Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Әйгілі ғалым Лев Николаевич Гумилев 1912 жылы орыстың көрнекті ақындары Николай Степанович Гумилев пен Анна Ахматованың отбасында туды. Бұл отбасына 20-30 жылдардағы қуғын-сүргін көп қиындық әкелді. Әкесі «халық жауы» атанып, атылды, анасы қудалауға түсті.

Л.Н.Гумилев есімі қазақ жұртшылығы үшін аса құрметті. Ол өзінің саналы өмірін біздің тарихымызды зерттеуге арнады. Оның «Этногенез және жер биосферасы» атты еңбегі тарих, биология, психология, география салаларын қамтыған және бұл еңбек оның есімін әлемге әйгілі етті. «Қиял патшалығын іздеу» атты еңбегі Түркі қағанатынан бастап монғол империясының құлауына дейінгі дәуірді қамтыған. Ал «Ғұндар», «Ежелгі түріктер» атты кітаптары көшпенділердің ұзақ жылдық тарихын жүйеледі. Осылайша Еуропа мен Азияның ұлан-ғайыр даласында тіршілік еткен халықтардың тұтастай тарихы жасалды. Бұл еңбектер түркітану ғылымына қосылған қосылған елеулі еңбектер болып табылады.

Бір сөзбен «Еуразиялық» ұғымның, идеяның түп қазығын біз Гумилев шығармаларынан кездестіреміз.

Еске түсірейік:

Бірде етістіктің, бірде есім сөздердің қызметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп аталады. Оның жұрнақтары:

-ған, -ген, -қан, -кен (бар-ған, кел-ген, айт-қан, күт-кен);

-ар, -ер, -р (бар-ар, кел-ер, оқы-р);

-атын, -етін, -тын, -тін (бар-атын, кел-етін, оқи—тын).

4.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Лев Николаевич Гумилев қашан және қандай жанұяда дүниеге келген?

2) Қазақ жұртшылығы үшін Л.Н.Гумилевтің орны қандай?

3) Л.Н.Гумилевтің еңбектері жайлы не білесіздер?

4) Біз Л.Н.Гумилев шығармаларынан не білеміз?

5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.

Әйгілі еткен, қудалауға түсті, аса құрметті, саналы өмірін арнаған, дәуірді қамтыған, көшпенділердің тарихын зерттеген, тұтастай тарих, елеулі еңбектер жазған, идеяның түп қазығы, Гумилев шығармалары.

6. Сұхбаттасыңыздар.

- Арман, сен қай университетте оқисың?

- ---------------------------------

- Қандай маманыққа оқисың?

- ---------------------------------

- Сіздердің университеттеріңіз неліктен Л.Н.Гумилевтің есімімен аталады?

- ----------------------------------

- Л.Н.Гумилев кім?

- ----------------------------------

- Ол қандай еңбектер жазған?

- ----------------------------------

-Университетте Л.Н.Гумилевтің ғылыми жұмыстарына арналған мұражай бар ма?

- ----------------------------------

- Сендер онда не істейсіңдер?

- ----------------------------------

Бөж тапсырмалары

7. Мәтіндегі қуғын-сүргін, «халық жауы», жұртшылығы, көшпенділердің, ұланғайыр, тұтастай, елеулі сөздерінің мағынасы мен құрамын ажыратыңыздар, олармен сөз тіркестерін жасаңыздар.

Есімше және оның жұрнақтары жайлы естеріңізге түсіріңіздер.

8. «Лев Николаевич Гумилев» жайлы реферат дайындаңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1. Лев Николаевич Гумилевтың ғұмыры жайлы не білесіз?

2. Қазақ елі үшін Л.Н.Гумилевтің қандай үлес қостыңыз?

3. Біз Л.Н.Гумилев шығармаларынан не білеміз?

4. Есімше. Оның жасалу жолдары.

5 сабақ

Біздің университет.

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

  1. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

Жалпықазақ университеті, түлектер, элитарлық білім ордасы, дәріс оқиды, парасатты азаматтар, мәдени құндылықтар, абырой мен бедел.

2. Жаңа сөздерді игеріңіздер.

Аймақ - регион

элитарлы - элитарлық

дәріс - сабақ

адамгершілік - нравсттвенный

мәдени құндылықтар – культурные ценности

абырой-бедел

3. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыздар.

ЕҰУ – жалпықазақ университеті. Мұнда еліміздің барлық аймағынан келген жастар білім алуда. Біздің университет ТМД елдері мойындайтын диплом алып шығатын мамандар дайындайды. Университет өз түлектеріне Қазақстанмен қатар бірнеше алыс, жақын шет елдерде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Ол - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әртүрлі мамандыққа даярлайтын элитарлық білім ордасы. Осы университетке еліміздің түкпір-түкпірінен ел басылары, басқа да жоғары лауазым иелері келіп, студенттер алдында сөз сөйледі. Олардың ішінде Ресей президенті В.Путин, НАТО-ның бас хатшысы Дж. Робертсон, Ватикан Басшысы, Рим папасы Иоанн Павел ІІ бар.

ЕҰУ студенттерінің алдында министрлер, парламент депутаттары, елшілер, мол тәжірибелі мамандар дәріс оқиды.

ЕҰУ құрамына Дипломатиялық академия, 100-ден аса мамандық бойынша кадрлар дайындайтын сегіз факультет кіреді. Басты мақсат – республиканың парасатты азаматтарын дайындау, студенттерді жоғары адамгершілік, мәдени құндылықтар рухында тәрбиелеу.

Университет түлектері қазір республикамыз бен одан тыс жерлерде жемісті еңбек етіп, үлкен абырой мен беделге ие болуда. Олардың қатарында облыс, қала және аудан басшылары, жүздеген ірі мекеме, кәсіпорын жетекшілері, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі, Мәскеу мемлекеттік ашық университетінің ректоры бар.