Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк-2008 Жалгастырушы Толеужанова.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе, «ия», сәйкес келмесе, «жоқ» деп жауап беріңіздер.

Сөйлемдер

ия

жоқ

  1. Темекі індеті тек жаһандық мәселе емес, сонымен қатар бұл жаһандану мәселесі болып табылады.

  1. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күреске қатысты конвенцияны бекітпеді.

  1. Конвенция темекінің және темекі өнімдерінің жаһандана таралуын шектейтін халықаралық заңдастырылған құжат болып табылады.

    1. Шашылған сөздерден сөйлем құраңыздар.

  1. Өз, таза, тыныстауға, өркениетті, болуға, құқылы, қазақ, ауамен, елі, етті, алдында, қауымдастық, ұмтылатындығын, әлемдік, халқының, ел, жария;

  2. Үшін, әдетке, жаман, білсе, бой, қажет, алдырмау, ол;

  3. Азамат, саналы, еліміздегі, міндетті, қосуға, әрбір, шылымқорлықтың, өрістемеуі, әрі, одан, өз, үшін, үлесін

10. Сұхбатты толықтырыңыздар

___________________________?

  • Байлық та, атақ та адамды бақытты ете алмайды.

  • Бақытты болу үшін денсаулық керек пе?

____________________________ .

____________________________?

  • Денсаулықтың кепілі – салауатты ғұмыр кешу

  • Жаман әдеттерден қалай құтылуға болады?

_____________________________ .

11. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз

  1. Тазалық – саулық негізі, саулық –байлық негізі.

  2. Жаны саудың – дені сау.

  1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз

Темекінің таралу тарихы

Шылымқорлықтың адам денсаулығына аса зор нұқсан келтіретіні алғаш рет Англияда байқалып, 1585 жылдан бастап осы елдегі темекі тартқан адамдарды ауыр жазаға кесетін қатал заң шығарылған. XVI ғасырдың аяғынан бастап Англияда темекі таратушылар үшін қара түнек өмір басталды, яғни темекі тартқандардың басын кесіп алып, оны халықтың ең көп жиналатын жерлеріне апарып қоятын болды.

Италияда папа Урбан ІІ темекі тартып, аузына насыбай салған адамдардың шіркеуде шоқынуына тыйым салды. Айтқанға көнбеген бес монахты монастырдың дуалына тірідей қалап, сыртынан сылап тастаған. 1663 жылы Константинопольде темекі отынан болған өрттен кейін Мұрад ІV сұлтан шылым тарқандарды өлім жазасына кесуге әмір етті.

Басқа елдердегі сияқты Ресейде де темекі тартуға патша мен дін басшылары тарапынан күшті наразылық көрсетіліп, оған тыйым салатын қатаң шаралар қолданыла бастады.

Ресейде Михаил Романов патшалық еткен дәуірде шылым тартуға қатаң тыйым салынды. Заңды бұзғандарға бірінші рет таяқпен 60 дүре соғатын, екінші рет қайталанса, мұрны мен құлақтарын кесетін жаза өмірге келді. Ал енді 1634 жылғы Мәскеуде темекі туралы заңды бұзғандарды өлім жазасына кесуге ұйғарды. XVI ғасырдың бас кезінде билік басына келген Англия королі Яков І сол уақыттың өзінде темекі тартудың зияны туралы: «Түрі жексұрын, исі жеркенішті, миға қауіпті, өкпеге зиянды»,- дей отырып, жалған бақыттың жетегіне ерген өз халқына осылайша ескерту жасады. Сонымен бірге темекі сату жұмысын қойдыру мақсатында темекі сатушыларға ауқымды салық салып отырды.

  1. Мәтін бойынша 5 сұрақ жазыңыздар

  1. Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіз

Аурудың алдын ал.

Іздеп алған аурудың емі табылмас.

Ауру азығымен.

Ауруды елемеген өледі, дауды елемеген төлейді.

Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.

Тазалық – саулық негізі.

Саулық – байлық негізі.

