Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhetten_tys korlar (2).docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.62 Кб
Скачать

2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары

    1. Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу негіздері

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге:

  • зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл);

  • Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл);

  • мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл);

  • әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады

Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы.

1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасынды зейнетақымен қамту» Заңы жарық көрді.Ол өз күшіне 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енді. Заң екі бөліктен тұрды:

1) Жинақтаушы;

2) Ұрпақтардың бірігіп төлеуі (солидарлы).

Социалистік елдер аясында бірінші рет міндетті зейнетақы жүйесін мемлекет тарапынан қатаң қадағалау жүргізілі бастады. Бұл өз алдына зейнетақы қорларын,зейнетақы ативтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (ЗАИБЖҰ) жұмысын бақылауға мүмкіндік берді. 1998 жылда Қазақстанда 8 ЗАИБЖҰ  және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 12 мемлекеттік емес қорлар, 5 кастодиан- банктер пайда болды. Бір жылдың ішінде бүкіл зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы құрылды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі -23,5 млрд. теңгені құрады. 1999 жылы қаржы құралдарының тізімі ұлғайды.   Соның арқасында ЗАИБЖҰ-лар зейнетақы активтері арқылы шетелдік корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік алды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі - 64,5млрд. теңгені   құрады. Жиннақтаушы зейнетақы қорларының орта жылдық табысы 41,38%-ды құрады. Бұл жоғарғы көрсеткіш бағамдық айырмашылық негізінде  қол жеткізілді. Біз білетініміздей 2000 жыл «корпоративті бағалы қағаздар» жылы болды.Зейнетақы активтерін бұл салаға инвестициялау жүйенің табысты жұмыс жасауына әкелді. Бұл өзгерістермен қатар 2000 жылы зейнетақы жұйесінің нормативтік –құқықтық базасы жақсарды. 2000-2002 жылдардың арасында ЗАИБЖҰ-ның жалпы саны өзгермеді. Бұл олардың нарықтағы қажетсіздігімен, сонымен қатар мемлекет тарпынан қойылған қатаң талаптармен түсіндіріледі. 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап ЗАИБЖҰ-ның жарғылық капиталының көлемі 150 млн.  теңгені құрайтын болды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасында зейнетақамен қамту» туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер негізінде зейнетақы қорлары зейнетақа активтерін өздері басқаруға мүмкіншілік алды, бұл өз алдына шығындарды азйтуға мүмкіндік берді. Қазақстандық зейнетақы жүйесінің құрылуы және дамуы барысында халықтың оған деген  сенімі күшейе түсті және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының саны көбейе бастады.  Осының негізінде зейнетақы жарналарының көлемі (міндетті зейнетақы бойынша) 2005 жылдың 1 тамызында 7239818 млрд. теңгені құрады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

-    Ашық

-    корпоративтік болуы мүмкін.

  1. . Ашық жинақтаушы  зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін  және тұратын  жеріне қарамастан  салымшылардан  зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.

  2. Корпоративтік  ЖЗҚ-ы сол ЖЗҚ-ның құрылтайшылары  және акционерлері  болып табылатын  бір немесе  бірнеше ашық  тұлғалардың алушы –қызметкерлері үшін құрылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары акционерлік қоғам  нысанында құрылады. ЖЗҚ-ы уәкілетті органмен белгілеген келісім бойынша , ол белгілеген  тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер  ашуға құқылы.  ЖЗҚ-ның құрылтайшылары болып, ҚР-ның резиденттері –заңды  және жеке тұлғалар, сондай-ақ ҚР-ның Үкіметі ашық ЖЗҚ-ның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.

ЖЗҚ–н мемлекеттік тіркеуді, сондай ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен тлықтырулар енгізуді уәклетті органның рұқсаты  болған жағдайда ҚР-ның заңдарына сәйкес әділет органдары  жүзеге асырады. Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік - құқықтық актілерімен белгіленеді.

ЖЗҚ-ның атауында «Жинақтаушы зейнетақы қоры» деген  сөздер болуы тиіс. ЖЗҚ-ның  өз атауында «ұлттық», «орталық», «үкіметтік», «сақтық», «сақтандырушы» деген сөздер қандай тілде болса да толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тиым салынады. Жағылық капиталдың жүз проценті  ҚР-ның Үкіметіне тиесілі болған жағдайда  ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «мемлекеттік» деген сөз қолданыла алады. Зейнетақы жарналарын тарту  және зейнетақы төлемдерін  жүзеге асыру жөніндегі  қызметті лицезиялауды ҚР-ынң заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган  лицензиялайды.

ЖЗҚ-ның жарғылық капиталынның ең төменгі мөлшерін , оны қалыптастырудың тәртібі  мен құрамын уәкілетті орган белгілейді. ЖЗҚ-ның жрғылық капиталы ақшамен төленеді. Құрылтайшылар өз капиталы шегінде  жарғылық капиталға ақша салады, ЖЗҚ-ның акцияларын төлейді.

ЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақалары:

  1. Инвестициялық табыстың 15 процентінен;

  2. Айына зейнетақы  активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгіленеді.  

Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда аудиторлық ұйым жүргізеді. жыл қорытындысы бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептілігігнің ажырамасбөлігі болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы  туралы ауиторлық ұйымның аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. Жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттеің жинақтарын құру мақсатында және мемлекеттік және жергілікті бюджетке әлемдік бағаның әсерін төмендету мақсатында құрылады. Осыған сәйкес қорлар екі функцияны атқарады: жинақтаушы және тұрақты.

Қор мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы үрдісіне оған шикізат секторы қйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге де міндетті төлемдердің түсімдері негізінде қалыптасады:

  • корпоративті табыс салығы

  • қосымша құнға салық

  • үстеме пайда салығы, бонустар, роялти

  • ҚР келісілген келісім шарт негізіндегі өнімді бөлу бойынша үлесі.

Қор келесі түсімдер арқылы құрылады.

  1. Республикалық және жергілікті бюджеттеің жоспарланған түсімдерінің 10% көлеміндегі арнайы трансферттер

  2. Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер

  3. ҚР заңымен шектелмеген басқада кірістер мен түсімдер

Қордың қаражаттары келесі бағыттарға жұмсалады:

  1. Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жыл бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдерінің арасындағы айырма түрінде анықталатын республикалық бюджет шығының өтеу үшін

  2. Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер.

  3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығындарды жабуға.

Қорды басқаруды келесі мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Қазастан Республикасының Президенті:

  1. ҚР ұлттық банктін басқару бойынша Кеңес құрамын құрайды

  2. қор мәселелері бойынша Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді.

  3. қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады

  4. ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітілген құжаттарды бағыттайды;

  5. қордың қызметімен байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады.

    1. Экономикалық бағыттағы бюджеттен тыс қорлардың ел экономикасына әсері

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi [2].

Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері болып табылады.

ҚР-ның Ұлттық коры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдык емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.

Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі.

Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

Ұлттық қордың атқаратын функциялары:

  1. жинақтау функциясы – қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді.

  2. тұрақтандыру функциясы - шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.

Үкімет жүргізген бюджеттік реформаға сәйкес барлық мұнай табысы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қорға түседі, бұл мұнайға деген жоғары бағаның арқасында ғана қаржыландырылатын бюджет шығысының ақталмаған өсімін ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты 2009 жылғы 31 желтоқсанға 4 500 703 126 мың теңгені құрады. Ұлттық қордың таза активтері 4 009 528 878 мың теңгені (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.

2009 жылы Ұлттық қорға 1 378 100 414 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 1 371 362 802 мың теңге, оның 467 377 170 мың теңгесі (3 329 148 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын оперциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – 6 083 054 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 654 091 мың теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер – 919 317 487 мың теңге.

Ұлттық қорды басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2 898 030 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы № 189 Заңына сәйкес 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 843 100 000 мың теңгенің 843 100 000 мың теңгесі аударылды, ол жоспардың 100 % құрады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 777 Жарлығына сәйкес 2009 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың елеулі өсу деңгейін болдырмау және дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға жағдай жасау үшін мақсатты трансферт түрінде жоспарланған 347 900 000 мың теңгеден 261 500 000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 72,2%-ын құрады.

Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2009 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 919 317 487 мың теңгені құрады.

Ұлттық қордың басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2009 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді.

