Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
24_bilet.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
38.46 Кб
Скачать

3. Егіншілік жүйесі.

Егіншілік жүйесі белгілі бір табиғи және экономикалық жағдайларға қарай колданылады. Казақстанның ұлан-ғайыр аумағында бірыңғай егіншілік жүйесін дамытуға болмайды, ол мүмкін емес. Әртүрлі топырақ, климат жағдайларында егіншілік жүйесінің құрамдас бөлігінің маңызы бірдей емес. Егіншілік элементтерінің әрқайсысының нақтылы мазмұны, өзінің жергілікті маңызы бар. Ауыл шаруашылық өндірісін ұтымды ұйымдастыру міндеті осы элементтер арасында өзара дұрыс байланыстар орнату, бүкіл жүйе нәтижелерін шешуші түрде анықтайтын басты буынды табу болмақ,  мысалы, құнарлылығы төмен топырақ жеткілікті ылғалдандырылған аудандарда, суармалы егіншіліктегі тәрізді, тыңайтқыштар жүйесі бірінші орынға шығарылады, ал солтүстік Қазақстанның астықты аудаңдарындағы басты мәселелер — эрозиямен күрес шаралары және топырақта ылғал сақтау, фосфорлық тыңайтқыштар енгізу, таза пар алқаптарын ұлғайту және басқалар. Қазіргі заманғы егіншілік жүйесі жерді интенсивті пайдалану негізінде топырақ құнарлығын арттырумен қарастырылады. Елдің аймақтары бойынша  әзірленген жүйе белгілі табиғи және экономикалық жағдайларға негізделіп қолданылады, барынша сапалы дақылдарды егуді кеңейту арқылы егістік ауданының құрылымын жақсарту қарастырылады.   Егіншілік жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады: ауыспалы егістік жүйесі; топырақты өңдеу жүйесі; мелиоративті шаралар жүйесі (суару, құрғату, химиялық мелиорация, мәдени- техникалық жұмыстар және т.б); тыңайтқыш жүйесі; тұқым шаруашылығы жүйесі;  өсімдікті қорғау жүйесі; сулы және желді эрозиямен күресу шаралар жүйесі; танапты қорғау үшін ағаш егу; Ғылыми негізделген егіншілік жүйені қолдану – Қазақстандағы  өсімдік шаруашылығының өркендеуінің негізгі шарттарының бірі. Тек салаларды интенсивтендірудің өзі өсімдік шаруашылығының өнім өндірісін жоғарылатуға мүмкіндік береді, өйткені ауыл шаруашылығында жер алқаптары, әсіресе жыртылған жердің көлемі шектеулі. Соңғы жылдары егістік ауданының халық басына келетін үлесі төмендеген. Егіншіліктің кез-келген жүйесінің негізі ауыспалы егіс жүйесі болып табылады. Бұған егісті, көкөністі, шалғын жайылымды, фермалар жаны, топырақты қорғау және т.б. ауыспалы егістер жатады. Ғылыми негізделген ауыспалы егістер топырақтың сулы – ауалы режимін жақсартады, оны өңдеудің ұсынылған жүйесін енгізуге, тиімділігі жоғары техникаларды, органикалық және минералды тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғау құралдарын қолдануға жағдай жасайды.  Ұтымды жасалған ауыспалы егіс жыл бойы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында материалдық және еңбек ресурстарын тепе-тең пайдалануға мүмкіндік береді.  Өндірісті шоғырландыру және өндірісте шаруашылықтың мамандандыруын анықтайтын ауыспалы егістің интенсивті типін енгізуді қажет етеді. Осындай ауыспалы егісте егіншілік жүйесінде қарастырылған барлық шаралар кешенін орындау өте маңызды.  Топырақтың экономикалық құнарлылығының ұдайы өндірісін кеңейтудің негізгі техинкалық құралдары егіншілікті химияландыру, жерді суландыру және кешенді механикаландыру.  Мамандардың бағалауы бойынша  егістік ауданының бір гектарына есептелген өнімділікті тыңайтқыштарды қолдану нәтижесінде 50 пайызға, өндірістің барынша жетілген техникасы мен технологиясын қолдану арқылы  25-30 пайызға, жаңа сорттар енгізу арқылы 20-25 пайызға дейін көтеруге болады.  Минералды тыңайтқыштарды қолдану – егіншілікті химияландандырудың негізі. Тыңайтқыштарды енгізу арқылы экономикалық тиімділікті көтеру топырақтың құнарлығын басқа да факторлармен оңтайлы үйлестіру кезінде жүзеге асады. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігін интенсивті технология арқылы қысқа мерзімде арттыру кезінде өндірістік шығындар құрылымында тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғау құралдарының  үлес салмағы айтарлықтай жоғары болуы тиіс. (мысалы, астық дақылдарында 1,4 – 4 есеге дейін). Минералды тыңайтқыштардың тиімділігі оны органикалық тыңайтқыштармен кешенді қолданғанда жоғарылайды, сонымен қатар  топырақтың химиялық құрамын жақсартуға, қарашіріктің көлемінің өсуіне, топырақтың құрылымын және сақталуын жоғарылатуға әсер етеді. Соңғы жылдарда минералды және органикалық тыңайтқыштарды жеткізу өте күрт төмендеп кетті. Топырақтың құнарлығына әсер етуші құралдың бірі - кешенді механизацияландыру болып табылады. Машиналарды ұтымды қолдану топырақта ылғалдың жиналуына әкеледі, жылу режимін реттейді, танапты ластанудан сақтайды, оңтайлы мерзімде ауылшаруашылық жұмыстарының орындалуына ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісін кешенді механизациялау өсімдік шаруашылығындағы еңбек өнімділігін айтарлықтай көтереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]