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Қоғам, мәселе, намыс, бірлік, үміт, белсенді, табиғат, мағына, саясат, қозғалыс, талғам, жоба, құжат, құбылыс, сауал, ел, өзгерістер, ақпарат, келісім, келешек, сұрақтар, мұрагер, деректер.

  1. Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Намысшылдық, адамгершілік, белсенділік, серіктестік, кәсібилік, ең белсенді бөлігі, жастар саясаты, жастар қозғалысы, басты құжаттар, бағдарлама, заңды құбылыс, әлеуметтік топ, жастар ұйымдары, қоғамдық келісім, отанды сүю, тұрмыстық - әлеуметтік қозғалыс, құжаттың қабылдануы.

  1. Мәтінді оқыңыздар

Қоғам және жастар

Әрбір қоғамның, әрбір отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп, ержетуіне байланысты. Сондықтан бұл мәселеге мән беру тұрмыстық - әлеуметтік көзқарас ғана емес, саяси салмағы бар үлкен міндеттердің бірі деп атасақ, артық айтқандық емес. Кеше де солай болған, келешекте де солай бола береді. Қазақ халқы да ежелден «ат тұяғын тай басар» деп жастарының жайына бей-жай қараған жоқ. Сондықтан да ата-баба мирас еткен намыстылық, имандылық, отанды сүю, ынтымақ пен бірлікті берік сақтау үрдісі әлсіреген жоқ, қайта жаңғырып, одан әрі жалғасын тауып отырды. Ата-буынның үмітін бала буын ақтай білді. Қысқасы, ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілді. Егемен елдің ертеңгі тағдыры, ең алдымен қазақты, барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Оның басты өлшемі мынау: жастарымыз қалай өсіп келеді екен деген сауал. Олардың жан-дүниесінде қандай жаңғырулар бар? Не нәрсеге еліктейді, не нәрседен бой тартады? Ұлттық болмыстарға деген жанашырлықтары қандай? Міне, осы тектес сандаған сұрақтардың алдымызды кес-кестейтіні рас.

Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстамағаны жақсы. Өйткені, олар - елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істерді мәреге жеткізетін солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік пен кәсібилік өте керек. Және мұндай болу жастар табиғатына жарасатын мінез. «Егер біз лаулап жанбасақ...» деген тіркес бар. Сол тіркестің мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысып тұруы міндетті емес пе?

Қолда бар деректерге қарап отырсақ, Қазақстан халқының басым бөлігі жастар дей аламыз. Ендеше, олар саясатта да шешуші рөл атқара алады. Себебі, жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі. Барлық кезде осылай болған.

Комсомол сияқты ұйым болмаса да, жастар саясаттан тыс өмір сүре алмайды. Азаматтық ұстанымын білдірмей тұра алмайды. Мәселен, Елбасы саясатын қолдаған митингіні «Отан», «Азаматтық» партиялармен бірге «Талапкер» жастар қозғалысы да ұйымдастыруға белсене қатысты. Олар оң өзгерістерді қолдады, өз жүректерінің талғамымен бәрін таразылаған. Отанымыз өркендеп, ілгері басуы жастар үшін де керек.

Қазіргі күні Қазақстандағы жастар саясаты саласындағы басты құжаттар «Қазақстан Республикасының жастар саясатының Тұжырымдамасы» бекітілді, Республикалық «Жастар» бағдарламасы қабылданды, Жастар департаменті құрылды. Осы барлық шаруалардың басы-қасында «Қазақстан болашағы үшін» жастар қозғалысына мүше ұйымдар жүр. Олардың саны 1998 жылы онға жетпейтін, бүгінгі күні елуден асып отыр. Ал республикамыздағы жастар ұйымдарының саны 150-ден асып жығылады.

Осы айтып кеткен шаралардан кейін халқымыздың төрт миллионға жуық үлкен әлеуметтік тобын құрайтын жастардың қоғамымыздағы алып отырған орны мен олардың рөлін белгілейтін нормативтік құжаттың қабылдануы заңды құбылыс. Бұл нормативтік құжат – бүгінгі күнге дейін көптеген жастар ұйымдары талқылаған ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі дайындаған «ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының жобасын жасады.