Кесте 2 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі

(мың теңге)

Баптың атауы

2009 жылы

2008 жылы

Активтер

Ақша және оның баламалары

200 429 000

49 161 183

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

3 536 888 162

3 258 923 673

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар

276 814 215

Туынды қаржы құралдары

1 568 264

4 901 962

Дебиторлық берешек

2 543

1 259 171

Активтер жиыны

4 015 702 184

3 314 245 989

Міндеттемелер мен таза активтер

Туынды қаржы құралдары

1 956 773

2 466 448

Кредиторлық берешек

4 216 533

2 408 017

Міндеттемелер жиыны

6 173 306

4 874 465

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер

4 009 528 878

3 309 371 524

ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі 2 кестеде келтірілген.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсiмдер:

1) мұнай секторы ұйымдарының тiкелей салықтарынан (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтiк табыс салығы, үстеме пайда салығы; пайдалы қазбаларды өндiру салығы, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегi үлестер; экспортқа рента салығы; өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жатады;

2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетiн басқа да түсiмдерден, соның iшiнде мұнай келiсiмшарттары талаптарының бұзылғаны үшiн түсiмдерден;

3) республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдерден тұрады. ,

Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында халықты зейнетақымен қамсыздандыру реформасын ең бірінші болып жүзеге асырған мемлекет. Зейнетақы реформасындағы ең бастысы - ұрпақтар ынтымақтастығына негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың таратып тұратын жүйесінен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы жинақ ақшаларды көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп өту болды.

Жаңа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылу кезеңінде, оның дамуын ынталандыруға бағытталған ерекше стратегиялық рөл 1997 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен арнайы құрылған институт – Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры елдегі зейнетақы реформасының өзіндік көшбасшысына айналды, яғни ең алғашқы зейнетақы жарналарын қабылдаған және зейнетақы қорларының ішінде бірінші болып зейнетақы активтерін дербес басқару құқығына ие болған еліміздің алғашқы жинақтаушы қоры болды.

1998-2002 жылдар аралығында ГНПФ қандай да бір себептермен зейнетақы қорын таңдау бойынша өзіндік шешімін қабылдап үлгермеген азаматтардың барлығын өз салымшыларының қатарына қосу мүмкіндігін беретін «жалпыға ортақ қор» ерекше мәртебесіне ие болды.

Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша тарту және жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының базасын қалыптастыру міндеті жүзеге асырылды.

Бірақ бұл жағдай ГНПФ-ке 2003 жылға дейін өзге мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары сияқты зейнетақы нарығының толыққанды және бәсекеге қабілетті қатысушысы болуға мүмкіндік бермеді.

2005 жылы Қор өзінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ ресми атауын аббревиатураның ескі мазмұны сақталмаған «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға өзгертті. ГНПФ жаңа зейнетақы жүйесіне деген халық сенімін қалыптастыру, зейнетақы нарығы мен бәсекелі орта негіздерін құру тәрізді өзіне жүктелген тарихи міндеттерді орындады, және еліміздегі көптеген басты көрсеткіштер бойынша көшбасшы ұстанымына ие ірі зейнетақы қорларының біріне айналды.     

2013 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің зейнетақы туралы заңнамасына өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді. Жүйені реформалаудың негізгі кезеңдерінің бірі –Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру және оған жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін беру болды. Еліміздің басшылығы ГНПФ негізінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы шешім қабылдады. 

2013 жылдың 21 маусымында жаңа редакциядағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) қабылданды. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асырады. Сонымен қатар, БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген.   

Бұдан басқа, Заңда БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөнінде кеңес құру көзделген. Кеңестің жеке құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.  

2013 жылдың 22 тамызында, әділет ұйымдарында қайта тіркеуден өткеннен кейін, «БЖЗҚ» АҚ жұмысына кірісті.

2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері (бұдан әрі – ЗА) 3 963,41 млрд. теңгені құрады.

Кесте 1- БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы үлестер бойынша.

Портфельдегі қаржы құралының түрі

01.03.2014 жылға үлесі

01.04.2014 жылға үлесі

ҚР МБҚ

48,63%

47,42%

Шетелдік мемлекеттердің МБҚ

1,55%

3,40%

МФО

1,51%

1,93%

ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары

25,65%

21,38%

Шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары

1,03%

1,05%

PPN (құрылымдық ноталар)

0,98%

1,80%

Кесте 1 жалғасы

ҚР эмитенттерінің акциялары және депозитарлық қолхаттары

3,13%

4,47%

Шетелдік эмитенттердің акциялары және депозитарлық қолхаттары

0,65%

0,32%

Асыл металдар (алтын)

4,43%

4,26%

Депозиттер

6,87%

6,96%

РЕПО

2,98%

0,28

%

Ақша және өзге активтер

2,59%

6,73%

Барлығы ЗА

100,00%

100,00%

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін өтеуге орташа алынған кірістілігі жылдық 5,15% құрады.

