Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhetten_tys korlar (2).docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.62 Кб
Скачать

1 Бюджеттен тыс қорлардың теориялық негіздері

1.1Бюджеттен тыс қорлардың пайда болу жағдайы

Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстарды ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджеттік қаражаттар жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджеттік қормен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады. Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің катаң белгілі бір максаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекеттарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. 1991 жылдан бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржылық ресурстардың бір бөлігін окшауландыру, мемлекеттік бюджеттерді оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде Бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық орғандарына аударуды қажет етті; бұл максатқа Экономиканытұрактандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді жәнетиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мүктаждарга жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сактандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың - Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар максатты арналымы болды. Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрактандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одактық-республикалық қоры уақытша қызмет етті - бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінін мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.

Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақшалай қаражатгардың бір бөлігін салудың қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) күнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін шалады - олардың ұдайы өндіріс пен түтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолдау қорында). Қорларга аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және Бұл күшсалмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, Бұл қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт межелдемесінде баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдцелеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл коғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпы мемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір максатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін болабастайды. Сөйтіп, бюджеттентыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы бюджеттентыс қорлардыңжұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржылық қатынастардың Бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.

Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржылық қатынастарды саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік эртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілері бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші-кон, құқықтық тәртіпке жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар; басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік (жергілікті) болып бөлінеді.

Экономикалық қорлар - экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар коғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар - бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұксас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ак бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералдық-республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке еңгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу үдерісін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді бейнелеп көрсетеді.

Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизаңиялық валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың максатты арналымын баса көрсетеді. Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің қарауында болады, бұл қаржылық ресурстардың оқшауланған бөлігін басқару, оларды ұтымды, максатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне жәрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: әлемдік практикада қорлар дербес - биліктің өкілетті орғандарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік орғандарына максатты қаржыландыру мэселелерін тез шешуге, дер кезінде жағдаяттың өзгерісіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді. Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржылық ресурстардың едәуір көлемі қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың басында елдің ішкі жалпы өнімінің 16%-ына, 2009 жылдың басында 18%-ына жетті (Ұлттық қор мен дамудың мемлекеттік институттарын есепке ала отырып).

Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды максатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді. Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйёсі реформалауға жиі ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге: зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл), Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл), мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл), әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады

    1. Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні мен мазмұны

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функционалды-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі.

Бюджеттен тыс қорлар мынандай белгілер бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша - әлеуметтік (зейнетақы қоры, мемелекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры) экономикалық (жол қоры, жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры), ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші-қон, құқық қорғауға жәрдемдесу, мәдени арналым және басқалары;

басқару деңгейі бойынша – мемлекетаралық, мемлекеттік және аймақтық (жергілікті).

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілікті, соның ішінде халықаралық қорлар ұқсас болғанымен өзінің мақсаты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты ажырату қорлары болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар бойы, мемлекеттік бюджеткеенгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жұйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.

Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал,резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын, «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.

Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің басқаруында болады, мұның өзі қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқаруға, оларды ұтымды , мақсатты пайдалануына бақылау жасауға мүмкіндік туғызады. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқарылуында шоғырландырылған мақсатты қаржыларды басқарып ұйымдастыруға жағдай жасайды: дүние жүзлік практикада қорларды басқару автономды түрде яғни биліктің өкілетті органдардың араласуынсыз түрінде болады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландырудың мәселелерін тез шешуге, ахуалдың өзгеруіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір ауқымы қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы елдің ішкі өнімінің 10-12% жетті.

Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара бөлшектер, төлем қабілетінсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік – экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1996 жылдан бастап қаржы саясатының мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру жағына өзгерумен байланысты мақсатқа сәйкес емес деп мойындалды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүние жүзлік практика орталықсыздандырудың және қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына кідертуге болмайтын бақылауды қамтамасыз ету кезіндегі оларды жедел басқару үшін мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін растайды.