  1. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.

  1. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе, «жалған» деп жауап беріңіздер.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Жастардың мүмкіндігіне қарай қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстағаны жақсы

  1. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік, кәсібилік өте керек емес

  1. Жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі емес

  1. Жастар саясаттан тыс өмір сүре алмайды

  1. Олар саясатта да шешуші рөл атқара алмайды

  1. Шашылған сөздерден сөйлемдер құрастырыңыздар

  1. Табиғатына, және, мінез, жарасатын, болу, мұндай

  2. Тұра, азаматтық, білдірмей, ұстанымын, алмайды

  3. Олар, аяқталмай, істерді жатқан, мәреге, бүгінгі, жеткізді

  4. Отыр, олардың, бүгінгі, онға, 1998, саны, жылы, жетпейтін, асып, отыр, елуден, бүгінгі, күні

  1. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрыстырыңыздар.

Барлық, өркендеу, еліктеу, намыс, өзгерістер, қолдау, талқылау, дайындау.

  1. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Бүгінгі күнге дейін жүргізіліп келе жатқан саясаттың алаңдататын тағы бір тұсы: Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде республика азаматының орта жасы 24-25 жас болатын, ал бүгінгі күні 30-дан асып кетті. Бұл ел ағаларын да алаңдататын жағдай. Өйткені мұндай қарқынмен енді 20-25 жылда Қазақстандықтардың орта жасы 55-тен асып кетеді. Сонда жұмысты кім істейді? Небәрі төрт тарауды құрайтын 18 бабы бар Заң жобасының қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуге үлкен үлес қосатын құжат екенін осыдан көруге болады.

Мінеки, жастар саясатын қолдайтын біраз құжаттарымыз бар, ал жастарымыздың бүгінгі жайы қалай? Жастарымыз қалай өсіп келе жатыр?

Зерделеп қарасаңыз, бүгіндері жастарымыздың қам-қарекеттерінде жаңа үрдіс байқалады. Ол өздері өмір сүріп отырған қоғамға, яки күнделікті тұрмысына қанағаттанбағандықтан қайткен күнде де соны жақсартуға тырысуда.

  1. Сөйлемдерді дұрыс септік жалғауында тұрған сөзбен жазыңыздар.

    1. Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан//оқиға өзін оқшау ұстамағаны жақсы

    2. Әрбір қоғамның, әрбір отбасы//отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп, ержетуіне байланысты.

3) Небәрі төрт тараудың//тарауды құрайтын 18 бабы бар Заң жобасының қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуге үлкен үлес қосатын құжат екенін осымен//осыдан көруге болады.

4) Бұл ел ағасы//ағаларын да алаңдататын жағдай.

  1. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

Адамды заман билейді.

Ырыс алды-ынтымақ.

Заманың түлкі болса, тазы болып шал.

Заманына қарай амалы.

Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки.

  1. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.

Алматыға жиналған жастардың форумы, лейкемия дертіне шалдыққан балаларға арнап, қан тапсыру шарасынан басталды. Себебі, 2007 жылы Шымкенттегі оқиғадан соң, емдеу мекемелерінде сырқат балаларға қан жетіспеушілігі байқалған. Жастардың бұл акцияны қолдағаны соншалық, дәрігерлер оларға қызмет көрсетіп үлгере алмады. Мұны түсінген ұйымдастырушыларға форумның ресми ашылу уақытын біраз шегеруге тура келді. Жалпы форумға еліміздің барлық облыстарынан, Алматы және Астана қалаларындағы жастар ұйымдарының, қозғалыстардың жетекшілері қатысты. Әңгіме – жиі көтеріліп жүрген жастар мәселесіне арналды. Форумда жастық жалынға толы қыз бен жігіттер тұрғын үй, жұмыссыздық, грант арқылы білім алу сынды өзекті мәселелерін ортаға салып, оның шешімін іздестірді.

