Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
97.32 Кб
Скачать

1 Бөлім. «Сауда саясатын дамыту орталығы» ақ ұйымдық құрылымы

1.1 Ұйымның құқықтық мәртебесі

«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен 2006 жылы 30 маусымда құрылған. Бұл орталық жүз пайыз мемлекеттің жарғалық капиталға қатысуымен құрылған және қоғамның акционері ретінде Қазақстан Респуликасы экономикалық даму және сауда министірлігі болып табылады.

«Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 қаулысымен Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кеңейту және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігінің экономикалық салдарларына талдау жасау мақсатында құрылды.

Қоғамның заңдық мәртебесі

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктік шоттары бар, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алады және жүзеге асырады, сотта ізденуші және жауапкер бола алады.

Қоғамның өз атауы жазылған мөрі, бланктері және өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да деректемелері болады.

Қоғам өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Жарғыны, сондай-ақ корпоративтік басқару кодексін басшылыққа алады.

Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқығы бар.

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен заңды тұлға болып табылмайтын және қоғамның атынан және тапсырмасы бойынша олар туралы Ереженің негізінде әрекет ететін, оның орналасқан жерінен тысқары орналасқан филиалдарын (өкілдіктерін) құруға болады.

1.2 Ұйым қызметінің жалпы сипаттамасы

2010жылдың1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел Ресей, Бе­ло­русия Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті.

Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ­қа мүше мемлекеттер ішін­де­гі кедендік тосқауылдардың бол­мауында және кез келген сыртқы та­уарға, оның қай елге тасы­мал­данатынына және ортақ ше­карадан қай жерде өткеніне қара­мастан бірыңғай кедендік та­­лапты қалыптасуында. Ке­ле­шекте біртұтас көліктік, энер­гетикалық, ақпараттық ке­ңістік құрылуы тиіс, интег­ра­циялық процестер жеделдетіледі, то­лыққанды жалпы рынок қа­лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу­меттік-экономикалық да­мудың ортақ мақсаттарына ке­ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин­новациялық, сыртқы эко­но­микалық және әлеуметтік сая­сат­ты қалыптастырады.

Кедендік одаққа қатысудан Ре­сей, Қазақстан және Бе­ло­руссия қандай дивидендтер ала­тын­дығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем деген де 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ биснесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.

Сауданы дамыту орталығы қазіргі кезедегі кедендік одақ мүшелері, яғни Ресей Федерациясы, Қазақстан және Беларусь мемлекеттер арасындаға одақ нәтижесінде пайда болатын тауар айналымдарын, сыртқы экономикалық және еліміздің жекелеген аймақтарының сыртқы саудаға байланысты аналитикалық талдаулар жүргізеді. Соңғы жаңалықтарға сүйентін болсақ, одақ мүшелігінің құрамасына қараушы ретінде 2015 жылға дейін Украина болуы мүмкін.

Кесте 1. «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ құрылымы.

Директорлар кеңесі

Бас директор

Кеңесші

Бас директордың орынбасары

Сауданы дамыту департаменті

ДСҰ департаменті

Сауда шешімдерін қабылдау департаменті

Қызмет көрсеті және инвестиция жөніндегі заңнамалық талдау департаменті

Ақпараттық жұмыс департаменті

Сауда экономикалық ынтымақтастық департаменті

Қаржы-әкімшілік департаменті

Орталықтың негізгі қызметіне келесілер жатады:

1) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болған кездегі экономикалық өзгерістерге талдау жасау;

2) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық сауда бойынша заңнамаға ұсыныстар әзірлеу;

3) Мемлекетаралық сауда келіссөздер және мемлекетарылық экономикалық келісімдер бойынша консультациялық көмек көрсету;

4) Жалпы сауда режимі бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) заманауи мемлекетаралық сауда жүйесі бойынша ақпараттарды тарату;

Орталық қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі шеңберінде қабылдаған міндеттемелеріне сәйкес оның осы ұйымыға кіруінің экономикалық салдарларына талдау жүргізу;

2) ДСҰ-ның шешуші келісімдерінің ережелерін ескере отырып Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

3) халықаралық сауда келіссөздерінің ұстанымдары мен халықаралық экономикалық келісімдердің жобаларын әзірлеген кезде консультациялық қолдау көрсету және сыртқы саудаға қол жеткізу мен халықаралық сауда дауларын шешуге байланысты проблемаларды қарау;

4) Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, ДСҰ сияқты және басқа өңірлік бірлестіктер шеңберінде жалпы сауда режимін құру және көршілес елдермен, сондай-ақ өңірлік бірлестіктер шеңберінде еркін сауда аймақтарын құру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

5) халықаралық сауданың қазіргі заманғы жүйесі мен оны реттеу принциптері, сауда саясатының шаралары, жеке ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің шешуші құрамының кәсіби деңгейін арттыру туралы ақпарат пен білімді кеңінен тарату.

Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.

Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда қазақстандық делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде:

— Тауарлар рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен соң Қазақстан пайдалануға құқық алатын импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүше-елдермен анықтау және келісуді көздейді;

— Қызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердің шығу шарттары болып табылады;

— Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді;

— ДСҰ қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер;

Жеке елдермен өткізілген екіжақты келіссөздердің 14 раундының қорытындылары бойынша Қазақстан тауарлар нарығына шығу жөнінде келіссөздердің соңғы мәресіне жетті. Бүгінгі таңда тарифтік міндеттемелерді егжей-тегжейлі талқылап, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада сияқты елдермен диалог құруға қол жеткізді. Сонымен қатар қызметтер нарығына шығу жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі қарқынды жүргізуге негіз қаланды.

Бүгінгі таңда Грузия Пәкістан Түркия Оман Сұлтанаты Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.

Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет,АҚШ, ЕуропалықОдақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]