Ұсынылған 1-кестеге сүйене отырып, 2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялар портфелінде негізінен ҚР МБҚ басым. Портфельдегі олардың үлесі 48,63%-дан 47,42%-ға кеміді. Есепті күнге ҚР МБҚ көлемі БЖЗҚ портфелінде 1 879,44 млрд. теңгені құрады.

Ағымдағы айы «ҰларҮміт» ЖЗҚ және «Халық банкінің» ЖЗҚ зейнетақы активтері қосылды. Есептік кезеңде бастапқы нарықта мынадай ҚР МБҚ сатып алынды:

  • 9,92 млрд. теңге көлемінде МЕУКАМ-144;

  • 10,99 млрд. теңге көлемінде МЕУКАМ-108;

Портфельдегі ҚР МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 5,20% құрады.

Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына және Халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларына инвестициялардың үлестері 2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сәйкесінше 3,40% және 1,93% құрайды. БЖЗҚ портфелінде бұл бағалы қағаздарды сатып алу, сату және өтемдер есепті кезеңде болған жоқ.

Портфельдегі шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілігі жылдық 0,38% құрады.

2014 жылғы наурызда инвестициялық портфельдегі зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің ұлғаюы нәтижесінде депозиттер үлесі ұлғайды, ол зейнетақы активтерінен 6,96% құрады. ЕДБ ұлттық валютада салымдарды орналастырудың көлемі 237,50млрд. теңгені құрады, шетелдік валютада – 125,00 млн. АҚШ доллары. Қаралған кезеңде екінші деңгейдегі банкте депозит өтемі жасалды:

  • «Ресей Жинақбанкі» АҚ ЕБ 1,09 млрд. теңге мөлшерінде;

Сонымен қатар ЕДБ депозиттерді орналастыру есепті кезеңде болған жоқ.

ЕДБ депозиттер бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 7,39% құрайды.

Есепті кезеңге депозиттер Қазақстан Республикасының келесі банктерінде орналастырылған:

Кесте 2- БЖЗҚ портфеліндегі шетелдік мемлекеттердің МБҚ және ХҚҰ облигациялары 01.04.2014 жылғы жағдай бойынша.

Эмитент

Ағымдағы құны мың теңгемен

Зейнетақы активтерінің ағымдағы құнынан барлығы пайызбен

Шетелдік мемлекеттердің МБҚ

US Treasury/ АҚШ Үкіметі

130 068 635,24

3,28%

РФ Қаржы министрлігі

4 641 651,03

0,12%

Барлығы:

134 710 286,27

3,40%

Халықаралық қаржы ұйымдары

Еуразиялық Даму Банкі (Евразийский Банк Развития)

53 165 513,81

1,34%

EBRD (Еуропалық Қайта құру және даму банкі)

17 591 924,93

0,44%

EIB (Еуропалық Инвестициялық Банк)

5 778 293,75

0,15%

Барлығы:

76 535 732,49

1,93%

Кесте 3- БЖЗҚ портфеліндегі екінші деңгейдегі банктердегі салымдар 01.04.2014 жылғы жағдай бойынша.

ЕДБ депозиттер

Эмитент

Ағымдағы құны мың теңгемен

Зейнетақы активтерінің ағымдағы құнынан барлығы пайызбен

«Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ

72 246 338,53

1,82%

«CaspiBank» АҚ

41 701 330,56

1,05%

«Цеснабанк» АҚ

36 048 642,22

0,91%

«Банк ЦентрКредит» АҚ

30 415 686,99

0,77%

«Еуразиялық банк» АҚ

25 664 517,96

0,65%

«АТФ Банк» АҚ

20 958 435,93

0,53%

«Казкоммерцбанк» АҚ

18 991 601,37

0,48%

«Банк ВТБ» АҚ ЕБ

11 342 140,28

0,29%

«Хоум Кредит» АҚ ЕБ

4 254 027,40

0,11%

«Альфа-Банк» АҚ ЕБ

4 142 739,73

0,10%

«Deltabank» АҚ

3 064 916,67

0,08%

«БАНК KASSA NOVA» АҚ

3 000 000,00

0,08%

«Банк «RBK» АҚ

2 555 611,11

0,06%

«Казинвестбанк» АҚ

1 513 222,22

0,04%

Барлығы:

275 899 210,96

6,96%

2014 жылдың наурызында «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ және «Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін қосудың және активтердің көлемін ұлғайтудың нәтижесінде ҚР корпоративтік облигациялардың үлесі портфельде 25,65%-дан 21,38%-ға дейін төмендеді. Екінші деңгейдегі банктердің және корпоративтік сектордың борыштық бағалы қағаздарына инвестицияланған активтердің үлесі сәйкесінше 11,93% және 9,46% құрайды.

Қаралып отырған кезең үшін «Маңғыстау үлестіруші электржелілі корпорациясы» АҚ облигацияларын 345,00 млн. теңге көлемінде өтеу жүзеге асырылды.

ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары есепті кезеңде сатылған жоқ.

Портфельдегі ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілігі жылдық 7,76% құрады.

Кесте 4- БЖЗҚ портфеліндегі ҚР екінші деңгейдегі банктердің облигациялар 01.04.2014 жылғы жағдай бойынша.

ҚР екінші деңгейдегі банктердің корпоративтік облигациялары

Бағалы қағаздың құны және оның эмитентінің атауы

Ағымдағы құны мың теңгемен

Зейнетақы активтерінің ағымдағы құнынан барлығы пайызбен

«Казкоммерцбанк» АҚ

58 889 925,80

1,49%

«Цеснабанк» АҚ

56 499 681,23

1,43%

«Каспий Банк» АҚ

49 168 869,08

1,24%

«Ресей Жинақбанкі» АҚ ЕБ

46 677 608,49

1,18%

«Еуразиялық банк» АҚ

44 537 152,29

1,12%

«Банк ЦентрКредит» АҚ

40 558 260,78

1,02%

«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ

36 452 956,23

0,92%

«Нұрбанк» АҚ

35 634 962,78

0,90%

«DeltaBank» АҚ

28 387 166,86

0,72%

«Темірбанк» АҚ

16 707 654,96

0,42%

«AsiacreditBank» АҚ

14 132 465,89

0,36%

«Банк «Bank RBK» АҚ

13 978 034,55

0,35%

«БАНК ХОУМ КРЕДИТ» АҚ ЕБ

10 687 205,69

0,27%

«АТФ банк» АҚ

6 791 470,28

0,17%

«БАНК ВТБ» АҚ ЕҰ

5 547 682,28

0,14%

«АЛЬФА БАНК» ЕБ

3 027 098,67

0,08%

«Эксимбанк» АҚ

2 794 216,58

0,07%

«Казинвестбанк» АҚ

1 305 924,27

0,03%

«Альянс Банк» АҚ

675 763,56

0,02%

«Банк KASSA NOVA» АҚ

207 217,60

0,01%

Кесте 4 жалғасы

«БТА Банк» АҚ

17 047,78

0,00%

Барлығы:

472 678 365,66

11,93%

«ҰларҮміт» ЖЗҚ және «Халық Банкінің ЖЗҚ» зейнетақы активтерін қосудың нәтижесінде инвестициялық портфельдегі шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигацияларының үлесі портфельден 1,05% құрады. Портфельдегі құрылымдық ноталардың үлесі портфельден 1,80% құрады.

Шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары және құрылымдық ноталары есепті кезеңде сатып алынған жоқ және сатылмады.

Қаралған кезеңде 30 000 000 АҚШ доллары көлемінде PPNMerrillLunch бөлігінде мерзімінен бұрын өтелді.

БЖЗҚ портфеліндегі ҚР эмитенттерінің акциялардың және депозитарлық қолхаттарының үлесі есепті кезеңде портфельден 3,13%-дан 4,47%-ға ұлғайды. ҚР эмитенттерінің акцияларының және депозитарлық қолхаттардың үлесі зейнетақы активтерін шоғырландырудың нәтижесінде ұлғайды.

ҚР эмитенттерінің акциялары және депозитарлық қолхаттары есепті кезеңде сатып алынған жоқ және сатылмады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдің құрылымы валюта бөлігінде мынадай түрде көрінеді:

ұлттық валюта – 82,79%;

АҚШ доллары – 10,95%;

тазартылған алтын – 4,26%;

ресей рублдері –0,04%;

малазиялық ринггиттер – 0,67%;

еуро – 0,09%;

ағылшын фунт стерлингтері – 0,18%;

бразилиялық реал – 0,88%.

мексикандық песо – 0,01%.

үнді рупилері – 0,05%.

қытай юандері – 0,08%.

1-сурет. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфель құрылымы валюта бөлігінде 01.04.2014 жылғы жағдай бойынша

2014 жылғы наурыз айы үшін БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық табыс/шығын - 3,61 млрд. теңгені құрады.

Инвестициялық табыс/шығын құрылымы:

  • Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар бойынша инвестициялық 1,061 млрд. теңгені құрады.

  • Бағалы қағаздар бойынша инвестициялық табыс 4,86 млрд. теңгені құрады.

  • Кері РЕПО операциялары бойынша инвестициялық табыс 272,92 млн. теңгені құрады.

  • Тазартылған асыл металдар бойынша (алтын) инвестициялық шығын (-6,66) млрд. теңгені құрады.

  • Валюталық қайта бағалаудан инвестициялық шығын (-3,15) млрд. теңгені құрады.

БЖЗҚ шартты зейнетақы бірлігінің өсу қарқыны 2014 жылғы наурыз айы үшін -0,14% құрады.

«БЖЗҚ» АҚ инвестициялық портфеліндегі зейнетақы активтері мемлекеттің қатысуы бар қазақстандық компаниялардың облигацияларына салынған:

«САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ – үкіметтің бақылауындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік активтерін басқару бойынша холдинг;

«Қазмұнайгаз» АҚ – қазақстан ұлттық мұнай компаниясы;

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ – Қазақстанның мемлекеттік банкі;

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ – ипотекалық кредиттердің қайталама нарығының операторы болып табылады және халыққа ұзақ мерзімді ипотекалық кредит беретін кредиторларды қайта қаржыландыруды жүзеге асырады;

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ – негізгі қызметі астықтың мемлекеттік қорларын және оның өнімдерін сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауын ұйымдастыру, жаңарту, ауыстырылуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған басқа да қызметтер болып табылатын ұлттық компания;

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ – электрмен қамдау аясындағы ірі компаниялардың бірі.

«Қазақстан Инжиниринг» АҚ – қорғаныс-өнеркәсіптік бөлік бойынша мәселелерді шешуге арналған Қазақстан Республикасының ұлттық компаниясы.

«Самрұқ-Энерго» АҚ – Қазақстандағы электрэнергиялық активтерді басқару жөніндегі мемлекеттік холдинг.

ҚР корпоративтік облигацияларының үлесі 16,81 % құрады.

Инвестициялық портфельдегі шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары үлесі 0,14% құрады. Портфельдегі құрылымдық ноттардың үлесі портфельдегі зейнетақы активтерінен 1,03% құрады.

Инвестициялар ішінде мынадай шетелдік компаниялардың облигациялары бар:

JP Morgan Chace Bank – әлемдегі көне және ең беделді қаржы компанияларының бірі. Нью-Йоркте орналастырылған қаржы институты, инвестициялық және коммерциялық банктік қызметтер аясында көшбасшы болып саналады.

Bank of America Merrill Lynch - Bank of America бөлімшесі болып табылатын ірі корпоративтік және инвестициялық банк.

Есептік кезең үшін Қор портфеліндегі акциялар мен ҚР эмитенттерінің депозитарлық қолхаттарының үлесі 1,72 % құрады.

Инвестициялар ішінде мынадай ҚР компанияларының акциялары және депозитарлық қолхаттары бар:

«Қазақстанның Халықтық Жинақ банкі» АҚ – еліміздің ірі активтер көлемі бойынша екінші жүйеқұраушы әмбебап коммерциялық банкі;

«Қазмұнайгаз БӨ» АҚ – қазақстан мұнай компаниясы. Акционерлік қоғам «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес банкі болып табылады;

«Қазақтелеком» АҚ – ұлттық байланыс операторы мәртебесі бар Қазақстанның ең ірі телекоммуникациялық компанияларының бірі;

«КазТрансОйл» - «Қазмұнайгаз» АҚ еншілес кәсіпорны, мұнай тасымалдаумен айналысады;

«Kcell» АҚ – ҚР ең ірі ұялы байланыс операторларының бірі.

Инвестициялар ішінде мынадай шетелдік компаниялардың акциялары бар:

- Freeport-McMoRan Copper & Gold Inc. –әлемдегі ең төменгі шығасыларымен мыс өндіруші американдық компания, сонымен қатар әлемдегі ең ірі алтын өндірушілердің бірі;

- Deutsсhe bank – Германияның ірі банктік концерні. Банк негізінде инвестициялық – банктік және коммерциялық қызметтермен айналысады;

- Deutsche Telekom – Еуропадағы ең ірі және көлемі жағынан әлемдегі үшінші германиялық телекоммуникация компаниясы;

- Rio Tinto PLC – көлемі жағынан әлемде екінші трансұлттық кен ісі тобы болып табылатын австралия-британдық Rio Tinto Group концерніне енетін операциялық компанияның бірі;

- Ресей Жинақбанкі – қызмет ауқымы бойынша да, филиалдық желі мөлшері бойынша да Ресейдегі ірі банк.