Негізгі қазақстандық жастардың басындағы мұндай мәселелер талай мәрте айтылып келеді. Жас лидерлердің пікірінше, негізгі мәселелер

заң шығару деңгейінде қолға алынуы тиіс. Ол үшін аталған мәселелер толықтай талқыланып, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі депутаттық фракциясының назарына жетуі керек.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік баспана, жұмыспен қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді пайдалану, спорт сияқты өзекті мәселелер шешімін табу үшін осы заманғы белсенді жас буынның күші де, идеялары да жеткілікті. Бұл мәселелердің барлығын жас белсенділер мен саяси партияның әлеуетін пайдалана отырып, тиімді шешу керек. Ол үшін барлық күш жігерді жинақтап, мемлекеттік мекемелердің кәсіпқой менеджерлері мен бұқаралы саясаткерлерді жастар қанатынан қалыптастыру қажет.

Форум барысында кадрлық жұмысты модернизациялаудың жаңа саясатына қатысты мәселелер алға тартылды. «Партияның кадрлық резерві» бағдарламасы бойынша еліміздің қалалары мен облыстарында және аудандарында болашағына сенім артарлық жас кадрлардың керек қорын қалыптастыру механизмі, сонымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттарға, алдағы сайлауда партияның жастар қанатынан кандидаттар ұсыну мәселесі сөз болды.

Аймақ өкілдерінің айтуы бойынша, жергілікті жерлерде партияны насихаттап, жастар мәселесін көтеру үшін алдымен жастар ұйымдарының бастарын біріктіру керек. Осы бағытта жастар арасында түрлі ойын-сауық бағдарламаларын, спорттық және ғылыми байқаулар өткізу мақсатында қызықты шаралар ұйымдастырған абзал.

  1. « Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім» 1-2 беттік эссе жазыңыздар.

Есте сақтаңыз!

Жастық – жалын, кәрілік – көмір.

Құл мен қожа майданда теңеледі, жас пен кәрі білімде теңеледі.

UpRibbonSharp

  1. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыз

Тәуелсіздік, егеменді, зайырлы, бейбітшілік, сенімді, талқылау, беделді, нығайту, өткізу, жеткізу, ресми шаралар, ұйғарым, жарлық, тілек, көшіру, ішкі істер әскері, қабылдау

2. Мәтінді оқыңыз

Тәуелсіз Қазақстан

1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. 1992 жылдың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жер шарының 30-дан астам елі таныды. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан, Швейцария, Канада сияқты мемлекеттер болды.

Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды. Мұның үстіне әскер қатарына шақырылған жастар өз республикасында қызмет етуге мүмкіндік алды. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Сол жылғы желтоқсанда Республика Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды.

1993 жылғы қаңтардың 28-інде Республика парламентінің салтанатты мәжілісінде еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта –теңге- 1993 жылғы қарашаның 15-сі күні енгізілді.

Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған жаңа конституцияны 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылдады. Жаңа конституцияның 1-бабында Қазақстан өзін «демократиялық, зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы» деп жариялады.

1996 жылдан бастап Қазақстан беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ОБСЕ) байланысын нығайтты. Мысалы, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбайұлының 150 жылдығын мерекелеу тойлары өтті. Осы ұйымның Орталық Азиядағы бір ғана өкілдігі Алматыда ашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды.

1996 жылы 6 шілдеде Республика Жоғары Кеңесінің депутаттары жан-жақты талқылап, Қазақстан Республикасының астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

1997 жылы 8 қарашада Ақмола мемлекеттік рәміздер(символ) эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізілді. Осыған орай жаңа астанада ресми шаралар өткізілді.

1997жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстан Республикасының ресми астанасы болды. Жергілікті атқару және өкілеттік органдардың өтініштерін, Ақмола қаласы жұртшылығының тілегін ескере отырып және мемлекеттік ономастикалық комиссиясының ұйғарымы негізінде 1998 жылғы 6 мамырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана қаласы деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 мамырда жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті.