Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
64465265151564.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
442.88 Кб
Скачать

3. Өкіл-тауарларды (қызметтерді) іріктеу

Базалық кәсіпорындарда бағаны тіркеу үшін өкіл-тауарларды (қызметтерді) іріктеу өндіруші кәсіпорындардың бағасын бақылауға арналған Өнеркәсіп өнімдері мен өндірістік сипаттағы қызметтер тізбесіне (әрі қарай - Тізбе) сәйкес жүргізіледі.

Тізбе республика үшін салыстырмалы маңыздылыққа ие және көптеген өңірлер үшін репрезентативті, өнеркәсіп өндірісі мен қызмет көрсету көлемдері мен тұрақтылығы тұрғысынан алғанда едәуір көрнекі өнімдер мен қызметтердің түрлері, түр тармақшалары жиынтығынан тұрады. Тізбе Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, қызметтердің) ведомствалық статистикалық жіктеуішіне (бұдан әрі - ӨӨСЖ) сәйкес жүйеленген және құрылған. Баға бағалауына арналған өнім және қызмет түрлері, түр тармақшалары ӨӨСЖ-ның 9 мәнді кодына сәйкес келеді. Тізбе белгілі базалық жылдағы өнеркәсіп статистикасының деректері бойынша қалыптасады және ағымды кезеңдегі өнеркәсіптік өндірістің құрылымындағы айтарлықтай өзгерістердің болуына байланысты қайта қарастырылады. Тізбе 2-қосымшада келтірілген.

Берілген Тізбенің негізінде әр өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің және көрсетілетін қызметтерінің мамандануын көрсететін, өнімдер мен қызметтер түрлерінің, түр тармақшаларының өңірлік жиынтықтары қалыптасады. Бұл үшін ағымдағы жылғы және есепті жылдың алдындағы жылдағы өнеркәсіптік өндірістің көлемдері туралы статистикалық есептіліктің деректері пайдаланылады.

Өңірлік жиынтықты қалыптастыру кезең-кезеңмен жүргізіледі. Алдымен базалық тізімге енгізілген өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіретін (көрсететін) тауарлардың (қызметтердің) ауқымды тобының барынша мүмкін саны алынады. Мұндай топтарға мысал ретінде: көмір, кендер мен концентраттар, мұнай өнімдері, ет, балық еті, кондитерлік өнімдерді, нан өнімдерін, машина, механизмдерді жөндеу және т.б. топтарды жатқызуға болады.

Тауарлар тобын іріктеу бұйымның (балалар және үлкендер аяқкиімі) сондай-ақ пайдаланылатын шикізаттық (хром және күдері аяқкиім) неге арналғанын есепке алумен жүргізіледі. Өндіріс құралдары мен аралық тұтыну өнімдеріне жататын өнімдер түрлерін таңдауда тауарлардың гомогендік факторы ескеріледі. Олардың ішінен бағыттылығы бойынша біртекті, бірдей қызмет атқаратын және өлшем бірлігі бойынша сәйкес түрлері таңдалады. Базалық кәсіпорындар экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыратын айқындамалар міндетті түрде қосылады.

Тұтастай алғанда өнімдер, қызметтер түрлерінің, түр тармақшаларының кең ауқымының өңірлік жиынтығы бұдан әрі өндірілген өнім және көрсетілген қызметтер бойынша тұтастай өңір бойынша ұйғарымды көрсеткіштерді, сондай-ақ түпкілікті мақсат бойынша жіктелген өнеркәсіп өнімі мен қызметтің субагрегатталған баға индекстерін қалыптастыру мүмкіндігі болатындай іріктелуі керек. ӨӨБ-ні қалыптастыру кезінде пайдаланылатын, түпкілікті мақсат бойынша топтамалардың құрамы 3-қосымшада келтірілген.

