Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
60.13 Кб
Скачать

4.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік

Ақша рыногы макроэкономикалық талдауда өте күрделі болып табылады. Жоғарыда айтып кеткендей, классикалық мектеп өкілдері ақша тұтынуға бірден жұмсалмайтындығын, ал жиналған қордың инвестицияға теңесетінін  мойындауға мәжбүр болды. Ал жалпы алғанда ақша нарығындағы тепе-теңдік табыс пен шығындар тепе-теңдігі арқылы орнайды:

 

D УS)

Ұлттық табыс халықтың табысынан құралады. Ол тұтыну мен сақтауға жұмсалады: УD  С + S.

Ал ұлттық шығындар, бұл халықтың тұтыну тауарларына шығындары мен фирмалардың инвестицияға шығындарынан құралады:

 

              УS  С + І.

Демек, рынокта тепе-теңдік болу үшін S  І.

Халықтың сақтау қоры пайыз мөлшерлемесіне байланысты. Ол өскен сайын халықтың сақтауға ынтасы көтеріледі. Классиктердің теориясы қор жинағын пайыз мөлшерлемесінің өсу функциясы ретінде қарастырады: S=f(r).

Қор жинағы инвестицияның қайнар көзі болып табылады. Ал кәсіпкер банктен несие алу үшін пайыз мөлшерлемесін жобаны жүзеге асырғаннан түсетін пайдамен салыстырады. Егер банктік пайыз мөлшерлемесі  күтілетін пайдадан төмен болса, онда ол инвестицияға көбірек қаржы салады. Классиктер инвестицияны пайыз мөлшерлемесінің кему функциясы ретінде қарастырады: I = f(r).

Пайда мөлшері, инвестиция және қор жинағының арасындағы байланыстың графиктік көрінісі 12-суретте берілген  Е нүктесінде r0     деңгейінде инвестиция мен қор жинағы теңеседі (I = S), r0 – тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесі.

12-сурет

         

Егер пайыз мөлшерлемесі өссе (r2), онда бос ақша иелері (үй шаруашылықтары) салымдарды көбейтеді, ал кәсәпкерлерге ондай пайызбен қаржы алу тиімсіз болады да инвестицияны азайтады. Сондықтан қаржы институттары пайыз мөлшерлемесін төмендетуге мәжбүр болады. Керісінше, егер пайыз мөлшерлемесі төмендейтін болса (r1), онда кәсіпкерлер инвестицияны өсіреді, ал басқа тұлғалардың қор жинағына деген ынтасы төмендейд. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесі тепе-теңдік деңгейге дейін көтерілуі мүмкін.

Сөйтіп, инвестиция мен қор жинағы арасындағы өздігінен реттелетін арақатынас тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесін айтарлықтай тұрақты етеді.

Классикалық үлгі ақшаның сандық теориясын қолданады. Ол теория төмендегілерге негізделеді:

а) ақшаның сатып алу қабілеті тауарлар бағасы секілді нарықта анықталады;

ә) барлық шығарылған ақшалар айналыста болады;

б) ақшаның сатып алу қабілеті оның көлеміне кері пропорционалды;

в) баға деңгейі ақша көлеміне тура пропорционалды.

Ақшаның сандық теориясында ақша көлемі мен баға деңгейін анықтаудың екі тәсілі қалыптасқан. Бірінші тәсілі Гервинг Фишердің теңдеуіне, екіншісі Кембридждік мектеп теңдеуіне негізделеді. Классиктер Фишердің теңдеуін ақшаға сұранысты анықтағанда қолданады:                                    

MV = PY,

 

мұнда: М – айналыстағы ақша көлемі; V – айналыс жылдамдығы;   P – баға деңгейі; Y – өндіріс көлемі.

Классиктер бұл теңдеудегі V мен Y тұрақты деп алады және ол ақша көлеміне (М) тәуелді емес деп пайымдалады. Соған байланысты бағаның жалпы деңгейі (Р) ақша көлеміне пропорционалды өзгереді:   

.

 

Бұл пайымдаулар классикалық үлгідегі AS қисығының тік орналасуын дәлелдейді. Жұмыспен толық қамтылған жағдайда бағаның өзгеруі өнім көлеміне әсер етпейді. Бағаның жоғары және төмен өзгеруі сұраныстың артықшылығы мен кемшілігін көрсетеді, бірақ өнім көлеміне әсер етпейді.

Кембридждік мектеп ақша көлемі, баға және нақты өнім көлемі арасындағы байланысты басқаша бейнелейді:

                                      М=kPY  

мұндағы k – бұл индивидтің өз қолында (ликвидтік түрде) қалдырғысы келетін табыс бөлігі. Ол ақша айналымының жылдамдығына кері қатынаста  k = 1 / V.

Кембридж мектеп өкілдері ақшаға сұранысты ликвидтік тұрғыдан қарастырды. Ол ағымдық мәмілеге қажетті ақша көлемімен  анықталады.

Егер жеке тұлғалар мен фирмалардың  ағымдық шығындары жоғары болса, онда олардың ликвидтік түрдегі табыстары да өседі. Демек ақша массасының айналым жылдамдығы да жоғары болады да k коэффициенті төмендейді.

Классикалық теорияда ақшаға сұраныстың графиктік көрінісі баға деңгейі мен ақша массасы арасындағы тура тәуелділікті білдіреді          (13-сурет).

 

13-сурет

 

Сұраныс қисығының (MD) көлбеу бұрышы экономикада өндірілетін өнім көлеміне байланысты. Ақша ұсынысы (MS) тұрақты шама ретінде қарастырылады,  яғни оны мемлекет белгілейді.

Классиктер теориясында ақшаның нақты ұсыныс көлемі сұранысқа тең MS=MD, ал MD табысқа байланысты өзгеріп отырады.  Демек тепе-теңдік (Р0) баға ақшаға сұраныс пен ұсынысқа байланысты анықталады.   

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]