгазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері.-Алматы, 1997

  3. Бердалиева Н., Байболенова Л.А., Балошо Қ.Т. Ақпараттық менеджмент негіздері.-Алматы,2000

  4. Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б.О. Меенджмент. Алматы,2006

  5. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.

7-Тақырып: Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қатынастар.

Мақсаты: Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климаттың қажеттілігін түсіндіру. Педагогикалық ұжым қызметіндегі ерекшеліктердің мәнәі ашу. «Тұлғалараралық қатынастар» ұғымы анықтамасымен таныстыру. Педагогикалық ұжымдағы түсініспеушіліктер және оны шешу жолдарымен қаруландыру.

Негізгі ұғымдар: әлеуметтік- психологиялық климат, педагогикалық ұжым, тұлғалараралық қатынастар.

Жоспары: Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік- психологиялық климат. Білім бері мекемелеріндегі педагогикалық ұжым, оның қызметіндегі ерекшеліктер «Тұлғалараралық қатынастар» ұғымы. Тұлғалараралық қатынастардың оқытушылар қызметіне, оқу –тәрбие үрдісіне әсері. Тұлғалараралық қатынастар ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық реңкті қалыптастыру негізі ретінде оның функциялары. Педагогикалық ұжымдағы түсініспеушіліктер және оны шешу.

Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялык, климатпен айқындалады. "Психологиялық климат", "әлеуметтік-психологиялық климат" немесе "микроклимат" үғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық климат адамның осындай климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және кәсіптік қатынас-тарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді. Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмүндық сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жьшы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді /мажырлы/ екпінге баса мән берген.

Әлеуметтік-психолоғиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-өрекет пен өзара катынас процесінің силатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мьгаадай негізгі қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның елеуметтк-психологиялық климатының топтастырушылык қызметі ұжым мүше-лерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталан-дырушылык кызметі педагогикалық әрекетгің қолдануына қажетті ұжымның "эмоциалдық күш-қуатын" қалышастыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметіұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды.

Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің төртібіне баға беруде керінеді.

Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипатгамасына баса мән беріледі.

Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:

ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы;

ресми жөне бейресми жетекшілердің беделщ мойындауы;

ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;

ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-езі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі;

ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы;

сапалы тәртіп;

еңбектің өнімділігі;

кадрлардың тұрақтылығы.

Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады.

Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, селқостык нсмесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжыргасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай оның көсілтік қызмстінің існдеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға ауысуына апарьш соғады.

Кең квлемдегі кәсіптік-педагогикалық міндеттерін аткара жүріп мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілғен бағаны түсінуте бейім. Жағымды баға педагоггы ынталандырады. Жағымсыз бага өзінің қызметін, кәсіптік позициясын. өзгелсрмен қарым-қатынасын қайта қараута негіз бплады. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сынастық, принцииті, талапшыл және тілеулестік сипатта болуды талап етеді.

Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмі еліктеуден - өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз әріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілері оньщ психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен сәйкес келетін, келмейтіндігін салыстыруға бсйім. Үзақ уақыт бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір жеделдетеді. Өз өріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайдан шығудътң оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді.

Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалынан түрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен қарайтын, төртіпті, кепшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.

Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік елгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген педагоггардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге үмтылады. Жігерлі педагог-жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, одда табысқа жсту қиын емес.

Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-психологаялық климатына ықпал жасайтын негізгі әдістері — кезін жеткізу, сеңдіру, жске үлгі көрееіу. Көзіыжеткізу адамдардың бағасын, пікіріи, қалыптасқаи мінез-құқық нормалары мен ережелерін нақты адамнын - көз жеткізетін тұлғаның түсінігіне сәйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткізуші факторлардың қуатын, қисыымен дәлелді пайдаланыя, тек ақыл-ойға ғаня емес, әңгімелесушінің сезіміне де әсер етеді. Сенліру процесінде бір адамның екінші адамға немесе түтас ұжыміа әсері ырықты немесе ырыксыз түрде іске асады, Сснтірудің көмегімен ііедагогикалық ұжымда көңіл-күй қальштасыя, мдеялар, педагогикалык құндылықтар эрнығіды. Үжнмдағы жағымды әлеуметтік-психологиялык климаттың қалып-тасуынз жеке тұлғаның жасайтын ыкдалыііьщ тиімді әдісі жеке үлгі көрсету болъш табылады, Ол үлгі адамішң ез еңбегіне, әрштествріне. ұжымдык пікірге қатынасы болуы мүмкін. Үлгі барлық кезде де нақты, ол ирекет пен мінез-қүлықтың үлгісін береді, көңілдегі мен өмірдегіні салыстыруға мүмкіңцік береді.

Жағымдн психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардын катарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе "климаттық ауытқуды" атауға болады. Әлеуметтік-психологиялык келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын карама-қайшыльщтын шиелешсіл кетуі ретіндв қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен қүралдары туралы әртүрлі пікірде болады.

Келіспеуиііліктер әртүрлі себептердің саддары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралык келіспеу-шіліктер бірлескен педагогикалық әреқет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына бапланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасыңдағы іскерлік сипаттаіғы байланыс болуы мүмкін.

Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеу-шіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кесіптік-педагогикалық әрекетті максатқа жетуге крдергі келтіретін, іскерлік бай/ганыстардың бүзылуынан іуындайтын кәсіптік келісігеушіліктер. Бұндай келіспеу-шіліктер жұмыстағы ынтасьтздықтан, мүгалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен тур-тндайды. Екінші топ - дедагог мінез-құлқының өзара қатынас нормііьіна сай келмеуіне, сол сияқты мінез-қүлық псн іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің оір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, көсіптік этика нормаларының бүзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық түрақсыздығы, шамадан тыс өкпешіддігі сияқты сапалар қүрайды.

Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттер-ДІҢ бірізділігінен түрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шсічімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушілікті алтын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы ткіс, сондықтан ол ксліспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қальштасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайывдауы тиіс.

Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшслеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды чгектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсштік келіспешшіліктер енбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін өзгерту, .мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ая тұлғальтк сәйкессіздіктен туындаіан келіспеушілікті жою күрделі сииаг алады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердін өмір сүруін мойындататындай шеяіім қабылдайды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Әлеуметтік- психологиялық климат дегеніміз…...

  2. Педагогикалық ұжым анықтамасын жасаңыз.

  3. Тұлғалараралық қатынастардың оқытушылар қызметіне, оқу –тәрбие үрдісіне әсері дегенді түсіндіріңіз.

  4. Педагогикалық ұжымдағы түсініспеушіліктер және оны шешу жолдарын атаңыз.

Семинар сабақтарына даярлану үшін әдістемелік нұсқау.

Мақсаты: пән бойынша лекциядан алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.

Семинар сабағы – дәрісте алған білімді студенттің өздігінен оқып, талқылап, меңгеруіне арналады. Семинар сабағы кезінде студенттің сабаққа белсенді қатысуы, сабақта тәртіп сақтауы, сабаққа толық даяр болуы жалпы курс бойынша студенттің қорытынды рейтинг бағасына ықпал ететіндігін ұмытпаңыз.

Семинар сабағына даярлық:

- Семинар сабағынан қалмаңыз.

- Семинар сабағына толық даярлықпен келіңіз.

- Семинар сабағында дәріс дәптерлерін пайдаланыңыз.