Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемлекеттік несие.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
326.14 Кб
Скачать

1.2 Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштың экономикалық мәні

Қаржының ұдайыөндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік несие ақша қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Несиенің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақ ақшалары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканы, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастыратын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Мемлекеттік қарыз алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинақ ақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс-әрекеттінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.

Ағымдағы кезінде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондағы жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік несиенің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді («уақытқа қарай бөлу»).

Мемлекеттік несиенің екінші қосалқы функциясы – реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағымдарын реттейді: несие капиталының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері»). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақшалай эмиссияның зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

Түр

лері

Ішкі

Сыртқы

Шартты

Нысандары

Қарыздар

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер

Мемлекеттік банктер салымдарының қалдықтарын пайдалану

Орталық банктің несиелері

Қазынашылық несиелер

Ақшалай қарыздар, тауарлық қарыздар

Дамуға ресми көмек

Өтімдік келісімдер

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарыздары бойынша мемлекеттік кепілдіктері

Байланысқан

Байланыспаған

Әдістері

Беру, орналастыру шарттары, өтеу мен табысты төлеудің әдістері мен мезгілдері

Мемлекеттік бағалы қарыздар (облигациялар, қазынашылық міндеттемелер, боналар, вексельдер, сертификаттар, өндірістік қаржылық құралдар)

Беру, өтеу мезгілдері

Табысты есептеу (пайыздық табыстар, дисконт, ұтыстар)

Кепілзаттық міндеттемелерді, кепілдерді рәсімдеудің тәртібі

Орналастыру және қызмет көрсету үшін делдалдарды таңдау

Басқа әдістер, тәсілдер

Мемлекеттік борыш

Күрделі

Ағымдағы

Басқару және қызмет көрсету

Сөйтіп, егер несиенің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет ақшалай ресурстарды тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістерді дамытуға) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік несие жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.

Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.

Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады (1 сызба).

Ішкі несиеде мемлекеттік – кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда: қарыз алушылар кезінде де, кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Несие беруші тарап мемлекет-донор, ал несие алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік несие отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйысмдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.

Мыналар: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік несиенің нысандары болып табылады.

Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны несиелік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.

Кесте 1- Қарыздардың салықтардан айырмашылығы

Қарыздар

Салықтар

  1. ерікті сипаты;

  2. мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны

  1. мәжбүрлеме сипаты;

  2. мәжбүрлеудің анық нысаны

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей ақшалай нысанда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады.

Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.

Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады), ұтыс немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.

Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталады. 1992 жылы республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыздар шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылады. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының боналары шығарылады. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25,50,500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады. Қарыздардың шарттары бойынша 1982 жылғы одақтық қарыз бойынша облигацияларды боналарға айырбастау жолымен Үкімет міндеттемелер қабылдады.

1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.

Шартты мемлекеттік несиеде кепілдік және кепілгерлік нысандар болып табылады.

Елдің қарыз алушы – резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Үкіметтің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі осы елден мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге осы ел резидентерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.

Үкіметтің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілдігі болып табылады.

Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны кіріктіреді. Сөйтіп, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздық қаражаттар. Концессия объектілерін құруға ғана пайдалынады.

Мемлекеттік кепілдік және кепілгерлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жазбаша келісімшарт жасасу арқылы беріледі.

Кірістер түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезде қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде ақшалай ресурстардағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз (заттандырылмаған) нысанда заңи тұлғаларға – коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып үш, алты, тоғыз, он екі ай мерзіміге шығарылады. Ұстаушылар арасында МҚМ-ді орналастыру аукциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің кезекті шығарылымының дисконтталған бағасы белгіленеді. Айналыс мерзімі өткеннен кейін Қаржы министірлігі оларды көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаздың атаулы (номиналды) құны мен дисконттық бағасы расындағы айырма инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға конъюктураны ескере отырып, қалыптасып отырған рыноктық бағалар бойынша шаруашылық операциялар бойынша оларға есеп айырысу және төлемдер құралының мәртебесін бере отырып, МҚМ-ның орнықтылығына кепілдік береді.

МҚМ бюджеттің «кассалық алшақтықтарын» жабудың пәрменді құралы болып табылады, бірақ бір мезгілде МҚМ-ды сатып алу кезінде мемлекеттің белгілі бір ысыраптары болады, ол дисконттың шамасына тең болады, ал оның мөлшері – МҚМ-ның табыстылығы – инвесторларды МҚМ-ды сатып алуға қызықтыру үшін банктік пайыздың қолданыстағы шамасынан асып түсуі тиіс. Бұл аспектіде МҚМ өзгеше «қаржылық пирамида» болды, ол мемлекеттің бюджеттік қаражаттары есебінен болатын тұрақты қаржылық қолданудың арқасында орнықтылығын сақтайтын.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысанда ғана, атаулы және дисконтталған құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың мемлекеттік банктердегі салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру – мемлекеттік несиенің бұрын қолданылған нысаны. Әдетте бұл жинақ банкілері арқылы жүргізіледі және егер, олардың капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану тәуекелдері бойынша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің (акционердің) капиталына мемлекет қатынасқан жағдайда банк мекемелерінің (акционерлердің) пікірлеріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларының проблемалары пайда болды.

Мемлекеттік несиенің қисынды нысаны – бұл елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту болуы мүмкін. Бұл нысан, тіпті егер мұндай қарыз алу коммерциялық негіздерде, яғни несиелік пайыздың қолданыстағы нормасын ескере отырып жүзеге асырылса да, айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қабаттаса жүреді, бұл экономикаға ақшаның едәуір біржолғы құйылуымен байланысты, ал оны алу (егер бұл болған жағдайда) ұзаққа созылмауы мүмкін. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік несиенің әр түрлі келеңсіз себептерден – дағдарыстық жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғарылауынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.

Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қаражаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңи және жеке тұлғаларға несиелер беру болып табылады. Несиенің бұл нысаны мемлекеттік (қазынашылық) несиелер деп аталады және бұл несиелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдендірілген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.

Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанында Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзге асырады.

Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады.

Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңи тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары қарастырылған;

    1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;

Жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.

    1. Несие капиталының рыноктары бойынша мемлекеттік қарыздар:

сыртқы мемлекеттік қарыздар;

ішкі мемлекеттікқарыздар болып бөлінеді.

    1. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар;

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;

Қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.

    1. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша:

айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;

айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;

айналыс мерзімі 5 жылдан артық, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

    1. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:

бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;

борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында, борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында, борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылады. Үкімет бюджет профициті кезінде үкіметтік борышты қайта қаржыландыру үшін қарыз алуды жүзеге асыра алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы Үкімет белгілеген тәртіппен қарыз алудың мақсаттары мен қаржылық шегін белгілеу, қарыз алудың инвестициялық басымдылықтарын айқындау, қарыз алудың инвестициялық басымдылықтарын айқындау, болжамды үкіметтік қарыздардың тізбесін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы Үкіметтен қарыз алу және республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін олардың жергілікті атқарушы органдарының ішкі рынокта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы жөнінде жүзеге асырылады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органдарынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.

Облыстық жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қала, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лемитімен және тиісті жергілікті органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражаттарының көлемімен шектеледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тартуды әрбір жекелеген қарыз шарты немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар түрі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бұл орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитенті болып табылады, ол осындай мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының көлемдерін мерзімдерін және шарттарын айқындайды.

Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдардың ішкі рынок айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы, атқарушы органының қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік емес қарыз – Үкіметті, Ұлттық банкті жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті – қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.

Мемлекеттік несиенің әдістері сан алуан және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың келісімшарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістерімен, іс-қимылдың мерзімімен, орналастыру амалдарымен (облигацияларды, боналарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалымен (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп астып алу, мерзімсіз қарыздарда – пайыздық кірісті кезеңдік төлеу).

Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, қайта қаржыландыру).

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде мыналар әдістер болып табылады: дисконттық мөлшері, кесіп тастау бағасы, көрсетілу құны бойынша МҚМ-ды өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудің тәртібі (рента).

Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде – мұндай пайдаланудың шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту келісімшарттары - әдістері ұқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.

Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк несиесінің әдістеріне ұқсас болып келеді.