Екінші кезеңде базалық кәсіпорындардың қызметкерлерімен бірге өнімдер, қызметтер түрлерінің, түр тармақшаларының өңірлік жиынтығының әр айқындамасы бойынша бағалық ақпарат ұсыну үшін нақты өкіл-тауарлар (қызметтер) анықталады. Мысалы:

өнім түрі – «Құрамында 0,013 г/л аспайтын қорғасыны бар, TEL немесе TML қоспалары жоқ, ұшқынмен тұтанатын қозғалтқыштарға арналған моторлық бензин (айдау температурасы - 30-220 Цельсий градусы)»;

өкіл-тауарлар – АИ-80 автомобиль бензині, АИ-92 автомобиль бензині, АИ-93 автомобиль бензині және т.б.

Өкіл-тауарларды іріктегенде:

  • базалық кәсіпорындармен ұзақ уақыт бойы және сапа жағынан өзгеріссіз күйде өндірілетін;

  • тұтынушылардың негізгі типтеріне және әр түрлі арналар бойынша – республиканың ішкі рыногында, ТМД елдерінде, ТМД-дан басқа елдерге өткізілетін;

  • сату шарттары бірдей жағдайда өткізілетін;

  • ақпарат жинау тұрғысынан алғанда қол жетімді, ал олардың баға өзгерістері осы тауарлар (қызметтер) топтарына тән.

Қызметтердің түрлері, түр тармақшалары бойынша нақты өкіл-қызметтер оларға тарифтер белгілеу сипатына байланысты іріктеледі. Алдымен бекітілген тарифтері бар өкіл-қызметтер іріктеледі. Бұл белгілі бір рынокта басымдық жағдайға ие табиғи монополия саласындағы қызметтер, сонымен қоса базалық кәсіпорындармен тарифтері белгіленетін рыноктық қызметтердің жекелеген түрлері. Одан кейін басқа өкіл-қызметтері іріктеледі, олардың орташа бағамын жұмсалған шығындардың құнын баға зерттеуінде орнатылған көрсетілген қызмет көлеміне бөлу арқылы есептелінеді.

Іріктелген өкіл-тауарлар (қызметтер) баға белгілеулерінің әртүрлі диапазондарын көрсетуі керек. Дегенмен, олардың бір тауардың ішінде өзгеруі барынша төмен болуы керек, бұл орташа бағаларды репрезентативті түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Өңірлік жиынтық өнімдері, қызметтерінің әрбір түрі, түр тармақшасының кем дегенде 3-5 едәуір көрнекті тауарлармен, қызметтермен көрінуіне қол жеткізу қажет. Іріктелген өкіл-тауарлардың (қызметтердің) құны жиынтық түрде кәсіпорын шығаратын өнімнің немесе көрсетілген қызметтің осы түрінің жалпы көлемінің құнынан (өткен жыл үшін орташа жылдық бағаларда) 70 пайыздан астамды құрау керек.

Әр іріктелген өкіл-тауарға (қызметке) ерекшелік құрылады. Ерекшелік біртекті тауарларды, қызметтерді байқаудың кейінгі кезеңдерінде бағалау үшін айрықшаландыратын толық сипаттамадан тұрады. Тауардың немесе қызметтің басқа түрлерінен айырмашылығын сипаттайтын барлық сапалық және техникалық ерекшеліктері: материал түрі, шикізат құрамы, сорты, маркасы, бұйым размері, артикулы және т.с.с. көрсетіледі. Әсіресе толық ерекшелік өкіл-қызметтерге құралуы қажет, себебі, базалық кәсіпорындар әр түрлі деңгейдегі тарифтер орнатылған көптеген ұқсас қызметтер көрсетуі мүмкін. Өкіл-қызметтер үшін ерекшелік ретінде оларды көрсетудегі міндетті құраушыларын (олардың болуы немесе болмауы) және тағы да басқа ерекшеліктерін жатқызуға болады.

Сонымен қоса, өкіл-тауарларға (қызмет) ерекшеліктерді құраған кезде олардың өзгеруімен айтарлықтай баға өзгерісі болатын көрсеткіштерді қамту қажет. Бұларға өнімді жеткізу көлемдері (үлкен, кіші партия), төлеу шарттары (алдын-ала, жеткізілген кезде, келесі айда және т.б.), тұтынушылардың негізгі типтері (халыққа, өнеркәсіптік кәсіпорындарға, ауылшаруашылығы өндірушілеріне және т.б.) жатқызуға болады. Егер кәсіпорында үнемі тұтынушылар өзгеріп отырса және өкіл-тауарға баға өзгерісін бақылау мүмкін болмаған жағдайда баға тіркеуін бірнеше тұтынушылар типтері бойынша жүргізу қажет, оларды әр түрлі өкіл-тауар ретінде қарастырған жөн.

Мұнай және газ өндірумен байланысты қызметтер түрлері бойынша өкіл-қызметтер ұңғымаларды бұрғылау тереңдігі, диаметрі, бұрғылау құралдарының типі және басқа да белгілер бойынша жіктелуі қажет. Машина, механизмдер, теміржол көлігінің жылжымалы құрамдарын жөндеу бойынша қызметтерге тарифтер көлемінің вариациясының өзгерістеріне байланысты өкіл-қызметтерді таңдауда кең таралған машина маркаларының және жөндеу жұмыстарының түрін анықтап, нақтылау қажет.

Жыл бойына сапалық және сандық ерекшеліктері өзгеріссіз қалатын тауар немесе қызметтің нақты түрін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, баға өзгерісін бақылау үшін «типтік модель» жасау әдісін таңдау қажет. «Типтік модель» ретінде осы бұйымды дайындаудағы немесе қызмет көрсетудегі (орташа немесе кең таралған) шартты түрде орнатылған көрсеткіштермен белгіленген бұйым және қызмет түрін қарастыруға болады. Мысалы, газет басып шығаруда типтік модель ретінде – 54 жолды 40 мың дана болып шығатын форматты қарастыруға болады.

Сипаттама статистикалық нысанға енгізіледі және әрі қарай баға, тарифтерді тіркеуде бағдар береді. Іріктелген өкіл-тауар (қызмет) ерекшелігі жыл бойы өзгеріссіз болуы қажет. Баға деңгейіне әсер ететіндей ерекшелігі өзгерген жағдайда өкіл-тауар (қызмет) «жаңа» тауар (қызмет) ретінде тіркеледі және есепке қосымша енгізіледі.

Жыл бойына базалық кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірісінде перспективті деп саналатын өнім (қызмет) түрі бойынша жаңа өкіл-тауар (қызметтерді) енгізу мүмкіндігі бар. Енгізілген жаңа өкіл-тауар бұрын болған арналарда өткізілуі, тауарлық топты құраушы өкіл-тауарлар бағасының деңгейінен айырмашылығы (ауытқу +,-5%-дан аспауы) шамалы ғана және ерекшелік жағынан жақын болуы қажет.

Баға туралы ақпаратты жинаумен қоса өңірлік статистика бөлімшелерінің мамандары өңірдегі өнеркәсіптік өндірістің конъюнкутурасының өзгеруін бақылап отыруы қажет, жыл сайын өкіл-тауар (қызмет) жиынын жаңартып отырғаны абзал. Өндіріс көлемінің азаюына байланысты өзектілігін жоғалтқан түрлері сипаттамасы және баға қатары бойынша жақындармен ауыстырылуы және керісінше, өндіру (қызмет көрсету) болашағы бар және тауарлық топта үлкен үлесті алатындары енгізілуі қажет.

Өнеркәсіптік өнім мен өндірістік сипаттағы қызметтердің өңірлік жиынтығын қайта қарастыру алдағы есептік жылға салмақтау схемаларын қалыптастырумен қатар жүргізіледі. Әр жылдың соңында өңірлік статистика органдары ҚР Статистика агенттігіне бағалық байқау жүргізуге арналған өнеркәсіптік өнім мен өндірістік сипаттағы қызметтер тізбесін жаңартуға ұсыныстар жолдауы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]