Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемлекеттік несие.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
326.14 Кб
Скачать

2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие мен борышының

жағдайын талдау

2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті – мемлекеттің басты қаржылық жоспары ретінде

Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесі Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді.

Бюджет түсімдерін болжауды елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджет өлшемдерін ескере отырып бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді болжау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

Мыналар бюджет кірістерінің түсімдерін болжаудың негiзгi қағидаттары болып табылады:

1) толықтық қағидаты – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін барлық түсімдерді жоспарлау;

2) сабақтастық қағидаты – бюджеттік мониторинг қорытындыларын ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына және бюджеттік өлшемдерге негізделген бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді жоспарлау;

- негізділік қағидаты – нормативтік құқықтық актілер және осы немесе басқа да түсімдерді бюджет жобасына қосу қажеттілігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде бюджет кірістерін жоспарлау;

- біртұтастық қағидаты - әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерін анықтауға бірыңғай көзқарасты қолдану;

- шынайылық қағидаты – бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерінің елдің әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік өлшемдер болжамдарының өлшемдері мен бағыттарына сәйкестігі.

Кірістерді болжау процесі болжаудың және мониторингтің жалпы схемасында көрсетілген.

    

 

Мемлекеттік

бюджет кірістері

Кірістерді

болжау

Кірістердің

мониторингі

Экономикалық ахуал мен

заңнамалық базаның өзгеруін талдау

Деректерді

жаңарту

  1. Шоғырландырылған бюджетті әзірлеу кезінде ескерілетін елдің әлеуметтік-экономикалық аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері

  2. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер

  3. Салықтарды және төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер

  4. Төлем мерзімдері

  1. Шоғырландырылған бюджетке салықтардың және төлемдердің түсуін ай сайынғы талдау

  2. Фискалдық көрсеткіштер бойынша ақпаратты жинақтау

  3. Ағымдағы жыл бойынша бюджетке түсетін түсімдерді бағалау

  4. Атқарылу барысында түсімдердің болжамдарын нақтылау

  1. Кірістердің түсіміне:

а) елдегі экономикалық ахуалдың өзгеруінің;

б) нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруінің;

в) басқа факторлардың әсер етуін талдау

1. Салықтар мен төлемдердің түрлері бойынша ай сайынғы түсімдер

2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері

3. Фискалдық көрсеткіштер бойынша ақпарат

Сурет 1. Кірістерді болжаудың және мониторингінің жалпы схемасы

Жоспарланатын және іс жүзіндегі деректердің сәйкес келуінің барынша ықтималдылығымен бюджетке түсетін түсімдерді болжамдауды жүзеге асыру үшін көлемі макроэкономикалық көрсеткіштердің тікелей әсеріне түсетін салықтар бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгерістерінің бірқатар жылдарда салықтардың түсу көлеміне әсер етуін талдауды жүргізу қажет.

Бюджетке және Ұлттық қорға түсетін түсімдерді болжамдау бірнеше есептеу әдістерімен жүзеге асырылуы мүмкін, ол оңтайлы шешім қабылдау үшін қажет.

Сурет 2. 2013 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы - 527,3 млрд. теңгені, республикалық бюджет бойынша - 554,8 млрд.теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызы деңгейінде қалыптасты, бұл жоспардан 248,8 млрд.теңгеге аз.

Үкіметтің қарыз алуы бюджеттік бағдарламаларды уақытылы қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен ішкі қарыз алударды жүзеге асыра отырып, Қаржы министрлігі, халықаралық тәжірибе талап еткендей, бюджет тапшылығын қаржыландырумен қатар, қарыз құралдары нарығын қолдау міндеттерін шешеді. Сыртқы қарыз алу саласында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы институттарынан қарыздар тарту жүзеге асырылды. Бұдан басқа, есепті жылы Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыруға Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі қаражаттары тартылған болатын [5].

Есепті жылдың қорытындысы бойынша үкіметтік қарыз деңгейі және оған көрсетілетін қызмет пен оны өтеу бойынша жол беруге болатын және қауіпсіз деңгейде тұр.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үкіметтік борыш 2 222,0 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 11,5 пайызын құрады. Қазіргі кездегі инфляция мен пайыздық ставкалар деңгейінде, жылдың басында 10,6 пайызды құраған қарыздық жүктеменің лимиті (көрсетілетін қызметтерге және қарызды өтеуге арналған шығыстар республикалық бюджеттің кірісінің 15 пайызынан аспауы тиіс) байқалады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау, ортамерзімдік кезеңде Қазақстан өзінің қарыздық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ете алмайтын шарттардың жоқ екенін көрсетті.

Кесте 3- 2013 жылғы мемлекеттік бюджет түсімдерінің атқарылуы

Негізгі салық түрлері бойынша жылдық жоспар артығымен орындалды, оған елдің оң даму қарқыны, кеден одағына кіруге байланысты кедендік баждарды бөлу тетігін енгізу және алыс шет елден Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына импорттың өсімі, саланың ерекшелігіне байланысты іс жүзінде экспортталғанға қарағанда мұнай экспортының үлкен көлемі үшін уақытша декларациялар бойынша ақы төлеу нәтижесінде мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы түсімдерінің артуы, жоспарлыға қарағанда қосылған құн салығын қайтару сомасының төмендеуі және біржолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті.