Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
97.32 Кб
Скачать

2 Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және қызметін талдау

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қар-жы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-ды" деп жазған.

Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен си-патталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдалану-мен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

2.1 Кәсіпорынның қызметін талдау

Сауданы дамыту орталығы өзіндік талдау мәліметтерін негізінен Қазақстан Республикасының Статистика агентігі, кедендік бақылау агенттігінен және тағы да басқа сыртқы экономикалық қарым-қатынасқа негізделген мәліметтер арқылы аналитикалық талдауын жасайды. Жасалған талдау негізінде еліміздің белгілі бір мерзімдегі қандай өзгерістерге және облыстардың импорт пен экспорт бойынша ауытқуларын бақылау арқылы экономикалық тиімді шешімдер қабылдау үшін өзінің ұсыныстарын ұсынады. Мысалы ретінде атқарылған жұмыстардан келесідей мәліметтер ұсынамын:

Кесте 2. Қазақстан мен Беларусияның сыртқы саудаға байланысты сауда индикаторы.

Көрсеткіш

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

Қазақстаннан Белорусияға экспорт (млн USD)

129,3

170,8

54,7

247,1

103,5

ҚР экспортының ішіндегі меншікті үлесі

0,27

0,24

0,13

0,41

0,12

ҚР Белорусияға импорт (млн USD)

396,0

396,2

367,1

478,7

623,4

ҚР импортының ішіндегі меншікті үлесі

1,21

1,05

1,29

1,55

1,64

ҚР Белорусиямен тауар айналымы (млн USD)

523,3

567,0

421,8

725,8

726,9

ҚР жалпы тауар айналымындағы үлесі

0,65

0,52

0,59

0,8

0,58

ҚР Белорусия арасындағы саудалық балансы

-266,7

-225,4

-312,4

-231,6

-519,9

2007-2011 жылдар аралығында ҚР Украина арасында сауда байланысы 2011 жылы ең жоғарғы деңгейге жетті, бұл жылы екі мемлекеттің арасындағы тауар айналымы 726,9 млн.АҚШ долл жетті. Екі жақты сауда көрсеткіші тек қана 2009 жылы 25% төмендеген (базисті жылмен салыстырғанда).

2007 жылмен салыстырғанда ҚР Украина арасындағы бірігей сауда көрсеткіші 38% жоғарлады.

Кесте 3. ҚР Украинаға экспорт көрсеткіші.

Экспортық өнім түрі

Экспорт, млн АҚШ долл

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

Өнделген

467,2

751,5

367,4

418,8

606,2

Шикізат

645,9

1251,8

921,8

246,8

2064,3

Барлығы Экспорт

1113,1

2003,3

1289,2

665,7

2670,5

2011 жылы өнделген өнім құрамасында ең көп үлесті минералды өнімдер, металдар және одан жасалынатын өнімдер, химия өнеркәсібіне байланысты өнімдер орын алады. Аталған өнімдер ҚР Украинаға экспорттың өнделген өнімдер ішінде 95,6% құрайды. Минералды өнімдер экспорты 2007 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 2 есе өскен, яғни 433,3 млн. АҚШ долл құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]