Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

4. Мәтінді оқып, пікір алмасыңыздар.

Қазіргі журналистиканың басты функциясы – адамдардың қоғамдық санасын дамыту. Азаматтық қоғамның талабына сай келетін әлеуметтік-психологиялық сананы да қалыптастыратын – публицистика жанры.

Баспасөз қызметкерін оқырман психологиясын қалыптастырудың көзі деп айтуға да болады, өйткені ол материалды оқу барысында ойланады, сезінеді, оның талғамы оянады. Дегенмен журналистикада пікірдің қалыптасуынан гөрі қоғамдық сананың қалыптасуы алғашқы орында тұруға тиіс.

Диалектикалық байланысты ұмытпау керек: қоғамдық пікір қоғамдық сананың нәтижесі ғана емес, оны өзгертудің де кепілі.

Журналистиканың өлшемі де көпшілік аудитория санасындағы өзгерістер болмақ.

(В.Ворошилов, «Журналист»)

5.Мәтіннен шылауларды атаңыз, мағыналарын түсіндіріңіз.

Үлгі:да – жалғаулық шылау.

6. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойыңыз.

1. Асқар ... Айман үйлеріне қайтты.

2. Институтқа ... біраз жер бар.

3. Сабаққа сен ... келген жоқсың.

4. Кешке қар ... жауды, жаңбыр ... жауды.

5. Олар ерте келді, ... есік жабық екен.

Бөж тапсырмалары

7. Сөз тіркестермен сөйлемдер құраңыз.

Журналистика арқылы, азаматтық қоғам туралы, он шақты, жүз шамалы, дегенмен орындалуға тиіс, сонда да ұмытпау керек, журналистер ғана.

8. Журналистиканың қоғамдағы атқаратын маңызды рөлі туралы газет, журналдардан нақты ақпарат дайындаңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары.

  1. Қазіргі журналистиканың міндетті не?

  2. Қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен дамуын айтыңыз.

  3. Журналистикада қоғамдық сананың қалыптасуы алғашқы орында тұруға тиіс пе?

  4. Ғаламтор желілеріне туралы ақпарат беріңіз.

5. Шылау, оның түрлері.

14 Сабақ.

Сөз еркіндігі – демократия тірегі.

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

1. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

Ыдырау, пайыз, пікір таңдау, бәсекелесу, үрдіс, таралым, сөз бостандығы, тосқауыл қойылу.

2. Сөздікті біліп алыңыз.

ыдырау – расформироваться

тіркелу - регистрироваться

пікір таңдау – выбор мнений

бәсеке – конкуренция, бәсекелесу – конкурироваться

ұстану - придерживаться

бейімделу – приспосабливаться

шектен шығушылық - беспредел

қатаң тосқауыл – строгий запрет

сенімсіздік - недоверие

ақпараттану - информировать

оқиғаны сынау – критически подходить событиям

бақылау жасау - контролировать

3. Мәтінді оқып, мазмұндап айтып беріңіздер.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болуының өзі демократияның бастауы еді.

Мәселен, 1990 жылы елімізде 552 БАҚ тіркелсе, 1991 жылы ол 740-қа жетті. Ал 1992 жылы 1057 газет, 280 журнал, 202 телекомпания, 74 телерадиокомпания және 80 радиокомпания жұмыс істеді. ...

Қазір республикада 2116 БАҚ субъектілері болса, олардың 23 пайызы мемлекеттік, 77 пайызы мемлекеттік емес. Қазақ тіліндегілерінің үлесі 17 пайыз, орыс тілінде 33 пайыз, қазақ және орыс тілдерінде 36 пайыз, басқа тілдермен аралас 14 пайыз БАҚ субъектілері жарыққа, эфирге шығады. Бұл – үлкен күш.

Қазіргі таңда әрбір қазақстандық кез келген ақпаратты қалаған арнадан немесе басылымнан ала алады және оларға пікір таңдау құқығы да берілген.

Өмір шындығын жазу мен қоғамдық пікірді қалыптастыруда бәсекелесу үрдісі де бар. Кейбір басылымдар парасаттылықтан кетіп, түсініксіз принциптерді ұстануға бейімделіп барады. Мәселен, көлемі 90 беттен асатын таралымы жоғары «Караван» газетінде порнографиялық суреттерді басу ерсі саналмайды. Көшірме, аударма басу материалдарынан басқа ату, нашақорлық, кісі өлімі туралы материалдар тым көп. Президент Жолдауындағы: «...Сөз бостандығын пайдаланудағы шектен шығушылыққа қатаң тосқауыл қойылуы шарт» деген жолдардың бүгінгі уақыт талабынан туындап отырғаны күмәнсіз. Ақиқаттан алшақтау халық арасында сенімсіздік туындатады. Ал халық сенімі, атақты Конфуций айтқандай, мемлекеттің басты үш ресурсының ең маңыздысы...

БАҚ-тың демократияға өтуінің негізгі принциптері – ақпараттану, оқиғаны сынау, халыққа білім беру және тәрбиелеу, халықты әлеуметтендіру, қоғамдағы әлеуметтік топтардың өмір сүріп отырған режиміне бақылау жасау...

(Сембай Қисымов)