Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН.doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
738.82 Кб
Скачать

4 Тақырып. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері

1. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері

2. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелерде шешу тәртібі

3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі

Мақсаты: Экономикалық жүйелердің мәнін, экономиканың негізгі проблемаларын мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру. Нарықты экономика туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, оның негізгі құрылымдарын, институттарын қарастыру және құнның (бағалылықтың) еңбектік және шекті пайдалылық теорияларын қарастыру, осы аталған түсініктерді кейінгі тақырыптарды оқығанда қажеттігін түсіндіру.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршілік жүйе, аралас экономика, нарықтық экономика

Дәріс мәтіні.

1. Экономикалық теорияның негізінде жүзеге асырылатын экономикалық саясат экономикалық мәселелердің шешілу механизмдері мен варианттарын қарастырады. Осы саясатты жүзеге асыру барысында біртұтас экономикалық жүйе дамиды. Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі. Оған әсер ететін факторларды үш құрылымға топтастыруға болады:

1) шаруашылық құрылым;

  1. әкімшілік құрылым;

  2. ақпараттық құрылым.

Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әртүрлі сипатта болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Егер елде мемлекеттік сипат күшейсе онда ұлттандыру процесінің нәтижесі деуге болады. Керісінше жеке шаруашылық дамитын болса онда жекешелендіру процесінің жүргендігі.

Қазіргі заманғы әлем әрқайсысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Қоғамның тарихи даму процесін жіктеу критерийлері біркелкі емес:

1. Формациялық көзқарас – Маркстік теорияға тән. Ол үш типін бөліп қарастырады. Алғашқы құрылыс – алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шеңберінде қала отырып, нарықтың көмегінсіз өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген қауым. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген елдерге тән болғанмен ол ұзақ уақыт бойы тек Азия елдерінде сақталынып келді.

Екінші ірі формацияны Маркс жеке меншікке негізделген деп атады. Үшіншісі – жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Формациялық әдіске тән экономикалық жүйелер бес өндіріс әдістерінен көрінеді: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік. Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді.

ІІ. Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын тарих ретінде зерттеуді ұсынады. Өркениет сөзі латынның "civilis" - азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық). Алғашқы өркениет төңкерісі ауыл шаруашылықтық болды. Қазіргі төңкеріс ғылыми-техникалық болып табылады. Кейбір экономистер 7 өркениетті бөліп қарастырады: неолиттік (тас ғасыры)-30-35 ғасырлық; шығыстық-құл иеленушілік (қола ғасыры)-20-23ғасырлық; антикалық 12-13 ғасырлық (темір ғасыры); ерте феодалдық-7 ғасырға созылған; бастапқы индустриалдық 4-5 ғасырлық; индустриалдық – 2-3 ғасыр; кейінгі идустриалдық немесе ақпараттық қоғам.

ІІІ. Қоғамның индустриалдық даму деңгейінің критерийлерін қолданатын басқа жіктеуге сәйкес үш экономикалық жүйелер бөліп қарастырылады: индустриалдық, кейінгі индустриалдық және жаңа индустриалдық. Соңғысын немесе ақпараттық қоғам деп те атайды.

IV. Өндіріс құралдарына меншік формасы мен шаруашылық қызметін басқару әдісі. Бұл екі белгінің негізінде әкімшіл нарықтық және аралас экономика деп бөліну жүреді.