«ВТБ Банк» БАҚ – ресейлік коммерциялық банкі. Активтер шамасы бойынша елдегі екінші банк (Жинақбанктен кейінгі) және жарғылық капитал мөлшері бойынша бірінші банк.

Зейнетақы активтерінің құрылымдық үлестірілуі БЖЗҚ уақытша инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкеседі. Валюталық позициялардың үлестері рұқсат етілген деңгей шеңберінде қалады және БЖЗҚ уақытша инвестициялық декларациясының талаптарын бұзбайды.

    1. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлардың қазіргі жағдайы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін. 

2004 жылдың 21 сәуірінде Қор заңды тұлға ретінде тіркелді (тіркеу туралы куәлік №16157-1901-АО). 2004 жылдың 01 шілдесіндегі № 10 қабылдау-беру Актісіне сәйкес, Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiне берілді. Жарғылық капиталы 45 950 000 теңге болғанда акция шығару көлемі номиналды құны 1 000 (бір мың) 45 950 мың теңгені құрайды.Шығарылған акциялардың саны 45 950 жай акцияны құрайды KZ1С51240014, шығу формасы құжатсыз. Акция шығару толықтай төленген, Қорда орналастырылмаған акция жоқ. 

Қордың құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады.

Жалғыз акционер Қордың жоғарғы органы болып табылады. Жалғыз акционердің құқықтары мен міндеттері әлеуметтік сақтандыру туралы Заңмен белгіленген шектеулері ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 Заңымен белгіленеді. 

Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады. Директорлар Кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қор Жарғысына жататын жалғыз акционердің ерекше құзырларынан басқа Қор қызметіне жалпы жетекшілікті жүзеге асырады. 

Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүргізетін Қор Президенті атқарушы орган болып табылады. 

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізеді. 

Қор қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады.  Қордың негізгі қызметтерi:

  • әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асырады;

  • мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік аударымдарды жинап, әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүргізеді

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді Қордың

  • мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;

  • бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;

  • Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;

  • қаржы қозғалысы туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан ақпарат алуға;

  • мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар. Қор:

  • Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

  • Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;

  • Жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;

  • Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.

  1. Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың экономикаға тигізетін әсері және оларды жетілдіру жолдары

Қазақстан республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы зейнетақымен қамтамасыз етудің сферасында негізгі субъектісі ретінде мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін басқару компаниялары және кастодиан-банктердің пайда болуына, дамуына жағдай жасады.

Зейнетақы реформасын жүргізілген 1-2 жыл ішінде, жинақтаушы зейнетақы қорларының, қажетті талаптары мен мемлекеттік реттеудің деңгейіне байланысты экономикаға қажетті инвестициямен қамтамасыз етуіне мүмкіншілігі бар екенін көрсетті. Зейнетақы реформасының мақсаты біреу-ақ қарттарды әлеуметтік қорғау және экономикалық дамуға әсер ету. Осы уақытқа дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қарттарды, жұмыс істемейтін халықты қамтамасыз етуге мүмкіншілігі болмады. Қазақстан Республикасында зейнетақы реформасының Үкімет қабылдаған концепциясы үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің даму қажеттігін айқындайды. Оның ішінде мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі де бар: ол банк және сақтандыру жүйесінің қызметтері арқылы, - мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары халықтың қартайған шағында, жұмысқа қабілеті жойылған кезде материалдық негізін қалауға қажетті қаражатты жинауға мұқтаждығын қамтамасыз етеді. Зейнетақы қорларының активтері кәсіпорындар мен ұйымдардың міндетті зейнетақылық жарналарынан, азаматтардың жеке жарналарынан және де осы төлемдерді инвестициялаудан түсетін табыстардан құралады.

Жинақтау зейнетақы қорлары қызметінің ерекшеліктеріне байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық концепцияларды қолдануы қажет, жинақтау зейнетақы қорлары қаржы нарығының ұзақ мерзімді секторының қатысушысы болып табылады.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері ұзақ мерзімді болап табылады да қаржы инструменттеріне инвестицияланады және күнделікті айналымнан алынып тасталынады. Зейнетақы қорларының активтері елдің қаржы жүйесінің стабилизаторы болып табылады. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: зейнетақы қорлары қаржыны жинақтауға және оны біздің елімізде оны реттеуге жағдай жасай алады. Ұзақ мерзімді айналымды дамытуға арналған мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері Қазақстан экономикасына ең қажетті ұзақ мерзімді инвестицияны тартуға және де Қазақстанның қор нарығының өзгеше стабилизаторы бола алады.

