Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЖ Жалпы физика.doc
Скачиваний:
203
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.76 Mб
Скачать

1 Кесте

Әр түрлі температурадағы және қалыпты атмосфералық қысымдағы судың тығыздығы

to C

r кг/м3

to C

r кг/м3

to C

r кг/м3

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

999,841

999,900

999,941

999,965

999,973

999,965

999,941

999,902

999,849

999,781

999,700

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

999,605

999,498

999,377

999,244

999,099

998,043

998,774

998,595

998,405

998,203

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

997,922

997,770

997,538

997,296

997,044

996,783

996,512

996,232

995,944

995,646

2 Кесте Әр түрлі температурадағы және қалыпты қысымдағы құрғақ ауаның тығыздығы

to C

l0 кг/м3

to C

l кг/м3

to C

l0 кг/м3

0

1,293

1

12

24

4

14

30

6

16

40

8

18

1. Таразы табақшасы ілгішіне жіңішке жіпті бекітіңіз де, таразыларды тепе-теңдікке келтіріңіз. Жіптерге кішкентай денелерді іліңіз де, ереже бойынша өлшеп, әр түрлі салмақты кірлердің массаларын табыңыз.

2. Осы денені стақандағы суға батып тұратындай етіп ілу керек, бірақ ол стақан қабырғасына да, оның түбіне де тимейтін болсын. Сондай-ақ, дененің үстіңгі бетінде ауа түйіршіктері болмау керек. Қайтадан таразыларды тепе-теңдікке келтіріп, әр түрлі салмақты кірлер массасын М табыңыз. Осылардың массасын біле отырып, шариктің тығыздығын табыңыз. Су тығыздығының мәнін кестеден алу керек.

3. Осы өлшеуді 5 рет қайталап, оның орташа мәні мен орташа квадраттық қатесін табыңыздар.

мұндағы 0- ауа қысымы.

Жаттығу №3 Сұйық тығыздығын анықтау

Шарикті суы бар стақаннан алыңыз да, жақсылып сүртіп құрғатыңыз. Содан кейін жіпке ілінген денені қайтадан зерттелетін сұйық ішіне батырыңыз. Дене ыдыс қабырғаларымен жанаспау керек. Сұйық бетінде ауа көпіршіктерінің болмауын қадағалаңыз. Таразыны қайтадан теңестіріп кірлер массасын М өлшеңіз. Кірлер массасын біле отырып, дене тығыздығын есептеңіз. Су тығыздығының мәнін кестеден алыңыздар.

1. Штангенциркульмен шарик диаметрін өлшеп, оның өлшенген массасын біле отырып, тығыздығын анықтау керек. Өлшеуді 5 рет қайталап, орташа мәнін табыңыз.

2. Алынған нәтижелерді салыстырыңыз.

3. Жіптегі шарикті майы немесе глицерині бар стаканға салу керек. Таразыны тепе-теңдікке келтіріп, әр түрлі салмақты кірлер массасын табыңыз. Ауада және сұйықтықта әр түрлі салмақты кірлер массасын біле отырып, сұйықтың тығыздығын табу керек. Өлшеуді 5 рет қайталаңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тікелей және жанама өлшеу дегеніміз не?

  2. Қандай қателік түрлері бар?

  3. Нониус дегеніміз не?

  4. Өлшеу дәлдігін қалай анықтаймыз?

  5. Заттың тығыздығы деген не?

  6. Тығыздық қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

  7. Архимед заңын жазыңыз. Итергіш күш дегеніміз не? Кері итергіш күш түсірілетін нүкте қайда орналасқан?

2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Баллистикалық маятник көмегімен оқтың ұшу жылдамдығын анықтау

Жұмыстың мақсаты: Оқтың ұшу жылдамдығын анықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар: ЛКМ 2-1 қондырғысы, әр түрлі оқтар, таразы.

Баллистикалық маятник ауыр дене ілінген тік созылмайтын жіптерден тұрады. Оған оқ атылған кезде, ол тік жазықтықта еркін ауытқиды.

Егер маятник пен оқтың соғылу ұзақтығы маятниктің тербеліс Т периодымен салыстырғанда кіші болса, онда маятниктің соғылу уақыты ішінде өз күйінен ауытқып үлгермейді. Бұл дегеніміз, соққы алған уақыт ішінде маятникті өз күйіне қайтып әкелетіндей күштер пайда болмайды. Сондықтан «оқ- маятник» жүйесін тұйық деп қарастыруға болады және оған қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын және қозғалыс мөлшерінің моментін қолдануға болады. t << Т шартында

mu =(M+m)U

мұндағы M - маятник массасы, m- оқ массасы, U - соққыдан кейінгі оқ тиген маятниктің жылдамдығы.

Бұл теңдеуді біреуінде қозғалмайтын айналу осі бар екі қатты денелердің соқтығысуы туралы есептерге қолдану тиімсіз болар еді. Маятниктің өлшемі ілінген жіптер ұзындығынан кіші болғандықтан, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын қолдану мүмкіндігі бар, яғни маятникті математикалық деп қарастыруға болады, сонда қозғалыс мөлшері моментінің сақталу заңының теңдеуі «оқ- маятник» жүйесі үшін қозғалыс мөлшерінің сақталу заңының теңдеуіне ауысады.

Соққыдан кейін маятник көлденең ось маңайында бұрылады және оның ауырлық центрі h биіктікке көтеріледі. Соққыдан кейінгі механикалық энергияның сақталу заңы мына түрде жазылады:

осыдан

Енді соққыға дейінгі оқ жылдамдығын табайық:

Тік орын ауыстыруды өлшеу қиын болғандықтан, оны көлденең орын ауыстырумен ауыстырып өлшеуге болады.

Сурет 10

Шындығында, 10 - суреттен көрініп тұрғандай маятниктің массалық центрінің көтерілу биіктігі h мынаған тең:

h=l-lcosa=l(1-cosa)=l*sin2a /2

сонда

кіші бұрыштар үшін: sin

сонда

10-суреттен көрініп тұрғандай, sina=S/l . Бұрыш аз болғандықтан,

sina » a, a=S / l

және

.

M>>m болғандықтан, соңғы нәтиже мынадай болады:

Осы жұмыста қолданған тәжірибелік қондырғы - баллистикалық маятник цилиндрден тұрады. Цилиндрдің орталық бөлігі пластилинмен толтырылған. Цилиндр маятниктің көлденең ауытқуын тудырудан сақтайтын төрт жіпке ілінген, өйткені оқ цилиндрдің осінен қырына кіруі мүмкін.