Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астана Практика.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.27 Mб
Скачать

2 Жылу жүйесінің схемасы

Гидравликалық есепті орындау үшін жылумен қамту ауданының бас жоспары бойынша анықталатын жылу көзі мен абоненттер ара қашықтығын білу керек. Бас жоспар студенттердің өздерімен құрылады, онда берілген жылумен қамту ауданының ерекшеліктерін ескеру шарт. Ауылдық аймақтағы жылумен қамту ауданының бас жоспарының мысалы 2-суретте көрсетілген. Егер жылумен қамту ауданы қалада орналасса, биіктіктердің ауытқуын беруге болады. Бас жоспарда қысқы және жазғы айлардың жел тармақтары бейнеленеді, желдердің бағыттар бойынша қайталануы қосымша 9 берілген.

Жылу көзінің және жылу тұтынушылардың орналасуы басты жел бағытын ескеруі міндет.

Жылу трассасының жоспары мен профилін таңдаған кезде келесі жайттарды басшылыққа алу керек:

  1. Жер үсті төсемдері, арзан болғандықтан, өндіріс объектілері мен салынбаған аудандар және шалшықты, қатты қиылыспалы мекендерге ұсынылады.

  2. Жерасты төсемдері қаланың салынуға тиіс аудандарына қолданылады. Жерасты төсемдері өтпелі және өтпейтін каналдарда каналдар жүйесін дренирлеу жағдайын қиындатады, жүйелер салуды қымбаттатады.

  3. Жылутрассасы түрлі инженерлік құрылыстарды кесіп өткендіктен арнайы қосындылар мен қорғау құралдарын талап етеді, сондықтан кесіп өту (мүмкіндігінше) тік бұрышты болып, құрылыс пен құбыр арасындағы қажетті саңылаулардың сақталуымен жасалуы шарт.

Трасса жоспары бойынша аймақ профилі құралады және онда құбырды төсеу амалы таңдалады, яғни трасса профилі (сурет 3). Құбыр диаметрлерін есептегеннен кейін каналдар, траверстер, эстакадалар мен құрылыстардың қажетті өлшемдері «канал немесе эстакада типі» бөліміне енгізіледі. Трассаның жоспары мен профилінің көмегімен аумақтардағы бұрылыстар мен көтерілулер саны оңай есептеледі.

Сурет 2. Жылуберетін ауданның бас жоспары М1:10000

Сурет 3. Жылу тарататын жүйе жолының профилі

Сурет 4. Жылу жолының сұлбасы

3 Желілік судың шығынын анықтау

Орталықтандырылған жылу беруді реттеудегі сулық жылу жүйелеріндегі құбыр диаметрін анықтауға арналған судың есептік сағаттық шығынын жылу беру үшін, желдету және ыстық сумен қамту үшін бөлек келесі формулалар бойынша анықтап, кейін қосу керек.

Жылытуға судың есептік сағаттық шығыны:

. (3.1)

.

.

.

Желдетуге судың есептік сағаттық шығыны:

. (3.2)

.

.

,

мұнда және -сәйкесінше өндіріс пен тұрғын ауданның жылыту мен желдетуге кеткен максимал жылу шығыны, кДж/с;

с – судың жылусыйымдылығы (қосымша 10), кДж/(кг.град);

- сыртқы ауаның температурасындағы сулық жылу жүйесінің беруші және кері жолындағы су температурасы,°С;

- сыртқы ауаның температурасындағы сулық жылу жүйесінің беруші және кері жолындағы су температурасы, сәйкесінше және тең деп қабылдана алады,°С.

Жылытуды жобалауға арналған қосқұбырлы су жүйелеріндегі беруші құбырдағы сыртқы сыртқы ауаның есептік температурасындағы су температурасы = 150°С деп қабылданады.

Бір мезгілде қосқұбырлы су жүйелерінде жылу жылытуға, желдетуге және ыстық сумен қамтуға берілсе, орталықтандырылған жылу беруді сапалық реттеу қолданылу керек. Бұл кезде кері құбырдағы су температурасы жабық жылумен қамту жүйелері үшін = 70°С және ашық жүйелер үшін = 60°С деп қабылдану керек.

Жылумен қамтудың ашық жүйелеріндегі ыстық сумен қамтуға кеткен судың есептік шығыны:

, (3.3)

мұнда және - жүйеге түсетін тұтынушыларды ыстық сумен қамту және суық суқұбырының су температурасы (жоғары қара),°С.

Жабық жүйедегі тұтынушылардың сужылытқыштарының қосылуының параллель схемасындағы ыстық сумен қамтуға кеткен судың есептік шығыны:

, (3.4)

.

.

,

мұнда t11 –су температура графигінің сыну нүктесіндегі жылу жүйесінің беруші құбырындағы су температурасы, t11 = 60…80 оС;

t23 - ыстық сумен қамту параллель қосылған су жылытқыштан кейінгі су температура графигінде сыну нүктесіндегісу температурасы, t23 = 30оС деп қабылдау ұсынылған.

Жылу жүйесінің әрбір учаскесі үшін судың есептік шығыны есептеледі. Нәтижелері кесте 2 енгізіледі.

Кесте 2

Судың есептік шығындары

Участок номері

Судың есептік шығындары, кг/с.

Gо

Gв

Gгв

Gр

0 – 3

0 – 1

1 – 3

18,52

6,99

3,3*103

3,31*103

4,99

1599,32

1604,32

30,5

46,13*103

4138,91*103

Жылумен қамтудың жабық жүйелерінде судың есептік қосынды шығыны жылу жүктемесінің әр түріне кеткен есептік су шығыны болып табылады, бұл ретте жылу жүйесіндегі су бөлектенбегендіктен беруші және кері жолдағысы бірдей

, кг/с, (3.5)

мұнда -жылытуға, желдетуге және ыстық сумен қамтуға кеткен жүйелік судың есептік шығыны, кг/с.

Ашық жүйелерде түрлі жағдайларда беруші және кері жолдағы судың есептік шығыны әр түрлі болып шығады. Дегенмен, жүйенің беруші және кері жолы, әдетте, бірдей диаметрде төселеді. Мұндай жылу жүйелеріндегі судың есептік шығыны келесі жағдайлардан таңдалу керек су шығынындағы қосынды арын беруші (Gо + Gв + Gгв) және (Gо + Gв) жолдағы бірдей беруші және кері жолдағы су шығынындағы қосынды арын жоғалтумен тең болуы шарт. Ашық жүйедегі жылу желісінің диаметрін таңдау шарт есептік су шығыны:

= , кг/с, (3.6)

мұнда Gов = Gо + Gв – жылытуға және желдетуге кеткен желілік судың қосынды шығыны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]