Жинақтау зейнетақы жүйесінде бірқатар мәселелер бар. Ең маңызды мәселе – халықтың қорларға сенімінің бірден қалыптаспауы. 2000 жылдан бастап қана жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары көбейе бастады.

Зейнеткерлік туралы тағы бір мәселе – ол зейнеткерлікке жақындағандар, яғни елуден асқандар, тіпті қырықтан асқандар мәселесі. Әсіресе, жеке меншік кәсіпорындарда жасы ұлғая бастағандарды жұмысқа алмау заңға айналғандай көрінеді.

Зейнетақы қорларының әрі қарай дамуы үшін осы жүйеге қатысушылардың жұмысын қадағалап, зейнетақы көлемі мен оған түскен ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын бекітті. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеуші комисия қорлардың әрбір түріне жарғылық қордың төменгі мөлшерін, лицензия беру, реттеу және бақылау қызметі арқылы зейнетақы жинақтарының мүлтіксіз сақталуын және қайтарылуын қорғайды. Мемлекеттік емес зейнетақы қоры – коммерциялық ұйым, оның қызметі кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың ерікті мақсатты жарналарын жинауға, оларды зейнетақы активтерін басқару компаниялары арқылы инвестициялау және зейнетақы жүйесінің қатысушыларына зейнетақылық төлемді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларында зейнетақы жинағының сақталуы Үкіметпен қабылданған бірқатар шаралар арқылы қамтамасыз етіледі. Ең маңызды сақтау деңгейі зейнетақы активтерін бөлек бөлек заңды тұлға – зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялауды жүзеге асыруын айтуға болады. Одан басқа, барлық инвестициялау операциялары арнайы лицензиясы бар кастодиан-банктер арқылы өтеді. Ал өз кезінде кастодиан-банктер және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін жүзеге асыратындар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді.

Қазақстанның 2050 жылға даму стратегиясына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің айналымын арттыру, халықарлық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес зейнетақы қорларымен қолданылатын мадақтау және зейнетақы қорларына жоғары сапалы шетел қаржы активтеріне инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайтылады. Зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін дамыту үшін ішкі нарықта оларға зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайту қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін зерттеу оның ерекшеліктері мен маңызды белгілерін айқындауға мүмкіндік берді.

Жалпы жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі инфляция жағдайында салушылардың қаражаттарын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты инвестициялау инструменттерін таңдау олардың сенімділігіне байланысты жүргізіледі. Қаражатты сақтау мақсатында төмен тәуекелді, өзі табысты инструменттерге салуға ұмтылады.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекет тарапынан зейнетақы қорларының қаражатын ел экономикасы үшін өте маңызды инвестициялық бағдарламаларға орналастырған орынды болар еді.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының сенімділігін көрсететін негізгі және шындыққа негізделген тәсілдердің арсынан, қазіргі кездегі әлеуметтік – экономикалық жағдайға байланысты мына факторларды бөліп көрсетуге болады:

  • әртүрлі жағдайлардан салушылардың қаражаттарын сақтандыру;

  • мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының жылжымайтын мүлік және зейнетақы төлемдерін сақтандыру;

  • өзіндік резервтік қорларды құрып, оларды жарғылық қормен байланыстыру.

Қазіргі таңда нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау жөнінде және басқа да қыруар жұмастар атқарылып жатыр. Оларды қабылдаудың қажеттілігі Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңынын жүзеге асыру үшін қажет. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Мемлекеттік сақтандыру қоры жүйесін автоматтандыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Аталған жүйені құрудың мақсаты әлеуметтік есептеулер мен төлемдер есебі процесін автоматтандыру болып табылады. Осы жүйе қолданыстағы зейнетақы төлеу жүйесіне кірігіп және Қазақстандық банкаралық есептер орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуін қамтамсыз ету үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүргізу жөніндегі шаралар жоспары жасалды. Оның ішінде, негізінен, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушыларының іс-қимылын халықпен, іскерлермен, қоғамдық ұйымдармен, жұмыс берушілермен кездесу өткізуге, бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жұмылдыру көзделген. Егер әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы тұлға қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасындағы мүшелеріне беріледі.