Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом 2014...doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
935.42 Кб
Скачать

4 Кернеуі 0,4 кВ тарату тораптарының тұрғызу схемаларының таңдалуы

Электрлік тораптар қажетті сапа көлемінде тұтынушыларды экономикалық қоректенуімен және қауіпсіз шараларды қадағалауымен қамтамасыз етілуі керек. Энергия көлемі, электрлік жүктемелерді жете есептеу негізінде таңдалған элементтердің өткізу қабілеттіліктерін дұрыс таңдауымен анықталады.

Тораптарды тұрғызудың ең басты артықшылықтардың бірі, ол таңдалған аймақ бойынша тораптардың трассаларын төселуін есептеу болып табылады.

Тұтынушылардың электрмен жабдықтау жобасының қазіргі таңдағы жағдайы, технико‑экономикалық есептеулер әдіснамалары, электрлік тораптардың техникалық құрылғыларын құрылымдау рационалды торапты тұрғызу принциптерін құрастыруға мүмкіндіктерін береді.

Басты принципі болып баршағы белгілі қосалқы станцияның бөлшектенуін («аз қуатты қосалқы станция») айтуға болады, ол әлімдік тәжірибе бойынша біздің елімізде бірінші болып енгізілген. Бұл принцип, көптеген электрмен жабдықтау тәжірибесінде дәлелденген, қазіргі құрылымдық түрде жасалынған толымды трансформаторлы қосалқы станцияларды, қарапайым электртұтынушылары ретінде қарастыруға болады және соларға торап салынып жатыр.

Бірінші принципі, қорек көзімен қосатын қабылдағыштардың желілерін біріктіру болып табылады. Біріктіру дегеніміз, бір бөліктің ішінде ортақ желі етіп орындау. Мысалы, бір траншеяда, эстакада да, бір каналда, блокта, туннелде және т.б жерде төселген, кабельдік желілер кезінде ортақ коммуникациялық құрылғылармен. Берілген біріктірудің экономикалық тиімділігі әр уақытта маңызды орынға ие болады. Құрылыдмдық және коммутациялық мүмкіндіктері жобалау кезіндегі нормаларға қарсы келмейді.

Екінші принципі тораптардың алшақтатуы болы табылады. Минималды торап ағаш типті конфигурацияға ие болуы тиіс.

Тораптарды алшақтату үшін келтірілген шығындар аймағына (КША), яғни соның бойымен жіберілетін жүктемесіне қатысты торап аймағына байланысты функцияның сызықтығы қажет. Бұл жағдай ток тығыздығы бойынша торапта өткізгіштерді таңдаған кезде орын алады.

Өткізгіштерді қыздыруы бойынша таңдау, торап учаскесінің жүктемесіне қатысты КША байланысты сызықты мінездемесін мүлдем өзгертпейді. Себебі, парабола үзіктерінен тұратын қисық түзу сықықпен жақсы аппроксимметрияланады. Қысқа тұйықталу токтарын шектеу қажеттілігі алшақтанған торап принципімен жақсы келісіледі. Қоректендіру сенімділігі автоматты резервті қосу құрылғысымен қамтамасыз етіледі.

Торапты тұрғызудың үшінші принципі – қосымша түйіндер принципі. Бұл принциптің мәні, торапты тұрғызған кездегі торапқа келтірілген қосынды шығындардың минималдығына жету мақсатында, қосымша түйіндер енгізілуі мүмкін. Бұл түйіндер берілген функциялармен ұқсамайды.

Қосымша түйіндер принципін, берілген минималды торапты қоректендіретін қосалқы станцияның орнын таңдауға біршама еркіндік беру үшін қолданылады.

Өткізгіштердің минималды жіберілген қимасы, әдетте олардың қысқа тұйықталу токтарына термиялық беріктілігімен анықталады. Желінің құрылыс бөліктері – тіректер, траншеялар, каналдар, блоктар, туннелдер, эстакадалар және оқшауламаға жұмсалған шығындар желі ұзындығына жұмсалған меншікті келтірілген шығындардың едәуір бір бөлігін құрайды. Минималды тораптың түйінінен шығатын учаскелердің саны үш‑төрттен аспауы керек.

Әрбір нақты тораптың меншікті келтірілген шығындар учаскелерінің шектерін шектеу және түйіндегі олардың санын шектеу тораптың төртінші принциптің пайда болуына әкеледі, яғни төте тораптың принципі. Берілген принципке сәйкес негізі ретінде, минималды электр торабын тұрғызған кезде барлық тұтынушыларды біріктіретін бас жоспардың шектеулерімен анықталатын, төте торап қашықтығы алынады. Минималды торап төте тораптан айырмашылығы, тораптың түйіндерінін орналасуы. Көптеген қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үй кешендердің кернеуі 1000В дейінгі ішкі тарату электр тораптары кіріс‑тарату құрылғыларынан (КТҚ), тарату желілері мен сәйкесінше электржабдықтарынан тұрады және олар тармақталған магистарлды торап түрінде орындалады. Сурет 4 және екінші графикалық сызбада тұрғын‑үй кешенінің электрлік тораптың кіріс‑тарату құрылғыларының (КТҚ) принципиалдық сұлбасы көрсетілген.

Сурет 4 - Тұрғын‑үй кешенінің электрлік тораптың кіріс‑тарату құрылғыларының принципиалдық сұлбасы

Кернеуі 1000В дейінші КТҚ сұлбалары ғимарат ішінде орналасқан электрқабылдағыштардың сенімділігі шарттарына, сыртық және ішкі тораптар желілерінің тағайындалуы мен санына байланысты болады. Ұсынылған КТҚ сұлбасы (сурет 4) бірінші және екінші категориялы электрқабылдағыштарына сәйкес келеді.

Жоғарыда айтылғандай, тарату торабын тұрғызу үшін келесі вариантты таңдаймыз: резервті желесі бар магистралды автоматтандырылған тарату торабы. Желіде ақаулар пайда болған кезде екінші категориялы тұтынушыларды электрмен жабдықталуы ғимарат кірісіндегі қолмен ауыстыру уақытына рұқсат етіледі, ал бірінші категориялы тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілісі болмайды.